Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Азақстан республикасы Үкіметінің ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері



Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Үкiмет Республика Конституциясының, осы Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;
3) Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;
4) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
5) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;
6) министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;
7) Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің күшін толық немесе қолданылу бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;
8) Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284-І Заңымен алынып тасталды.
10) өзіне Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де қызметтерді орындайды. 1.Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады.



2. Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде Республика Премьер-Министрi Республика Президентiне енгiзедi.

3. Үкiметтiң құрылымын министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.

4. Үкiметтiң құрамына Үкiмет мүшелерi - Республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кiредi. Республика Үкiметi:

1. мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi;

2. мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi;

3. әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, жүзеге асырады;

4. Республика Президентi белгiлейтiн тәртiппен республикалық бюджеттi әзiрлеу мен оны өзгертуге қатысады, Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi ұсынады, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi;

5. Республиканың қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады; мемлекеттiк валюта, қаржы және материалдық ресурстарды жасақтау мен пайдалануда заңның сақталуына мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз етедi;



6. құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асырады;

7. мемлекеттiк баға түзу саясатын талдап жасайды және жүзеге асырады; мемлекет реттейтiн бағалар қолданылатын өнiмдер, тауарлар мен қызметтердiң номенклатурасын белгiлейдi;

8. мемлекеттiк меншiктi басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөнiндегi шараларды талдап жасайды және жүзеге асырады, мемлекеттiк меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз етедi;

9. еңбекке ақы төлеу, азаматтарды әлеуметтiк қорғау, мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру мен әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн және шарттарын белгiлейдi;

10. мемлекеттiк аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, жүзеге асырады: аймақаралық проблемалар мен аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуы мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi;

11. ғылым мен техниканы дамытудың, жаңа технологияларды енгiзудiң, мәдениеттi, бiлiмдi, денсаулық сақтау iсiн, туризм мен спортты дамытудың мемлекеттiк саясатын белгiлейдi, және жүзеге асырады;

12. табиғи ресурстар мен айналадағы табиғи ортаны тиiмдi пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады;

13. құқықтық реформаның жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау, заңдылық пен құқық тәртiбiн, Республиканың қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн, Республиканың аумақтық тұтастығы мен мемлекеттiк шекарасын күзетудi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады;

14. келiссөздер жүргiзу мен үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдайды; Республиканың шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етедi; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру жөнiнде шаралар әзiрлейдi, сыртқы сауданы дамыту жөнiнде шаралар қолданады; халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты және өзара iс-қимылды жүзеге асырады;

15. Үкiмет жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдарды құрады және таратады;

16. өзiне Конституция, заңдар және Президент актiлерi жүктеген өзге де функцияларды орындайды


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!