Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Атом құрылысының квант-механикалық моделі



Заттардың құрам тұрақтылық заңы. Қандай жолмен алынған болса да, таза химиялық қосылыстардың сапалық және сандық құрамы әрдайым тұрақты болады. Мысалы

С+O2=CO2

2CO+O2=2CO2

CaCO3=CaO+CO2

Еселік қатынас заңы. Екі элемент бірімен-бірі бірнеше қосылыс түзетін болса, ол қосылыстарда сол элементтердің біреуінің бірдей етіп алынған салмақ бөлігіне екіншісінің сай келетін салмақ бөліктерінің өзара қатынасы кішкене бүтін сандар қатынасындай болады.

Бейорг-қ қосылыстардың негізгі кластары:қ-лдар,негіздер,тұздар,оксидтер.

Оксидтер деп 2 элементтен тұратын ж\е оның біреуі міндетті түрде оттегі болатын күрделі зат.Ол2 бөлінеді:тұз түзбейтіндер: CO.SiO.N2O.NO, тұзтүзбейтіндер3 бөлінеді:а мфотерлік: ZnO,Al2O3,CR2O3,MnO2,Fe2O3,қ-лдық (бейметалдардың оксиді):B2O3,N2O5,Mn2O7,негіздік(активті металдың оксиді):CuO,MgO.Негіздер деп металл атомынан ж\е гидроксод тобынан тұратын күрделі зат.Ол 2бөлінеді:суда еритін(сілтілік металдардын гидроксидтері NaOH,KOH,CsOH,), ерімейтін: Cu(OH)2,Fe(OH)2.Қ-лдар деп бір н\е бірнеше сутегі атомынан ж\е қ-л қалдығынан тұратын күрделі зат.Ол 2бөлінеді:оттекті:H2SO4,HNO3,оттексіз:HCl,HCN,H2S.Олар қатты ж\е сұйық түрде болады.Тұздар деп металл атомынан ж\е қ-л қалдығынан тұратын күрделі зат.Ол 5бөлінеді:орташа(металл атомын қ-л қалдығы толық басқан кезде түзіледі):NaCl,Al2(SO4)3 қ-лды:(қ-л молекуласындағы сутек атомдарының орнын қ-л қалдықтары басады)KHSO4,Ca(H2PO4)2,негіздік(көпқ-лды гидроксид молекуласындағы гидроксотоптың орнын қ-л қалдығы басады):CuOHCl,Fe(OH)2Cl,қос(көпнегіздік қ-лдағы сутек атомдарының орнын екі әртүрлі металл атомдары басады):KAl(SO4)2,NaKCO3кешенді(диссосация кезінде кешенді иондарды бөледі):Na2[Zn(OH)4],[Ag(NH3)2]Cl.

Менделеевтің периодтық заңы мен элементтердің периодтық жүйесі,оның құрылымы.



1869ж Менделеев периодтық заңды ашты:жай заттыңпен элемент қосылыстарының қасиеттері мен пішіндері атом ядросының зарядына периодтық тәуелділікте болады.Кестеде 7 период,8топ бар.Период деп элементтер реттік нөмірінің өсу реті б\ша орналасқан элементтердің көлденең қатары.Топ деп элементтердің тік қатары,элементтерде электрондық құрылым ұқсас болады.Негізгі топшаларға кіші ж\е үлкен периодттардың элементтері кіреді.Қосымша топшаларға үлкен периодтардың элементтері кіреді.Топтардағы элементтердің металдық қасиеттері жоғарыдан төменге қарай күшейеді,ал бейметалдық қасиет әлсірейді.Топ нөмірі қосылыстағы элемент атомының жоғары тотығу дәрежесімен валенттік электрондар санын көрсетеді.Период нөмірі атомның энергетиклық қауызындағы энергетикалық деңгей санын көрсетеді.Әрбір периодта солдан оңға қарай элементтердің металдық қасиеттері әлсіреп,бейметалдық қасиет артады.

Атом құрылысының квант-механикалық моделі.

1933ж Нильс Бор Резерфордтың моделімен Планктың т-сын қолданып,атом моделінің құрылысын жасады.Атом қ-сы квант – механикалық теориясының ережелер:1.Электронның екі жақты табиғаты (бөлшектік–корпускулалық және толқындық) болады.Ол өзін бөлшек ретінде де , толқын ретінде де ұстай алады:бөлшек ретінде,электронның белгілі массасы мен заряды бар;мұнымен қатар қозғалыстағы электрон толқындық та қасиет көрсетеді,мәселен дифракцияға қабілеттілігімен сипатталады.2.Электрон үшін координат пен жылдамдықты бірден,бір сәтте дәл өлшеу мүмкін емес.Жылдамдықты неғұрлым дәл өлшенген сайын,соғұрлым координатта белгісіздік болады және керісінше.3.Атомдағы электрон белгілі траектория бойынша қозғалмайды,ядро маңындағы кеңістіктің кез келген бөлігінде бола алады,алайда оның атом кеңістігінің әртүрлі бөлігінде болу ықтималдылығы бірдей емес.Ядро айналасындағы электронның болуының ықтималдығы ең жоғары кеңістік атомдық орбиталь д.а.



6. Электрондық бұлт туралы түсінік. Толқындық функция. Электронда теріс заряд болатындықтан,оның орбиталі зарядтың белгілі бір таралуын электрондық бұлт д.а. Электрон бұлты─атомдағы электронның кванттық механика тұрғысынан қарағандағы моделі.Орбиталь электрондық бұлттың формасын сипаттайды.Ядроның маңайындағы электрон бұлтының тығыздығы әртүрлі болады. Электронның болу мүмкіндігі дәлірек болатын кеңістікте электрон бұлтының тығыздығы да жоғары болады.Электрон бұлттары бір-бірінен өздерінің энергия мөлшері, пішіндері және кеңістікте орналасу бағыты арқылы ажыратылады.Э.Шредингер теңдеуі арқылы электрон қозғалысының ең маңызды сипаттамаларының бірі-оның толқындық функциясы анықталады. Бұл — толқындық теңдеу және одан тәжірибелерде бақыланатын бөлшектердің толкындық қасиеттері шығады. Кванттық механикада бөлшектің күйін толқындықфункциямен сипаттайды. Толқындық функция — координаталар мен уақыттың комплекстік функциясы, оның айқын түрі Шредингер теңдеуінің шешуінен шығады да, соңында бөлшекке әрекет ететін күштердің сипатымен анықталады. Толқындық функцияның модулінің квадраты берілген уақыт мезетіндегі бөлшектің кеңістіктің элементар d V аумағында болу ықтималдығын анықтайды:

dW=|ψ|2dV

7.Кванттық сандар. Кванттық сандар– кванттық жүйелерді (атом ядросын, атомды, молекуланы, т.б.), жеке элементар бөлшектерді, жорамал бөлшектерді (кварктер мен глюондарды) сипаттайтын физикалық шамалардың мүмкін мәндерін анықтайтын бүтін немесе бөлшек сандар. Кванттық жүйе күйін түгелдей анықтайтын кванттық сандардың жиынтығын толық кванттық сандар деп атайды. Атомдағы электронның күйі үш кеңістіктік координата және спинмен байланысқан электронның төрт еркіндік дәрежесіне сәйкес келетін төрт кванттық санмен анықталады. Олар сутек атомы және сутек тәрізді атомдар үшін былайша аталады: бас кванттық сандар (n),орбиталық кванттық сандар (l), магниттік кванттық сандар (ml), магнитті спиндік не спиндік кванттық сандар (ms). Бас квант саны (n)-электронның энергиясы мен орбитальдың өлшемін анықтап,энергетикалық деңгейді сипаттайтын шама.n=1,2,3,4,5.Оның мәні жоғары болса,энергиясыда жоғары болады.Энергетикалық деңгей-бас квант санының бірдей мәні бар орбитальдардың жиынтығы.Орбитальдық квант саны (l)-энергетикалық деңгеидің деңгейшесінде орналасқан электронның энергиясын сипаттайтын ж\е электрондық бұлт пішінін анықтайтын шама.Энергетикалық деңгейше-бір энергетикалық деңгейде болатын ж\е бірдей формадағы орбитальдардың жиынтығы.l=0 шар тәрізді(s-деңгей),l=1гантель формалы(p-деңгей).Магнит квант саны (Ml)-сыртқы магнит өрісінің әсерінен орбитальдардың кеңістікте орналасуын және деңгейдегі орбиталдардың санын анықтайтын шама.-1,0,+1 бүтін сандар мәнін қабылдайды.Спин квант саны (Ms)-электронның өз өсінің айналасында айналуын сипаттап,тек қана екі мәнді қабылдай алатын шама.(+1/2және1/2).


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!