Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Термоэлектрлік термометрдің жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз. Термоэлектрлік термометрдің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?



Термоэлектрлік термометр әртекті екі материалдан

дәнекерленген,бір өткізгішінің үзілісіне милливольтметр енгізілген тізбекті құрайды.

Әртекті екі металлдан жасалған 1 және 2 өткізгіштер ұштары А, Б түйіндерінде дәнекерленген. Өлшеу кезінде түйіннің біреуінің (мысалы, А)

температурасы тұрақты ұсталып (t=0°С -де еріп жатқан мұзы бар Дьюар ыдысына салынады), екінші ұшы (В) температурасы өлшенетін денеге жабыстырылады (не салынады). Осындай термометрлердің сұйықтық термометрлерден бір айырмашылығы, термоқосақпен өте жоғары немесе өте төмен температураны өлшеуге болады, оның үстіне бұл термометрлер өте сезгіш келеді. Жаңадан жасалған термоэлектрлік термометрді

температураны өлшеуге қолдану үшін алдыменен оны өлшемдеу керек, яғни екі түйін температураларының айырмасы мен түйіндер арасында туындайтын т.э.қ.к. арасындағы тәуелділікті табу керек. Өлшемдеу кезінде температура мәні күні бұрын белгілі реперлік нүктелер: мұздың еру, судың қайнау, тазаметаллдардың балқу температуралары т.т. пайданылады. Өлшемдеу кезінде термометрдің бір түйіні еріп жатқан мұзсалынған Дьюар ыдысында термостатталады да (түйіннің температурасы тұрақты боп қалады), екінші түйін кезегімен температуралары белгілі ортаға салынады.Термоэлектрлік термометрмен температураны дәлірек өлшеу үшін тізбектегі токты өлшегеннен гөрі тізбектегі электр қозғаушы күшті өлшеген дұрыс болады. Өйткені, т.э.қ.к. шамасы түйінді құрайтын металл өткізгіштер тегі мен түйіндер температурасымен ғана анықталса, электр тогы, мұның үстіне, өлшеуіш құралдар, жалғау сымдар кедергілеріне және түйіндердің ішкі кедергісіне тәуелді болады.

 

Биномдық үлестіруі. Биномдық үлестіруге бағынатын кездейсоқ шаманың математикалық күтімі және дисперсиясы неге тең?



Биномдық үлесу:

(1)

Мұнда - n-нен k бойынша теру,

р –А оқиғасының ықтималдығы,q–“жеке бір сынақта А оқиғасының болмай, В оқиғасының ықтималдылығы.

Кездейсоқ шаманың ықтималдық арқылы табылған

арифметикалық ортасын математикалық күтім деп атайды.

(1)

Биномдық үлесу үшін

(2)

Егер р=q, онда математикалық күтім ең ықтималды

мәнге тең болады.

Дисперсия – ықтималдығын ескере отырып алынған

кездейсоқ шаманың математикалық күтімнен ауытқуларының квадраттарының орташа мәні:

(3)

Дисперсия шама мәндерінің орта мәннен шашырауын

сипаттайды.

Биномдық үлесу үшін

(4)

20.«Жылусиымдылықтар қатынасын тұрғын толқын әдісімен анықтау» кезінде қолданған әдісті түсіндіріңіз.

қатынасын өлшеудің әртүрлі әдісі бар. Солардың

ішіндегі қолайлы әдіс газдағы дыбыс жылдамдығын өлшеуге негізделген. Газдағы дыбыс жылдамдығы:

 

(1)

Мұнда:

R=8,31 Дж/(моль*К) - универсаль газ тұрақтысы;Т- газ температурасы, К; - газдың мольдік массасы.

Соңғы өрнектегі және Т белгілі болса, (1) өрнектен:

(2)

Дыбыс жылдамдығын өлшеу үшін төменгі қатынас

пайдаланылады:

(3)

f –зерттелетін газдағы дыбыс тербелісінің жиілігі, Гц;

-толқын ұзындығы, м.



Толқын ұзындығын анықтау үшін тұрғын толқындар әдісі қолданылады.

Тұрғын толқын бір-біріне қарсы бағытталған амплитудалары бірдей екі жазық толқынның беттесуінен пайда болады. Бөгетке түсуші толқын қарсы

бағыттағы шағылған толқынмен беттесіп тұрғын толқынды береді.

Екі жағы да жабық құбырда (құбырдың бір басына -телефон, екіншісіне - микрофон орнатылған) таза резонанстық толқын тек құбыр ұзындығы жарты толқынның бүтін санына тең болса орнайды, яғни . Бұл жағдайда микрофон қабылдайтын дыбыс интенсивтігі максимал болады және дыбыс жылдамдығы төменгіше табылады:

(4)

Экспериментте k мәнін өлшеу қиынға түседі. Сондықтан, жиіліктегі , ал екінші бір жиіліктегі k-ның мәні болсын, яғни

Осыдан -ны төмендегідей анықтайды:

(5)

Тәжірибеде айырымын өлшеу k-ның абсолюттік мәнін анықтағаннан гөрі көп жеңіл болады.(5) өрнектен:

(6)

-ның сандық мәнін тәжірибе нәтижелері бойынша тұрғызылған графигінен табуға болады. Осы жылдамдық мәнін (2)-ға қойып, газдың жылусиымдылықтар қатынасын анықтайды.

 

 

Еркіндік дəрежесі. Мол-дың ер. дәрежелері қалай ан-ы?Газдар жыл-ғы арасындағы қат-тар және оларды моле-дың ер. дәр. саны арқылы бейнелеу.

Заттың жылусиымдылығы оның ішкі құрылысына тәуелді және оны заттың ішкі құрылымы туралы белгілі бір болжамдар негізінде теория жүзінде есептеуге болады. Молекуланың еркіндік дәрежелері бойынша энергияның тең үлесу заңына негізделген классикалық теория және қатынасы үшін мына өрнекті береді:

(1)

Мұндағы і - еркіндік дәрежелер саны.(1) өрнекке сәйкес, шамасы молекуланың еркіндік дәреже санымен анықталады. Механикалық жүйенің еркіндік дәрежесаны деп осы жүйенің кеңістіктегі орны және конфигурациясын анықтайтын тәуелсіз координаттар санын айтады. Бір атомдық газ үшін і=3, екі атомдық молекула үшін і=5, үш атомдық молекуланың еркіндік дәреже саны і=6 .

Алайда, (1) өрнек нәтижесі бар уақытта экспериментке

сай келе бермейді. Мысалы, хлор жылусиымдылығы (1) өрнекке мүлдем жанаспайды. Мұның себебі: классикалық теория молекуланы құрайтын атомдардың ішкі қозғалысымен байланысты энергияны есептеуге жарамсыз болып шықты.

Бұдан энергияның еркіндік дәреже саны бойынша тең үлесу заңы барлық кезде орындалмайтыны көрінеді. Оның үстіне, (1) өрнекке сай, кез-келген газ үшін еркіндік дәрежелер саны і-мен ғана анықталынатын тұрақты шама, ал тәжірибе бұл қатынастың температураға да тәуелділігін көрсетті.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!