Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Термоэлектрлік термометрді өлшемдеу. Зеебек эффектісі



Ықтималдық теориясы. Ықтималдық үлесуінің биномдық заңы

Белгілі бір шарттар орындалғанда міндетті түрде бола-тын оқиғаны ақиқат оқиға дейді.

Берілген шарттар кезінде мүлдем болмайтын оқиғаны

мүмкін емес оқиға деп айтады.

Берілген шарттар кезінде болуы да, болмауы да мүмкін

оқиға кездейсоқ оқиға боп табылады. Осы оқиғаның болу мүмкіншілігін ықтималдық деп аталады.

Тәжірибенің үйлесімсіз барлық мүмкін нәтижелері элементар оқиғаларды құрайды. Мысалы, тиынды бір рет жоғары лақтыру-тәжірибе ал тиынның “елтаңба”(А оқиғасы) немесе “сан” жағымен түсуі (В оқиғасы)-элементар оқиғалар. Сонымен, осы тәжірибедегі элементар оқиғалар саны 2-ге тең.

А оқиғасының Р ықтималдығы деп А-ға қолайлы эле-ментар оқиғалар санының барлық мүмкін оқиғалар санына қатынасын айтады.

Классикалық жағдайда тәжірибе нәтижесі тең ықтималды элементар оқиғалардың шекті санынан құралады.

Тиынның “елтаңба” жағымен түсу ықтималдығы 1/2-ге

тең екеніне қалай көз жеткізуге болады? Ол үшін n тәжірибе нәтижесінде 50% “елтаңба”, 50% “сан” жағы түсу керек. Практикада егер n саны аз болса, бұл жүзеге аспауы мүмкін. Мысалы, 10 рет лақтырылғанда “елтаңба” жағы - 5 рет, “сан” жағы -5 рет болмауы әбден мүмкін. Бірақ, тәжірибе саны n өскен сайын тең ықтимал заңдылығы дәлірек орындалады.Сонымен, сынақ n рет жүргізілсін. Осы кезде “елтаңбаның” к рет түсу ықтималдығы (яғни А оқиғаның к рет

болуы) биномдық үлесу заңына бағынады.

(1)

Мұнда - n-нен k бойынша теру,

р–“елтаңбаның” жеке бір рет лақтырғанда түсу ықтималдығы (немесе А оқиғасының ықтималдығы),



q–“елтаңбаның” жеке бір рет лақтырғанда түспеу ықтималдығы (немесе, жеке бір сынақта А оқиғасының болмай, В оқиғасының-тиынның “сан” жағымен түсуінің-ықтималдығы).

Биномдық үлесу төменгі шарттар үшін орындалады:

* Сынақ саны п тұрақты.

*Әрбір сынақ нәтижесі басқа сынақ нәтижелеріне тәуелсіз (тәуелсіз элементар оқиғалар).

* А оқиғасының болу ықтималдығы сынақ нөміріне тәуелді емес, яғни р=const.

* А оқиғасының болмау ықтималдығы q=1-р.

Аталған шарттар жиынтығы биномдық эксперименттің

математикалық моделі (үлгісі) деп аталады.

 

 

Термоэлектрлік термометрді өлшемдеу. Зеебек эффектісі

Дәнекерленген түйіндерде (А және В) пайда болатын э.қ.к. бір-біріне қарсы қосылған тең элементтермен кескінделген:

(1)

Мұндай тізбектегі электр тоғы нөлге тең. Егер екі түйіннің бірі қыздырылса, онда осы түйіндерде туындайтын потенциал айырмалары бір-біріне тең емес, сондықтан қорытқы э.қ.к. әсерінен электр тоғы пайда болады. Осы э.қ.к. термоэлектрлік қозғаушы күш деп аталады (т. э.қ.к.). Зеебек ашқан бұл құбылыс Зеебек эффектісі деп аталады.

Термоэлектрлік термометр әртекті екі материалдан

дәнекерленген, бір өткізгішінің үзілісіне милливольтметр енгізілген тізбекті құрайды.



Өлшеу кезінде түйіннің біреуінің (A) температурасы тұрақты ұсталып, екінші ұшы (В) температурасы

өлшенетін денеге жабыстырылады (не салынады).

Термоэлектрлік термометрдің т.э.қ.к. шамасы А және В түйіндеріндегі э.қ.к. айырымымен анықталады және де, егер А түйінінің температурасы

болса, ыстық түйіннің т.э.қ.к.-інің температураға тәуелділігін төмендегідей өрнектейді:

(2)

Мұнда α,β және c термоэлектрлік термометр жасалған материалдар тегімен анықталатын тұрақтылар.

Термоэлектрлік термометрмен температураны дәлірек

өлшеу үшін тізбектегі токты өлшегеннен гөрі тізбектегі электр қозғаушы күшті өлшеген дұрыс болады. Өйткені, т.э.қ.к. шамасы түйінді құрайтын металл өткізгіштер тегі мен түйіндер температурасымен ғана анықталса, электр тогы, мұның үстіне, өлшеуіш құралдар, жалғау сымдар кедергілеріне және түйіндердің ішкі кедергісіне тәуелді болады.

Қос өткізгіштің термоэлектрлік қасиетін сипаттау үшін дифференциалдық т.э.қ.к. (α) деген ұғым енгізіледі:

(3)

α дәнекерленген қос өткізгіштер тегі мен температураға тәуелді болады және оның сандық мәні түйіндер арасындағы температура айырымы кезінде 1°C туындайтын т.э.қ.к. сандық мәніне тең.

Ыстық түйін температурасының өзгеру интервалы кіші болғанда, т.э.қ.к.-тің температурадан тәуелділігін сызықтық функция деп алуға болады:

(4)

Дәлірек өлшемдеу үшін бұл қатынасты квадраттық функция деп қарастырады:

(5)

Мәселе эксперимент жүзінде алынған т.э.қ.к.-тің

температураға тәуелділігін (4) және (5) өрнектерімен

салыстырып, тәжірибеге жуықтау келетін өрнекті анықтауда жатыр.

 

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!