Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Фенил сірке қышқылының туындысы



Диклофенак (Diclofenacum), вольтарен, ортофен. Диклофенак айқын қабынуға қарсы, ауыруды басатын және қызуды түсіретін әсер көрсетеді. Диклофенактың негізгі әсер ету механизмі экспериметальды жағдайларда белгіленген, онда простагландиндердің биосинтезін тежейді. Простагландиндер қабыну, ауыру, қызба генезінде маңызды рөл ойнайды. In vitro диклофенак натрий шоғырымы эквивалентті болуы науқастарды емдеуде көрінеді, олар шеміршек тінінде протеогликандар биосинтезін тежемейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ревматикалық ауруларда, остеоартроз, остеохандроз, люмбого, ишиаз және басқалары, сіңір, байлам, бұлшық ет пен буындардың жарақаттары, көздің қабыну аурулары. Ішке 75-150мг, балаларға 0,5-2мг/кг ішке қабылдау, сүрту орнына 1% гелді 2-14г күніне 2-4 реттен және көзге тәулігіне 1 тамшыдан 3-5 реттен.

Кері көрсеткіштері.Негізінен асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруында, қан кетулер, “аспириндік” бронх демікпесі, жүктілік (соңғы кезеңі), 6 жасқа дейін.

Жанама әсерлері. Диспепсиялық бұзылыстар, асқазан-ішек жолының эрозиялы-жаралы зақымдалуы, асқазан-ішектің қан кетулері, бауыр, бүйрек және ұйқы безі қызметінің бұзылыстары, қаназдық, лейкопения, агранулоцитоз, аллергиялық және өзге де жергілікті реакциялар.

Шығарылу түрі.25, 50, 75 және 100 мг қапталған таблеткалар N.10, 15, 20, 30; 75 және 100 мг ретард таблеткалар N.20, 30; 25 мг N.30 және 50 мг ішекте еритін таблеткалар N.20,50; 75 мг капсулалар N.20; 100 мг ретард капсулалар N. 20; 50 және 100 мг ретард капсулалар N.6; 50 мг пакеттегі ішке қолдануға арналған ұнтақ; 25, 50, 100мг тік ішек балауыздары N.5, 6, 10; 2,5% 2 және 3 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді N.5, 6 және 3,75% - 2 мл; 1% сыртқа қолдануға арналған 20, 30, 40, 50, 60, 100 г тубадағы жағынды және 5% - 50 және 100 г; 1 және 2% 20, 30, 40 және 50 г тубадағы жағынды; 1% 20 г тубадағы крем; 0,1% 5 және 10 мл флакон-тамшыдағы көз тамшысы ретінде қолданатын ерітінді.



Рецепт үлгісі. Rp.: Diclofenac natrii 0,025

D.t.d N. 30 in obd.

S. Күніне 1 таблеткадан 2 – 4 рет.

#

Дифлунизал(Diflunisalum), долобид. Дифлунизал - стероидты емес ауыруды басатын және қабынуға қарсы дәрі. Ұзартылған әсер көрсетеді. Ішке бір реттік мөлшерде қабылдағаннан кейін, бірінші бір сағатта ықпалы басталады, ең жоғары әсері 2-3 cағаттан соң және әсері 12 сағатқа созылады. Өзге стероидты емес қабынуға қарсы заттар сияқты, дифлузинал простагландиндердің биосинтезін баяулатады, бірақ препараттың әсер ету механизмі толық зерттелмеген.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ауырсынуды басу үшін, көбінесе қабыну үрдістері кезіндегі; остеоартритте, ревматикалық артрит т.б кездерінде; сонымен қатар алгодисменореяда тағайындайды, Ересектерге ұсынылатын мөлешрі: бастапқыда (соққы) - 1г; келесіде (ұстап тұрушы) – 0,5 г әр 8-12 сағат аралығында күніне. 1,5 г-нан артық қолдануға болмайды.

Кері көрсеткіштері. Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жараларында (әсіресе асқазан ішек жолдарының қан кетулерінде), салицилаттар мен басқа да стероидты емес қабынуға қарсы препараттарға жоғары сезімталдық кездерінде, жүктілік пен бала емізу кездерінде. Балаларға тағайындауға болмайды (жеткілікті тәжірибенің болмауына байланысты). Бүйрек қызметінің бұзылысы мен көз ауруларында байқап қолдану қажет.



Жанама әсерлері. Өзге қабынуға қарсы қолданылатын стероидты емес препараттар тәрізді (диспепсиялық, терінің аллергиялық реакциялары, көздің қарауытуы т.б).

Шығарылу түрі.250 және 500мг таблеткалар N. 20, 30 және 50.

Оксикам туындысы

Пироксикам(Piroxicamum), пироксифер, эразон. Пироксикам қабынуға қарсы, ауырсынуыды басатын, антиагреганттық және қызуды түсіретін әсер көрсетеді. ЦОГ-1 және ЦОГ-2 талдамсыз басады. Ауыруды басатын әсері пероральды қабылдағанда 30 минуттан кейін көрінеді, қабынуға қарсы әсер емдеудің бірінші аптасының соңында байқалады. Бірнеше рет қабылдағанда әсері 24 сағатқа сақталады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Тірек–қимыл аппаратының қабыну және дегенеративті ауруларында, ревматоидтық және подагралық артрит, ревматизм, анкилозирлеуші спондилоартрит (Бехтерев ауруы), остеоартроз. Ауыру синдромы; ишиас, тендовагинит, бурсит, атролгия, невралгия, миалгия, радикулит; постревматикалық және операциядан кейінгі ауыру синдромы, қабынумен бірлесу, альгодисменорея, “Тұмау” және инфекциялық аурулардағы қалтырау синдромы.

Кері көрсеткіштері.Жоғары сезімталдық, асқазан-ішек жолының эрозиялық-жаралары (асқыну сатыларында), «аспириндік» демікпе, бүйректің немесе/және бауырдың жеткіліксіздігі; қанның ұюының бұзылыстары (сонымен қатар гемофилия, қан кету уақытының ұзаруы, қан кетуге бейімділік, геморагиялық диатез); жас балаларға (14 жасқа дейінгі), 65 жастан жоғары, жүктілік, лактация кезінде; тік ішекке енгізу үшін - проктит, анооректалыды қан кетулер.

Жанама әсері. Диспептикалық бұзылыстар, асқазан-ішек жолдарының эрозиялық-ойық жарасы, асқазан-ішектен қан кетулер, бүйрек пен бауыр қызметінің бұзылыстары, қаназдық, томбоцитопения, лейкопения, геморрагия, ұйқының бұзылысы, депрессия, елестер, құлақтағы шулар, көрудің төмендеуі, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі.10 және 20 мг таблеткалар және капсулалар N. 20 және 50, 20 мг ерігіш таблеткалар; 10 және 20 мг тік ішек балауыздары N.10; 1 және 2% 1 және 2 мл ампуладағы ерітінді N. 3 бұлшық етке егуге арналған; 0,5% 35, 50 және 58 г тубадағы гель.

Теноксикам (Tenoxicamum), теникам. Теноксикам қабынуға қарсы, қызбаны түсіретін, ауыруды басатын дәрі. Циклооксигеназа (ЦОГ 1 және ЦОГ 2) изоформасының екеуінде талдамсыз тежейді, арахидон қышқылының метаболизмін бұзады. Қабынуға қарсы әсері капиллярлардың өткізгіштігін азайтумен, лизосомальды мембрана өткізгіштігін тұрақтандырумен, макроэрг өнімінің тежелуімен, сонымен қатар АТФті, қабыну медиаторының синтезін тежеу немесе баяулатуымен байланысты. Қабыну ошағында бос радикалдар мөлшерін төмендетеді, хемотаксис пен фагоцитозды тежейді. Қабынудың пролиферативті фазасын тежейді, қабынудан кейінгі тіндердің склерозын төмендетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Тірек-қимыл аппаратының қабыну және дегенеративтік аурулары, ауыру синдромымен бірге жүретін; подагра кезіндегі буын синдромы, ревматоидтық артрит, остеоартроз, анкилозирлеуші спондилит, остеохондроз, тендинит, бурсит, миозит, омыртқаның ауыруы, невралгия, миалгия, жарақаттар.

Кері көрсеткіштері.Жоғары сезімталдық, асқазан ішек жолдарының эрозиялық-жарасы(анамнезенде болса), асқазан ішектен қан кетулер (анамнезенде болса), ауыр барыстағы гастрит, «аспириндік» үштік (бронх демікпесі, мұрынның асқынумен жүретін және мұрын маңайындағы қуыстардың полинозы, сонымен қатар ацетилсалицил қышқылы және пиразолон қатарындағы ДЗ көтере алмау), қанның ұю бызылыстары, айқын түрдегі бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылысы.

Жанама әсері. Пироксикамға ұқсас.

Шығарылу түрі.20 мгкапсулада N.10, 20; 20 мг таблеткалар N.30; 20 мг тік ішек балауызы N.10; 20 мг егуге арналған флакондағы лиофизирленген ұнтақ.

Лорноксикам (Lornoxicamum), ксефокам. Лорнооксикам - оксикам жігіне жататын, қабынуға қарсы стероидты емес дәрі. Айқын түрде ауыруды басатын және қабынуға қарсы әсері бар. Оның әсер ету механизмі ЦОГ изоферментін баяулату арқылы, простагландин синтезін тежеумен байланысты. Сонымен қатар, лорноксикам белсендірілген лейкоциттерден оттегі радикалдарының босап шығу үрдісін бұзады. Циклоиоксигеназаны талдамсыз баяулатады (ЦОГ-1 және ЦОГ-2). ПГ, лейкотриендердің өнімдерін төмендетеді, асқазанның шырышты қабатына, тромбоциттер мен бауыр қан айналымына әсер етеді. Белсенді оттегі түрінің, кининдік жүйенің босап шығуын тежейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Негізінен пироксикамды қолдануға ұқсас болып келеді - артриттер, Бехтерев ауруы, өткір ауыру синдромында мөлшері 8-16мг ішке 2 реттен тәулігіне астың алдында және көк тамырға сол мөлшерде 2мл ерітіндіде.

Кері көрсеткіштері және жанама әсері. Пироксикамға ұқсас.

Шығарылу түрі.4 және 8 мг таблеткаларN.10, 20, 30, 50, 100; 8 мг көктамырға егуге арналған флакондағы лиофизирленген ерітінді.

Мелоксикам(Meloxicamum), мовалис, милокс. Мелоксикам – қабынуға қарсы, ауыруды басатын, қызуды түсіретін дәрі. ЦОГ-2 талдамды баяулатады, қабыну ошағында ПГ синтезін реттейді. Асқазанның шырышты қабатын қорғау мен бүйректегі қан ағымын реттеуге қатысатын ПГ синтезіне қатысатын ЦОГ-1 белсенділігін белгілі дәрежеде төмендетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Негізінен ревматоидты артрит, остеоартриттер, артрозда мөлшері 7,5-10 мг ішке аспен бірге және бұлшық ет ішіне күніне 1 реттен, тік ішекке 15мг.

Кері көрсеткіштері.Пироксикамға ұқсас, сонымен қатар жүктілік, емшекпен емізу кезінде, 15 жасқа дейінгі балаларға.

Жанама әсері. Пироксикамға ұқсас.

Шығарылу түрі.7,5 және 15 мг таблекаларда N.10, 20, 50; 1% 1,5 мл ампуладағы көктамырға егуге арналған ерітінід; 15 мг тік ішек балауыздары N.6.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!