Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Шығу және маршруттық бағдаршамдары



 

18. Автобұғаттаумен жабдықталған учаскелердегі шығу бағдаршамдарымен мынадай сигналдар беріледі:
1) бір жасыл от – «Поезға станциядан аттануға және белгіленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі; алда екі немесе одан көп блок-учаскелер бос» осы нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес;
2) бір сары от – «Поезға станциядан аттануға және тоқтау дайындығымен жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам жабық» осы нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) екі сары от, оның жоғарғысы жыпықтайды – «Поезға станциядан кеміген жылдамдықпен аттануға рұқсат етеді; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады, келесі бағдаршам жабық» осы нұсқаулықтың 14-қосымшасына сәйкес;
4) екі сары от - «Поезға станциядан кеміген жылдамдықпен аттануға рұқсат етеді; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады, келесі бағдаршам жабық» осы нұсқаулықтың 14-қосымшасына сәйкес;.
5) бір қызыл от - «Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады» осы нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес;
19. Автобұғаттаумен жабдықталған учаскелердегі шығу бағдаршамдарымен көлбеу маркалы айқаспасы бар бағыттамалы бұрмалар бойынша ауытқуы бар поездарды жөнелту кезінде мынадай сигналдар беріледі:
1) жыпықтайтын бір жасыл және бір сары от пен бір жасыл жарқырайтын жолақ – «Поезға станциядан 80 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықпен аттануға рұқсат етеді; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады, келесі бағдаршам ашық» осы нұсқаулықтың 15-қосымшасына сәйкес;
2) екі сары от және бір жасыл жарқырайтын жолақ – «Поезға станциядан 60 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықпен аттануға рұқсат етіледі; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады, келесі бағдаршам жабық» осы нұсқаулықтың 16-қосымшасына сәйкес.
20. Жартылай автобұғаттаумен жабдықталған учаскелердегі шығу бағдаршамдарымен мынадай сигналдар беріледі:
1) бір жасыл от – «Поезға станциядан белгіленген жылдамдықпен аттануға рұқсат етіледі; келесі станцияға (жол қосынына) дейінгі аралық ашық» осы нұсқаулықтың 17-қосымшасына сәйкес;
2) бір қызыл от - «Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады» осы нұсқаулықтың 17-қосымшасына сәйкес;
3) екі сары от - «Поезға станциядан кеміген жылдамдықпен аттануға рұқсат етіледі; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады, келесі станцияға (жол қосынына) дейінгі аралық бос» осы нұсқаулықтың 18-қосымшасына сәйкес;
4) екі сары от, оның жоғарғысы жыпықтайды – «Поезға станциядан кеміген жылдамдықпен аттануға рұқсат етіледі; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады, келесі станцияға (жол қосынына) дейінгі аралық бос, келесі станцияның кіру бағдаршамы ашық» осы нұсқаулықтың 18-қосымшасына сәйкес;
21. Сигнализация мен байланыстың дербес құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотивтік сигнализациямен жабдықталған учаскелердегі шығу бағдаршамдарымен мынадай сигналдар беріледі:
1) бір жасыл және ай тәрізді бір ақ от - «Поезға станциядан аттануға рұқсат етіледі; алда екі немесе одан аса блок-учаске бос» осы нұсқаулықтың 19-қосымшасына сәйкес;
2) бір сары және ай тәрізді бір ақ от - «Поезға станциядан аттануға рұқсат етіледі; алда бір блок-учаске бос» осы нұсқаулықтың 20-қосымшасына сәйкес;
3) бір қызыл от - «Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады»;
22. Жолдық бұғаттаумен жабдықталған тармақталу болған жағдайда, жолдық бұғаттаумен жабдықталған көп жолды учаскелердегі және екі жақты автобұғаттаумен жабдықталған екі жолды учаскелердегі поезд жөнелтілетін жолды көрсету үшін шығу бағдаршамының оттары қажет жағдайларда маршруттық көрсеткіштің тиісті көрсетуімен толықтырылады.
Екі жақты автобұғаттаумен жабдықталған учаскелерде дұрыс емес жол бойынша жөнелту кезінде маршруттық көрсеткіштерді немесе екі жасыл от сигналын қолдану міндетті.
Маршруттық көрсеткіш жоқ болған жағдайда, поезды тармаққа немесе екі жақты автобұғаттау кезінде дұрыс емес жол бойынша аттануға рұқсат ету шығу бағдаршамындағы екі жасыл от сигналымен берілуі мүмкін, ол автобұғаттау кезінде кемінде екі блок-учаскенің бос екендігін көрсетеді, ал жартылай автобұғаттау кезінде – аралықтың келесі станцияға (жол қосынына) дейін бос екендігін көрсетеді21-қосымшасына сәйкес.
Дұрыс жол бойынша қозғалыс автобұғаттау сигналдары бойынша, ал дұрыс емес жол бойынша қозғалыс локомотивтік бағдаршам көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылатын екі жолды учаскелерде, сондай-ақ сигнализация мен байланыстың дербес құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотивтік сигнализациямен жабдықталған екі жолды учаскелерде станциядан дұрыс емес жолға жөнелтілер кезінде мынадай сигналдар беріледі:
бір сары жыпықтайтын және бір ай тәрізді бір ақ от - «Поезға станциядан 40 км/сағ-тан аспайтын кеміген жылдамдықпен аттануға және ары қарай локомотивтік бағдаршамның көрсеткіштері бойынша дұрыс емес жол бойынша жүруге рұқсат етеді» осы нұсқаулықтың 22-қосымшасына сәйкес.
23. Шығу бағдаршамдары бар станцияларда жолдық бұғаттаумен жабдықталмаған тармақталған жолдар болған жағдайда, жөнелту маршрутының тармақталуға дайындығы шығу бағдаршамының бір ай тәрізді бір ақ отымен көрсетіледі; поездар машинистке асатаяқ немесе жолдық жазба беру арқылы шығу бағдаршамының бір ай тәрізді бір ақ оты және сөндірілген қызыл оты кезінде тармақталған жолға аттанады осы нұсқаулықтың 23-қосымшасына сәйкес.
24. Маршруттық бағдаршамдармен олардың орнатылу орындарына байланысты мынадай сигналдар беріледі:
1) бір жасыл от - «Белгіленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық»;
2) бір сары от - «Тоқтауға дайындықпен жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) жабық»;
3) бір қызыл от - «Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады»;
4) бір сары жыпықтайтын от - «Белгіленген жылдамдықпен бағдаршам арқылы жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық және кемітілген жылдамдықпен жүріп өтуді талап етеді»;
5) екі сары от, оның жоғарғысы жыпықтайтын - «Кемітілген жылдамдықпен бағдаршам арқылы жүруге рұқсат етеді; поезд бүйірлік жолға қарай жүреді; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық»;
6) екі сары от - «Станцияда тоқтау дайындығымен және кемітілген жылдамдықпен бағдаршам арқылы жүруге рұқсат етеді; поезд бүйірлік жолға қарай жүреді; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) жабық»;





 

Ту бағдаршамдары

 

25. Автобұғаттаумен жабдықталған учаскелердегі өту бағдаршамдарымен мынадай сигналдар беріледі:
1) бір жасыл от - «Белгіленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етеді; алда екі немесе одан көп блок-учаске бос» осы нұсқаулықтың 24-қосымшасына сәйкес;
2) бір сары от - «Тоқтауға дайындықпен жүруге рұқсат етеді; келесі бағдаршам жабық» осы нұсқаулықтың 25-қосымшасына сәйкес;
3) бір қызыл от - «Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады» осы нұсқаулықтың 26-қосымшасына сәйкес;
26. Төрт мәнді сигнализациясы бар автобұғаттаумен жабдықталған учаскелерде басты жол бойынша өту, кіру, маршруттық және шығу бағдаршамдарымен мынадай сигналдар беріледі:
1) бір жасыл от - «алда үш немесе одан көп блок-учаске бос»;
2) бір сары және бір жасыл от - «алда екі блок-учаске бос» осы нұсқаулықтың 27-қосымшасына сәйкес;
3) бір сары от - «алда бір блок-учаске бос»;
4) бір қызыл от - «Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады»;
27. Үш мәнді немесе төрт мәнді сигнализациясы бар автобұғаттаумен жабдықталған учаскелерде кіру (кіру алдында) бағдаршамдарының алдында орналасқан өту бағдаршамдарында бұдан басқа мынадай сигналдар беріледі:
1) бір сары жыпықтайтын от - «Белгіленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етеді; кіру бағдаршамы ашық және оны кемітілген жылдамдықпен жүріп өтуді талап етеді, поезд станцияның бүйірлік жолына қабылданады» осы нұсқаулықтың 28-қосымшасына сәйкес;
2) бір жасыл жыпықтайтын от - «Белгіленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етеді; кіру бағдаршамы ашық және оны 80 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықпен жүріп өтуді талап етеді, поезд станцияның бүйірлік жолына қабылданады» осы нұсқаулықтың 28-қосымшасына сәйкес.
Станцияның бүйірлік жолына 120 км/сағ жылдамдықпен жүруге рұқсат беретін бағыттамалы бұрма арқылы жүргенде, кіру алдындағы бағдаршамда да бір жасыл жыпықтайтын от беріледі» осы нұсқаулықтың 25-қосымшасына сәйкес;
Кіру бағдаршамының алдындағы бағдаршам діңгегінде шағылдырғышы бар хабарландыру тақтайшасы орнатылады осы нұсқаулықтың 29-қосымшасына сәйкес.
Локомотивтік бағдаршам сигналдары бойынша қозғалыс жүзеге асырылатын дұрыс емес жол бойындағы кіру бағдаршамының алдындағы бағдаршам үш мәнді сигнализациясы бар автобұғаттаумен жабдықталған учаскелердегі кіру бағдаршамының алдындағы бағдаршамдар беретін сигналдарды береді.
28. Жартылай автобұғаттаумен жабдықталған учаскелердегі өту бағдаршамдарымен мынадай сигналдар беріледі:
бір жасыл от - «Белгіленген жылдамдықпен қозғалуға рұқсат етеді, келесі станцияға (жол қосынына) дейінгі аралық бос»
бір қызыл от - осы нұсқаулықтың 30-қосымшасына сәйкес «Сигналды басып өту рұқсат етілмейді».
29. Басты жолдағы ұзындығы талап етілетін тежегіш жолдан кіші блок-учаскені бөгейтін, үш мәнді сигнализациясы бар автобұғаттаумен жабдықталған учаскелердегі бағдаршамда (кіру, маршруттық, шығу немесе өту) екі вертикаль жебе түріндегі ақ түсті жарық көрсеткіш орнатылады осы нұсқаулықтың 25-қосымшасына сәйкес, ал ол бағдаршамға ескертетін бағдаршамда – бір жебе түріндегі сондай көрсеткіш орнатылады осы нұсқаулықтың 24-қосымшасына сәйкес.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!