Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Nom.Acidum boricum Gen.Acidi borici



Tetraсyclinum

Analginum


орыс. қаз.

тетрациклин

анальгин


Тривиальды атауларында екпін соңғының алдындағы буынға түседі. Латынша дайындығы жоқ сатуға түскен патенттелген саудалық атаулар, біркелкі болу үшін - umжалғауын алады, ілік септікте —і. Мысалы. Lasix - Lasixum; Lasixi.

а- жалғауға аяқталатын атаулар, ілік септікте I септеу зат есімі сияқты септеледі. Мысалы: Nospa- Nospae.

§5. Тривиальды атаулардың жасалу моделі

Жұрнақталу Menth + ol+ um түбір + жұрнақ+ жалғау Atrop + in+ um түбір + жұрнақ+ жалғау   Ментол Атропин
Қосымша арқылы Аn+ alg + in + um приставка +түбір+жұрнақ + жалғау Анальгин
Түбірлердің бірігуі арқылы Арі + lас + um түбір + түбір + жалғау   ара + сүт + жалғау Апилак
Аббревация (қысқарған) сөз) А. Т. Ф. Аденазинтрифосфор кышқылы

§6. Сөз құрамында жиі кездесетін сөз бөлшектері

 

Дәрі-дәрмектерді тез еске түсіру және қасиеттерін жақсы түсіну үшін жиі кездесетін түбірлерді білу қажет. Дәрі-дәрмектердің аттарында бірнеше рет кездесетін түбірлерді жиі кездесетін түбірлер деп атаймыз. Мысалы: жүрек дәрінің атауында кездесетін түбірлер

лат. сor -/ жүрек/ - Corvalolum, i n

грек. cardi -/ жүрек/ - Cardiaminum, i n

Жаттығулар

I. Жиі кездесетін түбірлердің астын сызып, мағынасын түсіндіру. Мысалы: sulfacylum, i n

sulf- микробтарға қарсы дәрі-дәрмектер

уl- көмірсутек радикалы

1. Methylsulfazinum, i n

2. Barbaethylum, i n

3. Anaesthalginum, i n

4. Benzonaphtholum, i n

5. Theophyllinum, i n

6. Amycazolum, i n

7. Antipyrinum, i n

8. Hydroxydionum, i n

 

II. Дәрі-дәрмектердің аттарын латынша жазып, мағынасын түсіндіру

Үлгі: анестезин- Аnaesthesinum, i n

aesthes- жансыздандырғыш дәрі-дәрмектер

1. полициллин

2. сульфаметоксипиразин

3. метионин



4. морфоциклин

5. синестрол

6. фенолфтален

7. антиастмакрин

8. ихтиосульфол

9. пирафен
10.фтазин

III. Жиі кездесетін түбірлердің астын сызып, мағынасын түсіндіру

1. Testosteronum, i n

2. Phenoxymethylpenicillinum, i n

3. Oxaphenamidum, i n

4. Podophyllinum, i n

5. Methyloestradiolum, i n

6. Methicillinum, i n

7. Methacyclinum, i n

8. Benzonolum, i n

9. Ribonucleasum, i n

10. Phenobarbitalum, i n

IV. Дәрі-дәрмектердің аттарын латынша жазып, мағынасын түсіндіру

1. метилэстрадиол 11. полициллин

2. кокарбоксилаза 12. метионин

3. стрептомицин 13. синестрол

4. сульфален 14. астматин

5. тиреоидин 15. пирацетам

6. тиамин 16. фтазин

7. фенилин 17. синтомицин

8. диафенилсульфон 18. лаксатол

9. строфантин. 19. аллергол

10. этимизол 20. эритромицин

 

2 сабақ

§ 7. Етістік туралы жалпы түсінік

Латын тілінде етістік формаларының жүйесі төмендегі грамматикалық категорияларға бөлінеді;

1. Шақ категориясының 6 түрі бар: (Бірақ, біз бір түрін өтеміз – осы шақты –tempus praesens).

Рай категориясы

modus infinitivus – тұйық рай

modus indicativus – ашық рай

modus conjunctivus – шартты рай

modus imperativus – бұйрық рай

3. Екі түрі бар

numerus singularis – жекеше түрі

numerus pluralis - көпше түрі

4. Жақ категориясы (personae)

Медициналық терминологияда үшінші жақтың жекеше және көпше түрлері қолданылады.

5. Етіс категориясы:

genus activum – негізгі етіс

genus passivum – ырықсыз етіс

 

Негізгі етісте бастауыш жасайтын істі білдіреді (Мен кітап оқып отырмын). Ырықсыз етісте істі кім істегені белгісіз (Шөп шабылды).



Сабақты етістіктер негізгі және ырықсыз етістерде қолданылады.

Салт етістіктер тек негізгі етісте қолданылады.Aegrotus pneumonia laborat (act). Науқас өкпе қабынуымен ауырады.

 

§ 8. Етістіктің жіктелу түрлері. Сөздіктегі түрі

Сөз негізі қандай дауыстыға аяқталатынына қарай, етістіктер төрт топқа бөлініп, төрт түрлі үлгі бойынша жіктеледі.

 

І ІІ ІІІ IV
дауыссыз немесе - и - і

Сөз негізін анықтау үшін етістіктің тұйық рай (Infinitivus) формасының –reжалғауын алып тастау керек. Жіктеудің ІІІ түріне жататын етістіктерде

ereалып тастау керек, өйткені –еқысқа болып тұр, түбірге де, жалғауға да жатпайды, жай ғана екеуін қосып тұр.

 

Infinitivus Негізі Жіктеудің түрі
curare habere dignoscere diluere audire cura - habe- dignosс- dilu- audi- I II III III IV

 

Етістіктердің сөздіктегі түрі мынандай компоненттерден тұрады:

1. осы шақтың 1 жақ ашық райдағы негізі етістегі формасы – ожалғауымен.

2. тұйық райдың –re жалғау алдындағы дауысты дыбыспен бірге.

3. жіктеудің түрі

Мысалы:

signо, are 1– белгілеу

habeo, ere II – пайда болу

diluo, ere III – сұйылту, су қосу

аudio, ire IV – тыңдау

§ 9. Ашық рай

(Indicativus)

Осы шақтың ашық райдың негізгі және ырықсыз етістің формалары (Praesens indicativi activi et passivi) сөздің негізіне жіктік жалғаулары жалғануы арқылы жасалады.

PІA PІP

sing – t sing – tur

3 жақ 3 жақ

pl – nt pl – ntur

Жіктеудің І түрі cura – t cura - nt cura – tur cura - ntur
Жіктеудің ІІ түрі misce – t misce - nt misce – tur misce - ntur
Жіктеудің ІІІ түрі defend - i- t defend – u -nt defend - i- tur defend – u -ntur
Жіктеудің ІVтүрі audi – t audi – u - nt audi – tur audi – u - ntur

NB! Жіктеудің ІІІ түріне жататын етістерді PІA, PІP формаларының жасалуында түбір мен жалғауының арасында – і –дауысты дыбысы пайда болады, ал жіктеудің ІІІ және IV түрлеріне жататын етістіктерде көпше түрінде – u –дауысты дыбысы пайда болады.

Шартты рай

(Conjunctivus)

Шартты райда сөйлеуші іс-әркеттің, қимылдың шартын білдіреді. Рецептурада латынның шартты мағыналарының біреуі ғана беріледі – іске жұмылдыру, бүйыру. Қазақ тілінде етістік шартты райдың жалғауымен беріледі:

Араластырылсын

Белгіленсін

Praesens conjunctivi activi et passivi осы шақтың негізінен және жіктік жалғаулардың (негізгі етіс, ырықсыз етіс) қосылуы арқылы жасалады. Жіктеудің І түрінде негізіндегі «а» «е» дауысты дыбысына ауысады. Жіктеудің ІІ, ІІІ, IV түрлерінде негізіне «а»- жұрнағы қосылады.

PCA (осы шақ шартты рай негізгі етіс) PCP (осы шақ шартты рай ырықсыз етіс)
Жіктеудің І түрі   Жіктеудің ІІ түрі   Жіктеудің ІІІ түрі   Жіктеудін ІVтүрі sign – e - t sign – e –nt   misce –а- t misce –а – nt   repet –a –t repet – a -nt   audi –a- t audi – a - nt sign – e - tur sign – e –ntur   misce –а - tur misce – а- ntur   repet –a –tur repet – a –ntur   audi –a - tur audi – a - ntur
     

§ 11. Бұйрық рай (Imperativus)

Бұйрық райдың екі формасы бар: екінші жақтың жекеше және көпше түрлері.Бұйрық райдың жекеше түрінің І, ІІ, I түрлерінде тұйық райдың – re жалғауының алып тасталуы арқылы жасалады, ал жіктеудің ІІІ түрінде е жалғауы жалғанады. Бұйрық райдың көпше түрінің екінші жағын жасау кезінде жіктеудің І, ІІ, IV түрлерінде етістіктің негізіне –teжалғауы, ал жіктеудің ІІІ – түрінде -ite жалғауы жалғанады.

 

Imperativus
Екінші жақтың жекеше түрі Екінші жақтың көпше түрі
I cura – (емде) II misce – (араластыр) III solve – (еріт) IV audi – (тыңда) cura – te (емдеңдер) misce – te (араластырыңдар) solv – i - te (ерітіңдер) audi – te (тыңдаңдар)

§12. Рецепте кездесетін етістіктер

Рецепте етістіктер бұйрық және шартты райда қолданылады. (Іmpеrаtivus et Conjunctivus).

Рецепттерде етістіктердің қолданылуы.

Imperativus Conjunctivus
Da. Бер. Signa Белгіле Misce. Da. Signa Араластыр. Бер Белгіле Detur. Берілсін. Беру Signetur. Белгіленсін. Белгілеу MisceaturАраластырылсын Араластыру
Sterilisa. Зарарсыздандыр Repete. Қайтала Da tales doses numero Саны осындай мөлшерімен бер Sterilisetur.Зарарсыздандырылсын Зарарсыздандыру Repetatur.Қайталансын. Қайталау. Dentur tales doses numero Саны осындай мөлшерімен берілсін саны. Осындай мөлшермен берілсін саны.

§13. Рецепте fierі деген етістіктің қолдану мысалдары

Imperativus Conjunctivus
Misce, fiant species Misce, fiat pulvis Қоспа жасау үшін араластыр
Ұнтақ жасау үшін араластыр
Misce, fiat unguentum Жағатын май жасау үшін араластыр
Misce, fiat linimentum Линимент жасау үшін араластыр
Misce, fiat pasta Паста жасау үшін араластыр
Misce, fiat suppositorium rectale Ректальды суппозиторий жасау үшін араластыр
Misce, fiat suppositorium vaginale Вагинальды суппозиторий жасау үшін араластыр

3 сабақ

Латын тіліндегі химиялық номенклатура

Химиялық номенклатураға химиялық элементтері және оның қосылыстары кіреді.

§14. Химиялық элементтер

Химиялық элменттердің латынша аттары атау күйінде "um" жалғауына аяқталады да септеудің II түріне жататын зат есімдері болып табылады. Мысалы: Kalium, in- калий

Ferrum, in - темір

Ережеден тыс: Sulfur, uris n / III -септеу/- күкірт

Phosphоrus, i m /II- септеу/- фосфор

§15. Қышқылдар атаулары (қышқыл- Acidum, i n)

Қышқылдың латынша атауы екі сөзден түрады: бірінші-“acidum” зат есім, екіншісі- қиыса байланысқан I топтың сын есімінен болған анықтауыш.

Оттекті қышқылдардың латынша атауының анықтауышының бейметалдың атауының негізіне "іс"- um немесе "os" деген жұрнақты қосып айтады.

"іс"- жұрнақ қышқылдың тотығу дәрежесі жоғары екендігін білдіреді. /қазақ атауында анықтауышы жалғаусыз/.

"os" жұрнақ қышқылдың тотығу дәрежесі төмен екендігін білдіреді. /қазақ атауында анықтауыштың - ты, -ті, -лы жалғаулы/ білдіреді.

Мысалы: Acidum sulfur - ic-um- күкірт қышқылы Acidum sulfur - os-um- күкіртті қышқыл. Оттексіз қышқылдардың латынша атауының анықтауышы бейметалл атауына "hydro" деген приставка және "ic-um" жазылады. /қазак атауында анықтауышы «сутек» деген сөзбен аяқталады./

Қышқылдардың жасалу модельдері

Латынша атау Қазақша атау Оттектің мөлшері
Acidum....... іс (um) жалғаусыз тотығу дәрежесі жоғары   жесікөп
Acidum........ os (um) -ты,-ті тотығу дәрежесі төмен
Acidum hydro...ic (um) сутек оттексіз

Кейбір қышқылдардың атауы

Латынша атаулары Қазақша атаулары
а) Acidum aceticum A Acidum citricum A Acidum folicum Acidum nitricum сірке қышқылы лимон қышқылы фоли қышқылы қышқылы
бAcidum arsenicosum Acidum nitrosum Acidum sulfurosum мышьякты қышқыл азотты қышқыл күкіртті қышқыл
Acidum hydrochloricum , Acidum hydrosulfuricum Acidum hydroiodicum тұз / хлорсутек/ қышқылы күкіртсутек қышқылы йодсутек қышқылы

§16. Оксидтердің атаулары

Оксидтердің, гидроксидтердің және пероксидтердің атаулары екі зат есімнен түрады: бірінші сыңары- ілік жалғаулы элементтердің атауы, екіншісі- атау күйіндегі оксидтердің тобының аты: oxydum, hydroxydum, peroxydum /септік бойынша өзгереді/.

Оху - деген түбір құрамында оттегі бар екенін білдіреді.

Жасалу моделі

  Химиялық элемент (Gen) +оксид тобының аты  
Латынша атауы Саlсіі oxydum     Каlіі hydroxydum Hydrogenii peroxydum
Қазақша атауы кальций оксиді     калий гидроксиді сутек пероксиді

§17. Тұздардың атаулары

Тұздардың латынша атаулары екі зат есімнен тұрады: бірінші сыңары - ілік жалғаулы катионның немесе дәрілік заттың тривиальды аты; екіншісі -атау күйіндегі анионның атауы /септік бойынша өзгереді/.

Оттексіз қышқылдардың тұздарында аниондардың атаулары септеудің екінші түріне жататын /neutrum/ зат есімдерінен болады. / -id;um,id-i/, ал оттекті қышқылдардың тұздарына — септеудің III түріне жататын masculinum зат есімдерінен болады /-as-atis, -is-itis/.

Негізгі түздарда аниондардың аттары sub деген приставка арқылы ал қышқыл тұздарда hydro деген приставка арқылы жасалады.

Аниондардың атаулары

Сөздіктегі түрі Септеу түрі латынша мысалдар қазақша баламасы
      жүрнақ анионның аты
Nom GenРод as atis m III sulfas,atis m -ат сульфат
is itis m III sulfis, itis m -ит сульфит
idum idi n II sulfidum. in -ид сульфид

в) sub + nitras, atis m –негiзгi нитрат

г) hydro + tartras, atis m - гидротартрат

Натрий мен калий тұздары


Натрий мен калий тұздарының латынша атауын дәрілік заттың атауына natriumнемесе kaliumдеген сөзді қосып айтады. Сөз дефис арқылы және кіші әріппен жазылады.

Мысалы: сульфацил -натрий /тұзы/- Sulfacylum (i) –natrium (i)

NB! Натрий кофеин - бензоаты

Coffeinum (i) – natrii benzoas (-atis)

§18. Эфирлердің атаулары (aether, eris m)

Эфирлер тұздар сияқты екі зат есімнен: ілік септікте берілген катионның, атау септікте берілген анионның атауынан түрады. Эфир атауының құрамында ylдеген бөлшек міндетті түрде кіреді.

Эфирлердің жасалу моделі

 

  катион + анион Қазақша атауы
Nom. Methylii Phenylii Amylii salicylas salicylas nitris метил салицилаты фенил салицилаты амил нитриті
Gen. Methylii Phenylii Amylii salicylatis salicylatiss nitritis метил салицилатының фенил салицилатының амил нитритінің

NB!Қазақ тілінде эфирлердің атауы екі сөзден тұрады, ал орыс тілінде бір

сөзден /фенилсалицилат; амил нитрит./

 

 

Химиялық номенклатура Жаттығулар

1. Қышқылдардың жасалуы

Nom.et Gen. sing. форм. қышқылдардын латынша атауларын

жазыңыз.

а) тотыгу дәрежесі жоғары


Үлгі: бор қышқылы


Nom.Acidum boricum Gen.Acidi borici


 


1. ацетилсалицил қышқылы

2. бензой қышқылы

3. фоли қышқылы

4. құмырсқа қышқылы

5. азот қышқылы


6. фосфор қышқылы

7. күкірт қышқылы

8. аскорбин қышқылы

9. глютамин қышқылы

10. лимон қышқылы


б) тотығу дәрежесі төмен

Үлгі: күкіртті қышкыл Nom. Acidum sulfurosum

Gen. Acidi sulfurosі

1. мышьякты қышқыл

2. азотты қышқыл

3. хлорлы қышқыл

4. фосфорлы қышқыл

5. теллурды қышқыл

 

 

в) оттексіз қышқылдар

 

Үлгі: хлорсутек /тұз /қышқылы

Nom. Acidum hydrochloricum

Gen. Acidi hydrochlorici

1. йодсутек қышқылы 4. теллурсутек қышқылы

2. күкіртсутек қышқылы 5. фторсутек қышқылы

3. бромсутек қышқылы 6. циансутек қышқылы

II. Оксидтердің, пероксидтердің, гидроксидтердің жасалуы.

№1 жаттығу Nom.Gen.sin. форм.Химиялық элементтердің латынша атауларын жазыныз.

Үлгі: қорғасын оксиді Nom. Plumbi oxydum

Gen.Plumbi oxydi

1 .барий оксиді 6. мырыш оксиді

2.сутек оксиді 7. сутек пероксиді

З.кальций гидроксиді 8. магний гидроксиді

4. магний пероксиді 9. магний оксиді

5. сынап оксиді 10. мырыш гидроксиді

 

III. Тұздардың жасалуы

1. Nom. et Gen. sing. форм.оттекті қышқылдардың, түздардың латынша атауларын жазыңыз.

а) Үлгі : тотығу дәрежесі жоғары

темір лактаты Nom. Ferri lactas

Gen. Ғегri lactatis

1. кальций глицерофосфаты 6. сынап салицилаты

2. магний сульфаты 7. неомицин сульфаты

3. қорғасын нитраты 8. күміс нитраты

4. кодеин фосфаты 9. натрий ацетаты

5. натрий нитраты 10. магний карбонаты

б) Үлгі: тотығу дәрежесі төмен

натрий нитриты Nom. Natrii nitris

Gen. Natrii nitritis

1. калий арсениті 6. натрий нитриті

2. күміс нитриті 7. натрий сульфиті

3. мырыш сульфиті 8. калий нитриті

4. алюминий нитриті 9. кальций сульфиті

5. калий сульфиті 10. калий фосфиті

в) оттексіз қышқылдар, түздардың жасалуы

Мысалы: натрий сульфиді Nom. Natrii sulfidum

Gen. Natrii sulfidi

1. сынап йодиді 6. азот хлориді

2. кальций хлориді 7. алюминий нитриді

3. барий сульфиді 8. алюминий йодиді

4. мырыш хлориді 9. висмут сульфиді

5. сынап цианиді 10. темір бромиді

г) негізгі тұздар

Үлгі: магнийдің негізгі карбонаты Nom. Magnii subcarbonas

Gen. Magnii subcarbonatis

1. висмуттың негізгі нитраты 4. магнийдің негізгі карбонаты

2. қорғасынның негізгі ацетаты 5. темірдің негізгі сульфаты

3. темірдің негізгі галлаты

д) қышқыл тұздар

Үлгі: натрий гидрокарбонаты- Nom. Natrii hydrocarbonas

Gen. Natrii hydrocarbonatis

1. платифиллин гидротартраты 4. натрий гидрокарбонаты

2. натрий гидроцитраты 5. морфин гидрохлориді

3. тетрациклин гидрохлориді

е) натрий мен калий органикалық тұздары

Үлгі: бензилпенициллин калий Nom. Benzylpenicillinum- kalium

/ бензилпенициллин калий тұзы/ Gen. Benzylpenicillini- kalii

1. сульфацил- натрий 6. этазол-натрий

2. барбитал - натрий 7. тиопентал натрий тұзы

3. сульфапиридазин натрий тұзы 8. ампициллин натрий түзы

4. оксациллин натрий түзы 9. амитал-натрий

5. этаминал- натрий 10. бензилпенициллин новокаин тұзы

ж) Nom. және Gen. sing.фopм. эфирлердің латынша атауларын жазыңыз
Үлгі : метил салицилаты - Nom. Methylii salicуlas

Gen. Methylii salicуlatis

1 .амил нитриті 4. этил нитриті

2. фенил салицилаты 5. этил нитраты

З.метил салицилаты

№ 4 сабақ

Рецепт

Рецепт - латын recipio, ere- алу деген мағынаны білдіретін сөзінен алынған/ -дегеніміз дәріні дайындау, беру және қолдану тәсілі туралы белгіленген ереже бойынша жазылған дәрігердің фармацевтке ұйғарымы.

Рецепт стандартты қағазда /бланк көлемі 105х148мм/ сиямен анық, қатесіз жазылады. Рецептте қателерді түзеуге болмайды. Дәрігердің қолы мен мөрі міндетті түрде рецепте қойылу керек.

§ 20. Рецепттің құрамы

Рецепттің құрамы төмендегідей:

1. Inscriptio емдеу мекемесінің мөрі мен шифры

2. Datum- рецептің жазылған күні
3. Nomen aegroti - науқастың аты- жөні

4. Aestas aegroti - науқастың жасы

5. Nomen medici - дәрігердің аты-жөні

6. Praescriptio— латын тілінде жазылатын бөлім:

1) Invocatio - фамацевтке дәстүрлі түрде «Recipe» деген сөзбен үндеу беру.

2) designatio materiarum - дәрілік заттарды мөлшерімен белгілеу.

7.Subscriptio - дәріні қандай түрде, қай мөлшерде беру жөнінде -дәрігердің фармацевтке нүсқауы.

8. Signatura- дәріні қолдану тәсілі жөнінде науқасқа арналған дәрігердің нүсқауы. Орыс және ана тілінде жазылады.

10.Nomen medici et sigilum medici - дәрігердің қолы мен жеке мөрі.

§21. Дәрі- дәрмектердің мөлшерін белгілеу жүйесі

Рецептте дәрі-дәрмектердің мөлшерлерін белгілеу жүйесі төмендегідей:

А) сусымалы

заттарға 1 грамм - 1,0 (gramma)

2 грамм - 2,0 duogrammata

1 дециграмм -0,1 decigramma

3 дециграмм - 0,3 tria decigrammata
1 сантиграмм-0,01 centigramma

1 миллиграмм- 0,001 milligramma

1 децимиллиграмм - 0,0001 decimilligramma

1 микрограмм - 0,00001 microgramma

б) Сұйық дәрілік заттардың мөлшерлерінің миллилитр арқылы араб цифрмен белгілейді:

1 мл- 1 ml (millilitrum)

3 мл- 3 ml (tria millilitra)

5 мл- 5 ml (guingue millilitra)

0,1 мл- 0,1 ml ( decimillilitrum)

Мысалы : Recipe : Liguoris Ammonii anisati 1 ml

1 миллилитрден кем берілетін сұйық дәрілік заттың мөлшері рим цифры арқылы белгіленеді және оның алдында guttam (Ace. sing) немесе guttas (Acc.pl) тамшы деген сөз жазылады.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!