Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Бап. Жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығының пайда болуы



1. Салынып жатқан үйлерге, құрылыстарға, өзге де мүлiк кешендерiне, сондай-ақ өзге де жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығы осы мүлiктi жасау аяқталған кезден бастап пайда болады.
2. Егер заң құжаттарында немесе шартта құрылысы аяқталған объектiлердi қабылдап алу көзделген болса, онда тиiстi мүлiктi жасау осылайша қабылдап алынған кезден бастап аяқталған болып есептеледi.
3. Қозғалмайтын мүлiк мемлекеттiк тiркелуге тиiс реттерде, оған меншiк құқығы осылайша тiркелген кезден бастап пайда болады.
4. Қозғалмайтын мүлiктi жасау аяқталғанға дейiн, ал тиiстi жағдайларда - оны мемлекеттiк тiркеуден өткiзгенге дейiн мүлiкке қозғалмайтын мүлiк жасалатын материалдармен басқа мүлiкке меншiк құқығы туралы ережелер қолданылады.

Мысалы, егер заң актілерінде немесе шартта біткен құрылыс объектілерін қабылдап алу көзделген болса, оңда тиісті мүлікті жасау сондай қабылдау болған кезден бастап біткен деп саналады. Мұндай объектілерге меншік құқығы құқық тіркеуші органдарда тіркелген кезден бастап пайда болады. Жаңадан жасалып жатқан жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу құрылыс объектісіне құқық белгілейтін құжаттарды құқық иеленуші (уәкілетті өкіл) ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады. Тіркеуші органға, құқық белгілеуші құжат ретінде, уәкілетті орган қол қойған, құрылысы біткен объектіні пайдалануға қабылдау актісі ұсынылады.

 

Бап. Заң құжаттарына сәйкес өзiне тиесiлi бола алмайтын мүлiкке адамның меншiк құқығының тоқтатылуы

1. Егер заң құжаттарымен жол берiлетiн негiздер бойынша заң құжаттарына сәйкес адамның өзiне тиесiлi бола алмайтын мүлiк оның меншiгiнде болып шықса, бұл мүлiктi меншiк иесi, егер заң құжаттарында өзге мерзiмдер белгiленбесе, осы мүлiкке меншiк құқығы пайда болған кезден бастап бiр жыл iшiнде иелiктен ықтиярсыз айырылуға тиiс, бұл орайда меншiк иесiне мүлiктi иелiктен айыру жөнiндегi шығындары шегерiлiп, оның құны өтеледi.
2. Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның меншiгiнде заң құжаттарымен жол берiлген негiздер бойынша сатып алуға арнайы рұқсат қажет етiлетiн зат азаматтың немесе заңды тұлғаның меншiгiнде болып шықса, ал меншiк иесiне оны беруден бас тартылса, бұл зат осы меншiк иесiне тиесiлi бола алмайтын мүлiк үшiн белгiленген тәртiп бойынша иелiктен айырылуға тиiс.



 

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 10 1. Өңдеу АК қабылданғанша қолданыста болған республика заңнамасында өңделген затқа құқықтың туындауын реттейтін нормалар болмады. Практикада мұндай қатынастар басқа ұқсас қатынастарға қарап шешiмін тапты. АК алғаш рет өңделген заттардың тағдырын шешетін нормалар енгізді.Өңделген затқа меншік құқығы мына жағдайларда өндеген адамға өтуі мүмкін:

1) өндеген адам адал жұмыс істеп, өңдеуді өзі үшін жүзеге асырса;

2) өндеу құны материал құнынан едәуір асып кетсе.Сонымен, заңнамада өнделген затқа меншік құқығының материалдық меншік иесінде де, өндеген адамда да туындауы мүмкін екендігі көзделген.



Бап. Өңдеу

1. Шартта өзгеше көзделмегендiктен, адам өзiне тиесiлi емес материалдарды өңдеу арқылы дайындаған жаңа қозғалатын затқа меншiк құқығын материалдардың меншiк иесi алады.
Алайда, егер өңдеу құны материалдардың құнынан едәуiр асып кетсе, жаңа затқа меншiк құқығын адал жұмыс iстеп, өңдеудi өзi үшiн жүзеге асырған адам алады.
2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, өз материалдарынан дайындалған затқа меншiк құқығын алған материалдардың меншiк иесi ол затты өңдеудi жүзеге асырған адамға оның құнын өтеуге, ал ол адам жаңа затқа меншiк құқығын алған ретте соңғысы материалдардың меншiк иесiне олардың құнын қайтаруға мiндеттi.
3. Өңдеудi жүзеге асырған адамның ықылассыз әрекеттерiнiң нәтижесiнде материалынан айрылған меншiк иесi жаңа затты өз меншiгiне берудi және өзiне келтiрiлген залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.

2. Заттардың берiлуiШарт бойынша мүлік алушының меншік құқығы, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, зат берілген кезденбастап пайда болады (АК-ның 238-бабының 1-тармағы). Заттардың алушыға тапсырылуы, сол сияқты, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, алушыға жөнелту үшін көлік ұйымына өткізу және иеліктен айырған заттарды жеткізіп беру мiндеттемесінсіз алушыға салып жіберу үшін почтаға өткізу - берілу деп танылады. Затқа коносамент немесе өзге де өкімші құжат беру заттарды беруге теңестіріледі. (АК-ның 239-бабы). Мысалы, шартта меншік құқығының иеленушіге затты беруден бұрын немесе кейін өтуі туралы ереже көзделуі мүмкін. Халықаралық практикада Коммерциялық терминдерге түсініктеме берудің халықаралық ережесі (ИНКОТЕРМС) жасалған, оны пайдалану меншік құқығының және кездейсоқ жойылу қаупінің алушыға өту кезін анықтауға мүмкіндік береді.

АК-ның 238-бабының 2-тармағына сәйкес, егер мүлікті иеліктен айыру туралы шарт мемлекеттік тіркеуге немесе нотариалдық куәландыруға жататын болса, алушының меншік құқығы тіркелген немесе нотариат куәландырған кезден бастап, ал шартта нотариаттың куәландыруы да, мемлекеттік тіркеу де қажет болған жағдайда - ол тіркелген кезден бастап пайда болады. Мысалы, АК-ның 118-бабының 1-тармағына сәйкес, меншік құқығы және жылжымайтын мүлікке басқа құқық, олардың туындауы, өтуі және тоқтауы мемлекеттік тіркеуге жатады. Жылжымайтын мүлікке заттық құқықтардың ішінен, меншік құқығынан басқа, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы, бір жылдан артық мерзімге жер пайдалану құқығы, бір жылдан артық мерзімге пайдалану қүқығы, кепіл, рента, сенімгерлік басқару мемлекеттік тіркеуге жатады.Пайдалану құқығы деп, бұл жерде, жалдау, төлеусіз пайдалану құқығын, бөтеннің жылжымайтын мүлкін шектеулі пайдалану құқын беретін сервитуттарды айтамыз.

Сонымен, аталған заттық құқықтар үшін белгіленген жалпы ереже бойынша ол құқықтардың пайда болу кезі мүлікті берген кезбен емес, оларды құқықтық кадастрда тіркеген көзбен анықталады. Бірақ, заң актілерінде көзделген кейбір жағдайларда, мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікке құқық тіркеген кезден емес, басқа кезден бастап туындайды. Мысалы, мұрагерлік құқық нормаларына сәйкес мұраланатын мүлікке мұрагерлер құқығы мұра ашылған кезден бастап туындайды. Бұл, мұралау тәртібінде өткен жылжымайтын мүлікке, құқық тіркелген күнге қарамастан, мұрагерде мұра ашылған кезден бастап туындайды. Бірақ, тіркелмейінше мұндай мұрагердің құқығы туындады деп саналмайды. Тұтыну (тұрғын үй, тұрғын үй-құрылыс, саяжай, гараж, т.б.) кооперативтерінің үй-жайына меншік құқығының пайда болу кезін анықтағанда бұл баяндалған ережеден өзгеше жағдай қаралады. АК-ның 235-бабының 4-тармағына сәйкес, пай жарнасын толық төлегенде ғана, пай жинақтаушы мұндай үй-жайға меншік құқығын алады.

Бап. Заттардың берiлуi

1. Заттардың алушыға тапсырылуы, сол сияқты, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, алушыға жөнелту үшiн көлiк ұйымына өткiзу және иелiктен айырылған заттарды жеткiзiп беру мiндеттемесiнсiз алушыға салып жiберу үшiн почтаға өткiзу-берiлу деп танылады.
2. Егер затты иелiктен айыру туралы шартты жасасу кезiнде-ақ ол алушының иелiгiнде болса, зат оған сол кезден бастап берiлген деп танылады. Затқа коносамент немесе өзге де өкiмшi құжат беру заттарды беруге теңестiрiледi.

 

Тәркілеу

Тәркілеу, конфискация (лат. цонфісцатіо — мүлікті қазынаға тәркілеу) — сотталушының меншігіндегі мүлікті мемлекет меншігіне мәжбүрлі түрде өтеусіз алу. Тәркілеу пайдакүнемдік пиғылда қылмыс жасағандарға қосымша жаза ретінде тағайындалады. Жеке тұтынуға арналған және сотталушының асырауындағы адамға қажетті мүлік тәркіленбейді. Қылмыстық атқару заңнамасына сәйкес күнделікті тіршілікке қажетті (киім, азық-түлік, т.б.) дүниелер Тәркілеуге жатпайды. Тәркілеу сотталушының жеке меншігіне және ортақ меншіктегі үлесіне бағытталады

Мүлікті тәркілеу – қылмыс жасағаны, әкімшілік немесе азаматтық құқықты бұзғаны үшін қолданылатын қосымша жаза ретінде кінәлі адамның меншігіндегі мүлікті немесе оның бір бөлігін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп, өтеусіз, қайтарымсыз алу. Мүлікті тәркілеу пайдакүнемдік ниетпен жасалған қылмыс үшін белгіленеді де, заңда көзделген жағдайларда ғана тағайындалады. Тәркілеуге сотталған адамның жеке өзіне тиісті мүлкі немесе сот үкім шығарған сәтте оның ортақ бірлескен меншіктегі үлесі болып табылатын мүлік қана жатады. Қылмыстық атқару заңына сәйкес сотталған адамға немесе оның асырауындағы адамдарға қажетті мүлік тәркіленбейді.

Бап. Тәркiлеу

Заң құжаттарында көзделген реттерде мүлiк меншiк иесiнен жасаған қылмысы немесе өзге де құқық бұзушылығы үшiн санкция түрiнде сот тәртiбiмен тегiн алынуы мүмкiн (тәркiлеу).

11-билет:1.Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі: 1. Ерлi-зайыптылар некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезінде жинаған мүлiк олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады.2. Ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезінде жинаған мүлкiне ерлi-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметiнен, кәсiпкерлiк қызметтен және зияткерлiк қызмет нәтижелерiнен түскен табыс сомалары, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнен және ерлi-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкiнен алынған табыс сомалары, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, зейнетақы жинақтары, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабiлетiнен айрылуына байланысты нұқсанды өтеуге төленген сомалар және басқалары) жатады. Сондай-ақ ерлi-зайыптылардың ортақ табыс сомалары есебiнен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүлiктер, бағалы қағаздар, пайлар, салымдар, кредиттік ұйымдарға немесе өзге де ұйымдарға салынған, капиталдағы үлестер және ол отбасында кімнің атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлi-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлi-зайыптылар некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңінде жинаған басқа да кез келген мүлiк ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi болып табылады.3. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкіне құқық некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңінде үй шаруашылығын жүргiзудi, балаларды бағып-күтудi жүзеге асырған немесе басқа да дәлелдi себептермен жеке табысы болмаған жұбайға да тиесiлi болады.2. Иелену мерзімі: 240-бап. Иелену мерзiмi:1. Мүлiктiң меншiк иесi болып табылмайтын, бiрақ өзiнiң жеке қозғалмайтын мүлкiндей он бес жыл бойы, не өзге мүлiктi кем дегенде бес жыл адал, ашық және ұдайы иеленген азамат немесе заңды тұлға ол мүлiкке меншiк құқығын (иелену мерзiмiн) алады. Мемлекеттiк тiркеуге жататын қозғалмайтын және өзге де мүлiкке меншiк құқығы бұл мүлiктi иелену мерзiмiне сәйкес алған тұлғада осындай тiркеу кезiнен бастап пайда болады. 2. Мүлiкке меншiк құқығын алғанға дейiн оларды өз мүлкiндей иеленушi азамат немесе заңды тұлға өз иелiгiн мүлiктiң меншiк иелерi болып табылмайтын, сондай-ақ заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге де негiздерге сәйкес оларды иеленуге құқығы жоқ үшiншi жақтардан қорғауға құқылы. 3. Иелену мерзiмiне жүгiнетiн азамат немесе заңды тұлғаның өздерi құқықты мирасқорлары болып табылатын тұлғаның осы затқа иелiк еткен уақытының бәрiн өз иелiгiне қосып алуына болады. 4. Тұлғада болып, оның иеленуiнен осы Кодекстiң 260-263, 265-баптарына сәйкес талап етiлуi мүмкiн мүлiктер жөнiндегi иелену мерзiмiнiң өтуi тиiстi талаптар бойынша талап мерзiмi бiтуiнен ерте басталмайды. 5. Егер тұлғаға сотта оның меншiк құқығын танудан бас тартылған ретте мүлiктi иеленушi тұлға меншiк иесiне айналады.3. Жерді және табиғи ресурстарды алып қоюға байланысты жылжымайтын мүлікке меншік құқығының тоқтатылуы:255-бап: 1. Мемлекеттiк органның меншiк иесiнен мүлiктi алып қоюға тiкелей бағытталмаған шешiмiне, соның iшiнде меншiк иесiне тиесiлi үй, өзге де қора-қопсы, құрылыстар немесе өсiмдiктер бар жер учаскесiн алып қою туралы шешiмiне байланысты қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығының заң құжаттарымен белгiленген реттер мен тәртiп бойынша ғана меншiк иесiне құны тең мүлiк берiп және өзге де келтiрiлген залалдарын өтей отырып немесе меншiк құқығының тоқтатылуынан келтiрiлген залалдарын толық көлемiнде өтей отырып тоқтатылуына жол берiледi. 2. Меншiк иесi меншiк құқығын тоқтатуға әкелiп соқтыратын шешiммен келiспеген жағдайда оны дау сот тәртiбiмен шешiлгенге дейiн жүзеге асыруға болмайды. Дауды қарау кезiнде меншiк иесiне келтiрiлген залалдарды өтеудiң барлық мәселелерi де шешiледi. 3. Осы баптың ережелерi мемлекеттiк органның мүлiк орналасқан тау баурайларын, су айдыны учаскелерiн және басқа учаскелердi алып қою туралы шешiмiне байланысты тиiсiнше қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығы тоқтатылған кезде қолданылады.

12-билет:1.Ортақ үлестік меншік ұғымы: Меншіктің үлестік түрі деп мүлік объектісін қатысушылар арасында нақты үлеске бөлуді айтады.Үлестік меншіктің ерекшелігі оның пайда болу кезінде ортақ мүліктегі меншік иелерінің үлесі болатындығымен айқындалады. Бөлудің мұндай сипаты меншік иелерінің келісімдері және заң құжаттарымен тағайындалады. Осы келісім аркылы қатысушылардың үлес мөлшері айқындалып, өзгеріске ұшырайды, мұның өзі олардың ортаға салған үлестеріне байланысты болады. Егер қатысушылардың үлес көлемі келісім шартта немесе заң құжаттарында көрсетілмесе, онда олардың үлестері тең дәрежеде бөлінеді.Заңда меншік иелерінің бірінің күшімен мүлікті жақсарту мәселесі айқындалған. Мүліктегі үлес көлемін айқындауда ортақ мүлікті пайдалану тәртібін сақтай отырып, оны жаксарту мәселесінің ара-жігін ашып алу керек. Ортақ мүлікті пайдаланудың белгіленген тәртібін сақтай отырып, оны жақсартуды өз есебінен жүзеге асырған үлесті меншікке қатысушының ортақ мүліктегі өз үлесін ұлғайтуға құқығы бар.Ортақ мүлікті бөліп алып жақсарту, егер үлесті меншікке қатысушылардың келісімінде өзгеше көзделмесе, оны жасаған қатысушының меншігіне түседі (АК-тің 211-бабы).2.Өз бетімен салынған құрылыс:244-бап: 1. Мемлекетке тиесілі, жер учаскелері болып қалыптаспаған жерде, құрылысты жүзеге асырған тұлғаға тиесілі емес жер учаскесінде салынған, сондай-ақ бұл үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына, Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес қажетті рұқсат алынбай салынған тұрғын үй, басқа да құрылыс, ғимарат немесе өзге де жылжымайтын мүлік өз бетінше салынған құрылыс болып табылады. 2. Өз бетiмен құрылыс салуды жүзеге асырған адам оған меншiк құқығын алмайды. Оның құрылысқа билiк етуге - сатуға, сыйға тартуға, жалға беруге, басқа да мәмiлелер жасауға - құқығы жоқ. Өз бетiмен салынған құрылыс, осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделгеннен басқа реттерде, оны жүзеге асырған адамның есебiнен бұзылуға тиiс. 3. Өзiне тиесiлi емес жер учаскесiне құрылысты жүзеге асырған адамға бұл учаске салынған құрылысты орналастыру үшiн осы адамға белгiленген тәртiп бойынша берiлген жағдайда ғана өз бетiмен салынған құрылысқа меншiк құқығы танылады. Құрылыс салушының өзiне тиесiлi емес жер учаскесiнде, мемлекетке тиесілі жерлерді қоспағанда, өз бетіменқұрылыс салуға меншік құқығын сот Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарына құрылыс сәйкес келген жағдайда жер учаскесі иесіне өтемақы төлене отырып, соңғысының бұған келісімі болған кезде тануы мүмкін.Сот сондай-ақ құрылыс салынған жер учаскесi өзiнiң заңды пайдалануында болған адамның өз бетiмен салынған құрылысқа меншiк құқығын тануы мүмкiн. Бұл ретте құрылысқа меншiк құқығы танылған адам оны жүзеге асырған адамды сот белгiлеген мөлшерде құрылысқа жұмсаған шығындарын өтейдi. Егер құрылысты сақтап қалу басқа адамдардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзуға әкелiп соқтырса не азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн болса, аталған адамдардың өз бетiмен салынған құрылысқа меншiк құқығын тануға болмайды. 4. Мемлекетке тиесілі және жер пайдалануындағы емес жер учаскелерінде (жер учаскелері болып қалыптаспаған жерде) тұлға өз бетінше тұрғызған құрылыс әлеуметтiк-экономикалық тұрғыдан орындылығы ескерiле отырып, құрылыс шығындары сот айқындаған мөлшерде өтеліп, коммуналдық меншiкке берiледі.Мемлекеттік жер пайдаланушылардың жер пайдалануындағы жер учаскесінде өз бетінше құрылыс салуды жүзеге асырған кезде өз бетінше салынған құрылыс әлеуметтiк-экономикалық тұрғыдан орындылығы ескерiле отырып, құрылыс шығындары сот айқындаған мөлшерде бюджет қаражатынан өтеліп, коммуналдық меншiкке берiледі.3.Меншік құқығынан бас тарту:250-бап: Азамат немесе заңды тұлға өзiне тиесiлi мүлiкке меншiк құқығынан бас тарта алады, бұл жөнiнде ол жариялайды, не бұл мүлiкке қандай да болсын құқықтарын сақтау ниетiнсiз өзiнiң мүлiктi иеленуден, пайдаланудан және оған билiк етуден шеттейтiнiн айқын дәлелдейтiн басқа да әрекеттер (әрекетсiздiк) жасайды.Меншiк құқығынан бас тарту осы мүлiкке басқа тұлға меншiк құқығын алған кезге дейiн тиiстi мүлiкке қатысты меншiк иесiнiң құқықтары мен мiндеттерiн тоқтатуға әкелiп соқтырмайды.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 13


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!