Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Минералды тыңайтқыштар өндірісінің қазіргі заманғы жағдайы



Қазіргі уақытта минералды тыңайтқыштар өнеркәсібі бірқатар ерекшеліктермен сипатталады:

• минералды тыңайтқыштар өндірісінде әлемде кен орындары шектеулі – табиғи газ, фосфатты кендер мен калий тұздары шикізат болып табылады;

• энергия тасымалдағыштар мен шикізаттарға бағаның тұрақты өсуі, олардың өндірісі үлкен энергияның жұмсалуымен және шикізаттық тәуелділікпен ерекшеленетіндіктен, минералды тыңайтқыштардың бағасының деңгейіне маңызды ықпал етеді;

•өндірістік қуаттылықтар жоғары капитал сыйымдылығымен сипатталады және шикізат көздеріне, теңіз порттарына немесе өткізу нарықтарына жақын шоғырланған;

• минералды тыңайтқыштарды өндіру және тұтыну географиялық жағынан әртүрлі болуына байланысты, саланың өнімінің маңызды үлесі экспортталады.

Минералды тыңайтқыштардың әлемдік нарығы соңғы он жылдықтарда жоғары қарқынмен дамуда, бұл элемдік экономиканың жалпы дамуына және соның ішінде ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етуде. Нәтижесінде 30 жылдан кем уақытта оның көлемі 5 есе артты және 70 млрд. аса АҚШ долларына жетті. Әлемдегі тыңайтқыштар өндірісінің түйінді факторлары болып табылады:

• әлемдегі халық санының өсуімен шартталған негізгі өнімдеріне сұранысының артуы;

• бір адамға шаққанда егіндік алқаптардың қорының кемуімен және олардың жүдеуіне байланысты ауыл шаруашылығын қарқындатудың қажеттілігі;

• күрделі климаттық жағдайлармен белгіленген ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігінің төмендеуі;

• жан басына шаққандағы табыстың артуымен белгіленген, дамушы экономикасы бар елдердің халқының тамақтану рационын жақсарту;

•биоотынға (биоэтанолға, биодизельге) оларды қайта өңдеу қажеттілігімен белгіленген техникалық мақсаттағы ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың артуы;



• өсімдік шаруашылығы өнімдерінің қосымша көлемдерін өндірудің қажеттілігімен белгіленген мал шаруашылығы өнімдерін, атап айтқанда, ет және сүт өнімдерін тұтынудың өсуі

Қазіргі жағдайларда минералды тыңайтқыштарға сұраныс құрылымында жетекші орынды азотты тыңайтқыштар алады, 2011 жылы оларды тұтыну 3,6%-ды құрады. Фосфор тыңайтқыштарымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2,5%-ға жетті, ал калийлі тыңайтқыштардың қарқыны 6,4%-ға жейін өсті (сурет 4). Жақын бес жылда азотты және фосфорлы тыңайтқыштарға сұраныстың өсуі Шығыс Азия елдеріне келеді, тиісінше әлемдік сұраныстан 28,0% және 33,0%-ды құрайды.

Минералды тыңайтқыштардың ішінде фосфор тыңайтқыштары ерекше орын алады. Қазіргі күнге фосфорлы тыңайтқыштардың негізгі өндірушілері АҚШ, Ресей, Қытай, Марокко, Тунис. Фосфор тыңайтқыштарын өндіруші басқа елдердің 28% келеді(сурет5). 2011-2015 жж. арналған индустрия мен жаңа технологиялар Министрлігінің стратегиялық жоспарына сәйкес Қазақстанда 2015 жылға минералды тыңайтқыштар өндірісін жылына 3 млн. тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда. Минералды тыңайтқыштар өндірісінің нәтижелері бойынша статагенттіліктің мәліметтеріне сәйкес 2010 жылы республикада 215 мың тонна, ал 2011 жылы – 257 мың тонна және 2012 жылы – 260 мың тонна минералды тыңайтқыштар өндірілгендіктен бұл көрсеткіш әбден ақиқат болуы мүмкін.



 

 

Жанар-7 сурактынжауабы

1 сурет – «ЖАМБ-70» ұзартылған әрекетендегі күрделі-аралас NPK-тыңайтқышын тәжірибелік өндірудің жалпы аспаптық-технологиялық сызбасы.

 

1 суретте келтірілген технологиялық сызбаға сәйкес бункердегі 1 фосфор ұсақтары қабылдауыш қондырғыға 2 екі үймекті қалақты араластырғышқа 3 беріледі, және мұнда бункердегі 4 өлшемі 0-10 мм болатын шикізат материалдары және 5 бункерден вермикулит пен қоңыр көмір беріледі. Жақсылап араластырылған материалдар айналмалы барабанды пешке 6, пеш оттығына 7, шілтерге 8 құбыр жүйелерінен 750-9000С температураны сақтап тұру үшін барабанның соңынан ауа мен табиғи газ жіберіледі.

Айналмалы барабанды пештегі материалды күйдіругі қажетті температура қоңыр көмір құрамындағы көміректің жануынан да қамтамасыз етіледі. Күйдірілген материал барабанды мұздатқышта 9 40-600С дейін суытылады және шнекті тасымалдауыш 10 арқылы қабылдауыш бункерлердің бөліктеріне 11 шнекті қоректері бар үшқұрамдас шихталы-тасымалдауыштар 12,13 және 14, қайтатепкіш-эллипстік диірмен 15, басқару пулті 16 арқылы жіберіледі. Қабылдауыш бункерді бірінші бөлігіне 11 0-10 мм өлшемдегі ішкі тектер берілсе, ал үшінші бөлігіне 10 шаң-газ ұстау жүйесіндегі электр сүзгілерден шаң беріледі.

Қайтатепкіш-эллипстік диірменнен 15 соң 0,1 мм ұсақталған шаңтәрізді шихта шнекті араластырғыштың 18 қабылдауыш бункеріне 15 келіп түседі, мұнда араластырғыш құрылғысы бар 20 К2СO3 40% сулы ерітіндісі және ұсақталған қоңыр көмір реактордан 19 беріледі. Шнекті араластырғыштағы 18 гуматқұрамдас заттың сулы ерітіндісі шихталы материалмен араластырылады және «ЖАМБ-70» NРК-поликомпонентті минералды тыңайтқышы тік шнекті тасымалдауыш 21 арқылы полиэтиленді қалталарға ораудың автоматты жүйесі 24 бар мөлшерлеуіш қондырғының 23 қабылдауыш бункеріне 21 беріледі.

«ЖАМБ-70» минералды тыңайтқышымен толтырылған полиэтиленді қалталар электрлі дәнекерлеуішке 25 жіберіледі және желімденеді. Құрамында поликомпонентті күрделі-аралас NРК-гумат және ылғал ұстаушы заты бар «ЖАМБ-70» ұзартылған әрекетендегі минералды тыңайтқышы бар желімденген қалталар 26 дайын өнімдердің қоймасында сақталады, кейіннен тұтынушыларға тасымалданады.

Ұзартылған әрекетендегі құрамында поликомпонентті күрделі-аралас NРК-гумат және ылғал ұстаушы заты бар минералды тыңайтқышты алудың тәжірибелік технологиялық орнатылымының негізгі және қосалқы қондырғыларының тізімі және олардың қысқаша техникалық сипаттамалары тәжірибелік өндірістік бір реттік регламентінде берілген (Б қосымшасы).

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!