Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






МЕН -ТАУДА ОЙНАҒАН ҚАРТ МАРАЛ



Мен- тауда ойнаған қарт марал

Табаным таска тиер деп

Сақсынып шыққан қиядан

Қайыңның басын жел соқса

Қаршыға құс қайғырар,

Балапаным суға кетер деп,

Мамығын төккен ұядан...

Ол-дағы біздей болған сорлы екен!

 

 

МЕН –ҚАРАҚҰСТАН ТУҒАН ҚАЛЫҚПАН

Мен-қарақұстан туған қалықпан

Сөйлер сөзге жалықпан.

Көп ортаға алғандай

Көп соғыма түскендей

Көптің несін алыппын.

Тығдай отыр алеумет

Мен али де болса көптен аныкпын

Мен атайы жүйрік баласы

Алты үдірім жерге шаптырсаң да жалықпан!

 

 

ЖАЛҒЫЗДЫҚ

Бұл дүниенің жүзінде

Айдан көркем нарсе жоқ-

Түнде бар да кундіз жоқ.

Куннен коркем нарсе жоқ-

Кундіз барда тунде жоқү.

Мұсылманшылық кімде жоқ?-

Тілде бар да інде жоқ

Көшпелі даулет кімде жоқ?

Бірде барда бірде жоқ

Есіскен күні қолда жоқ.

Заманым менің тар болды-

Тура әділдік биде жоқ.

Бәрін айт та, бірін айт

Қаумалаған қарындас

Қазақта бар да менде жоқ.

 

 

МЕНІҢ АТЫМ –МАХАМБЕТ

Менің атым- Махамбет,

Жасқұстағы Жәңгір хан

Ісінен болдым құса дерт.

Атасы өткен Айшуақ

Соның көзін көрді ғой:

Менің атам Өтеміс

Елдің қамын жеді ғой.

Біз бір енеден бір едік,

Бір енеден екі едік-

Екеуіміз жургенде

Бір-бірімізге ес едік

Бір енеден үш едік-

Үшеуіміз жургенде

Толып жаткан куш едік

Бір енеден бес едік-

Бесеуіміз жургенде

Алашқа болман деуші едік

Өтемістен туған он едік-

Онымыз атка конғанда

Жер кайыскан қол едік!

 

РЕНІШ

Алты кундей алаулап,

Он екі кундей ой ойлап,

Ақылды алпыс жаққа шаптырып,

Арканың алпыс ек саласына барғанда

Айдаһардай арбадың

Арбадыңда қалмадың.



Ханнан кегім ала алмай

Қайрат қылар ер біз болсақ

Заманымда болған сұлтаным,

Бізді жіпсіз байладың!

 

ШЕГІНІС

Толғай-толғай жүгірген,

Топыракты суарған,

Ертеден салса, кешке озған

Ылдидан салса, төске озған

Томаға көзді каска азбан

Қой мойынды көк жұлын

Көк жұлыны жетелеп,

Кисык жерден төтеелеп,

Қабырға, қол сөгіліп,

Арғымақ ат бүгіліп,

Әзіреттен ант ішіп,

Ақыретті жанға байланып,

Талай жүрдік далада

Әділ жаннан туңіліп.

 

ЫЗҒЫШ ҚҰС

Ау, қызғыш құс , қызғыш құс,

Қанатың қатты , мойның бос

Исатайдан айрылып,

Жалғыздықпен болдым дос.

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,

Көл корыған сен едің

Сенде айрлдығ коліннен

Ел корған мен едім

Менде айрылдым елімнен.

Аспанда ұшкан кызғыш кұс!

Сені колден айырған-

Лашын құстың тепкіні.

Мені елден айырған-

Хан Жәңгірдің екпіні.

Айтып-айтпай немене?

Құсалықпен отти ғой

Махамбеттің коп күні!

 

 

АЙМАҚ КӨЛ

Аймақта аймақ , аймақ көл

Дария болып шалұымас

Аяғы томен аккан сон

Айдан жарык нарсе жоқ,

Саулесі туспес жаһанға

Қараңғы тунек жапкан сон

Арыстаннан кушти аң болмас-



Ол да оледі жігіттер,

Мергендер тандап аткан сон

Алалы жылқы, ақтылы қой

Андыған бөрі жемей ме

Иесі ұйықтап жаткан сон?!

Шакрғанмен келер ме

Кешегі менің арыстаным,

Ози шын барар жерин тапкан сон?!

Егізінен айрылып

Мен де бір акку болдым халықтан соң.

 

ШОНТЫ БИГЕ

Әй, Шонты би, Шонты би

Домбыра тартсам келер куй.

Шын ажалығң жетпесе

Ажалдан бурн өлмессің

Тілесем тілек бермессің.

Жыласам көзімнің жасын көрмессің.

Алақандай Нарында

Мукаммалым шашылды.

Жур десе оган журмессің

Құр ангімеден басқа

Еш нарсени де білмессің!

 

МЕН-МЕН ЕДІМ

Мен-мен едім , мен едім

Мен Нарында жургенде

Еңіреп журген ер едім.

Исатайыдң барында

Еки тарлан бөрі едім.

Кай казактан кем едім?

Бір қазақпен тең едім.

Өздеріңдей хандардың

Қарны жуан билердің

Атандай даусн акыртып

Лауазымын кокке шакыртып,

Сулатнын суға сулатып,

Ханшасын қақпа алдында жылатып,

Ернін еттей тесісіп,

Кенірдегін кесісіп

Жыраға басын тусіріп,

Жылғадан канын ағызып ,

Басын кессем деп едім!

Еділдің бойы ен тоғай

Ел кондырсам деп едім

Жағалай жаткан со елге

Мал толтрсам деп едім!

Енсесі биік ак орда

Енкеймей крсем де едим!

Туырлығын тескілеп,

Тоқым етсем деп едім,

Тақта отырған ханымын

Торде отырған ханшасын

Катын етсем деп едім.

Ханның киген кіреуке

Устіме кисем деп едім.

Хан сусуыны сарыбал-

Сураусыз ишсем деа едім.

Қанікейдей коріктіңді

Ителгі козн тонкертип

Кушіктей даусын кынсытып,

Аш кузендей белин бугілтіп

Әділ жаннан түңілтіп,

Ат артна үңілтіп,

Артма салсам деп едім.

Тілекті Кқдай бермедң

Өздеріңдей хандарды

Осылай бір кылсам деп едім.

Мен-мен едім, мен едім

Мен Нарында жургенде

Еніреп журген ер едім

Исатайдың барында

Еки тарлан бөрі едім

Ерегіскен душпанға

Кызыл сырлы жебе едім.

Жаксыларға еп едім

Жамандарға көп едім.

Ерегіскен дұшпанның

Екіталай болғанда

Азыққа тетін жеп едім.

Хан баласы Ақсуйек

Ежелден табан андыскан

Сендей наркоспактың баласы

Маған онаша жерде жолықсан

Қайраннан алған шабақтай

Қия бір соғып ас етсем

Тамағыма қылқаның кетер демес ем!

 

ТӨЛЕГЕН АЙБЕРГЕНОВ

1. Уакыт

2. Омир деген

3. Ана

4. Анама

5. Шоқан уалихановқа

6. Қос шектер

 

УАКЫТ

Уакыт деген кері ақпайтын бұл озы

Бұрқ-сарқ етип таудан аккан тас бұлақ

Қызыз ақ тым, қатал ақ тым мінезі

Асықпасаң бара жатр басқылап.

Акелердің ар тайдырып жүзінен

Ага болып өтіп жатыр арыңды

Іні болып қуалайтын ізіңді
сенен тіпті алдекацда дарынды.

Қарап тұрсаң сен шыққан тау олардан

Алдеқайда,алдеқайда аласа

Өтіп жатыр қыз боп жапы толы арман

Суйгеніңнен алдеқайда тамаша!

 

ОС ШЕКТЕР

Өмірді улкен домбыра деп білем мен

Егіз туған екі шектен туратын.

Бірі-қайғы қабатында тунерген,

Бірі- шаттық алдилеген муратын.

Бұл екеуі жұп жазбайды ауелден

Қосып тартсан куй калады құлақта.

Жаңыласың кеудеңдегі ауеннен

Сыңар шекпен тартам десең бірақ та.

 

 

АНА

Арманыңды ақтармын ба журегімде тербесем,

Айға сіңлі, карндассғ касиетті жерге сен!

Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем.

Сендік куат мын есе артық жердің тарту күшінен.

Алем сулу, сулу алем сен жараткан адаммен

Кок жолының қарсылы,ын қа,ып тастап барам мен,

Сендік куат болар бәлкім басын иді көк маған

Ар кез сенен туғанымды есиме алсам тоқтаман.

Ал ұмытсам ұмыт болып кетерімді білемін.

Ұмыт калмау ушин менің шарқ ұрады жүрегім,

Шат журп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде

Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде.

Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан

Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам.

Бұл дуниеге онсыз-дағы кеткен жок па көп есен

О, аналар., кей пасыкты жаратасын неге сен?

Тасбауырлар дуниеге келсін де тез кетсін де

Алде озгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің ба?

Қай кейдені жылытады лапылдаған отпенен

Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген.

Анаң саған керек болса балаңада сен керек

Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.

Ана керек, о адамдар, ана керек адамға

Анасыздар ан сиякты кун кешип жур ғаламда

Пікірімді үнатпаған таптық та дер дананы

Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.

 

АНАМА

Өтті анам уш баланың пайғамбары

Үш сәби журегінің сайран бағы

Жыр қылып жатты біздің кара шанырак,

Менің сор маңдайымның тайған бағы.

Ана еді ол мен ушін не кормеген

Азаптың бәрін кқрген тек олмеген,
Көк жасыл көктем болып карайтын ол-

Тасқа да талай ғасыр көгермеген.

Кайтейын журмегенсон жанға байлап

Алыста кеттим одан арман айдап,

Айналып-толғанатын ақ дидарлы

Ана еди ол жауынды да аңдамай кап.

Алдына ап ан шыркайтын ала танда ар

Енди жок алаулаган алақандар,

Амалсыз кірді ұщып кеп койныма

Уясы тоз-тоз болған балапандар.

ШОХАН УАЛИХАНОВҚА

Галым Шохан

Біздің жақтан

Ғалымы тұңғыш қазақтың.

өмірдің арман,

От боп жанған

Қайғысын тарттың азаптың.

Шынжыр балақ,

Халықты қанап,

Шықтың журген ортада
болғанмен олай

Оларға жолай

Баспадын жакын бір кадам

Түсіндің бірден

Сені осірген,

Акең Шыңғыс муддесін

Елін билетпек,

Куйін куйлетпек

Алмақ езу жулдесін.

Терең бойладың,

Ой ойладың,

Бермек боп білім еліңе

Қолдамады ешкңм

Жалғыз курестің

Ауырлық тусті беліңе.

Тарихшы, этногроф,

Саяхатшы, геогроф,

Бәрі де сен бола алдың.

Тұңғыш мадениетші

Және адебиетші

Жіректе болып калдың.

Мақтанады елің сенімен

Үмит күткен елінен.

 

ФАРИЗА ОНГАРСЫНОВА

САНДУҒАШ

Кеудеме сандуғаш құс тунеди ме?

Шакырды мени манг кун елине

Ауены тыншытпады, әлде әнші құс

ұясын салды ма екен журегіме?

Бар досым былай калып,

Бар құрдасым, сол ауен болып алдым жан мұңдасым,

Өңімде, тусімде де қанатын қағатындай талдырмаш үн.

Самға енді журектерге, сандуғашым,

Тебіренсін балғын әнге бар жылдасымң

Бақыттан баз кештірген балаң үнің

Тербетсін Отанымның тау жылғасын.

 

 

Анашым

Кеудеңде мени тербеттің

Жас шыбық енді гулдеді

Мінеки менде ержеттим

Еңбегің босқа кетпеді.

Өмірде мынау ең жакын

Аялым сенсің, анашым

Болмаса мейлі зор даңқың

Мен ушін бірақ данасың.

Мейірім төккен нұр жүзің

Тұрғандай сезем жанымда

«Адал бол, » деуші ең жұлдызым

Сақталды сөзің жадымда.

Игі еңбек туби осы ау дер

Көргендер жеміс ағашын.

Картаймай мәңгі Жасай бер,

Мәңгілік Күндей Анашым!

 

Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да, 1730-33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. Абылайдың жиырма жасы қай жылға сәйкес келуіне байланысты, қай шайқасқа қатысқаны туралы болжам айтуға болады. Бұл, әрине, Абылай қатысқан алғашқы соғыс емес. Ел әңгімелері, тарихи жырлар Сабалақ әуелде Бөгенбай жасақтарының құрамында жорық-жортуылдарға қатысқанын айғақтайды. Аңырақай шайқасына қатыспады дегеннің өзінде де, Абылайдың 1730-33ж. Болған бір ірі шайқасқа қатысқаны дау тудырмайды. Тарихи деректерден Орта жүз жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1730 жылы да, 1731 жылы да бірнеше үлкен ұрыстар болғаны белгілі. 1732 жылы жоңғарлардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап болады. Абылайдың жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап көрсетілген. Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 30-40 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді. Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бұқар жырау «Қалданменен ұрысып, Жеті күндей сүрісіп...» деп суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай т.б. қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады. Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім Әз-Тәуке ханның немересі Әбілмәмбет ханнан өтіп, Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып қалып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі. XVIII ғасырдың 30-жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда Әбілмәмбет ханмен қатар аталады. Орыс тарихшысы А.И.Левшин: «1739 ж. Орта жүзде Сәмеке ханның орнына хан сайлаудан бұрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдей хандық билік жүргізген»,- деп жазды. Ш.Уәлиханов та осы пікірді қолдайды. 1738-41 ж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншылырына бірнеше мәрте соққы берді. 1742 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең белсенді ұйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау қолына түсуі қазақ қоғамында абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге айналады. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда ара түсуге өтініш жасайды. Бұл деректің шындық екенін осы кезеңде Орынбор губернаторы И.Ш.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазысқан хаттары да дәлелдей түседі. Қазақтың үш жүзінен Толе би бастап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Бұл жөнінде Неплюевтің сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақтар мен қалмақтар бітімге келіп, бірігіп кете ме деген қауіп те білдірген. Абылай билігінің күшейге түсуінің жаңа кезеңі 1744ж. Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды. Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат жолдарды да тиімді пайдалаңды. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісім білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай 1745 ж. Қалдан Серен дүние салғаннан кейін, Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Шығыс Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған казақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. 1745ж. Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай және Барақ сұлтан қатар аталса, 3-4 жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем өзгерді. 1749ж. тамыз айында Неплюевпен кездесуінде Жәнібек тархан: «бұрын Орта жүзде Әбілмәмбет хан болған, бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып жатыр, ел басқарудан қалған. Бірақ сұлтан зұлымдық ісі үшін қашып жүр. Онда жалғыз Абылай сұлтан ғана билік жүргізіп отыр»,- деп көрсетті. Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізгендігі айқын көрсетіледі. 1752ж. ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753ж. желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754ж. сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, (Қаратал өз бйынша), сол жылдың шілде-тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға алып келген. 1756ж. Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді. 1757ж. Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар Абылайдан бітім сұрады. 1753-1754 жылдардағы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай, Жанатай, Керей Жәнібек, Өтеген батырлар қысы – жазы үзбестен қатысады. Абылай бірде Қалдан Серенмен бітімге келсе, бірде Дабашыны шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеурінді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Осының нәтижесінде Абылай әскері 1771ж. Мойынты өзенінің бойында болған қалмақтармен ауыр шайқаста жаңа жеңіске жетті. Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан басқалармен де ымырасыз күрес жүргізді. 1754-55 және 1764 ж. қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарды шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ пен Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу және Шу бойында талқандайды. Осы себепті Абылай 1755, 1765 жылдары Қырғыз ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ пен қырғыздың Нарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды. Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765-67 ж. Абылай қолының қоқан билеушісі Еркенбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қалалары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды. Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында « шаңды жорық » деген атпен белгілі. Бұл 1771ж. Еділ қалмақтарының жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде Абылай бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды. Осы кезде қалмақ басшылары Ұбашы мен Серен бітімге келуді, бүкіл ел жұртымен бодандыққа қабылдауды сұрап, елші жібереді. Кіріптар ұсынысты талқылау үшін шақырылған әскери кеңесте Абылай тағы да көрегендік танытып, жеңілген жауды қырып–жоюдың қажеті жоқ екендігін дәлелдеуге тырысады. Еділден ауған қалмақпен келіссөзге келіп, тым құрыса олардың Жоңғарға еркін өтіп кетуіне мүмкіндік беру жөніндегі Абылай түйінінің аржағында шығыстағы ұлы көршімен болашақтағы қарым-қатынасты ойлау жатыр. Жоңғардан азат етілген шығыстағы жерлерге қазақ ауылдарын апарып түпкілікті қоныстандыру да Абылай саясатының тереңдігін, кемеңгерлігін айқын көрсетеді. Оның әрбір іс-әрекеті қазақ халқының бүтіндігін, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға бағытталды. Билікке таласқан Барақ сұлтан Әбілқайыр ханды өлтіргенде де Абылай ел билігін ойлап қынжылып, Төле бимен тізе қоса қимылдап, бұзық сұлтанды жазаға тарту жағында болады.Абылай соғыс жағдайынасай қол астындағы елде, әсіресе, әскер ішінде қатаң тәртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің ел-жұрты мен ата мекенін қорғау рухы жоғары, ұзақ жорықтарға шыдамды, шайқас даласында тегеуріні қатты болған. Абылай сан жағынан әлдеқайда басым жаумен шайқасудан еш тайынбаған және көбіне үстем шығып отырған. Абылай қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды.
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/169-%D0%90%D0%B1%D1%8B%D0%BB%D0%B0%D0%B9-%D1%85%D0%B0%D0%BD-(1711-1781)-%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B-%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%88%D0%B0-%D1%80%Орбұлақ шайқасы зерттеп жүрген тарих танымгері, өлкетанушы, шежіреші Асан Оразханұлы Тұрабаевты әңгімеге тартқан едік.

– Байырғы дұшпан Хото Батор Хонтажы бастаған ойрат-қалмақ елу мың қолмен қазақ елін жаулап алуға аттанғаны жөнінде Салқам Жәңгір өз шолушыларынан мәлімет алады. Орбұлақтағы ойрат пен қазақтың тектілері Қарахан патшаның тұсында «Арамызды шаhар байласын, шаhар байламаса, заhар шайнасын»деп анттасқан көрінеді. Маруан-Аhра би «Орбұлақ тектілердің ат-тізгінін тартып тоқтаған тәтті жері еді. Ойраттар анттан аттады. Орбұлақтың бойында улы жебемен қарсы алыңдар. Бұл жерге қылыш көтеріп келгендер өз қанына өзі тұншығады. Ойраттар елу мың болса да 800 сарбазың жетеді. Қостоқты бастаған қолың, Сүлеймен бастаған сексен мергенің бар, қия тұмсықты біз барғанша төтеп беріңдер» деп Салқам Жәңгірге хабар жібереді.

Жәңгір бастаған қазақ қолы Орбұлақтың қия беткейіндегі 800 қойтасты паналап ор қазып алып, жауын улы жебемен қарсы алады. Сонымен қатар Сасықтекенің түтінін де пайдаланады. Улы жебе адамға жанап кетсе болды, безгек тигендей мәңгілікке сұлап түседі екен. Ал Сасықтеке деген гүл таутекелер күйлеген кезде иіскейтін және сол уақытта гүлдейтін болса керек. Соны суға қайнатып, оған шүберек малып кептіреді де, жағып жіберсе түтіні жан-жануарды уландырып тастайды. Салқам Жәңгір әскерінің бас қолбасшысы Қостоқты батыр 800 сарбазын із суытар жерге тастап, ойраттардың алдынан өзі шығады. Оларды алдаусыратады да «Сасықтеке» түтініне ұрындырады. Қазақ қолының аз екенін білетін жау жапырып тастамақ болып лап бергенде улы түтінге, онан соң улы жебеге ұрынады. Міне, осындай амал-айла арқасында қалмақ қолы ойсырай бастайды.

Аузы-басын тұмшалап, ешкінің майымен майлап алған қазақ жауынгерлеріне улы түтін әсер ете қоймайды. Уланғандары қымыз бен меңдуананы араластырып ішіп, құсады да тазарып аман қалады. Ал аттары уланса тұмсығына құйрық маймен ұрып тазартады. Алғашқыда не болғанын түсінбей қалған ойраттар мәнісін кейіннен біледі. Он мыңдай жасағынан айырылған олар кейін шегініп ақылдаса бастайды. Осы кезде жиырма мың қолымен Жалаңтөс Баhадүрдің қолы тықсыра бастайды, сол кезде қырық мың қолымен Алатау батыр, ішінде азғана қырғыз жасағы бар, сегіз мың қолымен Арқадан Малдас би жетеді. Алатау батырдың сол кездегі жетпіс жетіден асып шау тартып қалған шағы екен. Ақыл-кеңес беріп, бастап келген жасағы соғысқа араласпады.

Осы соғыс ұмытылмас ерлік ретінде тарихқа жазылды. Жалаңтөс Баhадүр, Жиенбет жырау, Қарасай батыр, Қөкі батыр, Жақсығұл батыр, Сүлеймен мерген, Жаманбай батыр, Шілмекенұлы Қостоқты батырлар өшпестей із қалдырды. Салқам Жәңгір ұрыстан соң қалмақтың жас батырымен жекпе-жекке шығып қаза тапты.

D0%B5Қазақ хандары мен билері осындай киелі, адам жанына араша түсетін Етборсық емшілерді, Сүлік ұсталарды, Жер-көсе билерді, ауа райын болжайтын жұлдызгер алымдарды, есепші кісілерді қадірлеп және жұрттан құпиялап ұстаған. Қазақ даласындағы соғыс жағдайында, ел басына күн туғанда осындай шөппен улау және ұйықтатып бас айналдыру, «ұйқымалым сірне» әдісімен түтіндету амалдары тектілер пәрменімен, билер шешімімен қатаң бақылауда болып, хан жарлығымен істелінген. Қазақ жасақтары Жоңғар шапқыншылығында азғана қолмен бірнеше рет осындай әдістермен жауын күйрете жеңіп отырған.

«Орбұлақ шайқасында» сегіз жүз қазақ сарбазынан Хото Батор Хонтажының елу мың қолының он мыңының қырылуы Батыс және орыс тарихшылары арасында таңғаларлық оқиға болып, олар үшін де, басқалар үшін де жұмбақ күйінде қалуда.

Ал осы «Орбұлақ шайқасын» Әлиасқар Байғұтұлының баласы Ақпантайға айтып, баяндап, қағазға түсіртуі, қазақ халқы үшін де, тарих үшін де өте үлкен маңызды, мақтанарлық оқиға.

%D1%84%D0%B5%D1%80%D0%B0%D1%82.html


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!