Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Ер, 65 жаста, лимфоаденопатия. Қан анализінде - лейкоцитоз абсолютті лимфоцитозбен, Боткина – Гумпрехта денешіктері. 11 часть



Ингаляциялық глюкокортикостероидтардың болуы мүмкін жанама әсерлерін көрсетіңіз?

A) остеопороз

B) Артериалды гипертензия

C) Иценко Кушинга синдромы

D) ауыз қуысының кандидозы

E) қантты диабет

 

42. Пациент К, 64 ж, диспансерлік есепте өкпенің созылмалы обструктивті ауруы диагнозымен есепте тұр. Ауа өткізгіш жолдарының обструкциясының дәрежесін қандай көрсеткіш көрсетеді?

A)термиялық реакцияның айқындылығы

B) бронхоскопия мәліметтері

C) спирометрия мәліметтері

D) ЭКГ мәліметтері

E) қанның жедел фазалық көрсеткіштері

 

43. Созылмалы обструктивті өкпе ауруы (СОӨА) кезінде ауа алмасудың жылдамдығын төмендеуіндегі қайтымсыз компонентін көрсетіңіз?

A) бронхтардың шырышты қабатының қабынуы мен ісінуі

B)қуысында тұтқыр қою секреттің жиналуы

C) бронхтардың тегіс салалы бұлшықеттердің жиырылуы

D) өкпе тінінің эластикасының төмендеуі

E) бронхтардың фиброздануы мен ремоделденуі.

 

44. Жас адамдарда созылмалы обструктивті өкпе ауруының (СОӨА)жиі себебі болып табылады:

А) қайталамалы вирусты – бактериальды инфекция

В) өндіріс газдары мен аэрозольдердің әсері

С) темекі тарту

D) үлкен физикалық жүктеме

Е) альфа-1-антитрипсиннің тапшылығы

 

45. Науқас Қ., 28 жаста. Шағымдары: тұншығу ұстамалары, құрғақ жөтел, жүрек соғуы. ТЖ= 28 рет/мин. Кеуде торының рентгенографиясында- өкпе алаңы эмфизематозды. Қан талдауында- эозинофилия. Спирографияда- ФТШК1= 43%. Сіздің болжама диагнозыңыз?

А) Бронхтық демікпе, ТЖ ІІ дәрежелі

Б) Созылмалы обструктивті өкпе ауруы (СОӨА)

В) Бронхоэктаздық ауру

Г) Пневмония

Д) Экссудативті плеврит

 

46. Пациент Н., 45 жаста, шағымдары: физикалық жүктемеде ентігу,тұншығу ұстамалары, олар бронходилататорлармен басылады. 18 жасынан темекі тартады. Әкесінде созылмалы обструктивті өкпе ауруы (СОӨА), туған апайында 20 жылдан бері бронх демікпесі, атасы өкпенің қатерлі ісігінен қайтыс болған. Диагноз верификациясы үшін фибробронхоскопия жүргізілді: бронхтар саңылауында нейтрофильдер, макрофагтар саны артқан, биопсияда - бронхтар қабырғасында және паренхимада CD8 лимфоциттер артқан . МҮМКІН диагноз:



A) бронх демікпесі

B) СОӨА

C) созылмалы катаральды бронхит

D) бронхоэктаздық ауру

E) өкпенің қатерлі ісігі

 

47. Пациенттің шағымдары тұрақты түрдегі ентігу: тыныстың сипаты – тыныс алуы терең, ал тыныс шығаруы ұзақ жабылған еріндер арқылы. Арық. Тері жабындысы «қызғылт түсті (розовой окраски)» . Өкпедегі қандай физикальды мәліметтер науқасты тексергенде анықтауға болады?

А) өкпенің төменгі жиегінің қозғалғыштығының жоғарылауы

В) жүрек шекараларының солға ығысуы

С) аускультацияда шулы тыныс естіледі

D) везикулярлы тыныстың күрт әлсіреуі

Е) ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар

 

48. 74 жастағы науқас дәрігерге төмендегідей шағымдармен келді: қою, жағымсыз иісті қақырықпен жөтел, екі апта ішінде салмағын жоғалту. Анамнезінде: он жылдан бері эпилептикалық ұстамамен ауырады. Сонғы ұстама екі апта бұрын болды. Рентгенограммада жоғары сегментте, сұйықтықпен толған қуыс. Диагноз қойыңыз?

А) өкпе туберкулезі

В)пневмония

С) өкпе абсцессі



D) өкпе фиброзы

Е) бронхоэктаздық ауру

 

49. Дәрігерге 32 жасар науқас жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, терлегіштікке, кеудесінің оң жағындағы демалғанда күшейетін ауру сезіміне, дене қызуының 38-ге көтерілгеніне шағымданып келді. Анамнезінен 2 аптадан бері өзін ауру санайды. Қарап тексергенде: кеуденің оң жақ бөлігі тыныс алу актісінен қалып отырады, дауыс дірілі әлсіреген. Перкуссияда оң жақ жауырын асты аймағында перкуторлы дыбыс тұйықталған және тыныс жоқ. Тыныс алу жиілігі -26/мин. Жүрек шекаралары солға ығысқан. Пульс-100/мин. Қан талдауында: лейк-13,4х109/л, ЭТЖ-23мм/сағ. Болжама диагнозын анықтаңыз:

А) өкпенің инфильтративті туберкулезі

В) пневмония

С) экссудативті плеврит

D) ателектаз

Е) спонтанды пневмоторакс

 

50. Ер адам 48 жаста, телімдік дәрігерге келесі шағымдармен қаралды: ентігу, қақырықпен жөқтел, кеуде тұсында ауыру сезімі. Объективті: дене температурасы 39,80С, тыныс алу жиілігі 34 рет минутына.Өкпенің оң жағында IV қабырға аралықтан төмен дыбыстың тұйықталуы байқалады, аускультативті ұсақ көпіршікті сырылдар. Рентгенограммада: оң жақта S6, S9 сегменттерде диаметрі 3 см болатын сұйықтығы бар дөңгелек формалы екі қуыс бар. Қанның жалпы анализі: лейкоциттер 18х109/л, ЭТЖ 38 мм/сағ.

Болжама диагнозы :

А)ауырлығы ауыр дәрежелі нозокомиальды пневмония

В) ауруханадан тыс пневмония абсцестелумен

С) бронхоэктаздық ауру

D)өкпе гангренасы

Е) өкпенің қатерлі ісігі

 

51. 32 жасар әйел «ауыз толтырып» шығатын, қақырық көлемі кейде 130 мл тәулікке дейін болатын жөтелге шағымданады. Сонымен қатар әлсіздік, тез шаршағыштық, субфебрильді дене қызуы байқалады. Науқас 10 жыл бойы шылым шегеді. Көп мөлшердегі қақырық бөлінетін, жиі өршулері болатын бронхитпен бала кезінен ауырған. Соңғы жылда үш рет өкпенің бір сегментінде орналасқан пневмонияны басынан өткізген. Мүмкін болатын диагноз?

А) ауруханадан тыс пневмония

В) бронхоэктаздық ауру

С) туберкулез

D) брохтың аденокарциномасы

Е) өкпенің қатерлі ісігі

 

52. Учаскелік дәрігер М деген науқасты үйінде қарады, 36 жаста, жұмысшы. Шағымдары: жағымсыз шіріген иісті, қақырықты жөтел (тәулігіне 250-300 мл . ). Науқас оң бүйірге қарап жатқанда жөтелі күшейеді. Қарап тексергенде дұрыс симптомдары: «барабан таяқшалары» және «сағат әйнектері» тәрізді.

Өкпесіндегі патологиялық процесстің сипаты мен таралуы қандай болуы мүмкін?

A) амбулаторлы жағдайда емдеу

B) күндізгі стационарда емдеу

C) үй стационарда(үйде құрастырған стационарда) емдеу

D) терапия бөлімшесіне госпитальдау

E) реанимацияға госпитальдау

 

53. Ер адам 78 ж, шағымдары тұрақты сипаттағы ентігу, жөтел, жүре және сөйлей алмайды. Жөтел «жас кезінен» мазалайды, біртіндап ентігу өршіді. 20 жасынан бастап темекі тартады, күніне 1 пачка тартады.Қарап тексергенде –сұр түсті диффузды цианоз,тыныс шығару фазасының ұзаруымен. ТЖ – 30 минутына. Саусақтары «барабан таяқшалары», тырнақтары «сағат әйнектері» тәрізді. Төменгі бөліктерде везикулярлы тыныс әлсіреген, құрғақ сырылдар. Болжама диагноз?

А) созылмалы обструктивті өкпе ауруы

В) бронх демікпесі

С) экзогенді аллергиялық альвеолит

D) өкпенің кистозды гипоплазиясы

Е) бронхоэктаздық ауру

 

54. Қайсы нозологияға урограммадағы келесі өзгерістер тән: ассиметриялық зақымдану, тостағаншалардың, шумақшаныңжәне зәрағардың жоғарғы үштен бір бөлігінің кеңеюі:

A) жедел гломерулонефрит

B) созылмалы гломерулонефрит

C) созылмалы пиелонефрит

D) зәртас ауруы

E) бүйрек амилоидозы

 

55. Созылмалы пиелонефриттің рецидивке қарсы негізгі емініне жатады:

A) диуретиктер

B) антиагреганттар

C) СЕҚҚП

D) антибактериальді препараттар, әр айда ауыстыру арқылы

E) гипотензивті препараттар

 

56. Науқас А. 35 жаста шаршағыштыққа, бел аймағындағы тұйық ауру сезіміне, жиі ауру сезіммен зәрдің бөлінуіне, зәрдің лайлы болуына шағымданады. Ауырғанына бір жылдай болды, алғаш рет ауру сезімі оң жақ бел аймағында пайда болды.Амбулаторлы емделді, фурагин, спазмолитиктер қабылдады. Зәр анализінде: лейкоцитурия, бактериурия анықталды.

Дұрыс диагнозды таңдаңыз:

A) Жедел пиелонефрит

B) Созылмалы пиелонефрит өршуі

C) Созылмалы гломерулонефрит өршуі

D) Жедел гломерулонефрит

E) Созылмалы тубулоинтерстициальды нефрит

 

57. Науқас С., 39 жаста, жиі кіші дәретке отыруға, бел аймағындағы сыздап ауру сезіміне, зәрінің лайлануына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде 5 жыл бұрын босанған кейін бел аймағында ауру сезімі, қызба, дизурия мазалаған. Об-ті: арық. Дене қызуы субфебрильді - 37 гр. Жүрек тондары тұйықталған. АҚ 130/80 мм с.б.б., пульсі -78 мин. Ұрғылау симптомы оң екі жақтада. ЖҚА: НВ-112 г/л, лейк-7,8 мың, ЭТЖ-25 мм/с. Нечипоренко бойынша зәр анализінде: лейк-20 000, эр-ты- 1000.

Диагнозды дәлелдеу үшін қай зерттеуді таңдайсыз:

А) бүйректің пункционды биопсиясы

B) Зимницкий сынамасы

C) зәрді бактериологиялық зерттеу

D) жалпы зәр анализі

E) Аддис-Каковский сынамасы

 

58. Науқас К. 29 жаста ентігуге, бас ауруға, аяқтарының ісінуіне шағымданып түсті. 4 жылдан көп ауырады. Аурудың өршуі ангинадан кейін басталды. Об-ті: беті ісіңкі, бозарыңқы. Қабақтары ісіңкі. ЖҚА: Нв-110 г/л, лейкоциттер- 7,4 мың х109/л,ЭТЖ -35 мм/с. ЖЗА: уд.салм 1018, белок-4,5 г/л, лейкоциттер -8-10 к/а, дәнді цилиндрлер 2-3 к/а.

Берілген ауруды емдеу үшін қажетті препараттарды таңдаңыз.

А) глюкокортикостероидтар

В) фитотерапия

С) уросептиктер

D) антибиотиктер

Е) нитрофурандар

 

59. Бүйрек жеткіліксіздігінің нақты көрсеткіші болып табылады, қанда жоғарлайды:

A) индикан

B) мочевина

C) креатинин

D) холестерин

E) қант

 

60. Науқас 45 жаста, бас ауруына, бас айналуға, әлсіздікке, бел аймағындағы сыздап ауру сезіміне, жиі кіші дәрет сындыруына шағымданады. 7 жыл бойы АҚ жоғарылауы байқалады. Об-ті: тері жабындысы бозарған, өкпеде везикулярлы дыбыс, сырыл жоқ. Жүрек тондары өзгеріссіз. ЖСЖ -72 рет мин. АҚ-165/105 мм с.б.б.. Ұрғылау симптомы оң жақта оң.ЖҚА: эр-4,0млн, лейк-9,5 мың, ЭТЖ -25 мм/с. ЖЗА: лейкоциттер-50-60 к/а, эр.-2-3 к/а. Қандай емдеу әдісін бұл жағдайда тағайындау керек?

A) бета-адреноблокаторлар спазмолитиктер

B) кальцийантагонисттері спазмолитиктер

C) антибиотиктер спазмолитиктер

D) хинолин тобының препараттары нейролептиктер

E) антибиотиктер бета-адреноблокаторлар

 

61. Гастроэзофагеальді рефлюксті ауруының (ГЭРА) бірінші қатардағы препарат болып табылады

А)гепатопротекторлар

В) пробиотиктер

С) холеретиктер

D) прокинетиктер

Е) антибиотиктер

 

62. Helicobacter pylori жиі орналасатын жері:

А) асқазанның антральды бөлігі

В) Асқазанның үлкен иілімі

С) Асқазанның кардиальды бөлігі

D) Асқазанның пилорикалық бөлігі

Е) Асқазанның фундальды бөлігі

 

63. 38 жастағы П, ер адам тамақтан соң және физикалық жүктемеден соң төс артында күйдіру сезімі, кекіру, қышқыл, тітіркендіргіш. 1 жылдан бері ауырады. 3 айдан бері темекі тартпайды. Жалпы қан анализі және биохимиялық анализдер қалыпты жағдайда. «Күйдіру» кезіндегі ЭКГ қалыпты жағдайда. ЭФГДС: өңештің төменгі үштен бірінде катаральды өзгерістер, бірлі-жарым эрозиялар 10%ке дейін. Ем үшін таңдаулы препарат болып табылады:

А) урсофальк

В) мотилиум

С) панзинорм

D) нифедипин

Е) папаверин

 

64. Ж. 25 жастағы Ж есімді қыз бала тамақтан 1,5 сағаттан кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне, аш қарынға қышқылмен кекіру және ішінің қатуына шағымданады. Жоғардағы шағымдар науқасты 6-7 айдан бері мазалайды. Объективті қарағанда: тілі ылғалды, тіл түбірі ақ жабындымен қапталған. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауру сезімімен. ЖҚА, б/х қан анализі қалыпты. месяцев. ФЭГДСте: асқазанның антральды бөлігінің шырышты қабатының гиперемиясы. Құрсақ қуысының УДЗсі патологиясыз. Қандай болжама диагноз болуы МҮМКІН?:

А) созылмалы В типті гастрит

В) созылмалы дуоденит

С) созылмалы панкреатит

D) асқазанның ойық жарасы

Е) созылмалы холецистит

 

65. 25 жастағы әйел адам, шағымдары тамақтан соң, эпигастрииде ауыру сезімі, кекіру,көп уақыттан бері іш қатулар.Амбулаторлы созылмалы гастрит бойынша емделген. Об-ті: тілі ылғал, ұшында ақ тұтықпен жабылған. Іші жұмсақ, эпигастрииде ауырсынады. ЖҚА, қанның б/х – қалыпты жағдайда. Құрсақ қуысының УДЗ – патологиясыз. Созылмалы гастритті дәлелдеу үшін және хеликобактерлі инфекцияны анықтау үшін не жүргізу керек:

А) 24-сағаттық асқазан ішілік рН-метрия

В) ФЭГДС биопсиямен

С) асқазанның контрастты рентгенографиясы

D) жасырын қанға нәжісті тексеру

Е) дуоденальды зондтау

 

66. 32 жастағы Ч ер адамның шағымдары «аш қарынға» және түнгі мезгілде эпигастрииде ауыру сезімдері, тамақ қабылдағанда басылады, кекіру қышқылмен, іш қатулар. Бұл шағымдар 1,5-2 жылдан бері мазалайды, өздігінен «Рени» қабылдаған, эффектті болған. Об-ті: тілі таза, ылғал.Іші жұмсақ, эпигасриидің оң жағында жергілікті ауырыну байқалады. Жалпы қан және зәр анализдері, бауырлық сынамалар, копрограмма –өзгеріссіз. ФЭГДС: асқазанның антральды бөлігінің шырышты қабатының гиперемиясы. Биопсиялық материалға цитологиялық тексеру және хеликобактерлік инфекцияға эксперсс-уреазалық тест .

Негізгі терапия қандай:

А) эрадикациондық терапия

В) гастропротективтік терапия

С) дезинтоксикационды терапия

D) вирусқа қарсы терапия

Е) спазмолитикалық терапия

67. Тітіркенген ішек синдромы бар науқастарды зерттеу әдістерінің ішіндегі ең ақпараттысы қайсысы

?

А) іш қуысы ағзаларының және кіші жамбас астауының УДЗ

B) холецистография

C) ирригоскопия

D) фиброгастродуоденоскопия

E) дуоденальді зондтау

 

68.Созылмалы панкреатиттің орташа дәрежесімен диспансерлік бақылаудағы науқастарды жылына қарау жиілігі:

А) 1 рет

В) 2 рет

С) 3 рет

D) 4 рет

Е) 5 рет

 

69. Ер кісі 39 жаста, жиі майлы, мөлшері көп үлкен дәретке, ішінің кебуіне, дене салмағының азаюына шағымданып келді. Анамнезінен: 10 жылдан бері алкогольді ішімдіктермен әуестенеді. Қарап тексергенде: дене салмағы төмендеген. Денсінің терісінде «рубинді тамшылар», іші кепкен. ЖҚА, зәр диастазасы қалыпта. Копрограммада- тағамдар кесегі, бұлшықет талшықтары. Қандай болжам диагноз болуы МҮМКІН:

А) созылмалы холецистит;

В) созылмалы колит;

С) созылмалы дуоденит

D) созылмалы панкреатит

Е) созылмалы рефлюкс гастрит

 

70.Емханаға 33 жастағы әйел келесі шағымдармен қаралды: жиі майлы тағамнан соң оң қабырға астында ауырсынулар, лоқсу, аузында ащы дәм. 5 жыл бойы ауырады. Қарап тексергенде – тілінің ұшы сарғыш тұтықпен жабылған, өт қапшығы проекциясында іші ауырсынады.Диагнозды дәлелдеу үшін қандай инструментальды зерттеулер тағайындау керек?

А) асқазан рентгеноскопиясы;

В) экскреторлы урография;

С) бауырдың және өт қабының ультрадыбыстық зерттелуі;

D) фиброгастродуоденоскопия

E) бауыр сцинтиграфиясы

 

71. Науқас Н. 46 жаста, эпигастрий аймағының айналмалы ұстама тәрізді ауру сезімі ем-дәмде өзгерістер болуымен байланысты. Бір жыл шамасында ауырған. Об-ті: іші жұмсақ, (подложечный) аймағы және сол жақ қабырға асты аймағы орташа ауру сезімді. Зәрде диастаза құрамы-260 ед. Вельгемут бойынша, дуоденум ішіндегі заттардың құрамында панкреатикалық фермент күрт төмендеген. Қан және зәр анализі қалыпты. Қандай болжама диагноз болуы мүмкін?

A) созылмалы холециститтің өршуі,

B) созылмалы дуодениттің өршуі,

C) созылмалы панкреатит, өршу фазасы

D) В типті созылмалы гастрит, өршу фазасы,

E) асқазанның ойық жара ауруы.

 

72.Созылмалы гастриттің жеңіл түріндегі өршуі кезінде уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі:

А) 3-4 күн

В) 6-7 күн

С) 16-18 күн

D) 4-5 апта

E) 2 ай

 

73.Асқазан ойық жарасының жиі орналасатын жері:

А) асқазан түбі

В) кіші иілім

С) асқазан денесі

D) үлкен иілім

E) пилорус

 

74. Созылмалы гепатитте цитолиздік синдромның лабораторлы белгілерін көрсетіңіз:

A) жалпы белоктың артуы

B) мочевинаның артуы

C) трансаминазалардың артуы

D) амилазаның артуы

E) миоглобиннің артуы

 

75. Созылмалы сирусты С гепатитінің диагностикалық тестін көрсетіңіз:

А) НВsАg

В) НВеАg

С) НВе-IgM

D) НВV-ДНК

Е) НСV-РНК

 

76. Созылмалы гепатиттің жоғары (айқын) дәрежесі деп есептеледі:

А) АЛТ, АСТның 1,5 – 2 есе артуы

В) АЛТ, АСТ ның 10 еседен көп артуы

С) АЛТ, АСТның 5 - 10 есе артуы

D) АЛТ, АСТ ның 2 – 5 есе артуы

Е) АЛТ, АСТның 3 есе артуы

 

77. 35 л М әйел адам., келесі шағымдармен қаралды: оң қабырға астындағы ауыру сезімі, лоқсу, әлсіздік. Анамнезінен: соңғы 5 лжыл ішінде стоматологта бірнеше рет емделген, екі тісіне экстракция жүргізілген. Об-ті: тері жабындылары мен склерелары сарғайған. Іші кепкен. Бауыр қабырға астынан 3 см шығып тұр, ауыру сезімді. Қанда: лейкоциттер - 4,2 х10 12 /л , ЭТЖ-10 мм/сағ, билирубин-69,78 мкмоль/л. Қандай болжама диагноз болуы МҮМКІН?:

А) вирусты гепатит

В) өт тас ауруы

С) созылмалы панкреатит

D) созылмалы холангит

Е) созылмалы холецистит

 

78. 46 жастағы әйел адам, келесі шағымдармен қаралды: әлсіздік, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, арықтау, іші кепкен, буындарында ауыру сезімі. Анамнезінде жол апатынан соң қан құйған. Об-ті: склералары субиктериялық. Буындары – өзгеріссіз. Бауыр қабырға доғасынан 2 смге шығып тұр, ауыру сезімді, қыры дөңгеленген.

Қандай болжама диагноз болуы МҮМКІН?:

А) бауыр циррозы

В) ревматоидты артрит

С) созылмалы панкреатит

D) вирусты гепатит

Е) аутоиммунды гепатит

 

79. 55 жастағы Б ер адам, шағымдары оң қабырға астында ауыру сезімі, тері қышуы, терісінің құрғақтығы, әлсіздік. Анамнезінде: көп жылдар бойы алкоголь қабылдайды. Об-ті: беті ісінген, тері жабындысы мен склералары сарғыштанған, қасыған іздері, Дюпюитрен контрактурасы, дене салмағының индексі төмендеген. Бауыр қабырға доғасынан 4 см, шығып тұр, тығыз. Қан анализінде: лейкоцитоз, анемия, ГГТП белсенділігі жоғары. ФЭГДС: өңештің көк тамырлдары варикозды кеңейген. Қандай болжама диагноз болуы МҮМКІН?:

А) созылмалы алкогольды гепатит

В) біріншілік билиарлы бауыр циррозы

С) екіншілік билиарлы бауыр циррозы

D) алкогольды бауыр циррозы

Е) созылмалы вирусты гепатит

 

80. 56 жастағы С ер адам, шағымдары әлсіздік, тез шаршағыштық, оң қабырға астында ауыру сезімі, қызыл иектен қан кетулер, себепсіз көгерулер пайда болады. Анамнезінде: бауыр циррозы бойынша есепте тұр. Об-ті: склералары субиктериялық. Телеангиоэктазиялар, пальмарлы эритема. Денсеінде аяқ, қолдарында бірлі жарым «көгерулер». Іші асцит есебінен ұлғайған. Бауыр қабырға доғасынан 5 см шығып тұр,тығыз. Спленомегалия. ЖҚА: Нв-70 г/л, тромб-50 мың., лейкоциттер – 2,1 мың. Науқаста қандай асқыну дамыды:

А) гиперспленизм синдромы

B) бауырлық энцефалопатия

C) өңеш көк тамырларынан қан кету

D) асқазандық диспепсия

E) гепаторенальды синдром

 

81. Анемияның қай типіне төмендегі клиникалық белгілер тән: тәбеттің бұрмалануы, койлонихиялар, шаштардың түсуі, терінің құрғақтығы және қабыршақтануы?

A) темір тапшылықты

B) В12-тапшылықты

C) гемолитикалық

D) гипопластикалық

E) сидероахрестикалық

 

82.22 жасар студентка, дәрігерге келесі шағымдармен қаралды: ентігу, жүрек қағулары, құлағында шу, тәбетінің бұрмалануы (бор, ұн жегісі келеді), тәбетінің төмендеуі, әлсіздік. 2 жылдан бері ауырады, соңғы 1,5 жылда -гиперполименоррея. Об-ті: науқас дене бітімі арық, тері жабындысы және шырышты қабаттары бозғылт, тырнақтары деформацияланған, иілген. Өкпе және жүрегі – өзгерісі жоқ, бауыр және көкбауыр ұлғаймаған. Қан анализі: эр-2,9 х10 12 /л , Нв-72 г/л, ТК-0,7, лейк- 4.0 х10 9 /л , ЭТЖ-26мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз.

Диагнозды дәлелдеу үшін сай тексеруді таңдаңыз:

A) қан протеинограммасы

B) қан сарысуындағы темірді анықтау

C)Кумбс сынамасы

D) цитохимиялық реакциялар

E) Хем сынамасы

 

83.28 жасар ер адам эпигастральды аймақта ауырсыну бойынша дәрігерге қаралды. Анамнезінде –асқазанның ойық жара ауруы. Об-ті: выраженная тері жабындыларының бозаруы. Қан анализінде: эр-тер – 3,5 х 10 12 /л Нв-85 г/л, ТК – 0,7, тр-тер – 180,0 х10 9 /л. Билирубин -12 мкмоль/л, сарысулық темір – 4.5 мкмоль/л. Грегерсен реакциясы оң.

Қандай болжама диагноз болуы МҮМКІН?:

A) гемолитикалық анемия

B) жедел постгеморрагиялық анемия

C) созылмалы постгеморрагиялық анемия

D) апластикалық анемия

E) В12-тапшылықты анемия

 

84.Қандай гематологиялық белгі В12-тапшылықты анемияны көрсетеді:

A) қан түзілудің мегалобласттық түрі

B) сүйек кемігінде эритрокариоциттердің азаюы

C) түстік көрсеткіштің төмендеуі

D)түстік көрсеткіштің қалыпты

E) миелокариоциттердің санының азаюы

85. Ер, 53 жаста, есептік терапевтке қаралды, шағымы сол жақ қабырға астындағы ауру сезімі. Зерттегенде - айқын спленомегалия. Анализ қанның: эр- 4,1 х10 12 /л, Нв-120 г/л, лейк.- 130х10 9 /л, промиелоциттер – 3%, миелоциттер – 5%, жас жасушалар – 9%. т/я-17%, с/я-48%, эоз.7%, баз.-3%, лимф.-8%, тр-р 350х10*9 /л,, ЭТЖ-28мм/с.Қандай болжама диагноз болуы МҮМКІН?:

A) жедел лейкоз

B) созылмалы миелолейкоз

C) созылмалы лимфолейкоз

D) остеомиелосклероз

E) эритремия

 

Ер, 65 жаста, лимфоаденопатия. Қан анализінде - лейкоцитоз абсолютті лимфоцитозбен, Боткина – Гумпрехта денешіктері.

Қандай болжама диагноз болуы МҮМКІН?

A) жедел лейкоз

B) лимфогранулематоз

C) лимфосаркома

D) созылмалы лимфолейкоз

E) созылмалы миелолейкоз

87. Миелодиспластикалық синдромның радикалды емі:


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!