Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Ер, 65 жаста, лимфоаденопатия. Қан анализінде - лейкоцитоз абсолютті лимфоцитозбен, Боткина – Гумпрехта денешіктері. 9 часть



Г. ХІІ жұп ядросы мен пирамидалық жол зақымдануы

Д. IXжұп ядросы мен пирамидалық жол зақымдануы

 

32. Джексон алмасушылық синдромында қандай белгі болуы мүмкін?

А. Vжұп ядросы мен пирамидалық жол

Б. VІ жұп ядросы мен пирамидалық жол

В. VІІ жұп ядросы мен пирамидалық жол

Г. ХІІ жұп ядросы мен пирамидалық жол

Д. VІІІ жұп ядросы мен пирамидалық жол

 

32. Вебер алмасушылық синдромында қандай белгі болуы мүмкін?

А. Vжұп ядросы мен пирамидалық жол

Б. VІ жұп ядросы мен пирамидалық жол

В. VІІ жұп ядросы мен пирамидалық жол

Г. ІІІ жұп ядросы мен пирамидалық жол

Д. ІХ жұп ядросы мен пирамидалық жол

 

34. 30 жастағы сырқатта жоғары Т*40 градусқа дейін, птоз, мидриаз,көз қимылының шектелуі анықталды. Сырқатта қандай синдром дамыды?

А. менингиальдық

Б. акинеттік - ригидтік

В. мишықтық атаксия

Г. офтальмоплегия

Д. гиперкинетикалық-гипотоникалық

 

35. 34 жастағы сырқат көзінен жас ағуына шағымданды. Онда лагофтальм, желкен, леп белгiсi симптомдары анықталады. Сырқатта қандай нерв зақымдануы мүмкін?

А. вестибулярлық

Б. кезбе

В. бет

Г. қосымша

Д. үшкіл

36. Жалған бульбарлық синдромға қандай симптомдар жатады?

А. зорлана күлу

Б. тіл гипотрофиясы

В. тіл гипотониясы

Г. фибрилляциясы

Д. афазия

 

37. 60 жастағы сырқатта мынадай симптомдар пайда болды: жұтынудың қиындауы, гипофония, назолалия, дизартрия. Қандай синдром дамыды?

А. акинетикалық - ригиттік

Б. жалған бульбарлық

В. гиперкинетикалық - гипотониялық

Г. бульбарлық

Д. офтальмоплегия

 

38. Симпатико-адреналдық кризде қандай сезімдер пайда болады?

А. қорқыныш сезімі

Б. көру елестері

В. құлақ шуылы

Г. көз қарауытуы

Д. бас ауруы

 

39. Вегетативтік нерв жүйесінің сегмент үсті құрылымдары:

А. қызыл ядро

Б. қауыз бен құйрықты ядро

В. торлы формациясы

Г. бозғыл шар

Д. қара зат



 

40. Сырқатта қалшылдап-дірілдеу, бас ауруы, тынышсыздық, жиі-жиі кіші дәретке отырғысы келуімен қатар жүрегі аса жиі соғатындығынан мазасы кететіндігі байқалады. Ол есінен танбайды. Бұл қандай синдром?

А. истериялық талма

Б. тырыспалы талма

В. ваго-инсулярлық криз

Г. таламикалық синдромы

Д. симпатико-адреналдық криз

 

41. Сырқаттың қол ұшында үнемі ауырсыну мен жансыздану байқалады. Тексеріс кезінде:қол ұшында акроцианоз, акрогипергидроз, алақанында гиперкератоз, тырнақтары сынғыш,"қолғап"тәрізді гипестезия. Болжамалы диагнозын анықтаңыз:

А. ганглионит

Б. бас сақинасы

В. вегетативтік полиневрит

Г. Рейно синдромы

Д. Меньер ауруы

 

42. Сырқатта клоникалық тырысу оң аяғының ұшы тартылуынан басталып, оң қолы мен оң жақ бетіне дейін таралады. Талма 1-2 минутқа созылады. Патологиялық ошақ қайда орналасқан?

А. оң жақ алдыңғы орталық ирелеңнің төменгі бөлігі

Б. сол жақ артқы орталық ирелеңнің төменгі бөлігі

В. сол жақ алдыңғы орталық ирелеңнің жоғарғы бөлігі

Г. жоғарғы маңдай ирелеңі

Д. мидың маңдай бөлімі

 

43. Сол жақтағы артқы орталық ирелең зақымданғанда байқалауы мүмкін?

А. оң жағында гемигипестезия

Б. сол жағында гемигипестезия

В. оң жағында гемипарез



Г. сол жағында гемипарез

Д. гемиатаксия

 

44. Оң жақтағы алдынғы орталық ирелеңнің жоғарғы бөлігі зақымданғанда байқалауы мүмкін?

А. сол аяғында анестезия

Б. сол қолында анестезия

В. сол бетінде анестезия

Г. сол жағында гемипарез

Д. оң жағында гемипарез

 

45. Алдынғы орталық ирелең зақымданғанда байқалауы мүмкін?

А. гемигипестезия

Б. сіреспелі гемипарез

В. орталық тетрапарез

Г. шеткі монопарез

Д. шеткі парапарез

 

46. Мидың қандай бөлігі зақымданғанда акалькулия байқалады?

А. шүйде

Б. маңдай

В. төбе

Г. ішкі капсула

Д. самай

 

47. Мидың төбе бөлігі зақымданғанда болатын симптомдар?

А. гемипарез

Б. моторлық афазия

В. сенсорлық афазия

Г. алексия

Д. гемианопсия

48. Мидың шүйде бөлігі зақымданғанда болатын симптомдар?

А. квадранттық гемианопсия

Б. битемпоральдық гемианопсия

В. биназальдық гемианопсия

Г. есту агнозиясы

Д. астереогнозия

 

49. Мидың самай бөлігі тітіркенгенде қандай симптом кездеседі?

А. есту елесі

Б. макропсия

В. гемианопсия

Г. көру елесі

Д. аносмия

 

50. Сырқатты тексерген кезде анықталған симптомдар: астазия-абазия, есерлік, эйфория, Осы симптомдар мидың қай құрылымы зақымданғанда пайда болады?

А. шүйде бөлімі

Б. мишық

В. маңдай бөлімі

Г. төбе бөлімі

Д. сопақша ми

 

51. Сырқатта сол қол қлының әлсіздігі пайда болды. Обьективті: сол қолы салбырағын, қол ұшын жаза алмайды, күші 3,5-4,0 баллға дейін төмендеген, карпо - радиалдық және шынтақ жазылу рефлексі төмендеген. Топикалық диагнозын анықтаңыз:

А. оң жақ шынтақ нерві зақымданған

Б. сол жақ кәрі жілік нерві зақымданған

В. сол жақ кәрі жілік нерві зақымданған

Г. сол жақ шынтақ нерві зақымданған

Д. ортаңғы нерв зақымданған

 

52. Науқас белінің сол жағындағы, сол аяқтың артқы аймағына, аяқ басының І бармағына берілетін қатты ауру сезіміне шағымданады. Объективті: жүрісі аяушы, аяқ басына басады, Ласег, Нери симптомдары айқын оң. Бөксе және балтыр бұлшық еттерінің тонусы төмендеген. Сол жақ ахилл рефлексі төмендеген. Ошақ деңгейін анықтаңыз.

А. L 3 – L 4

Б. L 5 –S 1

В. L 4 – L 5

Г. L 1 – L 2

Д. S 3– S 5

 

53. Бел-сегізкөз радикулопатиясына қай симптом тән?

А. анталгиялық қалпы

Б. зәрін ұстамау

В. төменгі сіреспелі парапарез

Г. тізе рефлексінің жоғарылауы

Д. ахилл рефлексінің жоғарылауы

 

54. Иық өрімінің жоғары салы Дюшен – Эрба салданыу қандай деңгейдезақымданғанда дамиды.

А. С 3 – С 4

Б. С 1 – С 2

В. С 5 – С 6

Г. С 7 – С 8

Д. С 8 – Th 1

 

55. Иық өрімінің Дежерин – Клюмпке салдануы қандай деңгейде зақымданғанда дамиды.

А. С 3 – С 4

Б. С 1 – С 2

В. С 5 – С 6

Г. С 7 – С 8

Д. Th 2 – Th 3

 

56. Ортаңғы нерв зақымдануына тән?

А. 5 саусақты бүге алмау

Б. «салбыраған» қол басы

В. «маймыл қол басы»

Г. аяқ басын бүге алмау

Д. 4 саусақты бүге алмау

 

57. Кәрі жілік нервінің зақымдануына тән?

А. «салбыраған» қол басы

Б. «маймыл қол басы»

В. бүгу - шынтақ рефлексінің жоғарылауы

Г. «тырнақ тектес» қол басы

Д. карпорадиальды рефлекстің күшеюі

 

58. Шынтақ нервінің зақымдануына тән?

А. «салбыраған» қол басы

Б. «маймыл қол басы»

В. тенор бұлшық еттерінің атрофиясы

Г. «тырнақты қол басы»

Д. карпорадиальды рефлекстің күшеюі

 

59. Науқас К., 28 жаста, сол жақ білегінің жоғары үштен бір бөлігінің оқ жарақатын алған. Объективті: сол қол басының, 1,2,3 саусақтардың ортаңғы және соңғы фалангтарының бүгілуі шектелген. Үлкен саусақтың қарсы орналасуы бұзылған, тенор атрофиясы, сол алақанның күйдіріп ауруы анықталады.Патологиялық ошақ қайда орналасқан?

А. кәрі жілік нерві зақымдануы

Б. ортаңғы нерві зақымдануы

В. шынтақ нерві зақымдануы

Г. иық өрімінің зақымдануы

Д. шынтақ және ортаңғы жүйкелерінің бірлескен зақымдануы

60. Науқас, 25 жаста, бетінің сол жағындағы ұстама тәрізді ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі кенеттен, күйдіргіш, ұстама ұзақтығы бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін. Ауру сезімі жоғарғы еріннің сол жағынан басталған, шайнау кезінде, жуынғанда, қырынғанда күшейеді. Ауру сезімімен қатар гиперемия, сол жақтық жасаурау анықталады. Клиникалық диагнозын қойыңыз?

А. варолий көпірінің ісігі

Б. үшкіл нерв ІІ тармағының сол жақтық невралгиясы

В. қанат-таңдай түйінінің невралгиясы

Г. бет нервінің нейропатиясы

Д. үшкіл нервтің І тармағының сол жақтық невралгиясы

 

61. 55 жастағы науқас бетінің жарты бөлігіндегі ұстама тәрізді ауру сезіміне шағымданады, қолмен сипағанда, желде, шайнағанда, жұтынғанда күшейетін, кеңсірік аймағында үстінен басқанда ауру сезімі пайда болатын нүкте анықталады. Болжамалы диагнозын анықтаңыз.

А. есту нервінің невриті

Б. тілжұтқыншақ нервінің невралгиясы

В. үшкіл нерв невралгиясы

Г. шонданай нервіневралгиясы

Д. кіші жіліншік нервің нейропатиясы

 

62. Тіл-жұтқыншақ нерві невралгиясына тән?

А. тіл түбіріндегі атпалы ауру ұстамалары

Б. жұтқыншақ рефлексінің жоғарылауы

В. сөйлеу бұзылысы

Г. бетте ұстама аймақтарының анықталуы

Д. тіл ұшында дәм сезудің бұзылуы

 

63. Біріншілік Гийен - Барре полирадикулонейропатиясы кезінде патологиялық үрдіс қайдан басталады?

А. қолдардың проксимальды аймақтарының зақымдануынан

Б. аяқтардың проксимальды аймақтарының зақымдануынан

В. аяқтардың дистальды аймақтарынан

Г. бас миы қыртысының зақымдануынан

Д. ішкі капсула зақымдануынан

 

64. Люмбалды пункцияға абсолютті көрсеткіш болып табылады?

А. жалпы әлсіздік

Б. артқы қаңқа шұңқырының ісігі

В. менингеалдық симптомның оң болуы

Г. дисфагия

Д. ми бағанасының зақымдалуы көріністері

 

65. Мидың өлуінің диагностикасында шешуші рөл атқарады?

А. электроэнцефалография

Б. комьютерлі томография

В. ангиография

Г. реоэнцефалография

Д. магнитті-ядерлі томография

 

66. Ишемиалық инсульттің диагностикасындағы ең ерте әдіс болып табылады?

А. электроэнцефалография

Б. реоэнцефалография

В. магнитті – резонасты томография

Г. электромиография

Д. эхоэнцефалогафия

 

67. Геморрагиялық инсульттің диагностикасындағы ең ерте әдіс болып табылады?

А. электроэнцефалография

Б. реоэнцефалография

В. компьютерлі томография

Г. электромиография

Д. эхо – энцефалогафия

 

68. Ультрадыбыстық допплерография анықтауға мүмкіндік береді?

А. артериялардың окклюзиясы

Б. эпилепсиялық ошақ

В. ишемиялық ошақ

Г. геморрагиялық ошақ

Д. коллатералды қан айналымды бағалау

 

69. ЭЭГ-нің патологиялық ритмі болып табылады?

А. альфа-ритм амплитудасы 100 мкВ дейін

Б. бета - ритм амплитудасы 15 мкВ дейін

В. тета – ритм с амплитудасы 40 мкВ дан жоғары

Г. альфа ритм амплитудасы 12 мкВ дейін

Д. бета - ритм амплитудасы 19 мкВ дейін

 

70. Бас миының қан тамырлық патологиясының диагностикасында қолданылатын әдіс?

А. электроэнцефалография

Б. эхоэнцефалография

В. ультрадыбыстық допплерография

Г. электромиография

Д. нейросонография

 

71. Науқас, 25 жаста басын артқа шалқайтқанда бас айналу мазалайды, жүрген кезде қисаландау байқалады, баста шумның болуын қан қысымының 169/100 мм сын .бағ. Объективті :есі анық бас ми нервтер – өзгеріссіз , рефлекстер бірыңғай, Ромберг кейпінде басын артқа шалқайтқанда қисаландау күшейеді, басы айналады. Ең қолайлы зерттеуді таңдаңыз?

А. электромиография

Б. электростимуляция

В. ультрадыбыстық допплерография

Г. электроэнцефалография

Д. эхоэнцефалография

 

72. Науқас К – на, 40 жас ауруханнаға есін жоғалтумен және тонико – клоникалық тырысулармен әкелді. Ең тиімді зерттеу әдісін таңдаңыз?

А. электромиография

Б. реоэнцефалография

В. ультрадыбыстық допплерография

Г. электроэнцефалография

Д. эхо - энцефалография

 

73. Сырқатта оң көзінде птоз, мидриаз, жарыққа реакциясы жойылған. Болжамалы диагнзын анықтаңыз.

А. туберкулздік менингит

Б. шашыранды склероз

В. жұлын семуі

Г. полинейропатия

Д. масалық энцефалит

 

74. 58 жастағы науқаста, анамнезінде өкпе туберкулезі бар, бас ауыруы, арықтау, әлсіздік, шаршағыштық, әкелуші қитарлық, төмен қарағандағы көз алдындағы екеу болып көрінуі. Болжамалы диагнозын анықтаңыз.

А. ишемиялық инсульт

Б. геморрагиялық инсульт

В. энцефалит

Г. туберкулезды менингит

Д. әкеткіш нервтің нейропатиясы

 

75. С, науқаста қатты бас ауыруы, қайталамалы құсу, гипертермия - 7 күн болған. Науқастың беті гиперемияланған, мұрын үшбұрышы бозғылт, склера тамырларының инъекциясы, ерінде герпетикалық бөртпе, герпетикалық баспа. Менигеальды белгі анықталады. Болжамалы диагнозын анықтаңыз.

А. кене энцефалиті

Б. миелит

В. менингит

Г. полиомиелит

Д. инсульт

 

76. Пневмококкты пневмонияның неврологиялық асқынуы болып жиі табылады?

А. полинейропатия

Б. миелопатия

В. менингит

Г. энцефалопатия

Д. инсульт

 

77. Науқас 58жаста, анамнезінде өкпе туберкулезі,басының ауруы, лимфа түйіндерінің ұлкеюі анықталды. Болжамалы диагноз қойыңыз?

А. ишемиялық инсульт

Б. мидің абсцессі

В. кене энцефалит

Г. туберкулезді менингит

Д. менингококкты менингит

 

78. Науқас К., бронхоэктатикалық аурумен ауыратын, бірден жағдайы нашарлаған:жалпы милық симптомдары күшейген, менингеальді белгілері анық. Ликворда анық нейтрофильді плеоцитоз, қанда лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған. Болжамалы диагнозын анықтаңыз:

А. екіншілік іріңіді менингит

Б. торлы қабатына қан құйылды

В. туберкулезді менингит

Г. вирусты менингит

Д. лимфоцитарлы хориоменингит

 

79. Уотерхаус-Фридериксен синдромының ауыр жағдайыда тән?

А. Стафилококкты менингита

Б. Пневмококкты менингита

В. Коксаки вирусымен шақырылған менингит

Г. Менингококкты менингит

Д. Лимфоцитарлы хориоменингит

 

80. Сырқат гипертермиямен, қалтыраумен, ерінідегі герпестік бөртулермен, бас ауыруымен, құсумен, Керниг, Брудзинскийдiң оң симптомдарымен түстi. Ликворда 10 мыңға дейiн нейтрофильді плеоцитоз, белок жоғарылатылған, қант пен хлоридтердің мөлшері төмендеген. Жүргізілген емге қарамастан ауру өлімге ұшырады. Өлімге себеп болған жағдайды анықтаңыз:

А. Эпидемиялық цереброжұлындық менингит

Б. екіншілік іріңдік менингит

В. сифилистік менингит

Г. Пневмококктық менингит

Д. Туберкулездік менингит

 

81. Ауру С. жалпы әлсiздiк, бас айналу, қалғу, диплопия, сiлекей ағу, профузиялық гипергидроз, соңынан екі күндей ұйқышылдық дамыды. Болжамалы диагнозын анықтаңыз:

А. Экономо энцефалит

Б. кене энцефалитi

В. геморргиялық инсульт

Г. маса энцефалит

Д. Герпестік энцефалиті

 

82. 28 жастағы К, ауруында бетінің майлылығы, амимия, брадикинезия, брадилалия, брадипсихия, «тасбиық» санау дірілі, пропульсия, бұлшық еттердiң пластикалық гипертонусы анықталды. 3 жыл бұрын гриппке ұқсас ауруды бастан кешiрдi. Болжамалы диагнозын анықтаңыз:

А. паркинсон ауруы

Б. вирус энцефалиті

В. Экономо энцефалиті

Г. масалық энцефалит

Д. кене энцефалиті

 

83. Ауру. С, күштi бас ауыруы, құсу пайда болды. Мойын, иық белдеуi бұлшық еттерi және қолдардың проксимал бөлiмдерiнiң салдануы, менингиалдық синдром анықталды. Бiрнеше апта бұрын тауда дем алған. Болжамалы диагнозын анықтаңыз:

А. көктемдегi-жазғы кене энцефалит

Б. эпидемиялық энцефалит

В. маса энцефалит

Г. полиомиелит

Д. герпестік энцефалит

Е.

84. 48 жастағы сырқатта кенеттен мынадай симптомдар пайда болды: жұтынудың қиындауы, гипофония, назолалия, дизартрия. Болжамалы диагноз туралы ойлар едiңiз?

А. эпидемиялық энцефалит

Б. менингит

В. ми ісігі

Г. ми жарты шары инсульті

Д. ми бағаны инсульті

 

85. Сырқат сол жақ аяқ- қолының әлсіздігіне және сөзінің бұзылуына шағымданды. Обьктивті: тілі оң жағына ауытқыған, оң жағынығ атрофиясы, сол жағында сіреспелі гемипарез. Ошақ қайда орналасуы мүмкін?

А. Ішкі капсула

Б. Варолий көпірі

В. Ми бағаны

Г. Ортаңғы ми

Д. Мишық

 

86. Сырқатты тексеру кезінде оның заттарды сипау арқылы ажырату, дене мүшелерінің орналасуын, оң-солын ажырату мүмкіндіктерінің жойылған дығы белгілі болды.Сырқат сал болып қалған қолын қозғай алатындығына күмәнданбайды.Осы симптом мидың қандай құрылымының зақымдануына тән?

А. маңдай бөлігі

Б. самай бөлігі

В. төбе бөлігі

Г. мишық

Д. шүйде бөлігі

 

87. 66 жастағы науқас ауруханаға оң жақ аяқ – қолындағы әлсіздікке, сөйдеуі мен жүруінің қиындауына, бас ауыруы және бас айналуына шағымданып түсті. Объективті: АҚҚ=175/105 мм.с., менингеальды белгілері теріс, оң жақтық гемипарез, Вернике – Манна жүрісі. Бас миының КТ: сол жақ орталық ми артериясында ишемиялық инсульт. Ишемиялық инсульт кезінде қай терапия маңызды?

А. антивирусты

Б. антикоагулянттық

В. гемостатикалық

Г. антибактериальдық

Д. гормональдық

 

88. Қант диабетімен ауыратын 70 жастағы науқаста біртіндеп оң жақ аяқ – қолында әлсіздік, көзінде екеу болып көріну пайда болған, сол жақ көз алмасының жоғары, төмен және ішке қарай қозғалуы шектелген. Объективті:солжақ жоғарғы қабақтың птозы, оң жақтық спастикалық гемипарез. Ликвор – түссіз, қысымы - 180 мм су, цитоз – 5 лимфоцит. Бұл көрсеткіштер қай ауруға тән?

А. энцефалит

Б. субарахноидальды қан құйылу

В. ишемиялық инсульт

Г. жедел гипертониялық энцефалопатия

Д. жедел жұлындық инсульт

 

89. 40 жастағы науқаста кенеттен аяқ – олдарындағы қозғалыс жоғалды. Объективті: спастикалық тетраплегия. Сезімталдықтың спинально-өткізгіштік тип бойынша бұзылысы Th 3 деңгейінен бастап. Зәр шығарудың тежелуі. Ликворлы ксантохромия. Қысымы 300 мм су. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүкін?

А. бас миы қарыншаларына қан құйылу

Б. жұлынға қан құйылу

В. бас миының инфаркты

Г. миелит

Д. субарахноидальды қан құйылу

 

90. 60 жастағы науқаста АҚҚ 220/120 мм.с. жоғарылау фонында оң жақ аяқ – қолында әлсіздік пайда болды. Объективті: сұрақтарға жауап бермейді, бірақ мағынасын түсінеді. Оң жақтық мимкалық бұлшық еттердің және тілдің орталық парезі. Оң жақтық спастикалық гемипарез және гемигипестезия. Ликвор – түссіз, мөлдір. Қысымы – 180 мм су, цитоз 3 лимфоцит. Патологиялық ошақтың қай ми артериясы қандандыратын аймақта орналасқанын анықтаңыздар?

А. Адамкевич артериясы

Б. ішкі ұйқа артериясы

В. ортаңғы милық артерия

Г. алдыңғы ми артерия

Д. артқы ми артерия

 

91.Шарко үштігіне кіретін белгіні атаңыз?

А. сіреспелі гипертония

Б. бұлшық еттік гипотония

В. интенциялық діріл

Г. назолалия

Д. афазия

 

92. Шашыранды склероздың патогномдлық белгілерінің бірі?

А. гемипарез

Б. гемигипестезия

В. құрсақ рефлекстерінің шақырылмауы

Г. апраксия

Д. афазия

 

93. Шашыранды склерозға тән?

А. Марбург пентадасы

Б. Аргайл - Робертсон синдромы

В. Броун - Сикар синдромы

Г. Дюшена - Эрба синдромы

Д. Горнер синдромы

 

94. 18 жастағы науқаста 1 ай бойы бас айналуы, жүру кезіндегі шайқалу мазалаған, бірақ белгілер өздігінен қайтқан, 1 жылдан кейін аяқтарындағы әлсіздіктер байқалған, зәр шығаруға императивті шақыртулар пайда болды. Неврологиялық статусында: төменгі сіреспелі парапарез, Шарко үштігі. Болжамалы диагнозын анықтаңыз.

А. тамырлық миелопатия

Б. шашыранды склероз

В. жедел шашыранды энцефаломиелит

Г. жұлын семуі

Д. бас миының ісігі

 

95. Шильдер лейкоэнцефалиті кезінде патологиялық үрдіске қосылады:

А. жұлын

Б. бас миының жарты шары

В. бас миының қабықтары

Г. шеткі нервтер

Д. түбіршіктер

 

96. Сырқатта ретробульбарлық неврит анықталды. Сіздің болжамалы диагнозыңыз?

А. инсульт

Б. шашыранды склероз

В. гидроцефалия

Г. ми ісігі

Д. ми жарақаты

 

97. Сырқат екі жұма бойы жоқ иістерді елестетеді. Соңынан эпилепсиялық талма пайда болды. Патологиялық ошақ қайда орналасқан?

А. мидың самай бөлігінің ішкі жағы

Б. мұрынның шырышты қабығы

В. мидың жоғарғы төбе бөлігі

Г. мидың маңдай бөлігінің асты

Д. Верник орталығы

 

98. Тырыспалы талмасы бар сырқат көз алдында найзағайдың ұшқынын, түрлі - түсті дөңгелектер елестетеді. Кейде заттар оған аса үлкен немесе кіші болып көрінетіндей болады. Бұл белгілер қандай ауруға тән?

А. энцефалит

Б. менингит

В. эпилепсия

Г. инсульт

Д. церебральдық салдану

 

99. Эпилепсия кезінде электроэнцефалограммада нені анықтауға болады?

А. қалыпты ЭЭГ

Б. мидың диффузды биоэлектрлік активтілігінің төмендеуі

В. патологиялық (дельта-толқынның) болуы

Г. тырысуларға дайын ошақтың болуы

Д. бас миының жарты шараралық асимметриясы

 

100. Науқаста Гагарин-Джексон қыртысты эпилепсиясы. Ең ақпаратты зерттеу әдісін таңдаңыз?

А. ЭЭГ

Б. УДДГ

В. ЭКГ

Г. ЭМГ

Д. ЭхоЭГ

 

101. Эпилептикалық ұстаманың хабаршысын атаңыз?

А. аура

Б. қалтырау

В. құсу

Г. парестезиялар

Д. жүрек қағу

 

102. Самай эпилепсиясы кезінде қандай аура болады?

А. иіс сезу елестері

Б. квадрантты гемианопсия


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!