Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Профильді медициналық көмек көрсететін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне арналған тексеру парағы



Медициналық қызметтерді көрсету, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 608 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 283 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 қарашада № 8068 тіркелді

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 19-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес медициналық қызметтерді көрсету айналасы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Б.С. Байсеркин):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. «Медициналық қызметтерді көрсету, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 159 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 89 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 26 сәуірде № 6937 тіркелген, 2011 жылғы 2 маусымда № 76 (2066); 2011 жылғы 3 маусымдағы № 77 (2067) «Заң газеті» газетінде жарияланған).
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



 

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау Экономикалық даму және
сауда министрі сауда министрі
____________С. Қайырбекова ______________ Е. Досаев



 

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 608
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің
2012 жылғы 3 қазандағы № 283
бірлескен бұйрығымен бекітілген
1-қосымша

 

Амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуші және бекітілген тұрғындары бар медициналық ұйымдарға арналған жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы

 

Құрастыру орны күні «____» ___________20____ж
Органның атауы ______________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________
Объектінің орналасқан мекенжайы _____________________________________
Ұйым басшысы ________________________________________________________

 

 

р/с № Талаптар Ия/Жоқ
Аккредиттеудің болуы
Медициналық қызмет көрсету лицензиясының, лицензияға қосымшалардың болуы (нөмірі, сериясы, берілген күні);
Үлгілік штатқа және денсаулық сақтау ұйымдарының штаттық нормативтеріне сәйкестік
Медициналық қызметкерлерде маман сертификаттарының болуы
Мамандарда тиісті мамандық бойынша соңғы 5 жылда біліктілікті арттыру курсынан өтуі туралы мамандардың куәлігінің болуы (медицина персоналының жалпы санына шаққанда %);
Шұғыл айғақтар бойынша медициналық көмек көрсету және дәрілік формулярға сәйкес дәрілік заттармен қамтамасыз ету
Дәрілік заттарды пайдалануға (тағайындауға) талдау, жанама әсерлердің нәтижелеріне мониторинг дәрілік заттарды тиімді пайдалану мәселелерін реттеу.
Медициналық және /немесе арнайы жабдықтың, аппаратураның және құралдардың, аспаптардың, жиһаздың, мүкәммалдың, көліктік және көрсетілетін медициналық қызметтің кіші түріне сәйкес басқа да заттардың болуы;
Бастапқы медициналық құжаттарды жүргізу сапасы және оларды бекітілген нысандарға сәйкес келтіру
АИТВ-инфекция профилактика бойынша іс-шаралар, науқастарды және вирустық гепатитке күдік тудыратындарды айқындау;
ТМККК шеңберінде скринингілік тексерулерді жүргізу;
Профилактикалық екпемен қамту;
Бекітілген халықтың визуалдық локализацияның 3-4 деңгейі диагнозы бар қатерлі ісікті алғашқы айқындауларының болуы;
Халықты профилактикалық медициналық тексерулер жүргізу;
Туберкулездің асқынған түрлері бар науқастарды айқындау көрсеткіші;
МСАК деңгейінде келтірілген бекітілген тұрғындардың арасындағы ана өлімі жағдайының меншік салмағы;
Есептік кезеңдегі бала өлімі көрсеткіші;
Аурулардың (олардың санын) профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеудің жаңа әдістері мен құралдарын қолдану;
Медициналық қызметтің сапасына ішкі сараптама тексеру жүргізу
Азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу қамтамасыз ету
Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ және анықтама беру Қағидаларының талаптарын сақтау;
Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету талаптарын сақтау;
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ережелерінің және азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарына бекіту ережелерінің талаптарын сақтау;
Тізбеде белгіленген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдермен тегін қамтамасыз ету.
Негізі бар шағымдардың болуы

 

Ескертпе: АИТВ – адамның иммунитет тапшылығының вирусы,
МСАК – медициналық-санитариялық алғашқы көмек,
ТМККК – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі.

 

Нысан

 

Амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуші медициналық ұйымдарға арналған жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы

 

Құрастыру орны Күні «____» ___________20____ж
Органның атауы ______________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________
Объектінің орналасқан мекенжайы _____________________________________
Ұйым басшысы ________________________________________________________

 

 

р/с № Талаптар Ия/Жоқ
Медициналық қызметке мемлекеттік лицензияның және қызметтің кіші түрлеріне қосымшалардың болуы (нөмірі, сериясы, берілген күні);
Медицина қызметкерінің медициналық қызметінің кіші түрін көрсетуіне сәйкес медициналық білімі (жоғары, орта) туралы дипломның болуы;
Көрсетілетін мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес (жеке медициналық практиканы жүзеге асырушы жеке кәсіпкерлер үшін) еңбек өтілінің болуы;
Медицина қызметкерлерінде маман сертификатының болуы;
Медицина қызметкерлерінде тиісті мамандық бойынша соңғы 5 жылда біліктілікті арттыру курсынан өтуі туралы мамандардың куәлігінің болуы (медицина персоналының жалпы санына шаққанда %);
Шұғыл айғақтар бойынша медициналық көмек көрсету және дәрілік формулярға сәйкес дәрілік заттармен қамтамасыз ету
Дәрілік заттарды пайдалануға (тағайындауға) талдау, жанама әсерлердің нәтижелеріне мониторинг дәрілік заттарды тиімді пайдалану мәселелерін реттеу.
Медициналық және/немесе арнайы жабдықтың, аппаратураның және құралдардың, аспаптардың, жиһаздың, мүкәммалдың, көліктік және көрсетілетін медициналық қызметтің кіші түріне сәйкес басқа да заттардың болуы;
Алғашқы медициналық құжаттың бекітілген нысандарға сәйкестігі;
АИТВ-инфекция профилактика бойынша іс-шаралар, науқастарды және вирустық гепатитке күдік тудыратындарды айқындау;
Аурулардың профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеудің жаңа әдістері мен құралдарын қолдану;
Медициналық қызметтің сапасына ішкі сараптама тексеру жүргізу;
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетудің және азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарына тіркеудің талаптарын сақтау;
Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету талаптарын сақтау;
Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ және анықтама беру талаптарын сақтау;
Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесін сақтау;
Негізі бар шағымдардың болуы

 

Ескертпе: АИТВ – Адамның иммунитет тапшылығының вирусы.

 

Нысан

 

Профильді медициналық көмек көрсететін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне арналған тексеру парағы

 

Құрастыру орны Күні «____» ___________20____ж
Органның атауы ______________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________
Объектінің орналасқан мекенжайы _____________________________________
Ұйым басшысы ________________________________________________________

 

 

р/с № Талаптар Ия/Жоқ
Медициналық қызмет көрсету лицензиясының, лицензияға қосымшалардың болуы (нөмірі, сериясы, берілген күні)
Медицина қызметкерлерінде маман сертификатының болуы;
Медицина қызметкерлерінде тиісті мамандық бойынша соңғы 5 жылда біліктілікті арттыру курсынан өтуі туралы мамандардың куәлігінің болуы (медицина персоналының жалпы санына шаққанда %)
Көрсетілетін мамандық бойынша 5 жылдан кем емес (жеке меншікті медициналық практиканы жүзеге асырушы жеке кәсіпкерлер үшін)
Шұғыл айғақтар бойынша медициналық көмек көрсету және дәрілік формулярға сәйкес дәрілік заттармен қамтамасыз ету;
Дәрілік заттарды пайдалануға (тағайындауға) талдау, жанама әсерлердің нәтижелеріне мониторинг дәрілік заттарды тиімді пайдалану мәселелерін реттеу;
Алғашқы медициналық құжаттың бекітілген нысандарға сәйкестігі;
АИТВ-инфекция профилактика бойынша іс-шаралар, науқастарды және вирустық гепатитке күдік тудыратындарды айқындау;
Бір айдың ішінде бір ауруы бойынша қайта түсудің болуы;
Аурулардың профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеудің жаңа әдістері мен құралдарын қолдану;
Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ және анықтама беру талаптарын сақтау;
Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету Қағидаларының талаптарын сақтау;
Ақылы кызметтер көрсету мен олардың баға прейскуранттары туралы ақпарат болуы;
Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесін сақтау;
Негізі бар шағымдардың болуы

 

Ескертпе: АИТВ – Адамның иммунитет тапшылығының вирусы.

 

Нысан

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!