Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Диалогтық сөйлеу тілімен жұмыс



Нашар еститін балалардың еститін балалардан айырмашылығы диалогтық әңгімелесу тілін жеткілікті мөлшерде жоспарлы меңгере алмайды. Диалог жүргізу қабілетіне оқыту – сөйлеу тілін дамыту сабақтарының өзекті міндеттерінің бірі.

Диалог, балалар сөйлеуінің барынша көп тараған түрі. Диалогта сөйлеуге түрткі болатын нәрселер әрқашан анық болады: бірнәрсені білу, бірнәрсе туралы сұрау, өтінішін, тілегін, шағымын білдіру және т.б. Диалог балалар үшін психологиялық тұрғыда жеңіл болып табылады: сұраққа жауап беру кезінде интонацияны өзгертіп, сұраулы сөйлемді қайталап айтуға болады. Диалог жағдайға байланысты, баланың сөйлесушінің сөзін түсінуіне көмектесетін тірек болады. Бұл сөйлеуге оқыту себептері нашар еститін балалар мектебінде нақ осы диалогтан басталады. Мектептегі сабақтардың алғашқы күнінен бастап, мұғалім оқушыларға сұрақ қоя бастайды: «Сенің атың кім?» Оқушы өз атын айтады. Немесе мұғалім «Бұл не?» – деп сұрайды. Оқушы: «Кітап» – деп жауап береді.

Бірінші оқу жылы бойына тіл дамыту сабақтарында тұрақты түрде сұрақ-жауап формасындағы қарапайым диалогтар қолданылады.

 Доп қайда жатыр? Үстелде.

 Сен қаламды қайда салдың? Сөмкеге.

 Бүгін қай күн? Сәрсенбі.

 Қазір қай мезгіл? Қыс.

Негізінен мұғалім мен оқушы арасындағы барлық қарым-қатынас сабақта жағдайлар мен көрнеліктер арқылы диалог негізінде ұйымдастырылады. Сөздікпен жұмыс жүргізген кезде мұғалім сәйкес келетін затты атауын немесе көрсетуін сұрайды. Балалар жауап ретінде атайды немесе көрсетеді. Егер суретпен жұмыс болса, мүғалім мазмұны бойынша сұрақтар қояды, балалар жауап береді және т.б.



Сабақтағы диалогтық қарым-қатынас барлық сыныптарда сақталады, әйтпесе олай болмауы мүмкін емес. Тек монологтық сөйлеу тілін қосу арқылы құрылымы күрделен диалогқа айналып, әңгіме тақырыптарының рөлі жоғарылайды: «Демалыс күніңді қалай өткіздің (мереке)?», «Біз саяхатқа қалай шықтық?» т.б. Бұл табиғи қарым-қатынас жағдайына әкелетін, болмаса мектептегі сабақтар жағдайындағы маңызды оқу диалогы: мұғалім оқушылардың қалай демалғанын білгісі келеді – олар бұл туралы әңгімелейді; немесе мұғалім өзінің оқушыларының әртүрлі күнтізбелік білімін тексергісі келеді және оларға жаңа мәліметтерді хабарлайды. Бірақ мектептегі әр сынып шегінде балалардың сөздік контактіні талап ететін жағдайлары тұрақты болады. Олар әр түрлі өмірлік жағдайларда диалог жүргізу қабілетін меңгеруі керек: белгілі бір орында, белгілі бір әңгімелесушімен, белгілі бір мақсатқа байланысты. Мұндай диалогтар тіл дамыту сабақтарындағы арнайы жұмыстың нысаны болуы қажет.



1-2 сыныптарда сөздік қарым-қатынастарда жағдайларды табиғи жолмен құрастырған пайдалы. Балалармен бірге мектеп дәрігерінің бөлмесіне баруға, жақын маңдағы нан немесе кітап дүкеніне баруға болады, сол орында дәрігермен, сатушымен оқушылардың диалогқа түсуіне түрткі болады.

Бірақ көп жағдайда мұғалімнің тиісті сөйлеу тілінің жағдайын шынайы жағдайлар арқылы ұйымдастыруы мүмкін бола бермейді. Оны тіл дамыту сабақтарына арналған үлгісін жасау керек. Үлгіленген сөйлеу жағдайы мен оқытылатын диалог тақырыпқа сай болуы керек және сол немесе басқа тақырып бойынша жұмыстар жазылуы керек. Мысалы, «Қыс» тақырыбында мына сөздік жағдайларды қолдануға болады: балалар демалыстағы жоспарларымен бөліседі; демалыс кезінде кездесуге келіседі; оқушы шыршаға (киноға) билет сатып алады; оқушы жаңа жылдық қойылымға келеді және билет сатушының түсіндірмесіне мән береуі керек; балалар бір-біріне өздерінің шанасы, конькиі туралы (қашан, қайдан сатып алды? маркасы қандай? қазір жағдайы қандай?) айтып береді; балалар теледидардан көрген мәнерлеп сырғанау немесе хоккей ойынынан алған әсерлерімен бөліседі; қыз (бала) демалысқа үйіне келгенде, анасымен сыныптастары туралы әңгімелеседі және т.б. Сабақта сөйлеу жағдайы қалай құрылады?

Ол сюжеттік-рөлдік ойын арқылы, суреттер арқылы, мәтіндер арқылы құрылуы мүмкін. Аралас нұсқасы жиі қолданылады – сөзбен қатар ойын мен суреттер арқылы.

Кішкентай балалармен жұмыс кезінде сюжеттік-рөлдік ойын («Дүкенде», «Дәріханада», «Дәрігер қабылдауында») тәсілі лайықты. Рөлдер бөлініп беріледі, сол бөлінген рөлдер арқылы балалар бір-бірімен диалогқа түседі. Ойын басында мұғалім әр түрлі рөлді кезек-кезек орындау арқылы белсенді қатысады. Оның сөйлеуі (хабары, сұрағы, жауабы) балалардың сөздерінің үлгісінде болуы керек. Балалар диалог жазбасын магнитті таспа арқылы тыңдай алу керек.

Сөйлеу жағдайына енгізуде суреттерді (көшеде екі адам әңгімелесіп тұр; базарда сатушыдан сатып алушы бірнәрсе сұрап жатыр; бала бөлменің есігін ашып, теледидар қарап отырған қызға бірнәрсе айтып жатыр және т.б.) алуға болады. Суретті көрсету арқылы мұғалім балалардан диалог қай жерде өтіп жатыр, оған кім қатысып тұр, олар не туралы айтуы мүмкін деп сұрақ қояды. Балалар суреттегі адамдар орнына, диалог құрауы керек.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!