Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Сөздік материалдарын таңдау



Бастапқы кезеңде сөйлеуді дамытуды ұйымдастыру балаларға ұсынылатын сөйлеу материалының анық таңдап алынуын талап етеді. Ересектер балалармен әр түрлі заттар мен құбылыстарды талқылай отырып, күнделікті сөйлеу материалымен қоса тақырыптық лексиканы да қамтитын үлкен көлемдегі сөйлеу материалын пайдаланады. Бұл балалармен үнемі мақсатты түрде сөйлеу қарым-қатынасын талап ететін топтағы сөйлеу ортасын ұйымдастырудың қажетті шарты болып табылады. Алайда, арнайы жұмыс үшін сөздер мен сөз тіркестерін қатаң түрде іріктейді, себебі бір жағынан олардың қайталануын алдын ала қарастыру керек, ал екінші жағынан 2-3 жасар балалардың сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтау және қабылдау мүмкіндігі аз болады.

Сөйлеу материалының бірнеше тобын мақсатты түрде қолданылуын алдын ала қарастыру. Бұл, біріншіден, күнделікті қолданылатын сөйлеу лексикасы, ол баланың тұрмыстағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет, сондай-ақ сабақтың түрлі кезеңдерінде қолданылатын іс-шараларды ұйымдастыру кезінде керек болады. Оқытудың бастапқы кезеңінде келесі сөздер мен сөз тіркестері қолданылады: Тұрыңдар, отырыңдар, ойнаймыз, айтамыз, ..., топқа барыңдар, қараңдар, тыңдаңдар, бөгет жасамаңдар, дұрыс, дұрыс емес, жарайсың және т.б.

Екіншіден, бұл сөйлеу материалы сабақ тақырыбымен байланысты және оның мазмұнды бөлігін анықтайды. Тақырыптық сөздікті іріктеудің мақсаттылығы сабақтарды ұйымдастырудың тақырыптық принципімен байланысты, сондай-ақ тілдесу белгілі бір жағдайларда болады, және де оларда пайда болатын қажеттіліктермен негізделеді. Тұрмыстық жағдайлар мен тақырыптар бойынша топталған лексика өзара байланысты. Сол бір заттар мен құбылыстар әр түрлі тақырыптарда назардағы объектіге айналады. Сәйкесінше сөйлеу материалының қайталануы, әр түрлі тақырыпқа байланысты сөйлеу кезінде қолданылуы қамтамасыз етіледі.



Тақырыпқа байланысты бұл материалдың мағынасы келесі сабақтарда кеңейе түседі. Келешекке арналған жоспар құру кезінде сурдопедагогтар белгілі бір уақыт (ай, квартал) аралығына арналған сөйлеу материалының көлемі мен құрылымын алдын ала анықтайды.

Балалармен жұмыс істеуге арналған және қабылдауына арналған барлық сөйлеу материалдары бастапқы кезеңде алдын ала кестеге белгіленеді. Оны ауызша және жазбаша түрде ұсыну алдын ала қарастырылады, белгілі материалдың белгілі бір бөлігі балаларға экранның арғы жағында тыңдату негізінде ұсынылады.

Алдын ала іріктелген сөздік және сөз тіркестік материалдан бөлек сөздердің белгілі бір бөлігі алдын ала қарастырылмаған жағдайларға байланысты кірістірілуі мүмкін. Бұл сабаққа жоспарланбаған қонақтардың келуі, және де табиғаттағы күтпеген құбылыстар, балалардың қарым-қатынасы. Олардың кез-келген алдын ала қарастырылмаған жағдайлары жаңа сөздер мен сөйлемдердің кірістірілуімен байланысты болады, және де сабақта бірнеше рет қайталаған сөздерге қарағанда осы сөздерді балалар жылдам есінде сақтап қалады.



Сабақтың тақырыбы мен мазмұнын жоспарлай отырып, сурдопедагогтар сөйлеу материалын іріктеуді бірқатар критерийлерді негізге ала отырып орындайды.

Сөйлеу материалын іріктеудің ең маңызды критерийі – осы тақырыптың айналасында балалармен сөйлесу кезінде қажетті болуы. Осылайша, алдын ала таңдап алынған сөздер методикалық әдіс таңдауды анықтайды, ал қарым-қатынас кезіндегі жағдайлар сөйлеу құралдарын іріктеуге әсерін тигізеді. Ең бірінші сөздікке заттарды, құбылыстарды, бала тұрмыста күнде тап болатын және көп рет қайталатын іс-әрекертті білдіретін сөздер қосылады. Мысалы, «Киім» тақырыбындағы сөйлеу материалын жоспарлау кезінде, педагог қолданылатын киім мен онымен орындалатын іс-әрекетті қосады (көйлекті, кофтаны, сымды, күртені, құлақшынды ки немесе шеш).

Түрлі тақырыптарға байланысты лексиканы іріктеу барысында педагог сөздікке осы тақырып бойынша сөйлесу жағдайында қолдану керек болатын әр түрлі грамматикалық категориялар қосады. Олар қарым-қатынас жағдайына байланысты алынады және, сәйкесінше, сөйлеу материалының құрылымы мен мазмұнына байланысты алынады. Көбінесе назардағы объектілер заттар болғандықтан, педагог соларды көрсетуге арналған сөздерді алады. Әр түрлі тақырыптарда бірінші сабақты ұйымдастырудан бастап зат есіммен қатар етістіктерді де қосу керек. Етістіктерді түсіну және қолдануды үйрету фразалық сөйлеудің құрылуына керек. Ондай болмаған жағдайда қаншалықты көп болса да, заттық сөздіктер тілдесуді қамтамасыз ете алмайды.Тақырыпқа және коммуникативтік жағдайға байланысты балалардың сөздігіне заттың үлкендігін, түсін, дәмін сипаттайтын сын есімдер, үстеулер (дұрыс, дұрыс емес, дәмді, ...), есімдік (сен, мен, сенікі, ...), сұрақтар (бұл кім? бұл не? кімнің?... ) және тағы да басқа тілдесуді ұйымдастыруға қажетті басқа сөздер қосылады.

Балалардың сөйлеуін дамытудың бастапқы кезеңдерінде лексиканы іріктеу барысында педагог сөздердің мағыналық байланысын ескереді, себебі сөздерді белгілі бір ретпен ұсыну және олардың мағынасымен жұмыс істеу ол сөздерді қабылдауын жақсартады. Оқудың бірінші жылы сөздер көбінесе тақырыптық логикада ұсынылады, бірақ сөздердің басқа байланыстары да ескеріледі. Оқудың кезеңі мен тақырыпқа байланысты бұл сөздер мағынасы бойынша қарама-қарсы іс-әрекеттер немесе заттар ; бүтін заттың бір бөліктерін білдіретін сөздер, түбірлес сөздер болуы мүмкін. Мысалы, (аппараттарды) киіңіз-шешіңіз, тұрыңыз- отырыңыз, жақсы- жаман, иә – жоқ, үлкен – кішкентай және т.б. сөздерімен құрылған сөз тіркестерін қолдану жоспарлануы мүмкін. Оқытудың екінші жылында сөздердің мағыналық байланысы кеңейтіледі. Кейбір түрлік-түбірлік қатынаспен біріккен және өз мағынасында жалпылаудың жоғарырақ дәрежесін көрсететін сөздердің (алма, алмұрт, банан... — жемістер)мағынасы айқындалады. Педагогтар кейбір синонимдік байланыспен байланысқан сөздерді де ұсынады (балалар, жасөспірімдер ).

Ұсынылып отырған материал тілдесу барысында қолданылуы үшін, сурдопедагогқа бұл сөздер қандай сөйлеу конструкциясында қолданылатынын анықтау керек, яғни алдын ала сөз тіркестерін табу, синагматикалық байланысын айқындау. Есту қабілеті нашар мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу қабілетін жақсартудың осы әдісінің айналасында сөздердің мағынасы нақтыланады және де сөйлеу құрылымы нақтыланады. Сол себепті педагог сөйлеу құрылымын анықтап, мағынасын ашу керек деген сөздерді бөліп алады, одан кейін құрылымы қарапайым сөздерді және сөйлемдерді қайта қосады. Мысалы, баланы кесе, тәрелке сөздерімен таныстырған кезде, мұғалім осы сөздерді сөйлемдерде қолданады (Кесені ал. Тәрелкені ал). Басында бұл өте қарапайым бер, ал, ма етістіктер арқылы, кейін күрделене жағдайға қарап, ақырындап баланы іс-әрекетке ынталандыру сөздері »»қолданылады ( қасықты жина).Мысалы: хабарлау (қасық түсті), сұрақтар арқылы ( қасық қайда?), терістеу ( қасық жоқ).

Жұмыс барысында қолданған сөздік материлдарды балалар әр түрлі жағдайда, яғни бала-бақшада және үйде, ойын ойнағанда және т.б жерлерде қолдана алатындай болуы қажет.

«Ойыншықтар» деген тақырыпқа сай келетін сөздік материалдарға мысал келтіретін болсақ. Сөздік материал сөз тіркесі және сөйлем арқылы беріледі. Одан әрі өңдеуде жекеленген сөздер қолданылады.

Оқудың 1–ші жылында (1-ші кіші топ): Қараңда, бізге кім келді?Бұл мысық. Мысық «Мяу-мяу» деп сөйлейді.Мысықты сипалаңдар. Мысықтың ұйқысы келді. Ұйықта, мысық. Бұл жереде тағы кім бар? Ит осында. Ит «ав-ав»- деп үреді. Иттің тамақ жегісі келіп тұр. Итті тамақтандыр. Ит жеп жатыр. Ит «рахмет» айтты. Ит жоқ. Ит қайда? Сонда.

Оқудың 2-ші жылында (кіші топ): Бізге қонақтар келді. Қарашы, кім бар. Қоян келді. Қоян «Салем» дейді. Қоян жүгірді. Қашты. Қоян жоқ. Мұнда тағы кім бар? Бұл түлкі. Түлкі билеп жатыр. Түлкімен биле.Түлкі «Сау бол» дейді. Түлкі жоқ. Осы жерде аю да бар екен. Аю «топ-топ» етіп жүрді. Ой, аю құлап қалды. Аюға көмектес.

 

Жаппай білім беру

Есту қабілетті ауызша сөйлеу тілінің бастапқы кезеңінде әрекет ететін бағдарлама ауызша сөздер қатарын және сөздермен фразаларды баспа әріптермен жазылған табличкалар түрінде қолдануды ұсынады. Табличкадағы жазулар кіші жастағы балалардың оқытуда сауатты болуын жеделдетуде емес, заттың әрекетін (көрнекі – құралдар ) компонентерін түсінудің қосымша өзіндік тәсілі ретінде қолданылады. Есту қызметінің жетіспеушілігі басқа сенсорлық жүйесінің белгілі деңгейімен орын толтырылады, көру сақталуы, мұндай бірінші кезекте, құралдар сөздерді жазбаша түрде жазылуына, әсіресе көмекші ретінде қолданылады. Қалыпты темпте айтылған ауызша сөздер естіп – көру арқылы және тек көру арқылы қабылдануы керек (ерін арқылы). Ауызша сөйлеуге оқытудың басында, балаларға сөздік тәжірибеде сөздерді тану мен ажыратуда қатты қиналады. Баланың қабылдауын жеңілдету үшін сөйлеу әрекетін тоқтату мүмкін емес,әрбір сөйлеу бірлігін баяу айту міндетті емес, өйткені табиғи қарқының бұзылысына алып келеді және сөйлеудің ыдырау процессіне алып келеді. Сөздерді айту кезінде дәл уақытында қабылдау және лингвистикалық емес тақырыпты беру, оған ауызша сөйлеу мен зейінің дұрыс деңгейін игеруде жеткілікті тәжірибе керек және есте сақтаудың еркін дамуы қажет. Кішкентай балаларға әлі тән емес. Сөздік материалдарды тек естіп – көру арқылы уақыт кезектілігімен өте қиын.

Отандық Сурдопедогогтары әрқашан есту қабілеті зақымдалған баланың сөйлеуін қабылдауын жеңілдетуге тырысқан.Сондықтан да, ауызша сөйлеуге оқытудың барысында жест – мимиканы қолдануға берілді. Бірақ есту қабілеті зақымдалған баланың осы сөзді білген жағдайда және қабылдаудың нақтылығы жестпен расталды. Осындай әдіс сурдопедоготы қанағаттандырылмады.

Сурдопедогог И.А Васильев көру арқыл ауызша сөйлеуді (ерін арқылы ) жеңілдету үшін киношриф яғни көру арқылы қолдануды ұсынды. Кинопластинканы бөлінген кадрларында оқшауланып айтылған сөздің артикуляциясы берілді. Тілдік дыбыстық жүйесінің барлық бөлімінің суреттер жиынтығын қамтиды. Әрбір сөз ауызша және сөздің әр дыбыста таңбалау арқылы берілді.

Еріннен оқіу әдістемесін қабылдау , бұл барлық ерін мүшесінің әрекетінде болады. Бірақ дыбыстардың бірігуі, саны ,сапасы ,қарым – қатынасы және ауызша сөйлеуді меңгеруді жетелдету үшін тілдік графикалық сөйлеу бірлігіне бағытталған. Ауызша сөйлеудің оның жазылуы, формасына қосылатын мойындамай отырып, ескеру қажет дыбыстың сөйлеудің аудармасы кері кодтауды талап етеді. Бірінші шетінен оның сөзді дұрыс айтуы , ал екінші шетінен аналитикалық – синтетикалық іс-әрекеттің толықтай дамуы. Бірақ кішкентай балаларда нақты қалыптаспаған.

Сөйлеушінің ерін қимылын толықтай қабылдау, есту арқылы қабылданатын сөздерді бекітілген фрагменттер арқылы сөздің ұқсас жақын үлгісін сөйлей алмайтын балада қалыптастырады. Ол үлгіні ұмытып қалмау үшін, кестеге жазылған сөзбен бекітеді, яғни жаңама әріптер тізбегінен профикалық түрде бекітеді. Толық графикалық суреттердің ішінен бала әріпті жеке көрсете алмауы мүмкін. Ол үшін әліпбидің бәрін білуі керек. Бірақ сөздің толық суреті ауызша жетекші сөйлеу , жиі қайталау арқылы баланың есіне сақталады және артикуляциясы сәйкестендіріледі.

Кесте – ол екі аралық нәрсе , бірақ нақты затпен оның таңбасының (сөзді бөлігі ) арасындағы материалдық зат. Бұл жазбаша сөз бен танымдық оқуды толық қабылдауға жатады. Оқудың бұл түрі еститін мектепке дейінгі балалардан кездестіруге болады. Сауаттылығы қалыптасқан есту қабілеті зақымдалған кішкентай балалар ана тілінде жазылған сөздерді тани алады,ана тілінің таңбасын басқа тілдің таңбасынан ажырата алады.

Тіл қабілетінің мәселелеріне арналған халықаралық конгрестердің бірінде (Иоэнсу қаласы, Финляндия, 1982) әр түрлі ұлттардың 3 -3,5 жас аралығындағы балаларға жүргізілген зерттеулер жайлы айтылды.

Ең бірінші «анасының хатын» таңдау үшін, оқи алмайтын балаларға сәлемдеме алуы керек болды. Хаттардың әр түрлы таңбада, әр түрлі тілде жазылған барлық түрлері болды: иероглифтер, готикалық, латын және славяндық таңбалар. Балалар бұл сауаттылығың пайда болуына дейін ана тілі жазуы жайлы елестетудің мәдени дамуының арқасында болатынын көрсетті.

Еститін балалар мен салыстырғанда есту қабілеті зақымдалған, сөйлеу тілі дамуында жазу мен оқу сауаттылығы үрдісін жылдамдытуға дұрыс деп есептеуге болмайды. Балаларға кететін күшті баланың жасына дамуын байытатаын басқа нәрселерге бағыттау керек. Бірақ балаларға әріпті үйретуге кей кезде шектен тыс назар аударылады.

Нашар еститін баллардың жаһандық оқыту үшін жазу сөзіне қолдануға үйрету компенсаторлық дамуында өзінше басқаша жолды көрсетеді: қосымша көрнекіліктер, адамдардың сөйлеу тілі мен қоршаған ортаны өзінше таңбалау

Сақталған көру қызметі мен сенсорлық жүйесінің толық қайта қалыптасуы көбіне толығымен қолданылады сонымен қатар,баланың жасына сәйкес жаһандық оқу негізінде жазбаша сөйлеу арқылы қатынасқа түсу баланың сөздік ойлауын дамытатын қорды кеңейтеді.

Іштей сөйлеу мен ойлаудың атақты зерттеушісі , А.Н Соколов іштей сөйлеу мен абстрактілі ойлаудың туындауы әр түрлі себептен болуы мүмкін екендігін атап өтті. Дауыстың сыртқа қатты естілмейтіндігі, және ьасқа адамдардың естіп қабылдауы жазуы мен оқуы іштей сөйлеу мен қалыптасуы мен дамуына үлес қосты.

Сонымен жаһандық оқу тек сөйлеушінің ауызша сөйлеуін қабылдауын байту үшін ғана емес,сонымен қатар ішкі сөйлеу мен сөздік ойлаудың сөздің мағынасын нақтылау үшін көрнекілік ретінде қолданылады.

Сөздер жазылған кестелер соны ештеңемен реттелмеген. Барлық пәндерде мектепке дейінгі мекемеде қоршаған заттардың атауы мен бір форматта бекітіледі. : үстел, орындық шкаф, аквариум, есік, терезе, кереует , және т.б

Тақырыптық сөздікпен жұмыста сол және басқа да кестелер жинағы қолданылады. Сөз ақ қағаздың бетіне 3,4,5 см биіктікте қар түсті баспа әріптерімен жазылды. Негізінен сол кестелер көп қоладанылады,оларды қосымша қорапқа салып қояды,бірақ үнемі бір реттілікті сақтауы тиіс.

Оқыту барысында табличка әр түрлі қолданылады. Ең басында ауызша айтады, одан кейін табличка арқылы көрсетеді, кейінен мұғалім қайтадан ауызша қайталайды. Сол қолыммен табличканы ерінен төмен ұстап, оң қолының баспқы саусағымен табличканың бойымен алып келеді,сөздің соңынан басына дейін қаралу үшін. Балалар ересектердің сөзіне еліктеп, өзінің мүмкіндігіне қарай сөздерді айтады. Сосын олар ұқсастабличканы алып (ересек адамдардікі сияқты) оған қарап сол сөзді қайталайды. Кейбір балалар мұғалімнінң ерінінің қимылына мән береді, ал кейбір балалар табличканы қарап және табличкадағы сөзді жаттап алуға тырысады.

Сөздерді бөлек-бөлек айтуда табличканы қолдануға болады бірақ бірден емесе, негізі әр түрлі обьектілер мен нақты тілдік жұмысы мен байланысты. Табличкаға сеніп айту немесе оған сенбай айту бірнеше жаттығудан кейін (қайталау) керегі жоқ болады. Балалар бастапқыда табличкаға қарап әр түрлі тапсырманы ұғынады, ұйымдастырушы сабақта: барыңдар, тұрыңдар,отырыңдар,құлаққапты шешіңдер және киіңдер,қараңдар т.б

Олар тез тақтада тұрған табличканы сәйкестендіреді, бірақ педогогтың айтуынсыз. Тематикалық сөздік және тілдік бірліктерді әр түрлу жағдайда балалар берілген затты айтып қою ғана емес, және өз бетінше затты тауып оларды табличкаға қояю,содан кейін ауызша затты айтып бөлек табличкадағы сөзді оқиды.

Кейбір балаларға табличкаға қарап айту ауызша сөйлеуга қарағандай ыңғайлы болады. Басқа балалар олардың табличканы оқымай педогогтың ерінің қимылына қарап олардың сөзіне еліктейді. Көру арқылы ерінен қабылдау және табличканы балаларда әр түрлі кезектілікпен жүргізіледі.

Басқа балларда табличкадан оқу жоғары нәтижені көрсетеді олар сөздерді көлденеңнен танып, табады және де сөздің мағынасын да түсіне алады.

Табличканы ажырату балаларда бастауыш емес заттармен танылады(мата5а жазудағы орындау орны, қағаздың ұзындығымен, майысқан шетімен, әр бір нүктелеріне дейін)

Кішкентай баллармен жұмыс жасаған мұғалім кей кезде өзіне сенімді болады, балалар табличканы қолданбай ақ сөздің мағынасын түсініп оны жаттап алатындығына. Бірақ кей табличкаларды жаңарту қажет: басынан бастап ьаспа әріптермен жазу қажет, бірақ қатты қағазға,ұзындығы үлкен немес әріптерді үлкейтіп жазу қажет (үлкен немесе кіші), баллар кей кезде шатасып кетеді. Бірақ балларға табличкадағы тез жаттап алу емес оны ақырындап түсініп оны жаттап алуында. Жаһандық оқытудың тездету процессі жүргізіледі, егер табличканы қолдануды әртараптандырса, табличкадағы сөздер салыстыру, бастапқы тез түсініп алатын сөзбен баяу сөздерді ажырату: доп және кукла, Юля және машина содан кейін машина және конжық, көрсет және орнына қой Олег және Оля т.б

Бірінші кезекте балалар өздерінің есімдерін , туысқандарың есімдерін, өзі жақсы көретін ойыншықтарын, тамақтын, өзіне ұнайтын жануарлардың есімдерін оқып тез жаттап алады. Содан кейін өзекті нәрсе олар үшін берілеген тапсырма және хаттамалар болады: жүр ойнаймыз және қыдырып қайтамыз,немесе тамақтанып , немесе ұйықтауға,немесе үйге. Сөздіктің жазбаша түрінің жинақталуына байланысты балларда аналитикалық оқу басталады. Балалар қайталанатын табличкаларды әр түрлі жағдайда қабылдау, арнайы оларға көрсетуінсіз оларды түсініп, сол әріптерді мұғалімнің әр түрлі дыбыс ретінде қабылдауы болады.

 

Дістемелік амалдар

Сөйлеу тілін дамыту жұмыстарының тиімділігі белгілі бір мөлшерде қолданылатын әдістерге, олардың әр түрлілігіне, баланың жасына және психофизикалық ерекшеліктеріне сай болуына байланысты болады. Сөйлеу тілін дамытудың бастапқы кезеңдерінде баланың сөздік белсенділігін арттыруға арналған әдістер пайдаланылып, ересектердің заттық және сөздік әрекеттеріне еліктеу, сөз бен сөйлемнің заттық байланыстылығын меңгеру, ауызша сөйлеу тілін дамыту бойынша амалдар қолданылады. Көп қолданылатын әдістерге бақылау, заттарды, суреттерді, слайдтарды көрсету, педагогқа еліктеу әрекеттерін орындау, дидактикалық ойындар мен жаттығулар, сөздік жаттығулар және т.б. жатады.

Бақылау. Сөйлеу тілін дамытудың бастапқы кезеңдерінде түрлі бақылау жұмыстары жүргізіледі. Бұл әдістемелік құрал шынайылықты тану мен соған сай сөздік материалды меңгерудегі өзара тығыз байланыстылықты орнатуға мүмкіндік береді. Бақылау өткізу арқылы сөздің мазмұндық жағын қамтамассыз етіп, сөздің заттық байланысын қамтамассыз ететін денотативтік жоспар жасауға мүмкіндік береді. Балалар ересектердің заттармен, ойыншықтармен жасаған әрекетін бақылап, қандай сөздік әрекетті қолдануына қарап, соған еліктейді. Заттар мен құбылыстарды бақылау әртүрлі тақырыптар бойынша сабақтарды ұйымдастыру барысында, заттың сапасын, қасиетін, қызметін, қолдану аясын білдіретін жаңа сөздердің мағынасын ашуда қолданылады. Мысалы, «Көкөністер» тақырыбындағы сабақ барысында балалар педагогтың көкөністермен орындайтын әрекеттерін (жуу, кесу) бақылап, олардың түрін, түсін білдіретін сөздердің мағынасын нақтылайды. Сонымен қоса бақылау саяхат және қарау жұмыстарымен де байланысты болады. Балаларды балықпен таныстыру барысында педагог балықты аквариумде бақылатады, балық сөзінің мағынасын нақтылайды, жүзеді сөзін және балық жүзеді сөйлемін жаңа сөз ретінде енгізеді. Бақылау барысында баланың назарын нақты көрінетін белгілерге шоғырландырылады, ал содан соң ол белгілер сөйлеу тіліне енгізіледі. Сөйлеу тілін одан әрі дамыту мақсатында педагог балаларға қайталап бақылау жұмысын ұйымдастыруға болады. Бақылау барысында заттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын білу үшін заттар мен құбылыстарды салыстыру жұмыстарын жүргізуге болады. Мысалы, педагог балаларды жемістермен таныстыру барысында көлемі және түсі жағынан әр түрлі алма, алмұрт, өрікті көрсетеді. Түсі және көлемі жағынан әртүрлі алманы көрсетіп оны басқа да жемістермен салыстырып, оларды әрқайсысын әр түрлі себетке атауларын нақтылай отырып салады. Ұйымдасқан бақылау кезінде шынайы заттарды, муляжді, суретті көрсетеді. Балалар заттарды түсініп, қабылдағанда педагогтың соған сай айтылған сөздерімен бірге қабылданады. Шынайы заттарды көрсетумен қатар басқа да көренкілік құралдарды (заттық және сюжеттік суреттер, бейнелер, муляждар, аппликация) қолданғанда да әрекеттер көрсетіленді. Мысалы, балаларға жуу етістігінің мағынасын ашып түсіндіргенде педагог сол әрекетті көрсетіп, балаларға қайталатып, сөздің мағынасын нақтылап, осы әрекетке сай сурет түрін көрсетеді.

Сөйлеу тілін дамыту сабақтарында заттарды қарау мен зерттеу амалдары кеңінен қолданылады. Затпен танысу арқылы оның не нәрсеге арналғандығы жайындағы сөздің мағынасын нақтылауға, қасиеті мен сапасын, сыртқы кейіпін, заттың бөліктерін анықтауға болады. Зерттеу сипау арқыл, затты тактильді-қозғалыстық сезіну арқылы, кейде иіс түйсігі, сезіну, вибрациялық сезіну арқылы іске асырылады.

Тәжірибелік әрекет – сурет салу, жапсыру, аппликация, көшірмесін дайындау сөздер мен сөйлемдерді нақтылап, бекітуге мүмкіндік береді. Балалардың тәжірибелік әрекеті әр түрлі сөздік дағдыларды қалыптастыруда көмекші болады. Құрылымды түсіну мен орындауға үйретуде педагог балаларға тапсырма береді: алмұрттың суретін сал, алманың суретін сал... «Дене мүшелері» тақырыбы бойынша сөздік материалды түсінуін нақтылау үшін қосымша жу, сүрт деген секілді етістікті құрылымдар беріледі. Балалар берілген жағдайға сай қолдарын, беттерін, құлақтарын жуады.

Ойын амалдары жайлы эмоциалық орта қалыптастырып, тілді қалыптастыруға итермелеуші күш болып, балалардың белсенділігіне әсер ете отырып, сабақтың нәтижелігінің артуына себепші болады. Ойын амалдары балалардың жас ерекшелігіне сай қызығушылықтарына сай келетіндіктен сөйлеу тілін дамыту сабақтарында кеңінен қолданылады. Ойын амалдары барысында әртүрлі ойыншықтар, оынң ішінде, образдың ойыншықтар қолданылады. Оқытудың бастапқы кезеңінде сабақтарда қуыршақ қолданылады. Қуыршақ әр түрлі тақырыптағы сабақтың қатысушысы бола алады: қуыршақты жуындырады, киіндіреді, серуенге шығарады, ұйықтауға дайындайды, туған күнін тойлайды және т.б. Бұл ойын әрекеттерінің эмоциалық сипаты балалардың дене мүшелерінің, киім бөлшектерінің аттарын оңай меңгеруіне, орындалған әректеттің атауын нақтылауды көмек болады. Ойыншықтар белгілі бір әректті орйындап қана қоймай, сонымен қоса «сөйлеу де» алады: амандасады, қоштасады, педагогтың даусы арқылы немесе тақтайшалар арқылы балаларға сұрақ қояды немесе олардың сұрағына жауап бере алады. Образдық ойыншықтар (қуыршақ, қоян, түлкі) балалардың әрекеттерін мақтап немесе растайды, оған қоса ұрыса да алады. Ойын әрекетін педагог өзі басқарып, балаларды соған қоса білуі керек.

Дидактикалық ойындар – сөйлеу тілін дамытуда ең көп тараған әдіснамалық құрал. Бұл әт түрлі тақырыпта сабақ өткізгенде балаалардың қызығушылығын оятып, сөздік материалды оңай меңгеруіне сеп болады. Дидактикалық ойынды таңдағанда сабақтың мақсаты мен міндеттері ескеріледі. Дидактикалық ойындаркөп жағдайда сөздік жұмыс жүргізгенде, көріп-естіп және естіп қабылдау дағдыларын қалыптастырғанда, жаппай оқу кезінде; сөз бен сөйлемнің мағынасын (тапсырма, өтініш, сұрақ, хабарлама) түсінуге үйретуде қолданылады. Дидактикалық ойынның құралдары ретінде ойыншықтар, суреттер, шынайы заттар қолданылады. Кейбір ойын түрлерінде мамандардың (дәрігер, пошташы, аспаз) киімдерін қолдануға тура келеді. Ойын шарттарында көп қолданылатын жарыс түрлері балалардың белсенділігін арттырады. Оқытудың бастапқы кезеңінде мынадай дидактикалық ойындар көптеп қолданылады: «Сиқырлы қапшық», «Жолдар», «Не жоғалды?», «Кімге не керек?», «Лото», «Жұп суреттер», «Суретті құрастыр», «Домино», «Дүкен» және т.б. Дидактикалық ойынды жоспарлау барысында педагог ойын барысында балалардың қандай сөздік білім мен біліктері бекітілетінін, қандай құралдарды қолданатынын, ойын әрекеттерінің кезектілігін алдын ала анықтайды. Ойын барысында балалардың меңгеретін сөздік материалдары арнайы тақтайшаларға ілініп қойылады. Төменгі топтарда сөйлеу тілін дамыту сабақтарында жүргізілетін дидактикалқ ойындардың кейбіреулеріне тоқталып кетейік.

Жолдар

Мақсаттары: тапсырманы түсінуге, орындауға үйрету; жаһандық оқуға үйрету; ұсақ моторикасын дамыту.

Құрал-жабдықтар: үйшіктер мен тақтайшаларға арналға екі жағында кесіндісі бар ақ қатырма қағаз. Кесіндінің бір жағында терезелері (әр терезеде қуыршақ, мысық, балық, аю секілді ойыншықтар бейнеленген) ашылатын үй қойылады, ал екінші жағында кездейсоқ кезектілікпен осы аталған оцыншықтардың атауы жазылған тақтайшалар орналасады.

Сөздік материал:Міне үй. Онда не бар? Аш. Онда қуыршақ (мысық, балық, аю) бар. Жолды сал. Қуыршақты көрсет (мысықты, балықты жіне т.б.)

Ойын барысы

Тақтаға бір жағында ашылатын терезелері бар үй, ал екінші жағында кездейсоқ кезектілікпен орналастырылған ойыншықтардың атауы бар тақтайшалар орналасқан қатырма қағаз ілінеді. Педагог былай дейді: «Қане, ойын ойнайық. Мынау – үй(үйдің біреуін көрсетеді). Онда неи бар?» Педагог баладан үйшікке жақындап, оның терезесін ашуды сұрайды. Бала өздігінен немесе сүйемеолдеу арқылы ол үйде кім тұратынын айтады (мысалы, мұнда қуыршақ). Ары қарай педагог баладан соған сай келетін тақтайшаны табуын талап етіп, ойыншықтардың аты жазылған қатарды көрсетеді. Бала тақтайшаны дұрыс көрсеткеннен соң, педагог одан жол салуын сұрайды: «Жол салшы». Бала қаламмен үйшіктен тақтайшаға дейін жолақ сызады. Педагог аталған ойынщықт барлық балалармен бірге қайталайды. Осылай келесі балалармен де ойын ойнатыла береді.

Киім

Мақсаттары:киімнің атауын бекіту, нұсқаулықты түсінуге үйрету, жаһандық оқу дағдысын бекіту.

Құрал-жабдықтар: есігі ашылатын және сөрелері бар ойыншық шкаф, ұуыршаққа арналған киімдер жинағы, киімнің атауы бар тақтайшалар.

Сөздік материал: Қуыршақ епсіз. Мұнда көйлек, шалбар, кеудеше, бас киім бар. Шалбарды қой...Көйлекті іл...

Ойын барысы

Педагогтың үстелінде шкаф тұрады, ал оның айналасына киімдер ретсіз түрде орналастырылады. Педагог балаларға айтады: «Қуыршақ епсіз екен. Киімдері шашылып жатыр. Оның киімдерін шкафка салу керек.»педагог шкафтың есігін ашып, оның сөрелерінде және ілгіштерде киімнің аты жазылған тақтайшалар бар екендігін көрсетеді. Содан соң ол бір баладан, мысалы, көйлекті алып, оны шкафқа ілуін сұрайды. Бала «көйлек» деген жазуы бар ілгішті табады да, оған көйлекті іледі. Ал егер қиынырақ жағдай ұйымдастыру керек болса, шкафтан тақтайшасы бар бір ілгішті алып, слған сай киімді ілуін сұрауға болады. Ары қарай балалар тура осы әрекеттердің бірінен соң бірі қайталайды. Ойын барысында қой – іл (шалбарды қой, көйлекті іл) сөздерін нақтылауға болады.

Пошташы

Мақсаттары: ойыншықтардың атауын бекіту, тапсырмаларды, мәліметтерді жазбаша түрде орындауға үйрету.

Құрал-жабдықтары: балалардың саны бойынша қораптар, пошташының киімі, ойыншықтар (доп, балық, қуырщақ, көлік, қайық), тапсырма жазылған тақтайшалар.

Сөздік материал: балық, қуыршақ, көлік, қайық, бар, бер, ал, тарт, көрсет, балалардың аттары. Онда не бар?

Ойынның барысы

Сыныпқа пошташы (пошташының киімін киген педагог немесе тәрбиеші) кіріп, былай дейді: «Салем! Сөмкем ауыр. Онда не бар?» «Пошташы» сөмкесінен ойыншықтарды бір-бірлеп алып, балалардан сұрап отырады: «Бұл не?» Содан соң «пошташы» сөмкесінен қорапшаларды алады да оларды балаларға көрсетеді. Балалар тақтайшада жазылған есімді оқиды да, сол балаға корапшаны береді. «Пошташы» қорапты алып, аты жазылған балаға береді. Сол бала қорапшаны ашып, ондағы тапсырма жазылған тақтайшаны оқиды, мысалы, қайықты ал. Бала тақтайшаны оқып, содан соң ондағы тапсырманы орындайды. Ойын «пошташы» қорапшаларды барлық балаларға тапсырып болған соң юарып қана аяқталады.

Сөздік әрекеттердің үлгісі - балалардың қайталауын топшылайтын педагогтың сөздік әрекеті. Үлгі (сөз, сөз тіркесі) нақты, түсінікті айтылады. Көп жағдайда үлгі сөйлеспес бұрын беріледі де, ал кейде балалардың сөзінен кейін салыстыру, түзету үшін беріледі.

Бейнелі айту – сөзді, сөз тіркесін оның құрылымын нақтылау үшін, артикуляциялық беунесін қалыптастыру үшін, жақсы есте сақтау үшін педагогтың соңынан қайталау. Бұл әдіс көбіне бастапқы кезеңдерде баланың назарын сөйлеушінің тура бетіне аудару, сөзге еліктеу сөздік белсенділікті қамтамассыз ету үшін қолданылады. Қайталап сөйлеудің әр түрлерін пайдалануға болады: педагогпен бірге, педагогтан кейін жеке немесе хормен. Аталмыш әдістің тек механикалық сипатта ған жүргізілмей, балаларға қызықты әрекетпен қатар жүргізілуі маңызды.

Балалардың сөйлеуін бағалау –педагогтың баланың сөйлеу тілі туралы ой-пікірі. Бұл ең алдымен олардың сөйлеу тілінің белсенділігіне байланысты. Бір ескеретіні, оқытудың бастапқы кезеңінде естімейтін және нашар еститін баланың сөйлеу тілнің сапасы туралы сөз қозғау мүмкін емес. Педагогтың сөйлеу тілі туралы ойлары үлкен эмоционалды түрде әсер етіп, сөйлеу тілін дамыту сабағына деген қызығушылықты оятады. Педагогтың жас ерекшелік және жеке ерекшеліктерін ескергені жөн. Сондықтан да сөйлеуі ғана емес, сонымен қоса баланың талпынысы, оның есту-сөйлеу мүмкіндігіне қарай белсенділігі де бағаланады. Педагог бала үлкенге еліктей отырып, сөзді немес сөз тіркесін айтайын деп жатқанда мақтап, мақұлдайды. Баланың сөйлеу тілі туралы жағымсыз ой-пікірлер «айтпады, үндемеді» деген секілді болады. Сабақ барысында баланы бағалағанда басқа да әрекеттер кіреді: ойынға қатысуы, тәжірибелік немесе ойын әрекеттін орындауы. Кей жағдайларды баланың әрекетін әр деңгейде бағалау үшін ойындық стимулдар (фишкалыр, жалаушалар) қолданылады.

Сөздік жаттығулар сөздік материалды бекіту үшін қажетті болып табылады. Дидактикалық ойындар мен ойын амалдарынан мұның ерекшелігі – ойын ережелері болмайды және қызықтырушылық элементтерін қоспайды. Сөздік жаттығулар оқытудың бастапқы кезеңінде дидактикалық ойындарға қарағанда сирек қолданылады. Оларды қолдану тек кейбір тақырыптарда ғана жүзеге асады. Мысалы, педагог сабақты ұйымдастыру барысында балалармен бірге етістіктің бұйрықты райын түсінуін нақтылайды (Таня, отыр. Оля, жүгір. Вова, секір. Катя мен Женя, отырыңдар). Әртүрлі тақырыпта сабақтар өткізу арқылы педагог балаларға тапсырмаларды орындауға (алманы... алмұртты ал), сұрақтарға жауап беруге (өрік кімде? Ал банан кімде?) үйретеді. Балалардың дұрыс жауабы мен әрекеттін ойыншықтармен, жалаушалармен бағалауға болады.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!