Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Оршаған ортамен танысу үдерісінде сөйлеу тілін дамыту



Қоршаған ортамен танысудың міндеттері: айналадағы заттар, олардың қасиеттері мен қолдану аясы туралы елестетулерін қалыптастыру, балалар мен ересектердің өмірі мен олардың өзара қатынасы туралы білімдерін нақтылау; әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау дағдыларын тәрбиелеу, тұрмыста және қоғамдық ортада өзін ұстау ережелерін меңгеру; қызығушылықтарын дамыту мен табиғи құбылыстар жайында көріністерін қалыптастыру. Есту қабілеті зақымдалған мектеп жасына дейінгі баланы заттық әлеммен таныстыру сезімдік таным негізінде жүзеге асады. Ересектердің әрекеті мен өзінің заттармен әрекетін бақылап қарау арқылы және кей жағдайда анализаторлардың көмегімен бала олардың ерекшеліктерін, сапасын, не үшін қолданылатындығын, керек жағдайда қолдану ережелерін есте сақтайды. Әр түрлі заттарға баланың қызығушылығын аудару, олармен әрекет түрлерін жасап үйрену, қоршаған ортаны тануға деген қызығушылықтарын қалыптастыру нашар еститін баланың танымдық және әлеуметтік дамуының маңызды шарты болып табылады. Баланың ерте жас кезеңінде маңызды болып табылатын заттық әрекеті есту қабілеті зақымдалған мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу тілінің көркемдік және сезімдік негізін қалыптастыруда маңызды орын алады.

Балалар мен ересектердің өмірлік шарттарымен байланысты әр түрлі тақырыптық топтағы заттармен әрекет жасау, өсімдіктер мен жануарларға, адамның өмір сүруіне деген қызығушылықтың болуы – сөздік мәліметті меңгеруге негіз болып, сөздік қарым-қатынасқа түсуге түрткі болмақ. Еститін бала үшін айналаны тану, ол туралы елестетулерін сезімдік бейне түрінде жинақтау сөйлеу тілінің дамуымен тығыз байланысты. Кейде естімейтін және нашар еститін мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған орта туралы өздігінен, арнайы басшылықсыз қалыптасқан елестетулері толық емес, бөлшек түрінде болып келеді. Сондықтан да есту қабілеті зақымдалған мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасында «Айналамен танысу» бөлімі өздігінен меңгерілетін, яғни өмірдің әр қыры туралы көріністерін нақтылау, байыту және қалыптастыру ретінде ерекше белгіленген. Міне, сондықтан да, айналамен танысу үдерісі сөйлеу тілін қалыптастыру міндеттеріне толықтай бағына алмайды, ол тек есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілін дамытуға сүйенеді де оның дамуына күш береді.



Айналамен танысудағы кезекті және жүйелі жұмыс сөйлеу тіліндегі фиксацияны бақылаумен, меңгерілген құбылыспен байланысты сөздік қарым-қатынасты ұйымдастырумен тығыз байланысты. Заттармен жұмыс жасағанда, олардың ерекшеліктерін, құрылымын, бағытталуын танығанда, олардың ойыншық немесе шынайы түрімен танысқанда, олардың суреттерін ойын барысында пайдаланғанда және баладлардың продуктивті әрекеті (сурет салу, құрастыру, еңбек) кезінде керекті сөздік материалды пайдалану міндетті болып табылады. Айналамен танысу барысынды сөз бен тілдік құрылымдарды кіріктіру әртүрлі дидактикалық мәліметтерге, бақылау мен экскурсияның нәтижесіне, балалардың өзіндік заттық әрекеттеріне негізделеді.



Сондықтан да айналамен танысу және сөйлеу тілін дамыту сабақтарынының тақырыптары ұқсас болып келеді, тәрбиеші осыны ескере отырып бағдарламаға ортақ сөздіктен сөздік мәліметті алғаны дұрыс. Сөздік материалдың көлемі, оны көрсету түрі бағдарламаның талаптарына сай реттеледі. Сөздік материал қажеттілігіне қарай қолданылады: тәрбиеші заттарды атап, оларды көрсету кезінде ерекшеліктері мен атқарар қызметімен таныстырады, жаңа сөздер енгізеді. Әр түрлі құбылыстармен таныстыру кезінде сөз немесе сөз тіркесі сөздік жоспардағы жаңадан қалыптасқан көріністің бекітуші құралы ретінде қолданылады. Сондықтан, ең алдымен, сөздің заттық байланысын қамтамассыздандырып, яғни зат пен сөз арасында байланыс орнату керек. Нақты объектімен әрекеттің тәжірибелігін кеңейту үшін сөздің жалпылау қызметі қалыптасады. Мысалы, тәрбиеші серуен барысында балаларды қоңызбен таныстырып, оның қозғалысын бақылайды. Бақылау барысында алдымен қоңыз сөзі, содан соң қоңыз жылжиды сөз тіркесі енгізіледі. Басқа да жәндіктерді бақылау барысында жылжиды сөзі одан да кең мағынада қолданыла бастайды.

Айналамен танысу үдерісі барысында жаңа сөздерді әдістемелік негізде кіргізу мен оны меңгеруде келесілер қолданылады: бақылау, заттарды, әрекеттерді, ерекшеліктерді, сапаны көрсету; заттармен тәжірибелік әрекет, дидактикадлық ойындар және ойын әрекеттері; әңгімелесу, бейнелеу, түсінік айту, шынайы жағдаяттарды қолдану; алдын ала оқиғалар құру.

Айналамен танысу үдерісінде сөйлеу тілін дамыту бойынша жұмыстар жүргізу арқылы тәрбиеші айналадағы заттар мен құбылыстарды елестете алуын қалыптастыру үшін керекті сөздер мен белгілерді енгізеді. Дегенмен ол ұзақ өңдеу жұмыстарымен, сөзді жаттаумен, әр баламен сөйлесумен айналыспайды. Оның зейінінің объектісі сөздік құрылымдар емес, шынайылық объектісі болып табылады. Заттық, ойындық әрекет барысында, сурет салу, жапсыру, лото альбомдарды дайындауда тәрбиешілер шынайылыққа деген қызығушылықты туғызып, әртүрлі объектілермен әрекет жасауға ұмтылдырады. Айналамен танысу сабағында сөйлеу тілін дамыту сабақтарының арнайы нысаны ретінде сөз бен сөйлем қарастырылады және ол кейін жүйеленіп, өңделіп, сөздік әрекеттің әр түрінде (көріп-естіп қабылдау, айту, оқу, кесілген әріптермен, хаттармен, жұмыс, дактилдеу) қолданылады.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!