Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Р түрлі іс-әрекетте сөйлеу тілін дамыту



Сөйлеу тілін дамыту жұмысы ойынмен, бейнелеу өнерімен, еңбекпен, дене тәрбиесімен, музыкамен, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырумен өте тығыз байланысты. Әрбір әрекеттің өзіне тән шешілетін міндеттері, есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілін дамыту сұрақтары бар.

Егер тұрмыста сөздік материалдың меңгерілуі мүмкін болатын болса, ең болмаса сабақтардағы әрекет түрлері арқылы бірнеше рет қайталаудан кейін, тақырыптық логиканың үлкен деңгейі реттеледі және меңгеріледі. Сөздік материал тақырыптық жалпылау арқылы алынады. Сабақ кезінде немесе бос уақытында сол немесе басқа қабілеттері мен дағдыларын қалыптастырумен байланысты міндеттер маңызды рөлге ие, ал сөйлеу тілін дамыту міндеттері екінші жоспарға кіреді.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың өмірінде маңызды рөлді ойын әрекеті алады. Сюжеттік-рөлдік, дидактикалық және қимылдық ойындар баланың тілдік байланысын қалыптастыруда сөйлеу тілін дамыту мен белсендендірудің тиімді шарты болып табылады. Г.Л.Выгодскаяның пікірінше, «ойын сөйлеу тілін меңгеруде барынша жан-жақты, әр түрлі, сондықтан тиімдірек. Ол ойын барысына сөздің мағынасы және қызметін дамыту кіретінін көрсетті; «ойын кезінде әрекеттің ауысуы сөз мағынасының ауысуының генетикалық негізі болып табылады». Сөзді мағыналық жағынан кеңейту мен байыту ойын кезіндегі сөздің рөлін жоғарылатуға көмектеседі. Ойын кезінде сөйлеу тілін дамытудың анықталған факторы ретінде әрекет барысында баланың ересекпен және бір-бірімен қарым-қатынас жасауын ұйымдастыруды қарастырамыз. Балаларда сөздік қатынас дағдылары оқытудың бірінші жылында ғана қалыптаса бастайды, тәрбиеші қажет сөзді айту арқылы, баланың айта алғанынша қайталату арқылы көмектеседі. Үлкен балалар ұжымдық ойындарға қатысқанда рөлдерді, орындалатын әрекеттерді, пайдаланылатын ойыншықтарды, заттарды бөлу қажеттігін біледі.



Баланың дамуында әр түрлі өнер әрекеті де маңызды рөл атқарады. Оларға сенсорлық қабылдау, қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру, эмоциялық-эстетикалық әсерлері жатады. Әрекеттің бұл түрі есту бұзылысы бар баланың сөйлеу тілін дамыту жоспарында маңызды мүмкіндік болып табылады. Зерттеу пәндері бойынша балалар олардың атауларын және түсі, формасы, көлемі, бөліктердің кеңістіктегі жағдайы сияқты қасиеттерімен танысады; аспаптар мен материалдардың атауын, сурет салу техникасын үйренеді. Тілдік қатынас ұжымдық жұмыстарды орындау процесінде, бұйымдар мен суреттерді талқылауда әр түрлі ақпараттық бағытты қамтиды: сұрақтар, хабарлар, өтініштер, есептер, баланың әрекеті мен жұмысының бағасы.

Баланың ақыл-ойын дамыту процесінде қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру басты маңызға ие. Сандық, уақыттық, кеңістіктік түсініктерді меңгеруді, өлшеу дағдыларын қалыптастыруды және сәйкес терминдерді меңгеруді ұсынады.

Есту бұзылысы бар балалардың математикалық материалды меңгеруде көп, аз, қанша, сонша, жина және т.б. түсініктерін қалыптастыру үлкен мәнге ие.



Музыкалық тәрбие сабақтары сөздің ритмикалық-интонациялық жағын қалыптастыруда, дауысты дамытуда маңызды мәнге ие. Музыкалық тәрбие процесіне музыкалық-ритмикалық әрекет кезінде сөздік қатынас орнату үшін арнайы терминдермен сөздік қорын байыту кіреді.

Еңбек тәрбиесін, физикалық дамытуын жүзеге асыруда, сонымен қатар, есту бұзылысы бар мектепке дейінгі балаларда өте маңызды сөйлеу тілін дамытуда тәрбиешілердің басқа сабақ түрлері немесе балалардың еркін әрекетін ұйымдастыру қажет.

Ойын, еңбек, өнер әрекетін, физикалық және музыкалық тәрбиені ұйымдастыруда, математикалық түсініктерді қалыптастыруда қолданылатын сөздік материалды үш топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа сөздер мен фразалар, әрекет түрінің ерекшелігіне байланысты «терминологиялық» сөздік материал.

Екінші топқа сюжеттік-рөлдік, дидактикалық немесе қимылдық ойынның, суреттің, еңбек әрекетінің тақырыбын көрсететін сөздік материал. Бұл сөздік материалдың бөлімі балаларға тұрмыстық жағдайлар, экскурсиялар, суреттер және т.б. арқылы таныс болуы мүмкін.

Сөздік материалдың үшінші тобына балалардың ересектермен және бір-бірімен қатынасын ұйымдастырумен байланысты сөздер мен фразалар жатады.

Тәрбиеші сабақтардағы әрекет түрлерінде сөздік материалды таңдау кезінде осы үш топтағы сөздік материалдың да болуын қарастыру керек.

Айтылған топтардағы материалды таңдау мен мазмұнын қарастырамыз. Кез келген әрекет түрі басқа бір әрекет түрінде кездеспейтін спецификалық сөздермен байланысты. Бұлар нысанның, әрекеттің, заттың белгілерінің атауы. Мысалы, өнер әрекетінде жүргізілген әрекетке қажетті материалдың, құрал мен аспаптың атауы (қағаз, қарындаш, фломастер, қылқалам, сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, безендіру, шеңбер); түстің, геометриялық пішіннің, көлем, заттың кеңістік жағдайының атауы. Дене тәрбиесі сабақтарында ьұл сөздер – әрекеттің, спорттық атрибуттардың атауы (секіру, лақтыру, қағып алу, жүру, саты, колонна және т.б.). Әрекетке сәйкес сөздік материалды сол сабақ барысында меңгеруін қамтамасыз ету керек. Сондықтан тәрбиеші қажетті сөздік материалды алдын ала бағдарламада сол бөлімде көрсетілген сөздіктен алады. Жақсы есте сақталуы үшін бұл сөздер мен фразалар табличкаға немесе тақтаға жазылады. Нашар еститін балалар ауызша жүктейді және ауызша оқиды немесе орта топтан бастап естімейтін балалар ауызша-дактильді оқиды.

Педагог сөздің мағынасын ашу тәсілін алдын ала анықтайды: затты көрсету (қылқалам), әрекетті үйлестіру (биіктікке секіру), қасиеттері (ермексаз жұмсақ), дидактикалық ойындар («сырғанайды – сырғанамайды»), баламен бірлескен әрекетті орындау (қуыршақты шомылдыру) және т.б. түрінде болуы мүмкін. Орындалатын әрекеттің затын көрсетудің дұрыстығы, құралдардың үйлесімдігі маңызды болып табылады. Балаларға заттар жақсы көрініп тұруы қажет, қабылдау процесінде зерттеудің тактильді-моторлық, вибрциялық сезімталдық сияқты басқа да тәсілдерін қолдануға болады.

Анықталған әрекет түріне байланысты педагог пен баланың қатынас жасауына байланысты тәрбиешінің хабарлаған сөзі фраза түрінде беріледі (қылқаламды алыңыз, шарды бояңыз). Сөйлеу тілін дамыту жұмысы бойынша тек арнайы сөздер мен тіркестерді түсіндіру арқылы жүргізуге болмайды, сонымен қоса, жиі қолданылатын заттар мен ойыншықтар атаулары. Маңыздысы сөздікте етістіктерді жинақтауға беру керек, себебі ол баланың қатынас жасауын қамтамасыз етеді және диалог негізі болады.

Тәрбиеші баланың сөйлеуі арқылы тақырыпқа байланысты сөздік материалды нақтылайды және белсендендіреді. Мысалы, «Аурухана» ойыны кезінде балалар сөз және фраза мағынасын нақтылайды ( ауырып қалды, емдеу, дәрігер дәрі берді, екпе, ине, мақта, сауығу және т.б.). Бұл материал басқа сабқтар бойынша таныс болуы мүмкін (айналамен таныстыру, сөйлеу тілін дамыту).

Сондай-ақ, әрекет барысында баламен қатынасты ұйымдастыруға қажетті материал алдын ала жоспарланады. Мұнда балаларды ұйымдастырумен байланысты сөздер мен фразалар алынады (Отырыңдар маған қараңдар, кім жоқ? Анар қайда? Қараңдар, ненің суретін саламыз? Анар қарындаштарды тарат. Жанна, қарындаш сұра. Оля қалай салды?). Одан басқа балалардың ересектермен және бір-бірімен қатынас жасауына қажетті фразалар да жоспарланады (Айнұрдан сұра. Жанарға көмектес). Олардың саны әр оқу жылында көбейіп отырады.

Мысалы, кіші топта «Алма» (табиғат суреті) тақырыбындағы сурет сабағы. Мұғалім бұл топқа келесі тілдік материалды беруі мүмкін:

Алманы саламыз. Шеңберге қара.

Бұл алма. Алма дөңгелек. Алма сары. Шұңқыры бар. Құйрығы бар.

Қарындаштарды тарат. Ажардан қарындаш сұра. Сары қарындашты алыңдар. Сурет салыңдар.

Мұқият қара. Ұқыпты. Сен нені салдың? Жанар қалай салды? Жарайсың.

Тәрбиеші әр түрлі сабақтарда сөздік материалға әр түрлі әрекет түрлеріне ортақ және балалардың еркін әрекетінде кеңінен қолданылатын бірдей құрылымды фразаларды алады. Мынадай тіркестер, Сен не істегің келеді? Сен не ойнағың келеді? Сен нені салғың (тұрғызғың) келеді? Қалаймын, (қаламаймын), ұнайды, (ұнамайды), шаршадым, тұрмыста және әр түрлі сабақ барысында меңгеріледі.

Сондай-ақ, тәрбиеші алдын ала қарастырған сабақтарда балалардың жаңа сөзге қажеттілігін туындататын сөздер мен фразаларды қолдануы қажет. Мысалы, «Мереке» тақырыбында сурет салу кезінде бала отшашу салғысы келеді, тәрбиеші сурет желісін түсіндіру үшін қажеттісін енгізеді. Баланың сөйлеуін белсендендіру мақсатында ересекпен байланыс орнату үшін заттың атауын айту қажеттігін қойып, әдейі жағдайлар құрастыруға болады. Мысалы, мұғалім кездейсоқ сурет салу кезінде бір партаға су құйылған құтыны қоймай кетеді. Баланың іс-қимылына қарап, «Мен ұмытып кеттім» деп хабарлайды, балаға «Менде су жоқ, су берші» деп айтуына көмектеседі.

Баланың мұндай әрекет түрлері сюжеттік-рөлдік және қимылдық ойындар сияқты өнер әрекетінің барлық түрі символизацияны қалыптастырумен тығыз байланысты және қиял, ойлау түсініктерінің жоғарғы даму деңгейін ұсынады. Бұл әрекет түрінің символдық сипаты ойында заттың атын өзгерту қабілетін қалыптастырумен байланысты. Яғни, атауларын басқаша айту (текшені үтік деп, бос қорапты теледидар деп атау), қиялындағы сөзді айту, шартты қозғалыс көмегімен берілетін символдық әрекеттер («Қоныс» ойынында ауыр заттарды ауыстыру). Сондықтан ойын және өнер әрекеті аумағында мамандар (А.А.Венгер, Г.Л.Выгодская) балаларда заттар туралы дәл, нақты түсініктер қалыптастыруға ерекше мән береді.

Мұндай талаптар өнер әрекетіне де қатысты: нақты түсініктер қалыптастыру қажеттілігі ауызша нұсқау бойынша бейнелеу негізінде жатыр, әсіресе олар сурет салу, пішіндеу, жобалау түсініктері бойынша өте маңызды. Бұл екі жақты процесс: бір жағынан, жақсы меңгерілген сөздің мағынасы суреттегі заттар мен оқиғаның дәл ауысуын жүзеге асырады, ал екінші жағынан, сурет салу нұсқауды, сипаттаманы, мәтінді қолдану арқылы бақылау құралы бола алады.

Ойынға, сурет салуға және басқа да өнер әрекетіне, еңбекке оқыту кезінде, дене және музыкалық тәрбие процесінде балаларды ауызша сөйлеу тілін қолдануға үйрету керек. Оларға қарапайым диалогтарды, бір-бірімен сөйлесуге, тілегі мен өтінішін білдіруге үйрету керек.

Пайдаланылған сөздік материалдың көлемі, мазмұны және құрылым деңгейлері оқыту кезеңіне, қабілеті мен әрекет дағдыларына тәуелді. Тілдік құрылымның күрделілігі мен сипаты сөйлеу тілін дамыту бағдарламасы талаптарымен анықталады. Тәрбиеші сурдопедагогпен бірге сөйлеу тілін дамыту бағдарламасының талаптарын ескере отырып, балалар әрекет барысында қай кезде тек тәрбиеші сұрағына жауап береді, ал қай кезде өздері өтініш білдіреді, сұрақтар қояды, орындалатын жұмысты алдын ала жоспарлау керектігін шешеді.

Әр кезеңде ойын, жобалау, сурет салу сюжеті дами түседі, сөздік қорын байыту қажеттілігі, тілдік қатынас дағдылары қойылады. Егер сөздік материал өз уақытында әрекет барысына енбесе, онда ойын, сурет салу, жобалау деңгейі төмен боп қалады, бағдарлама талаптарына сәйкес келмейді.

Ойын барысында, өнер әрекетінде, орындалан еңбек әрекеттерінде балалар қолданылған заттар мен ойыншықтарды, орындалған және орындалатын іс-шараларды атай алуы, сұрақтарға жауап бере алуы керек. Өнер әрекеттері бұл: Сен нені саласың (тұрғызасың, пішіндейсің)? Қандай алма (алмұрт, матрешка, машина) түсі (формасы, көлемі) бойынша? Қандай түсті қарындаш керек? Сен не салдың? Анарда қандай сурет? және т.б. Ойында бұл сөздік құрылым: Сен не ойнағың келіп тұр? Сен кіммен ойнағың келіп тұр? Сен кіммен бірге болғың келеді? Сенің рөлің қандай? Ойынға не керек? Милиционер не істейді?

Баланың деңгейіне және оқыту кезеңіне сай сөздік материал ауызша, жазбаша және ауызша-дактильді формада беріледі. Жақсы таныс жеке сөздер мен тіркестер естуге беріледі. Балалар іс-әрекеті кезінде қолдануды, ұсынылған сөздер мен фразаларды түсінуді қамтамасыз ету маңызды.

Ұсынылған сөздік материал бала әрекетін түсінуін және дамытуын жүзеге асыра алуы керек. Бірақ түрлі әрекет түрінде сөйлеу тілін дамыту жұмысының үлкен маңыздылығына қарамастан, ойынның, сурет салудың, дене тәрбиесінің барлық жағын ұсынбауды естен шығармау қажет. Мұндай жағдайда сөйлеу тілін дамыту сабақтарында ойын мен сурет салу балалар үшін өз тартымдылығын жоғалтады.

Сондықтан, бала әрекетінің түрлері сабақ түрінде немесе еркін түрде ұйымдастырылады. Баланың сөйлеу тілімен тығыз байланыста қалыптасады және дамиды. Жаңа сөздік материалды қатынастың түрлі шартында белсендендіру тәрбиеші қызметінің маңызды бағасы болып табылады.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!