Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Тұрмыста сөйлеу тілін дамыту



Мектепке дейінгі мекемелердегі уақыттың көп бөлігі режимдік сәттерді өткізуге арналады. Күні бойына шамамен 7 сағат бойы тұрмыстық әрекеттермен айналысады, мысалы, балаларды ұйқыдан ояту, таңғы жаттығу, таңғы ас, түскі ас, бесіндік ас, кешкі ас, серуен, ұйықтауға дайындалу және т.б. Балалардың тәрбиешімен қарым-қатынас негізінде олар мінез-құлық қалыптарын меңгеріп, өз-өзіне қызмет көрсетудің қарапайым дағдыларын қалыптастырып, балалардың қоршаған орта туралы түсініктері кеңейе түседі. Бала жүйелі түрде қатысатын тұрмыстық жағдайлар олардың сөйлеу тілінің сезімдік базасын қалыптастыруға негіз болады. Бұл жерде жаңа сөзбен танысу оны әр түрлі қарым-қатынасты құрылымға қосу бір уақытта әрекетті орындаумен, шынайы заттарды зерттеумен қатар жүреді. Осы арқылы олар заттың қасиетімен, оны пайдалану жолдарымен танысады.Баланы жуынуға, тамақтануға, киінуге үйрету арқылы ересектер осы әрекеттерді білдіретін сөздер мен сөйлемдерді хабарлап отырады.

Тәрбиешінің жұмысы дұрыс ұйымдастырылған кездекүнтәртібін орындаумен байланысты барлық жағдайларжаңа сөзбен танысудың, оның мағынасын байыту мен нақтылаудың, балалардың белсенді сөздік қорына қосудың негізі бола алады.

Балалар ұжымын әр түрлі тұрмыстық жағдайларды ұйымдастыру кезінде тәрбиешілер ауызша сөйлеу тілін қолданады. Ауызша сөйлеу барысында керекті заттардың атын, қасиеттері мен сапасын, балалардың іс-әрекеттерін бағалап, оны сипаттайды. Жалпы сөйлеу барысында күн тәртібінің мазмұнына сай жеке сөздер мен тапсырмалар, балалардың есте сақтауы үшін ерекшеленіп тұрады. Бұл сөздік мәлімет жазбаша түрде неғұрлым шағын көлемде беріледі. Жазбаша түрдегі сөздер мен сөз тіркестерінің саны күн тіртібін орындауға бөлінген уақыттын көп бөлігін алмауға тиіс.



Тұрмыстық жағдайларда қолданылатын сөздік материалдарды жинақтауда тәрбиеші алдын-ала сурдопедагогпен бірге ақылдаса отырып жасайды. Бұл мәліметтер кестеде көрсетіледі. Балалар киінетін, жуынатын, ұйықтайтын, тамақтанатын орындарда нақты өтіп жатқан үдеріске байланысты сөздер, тапсырмалар, хабарламалар, сұрақтар жазылған тақтайшалар ілініп тұрады. Бұл тақтайшадағы сөздер мен сөйлемдер меңгерілуіне байланысты ауыстырылып отырады. Жазбаша түрде берілген сөздік материал міндетті түрде оқылуы керек. Ауызша дактильді сөйлеу тілін меңгерген естімейтін мектеп жасына дейінгі жоғарғы жастағы балаларға тұрмыста меңгеруге қажетті сөздік материалды ауызша дактильді түрде хабарлап нақтылауға болады.

Сөздік материалды таңдау, оны көрсетудің жолдарын жоспарлау кезінде тәрбиеші сөйлеу тілін дамыту бағдарламасының талаптарына негізделетін сурдопедагогтың ұсыныстарын басшылыққа алады.

Сөздік материалдарды таңдау оны қолдану жағдайларымен тығыз байланысты. Тәрбиеші сөз бен сөйлемдерді бір деммен толық меңгертуге тырыспайды.

Бір сөз бен сөз тіркесін бір жағдайда тұрақты түрде қолдану балалардың оның жақсы есте сақтауын және әр түрлі сөйлемдердің құрылымында түсінуіне мүмкіндік береді. Ары қарай бұл материалдарды меңгеру деңгейі оны әр қилы әрекет түрлері орындалатын сабақтарда қолдану арқылы, айналамен танысу барысында, сөйлеу тілін дамыту бойынша арнайы сабақтарда жоғарылай түспек. Кейде тәжірибеде сөздікті табиғи емес түрде «тәрбиешілік» және «педагогикалық» болып бөлу бақыланады. Бұл сөздік материалдың қолдану аясын алдын-ала тарылтады. Бір сөзді дұрыс пайдалану үшін оны тұрмыста да, әр түрлі сабақтарда қолдану керек.



Балалардың әрекетінің мазмұнын ескере отырып тәрбиешілер сөздің мағынасын ашуда әдістемелік амалдар қолданады. Сол арқылы сөздің негізінде тұрған нақты көрнекілік елестетулерін қалыптастырады. Педагог жаңа сөзді енгізуде балаларға затты көруге, мүмкіндігінше ұстап көруге, оны қалай қолданатынын көрсетуге барынша жағдай жасайды. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балаларды жуыну барысында сүлгімен таныстыру кезінде алдымен, тәрбиеші оны көрсетеді, атын атайды («сүлгі»), барлық ұзындығымен жайып көрсетеді, балаларға ұстап, оның жұмсақтығын сезініп кқруге ұсынады; содан соң қалай пайдалану керектігін көрсетеді. Кейін балалар өз сүлгілерін алып, қолдарын сүртеді. «Сүлгі» сөзі бар тақтайша тиісті заттың қасына ілініп, балалар мен педагогтар бірге оқиды. Ары қарай осы затты қолдану гигиенасы мен осы затпен байланысты жағдайларда қарым-қатынасқа түсе алуы үшін педагог балаға «сүлгі» сөзімен байланысты сөйлемдерді қолданады («сүлгіні ал», «сүлгі қайда?», «сүлгі құлап қалды»). Бұл сөздерді орынды және нақты жағдайларда қолдану керек. Сөзді меңгертудің кезектілігі, оны лексикалық жағынан толықтырып отыру оқытудың кезеңдеріне, мектеп жасына жасына дейінгі баланың жасына және сөйлеу тілі дамуның деңгейіне байланысты.

Режимдік кезеңді өткізу кезінде енгізілетін сөздік материал келесідей болуы керек:

• Режимдік үдерісті өткізу міндеттеріне сай әрі балалардың өзара және ересектермен қарым-қатынасы үшін өзекті болуы керек;

• Құрамына түрлі грамматикалық категориялар (зат есім, етістік, сын есім , үстеу және т.б) кіретін коммуникативтік құрылымдарды (тапсырма, хабарлама сұрақтар, теріске шығару) қосады;

• Қарым-қатынастың әр түрлі жағдайларын қайталаумен қамтамасыз етілуі керек.

Ереже бойынша, тәрбиешілер бір топпен оқу кезеңінің барлық ағымында немесе бірнеше жан жұмыс жасайды. Топтың тәрбиешілерінің сөйлеу тілін дамытуды сурдопедагогпен жүзеге асыру арқылы тәрбиеші жұмыстың әрбір келесі кезеңінде тұрмыста қолданылатын материалдардың көлемін кеңейтеді, сөйлемнің лексикалық құрамы мен грамматикалық қиындығын байыта түседі. Балалардың әр жолдағы әр жолдағы бір жағдайға байланыстыс мөз саптауы әрқилы көрінеді. Мысалы, төменгі топтарды серуенге жинау кезінде тәрбиеші келесі сөздер мен сөйлемдерді қолданады: серуендеуге барайық. Киінеміз. Отырыңдар. Кеудешелеріңді (шалбарларыңды, етіктеріңді, бас киімдіріңді, сыртқы киімдеріңді) киіңдер. Айша, сен бас киіміңді дұрыс кимедің. Шеш. Мен көмектесейін, жарайсыңдар, тез киініңдер. Серуендеуге барыңдар.

Жоғарғы топтарда осы жағдайдағы сөз саптау басқаша көрінеді: Бүгін сабаққа серуендеуге барамыз. Тезірек киіну керек. Аяқ киімдеріңді киіңдер. Алеша, дұрыс емес. Сен аяқ киімдерді шатастырып алдың. Таня, сенің бас киімің қайда? Марина, жарайсың, бірінші болып киіндің. Дима, күртешеңді түймеле. Сенің түймең түсіп қалыпты. Кешке түймеңді тігеміз, мен саған көмектесемін. Барлығың киіндіңдер ме?

Тұрмыстық әрекетте мағынасы жағынан әртүрлі деңгейде көрінетін сөздер қолданылады. Кей жағдайларда бұл нақты мағынаны (көйлек, аяқ киім) білдірсе, ал кей жағдайларда жалпылау деңгейінде (жұмыс істеу, жуыну, киіну, киім, заттар) болады. Жалпылау деңгейі жоғары сөздердің мағынасын ашу кезінде осы сөзде көрінетін жалпылаудың нақты әрекетпен ұштастырылады. Мысалы, «жуыныңдар» сөзінің құрылымымен балаларға көрсеткенде, тәрбиеші бернеше әрекет түрін көрсетеді: суды ашу, сабынды алу, қолды жуу, қолды сипалау, бетті сабындау және т.б. Бастапқыда барлық әрекеттер бір «жуыну» сөзімен жалпыланады да, ал кейінгі жолдары сөздің мағынасы нақтылана түседі, яғни балаларға нақты әрекеттер хабарланады. Мысалы, жұмыс істейді сөзінің жалпылама мағынасы бірте-бірте ашыла түседі. Төменгі топтарда оның көмегімен көптеген мамандық пен әрекеттер сипатталады: қайнатады, соғады, жинайды. Ал жоғары жастағы балалармен күтушінің, аспаздың, аула сыпырушының әрекетін бақылай отырып, тәрбиеші оларды нақтылайды: «Күтуші жұмыс істейді. Ол еден жуады».

Режимдік іс-шараларды орындау барысында балалардың танысатын сөздері мен сөз тіркестерінің тек бір бөлігі ғана алдын-ала бағдарлануы мүмкін. Шектеусіз қарым-қатынас барысында әр түрлі режимдік кезеңдерді өткізу кезінде мақсатты түрде жаңа сөздер мен сөйлемдерді енгізуге болатындай жағдай ұйымдастырылады (су ішкім келеді, шаршадым, жоғалтып алдым, ұмытып қалдым, ренжіттім, ұрдым және т.б.). Көп жағдайда мұндай жаңа сөздерді енгізерліктей жағдайлар алдын ала жоспарланбайды. Қалыптасқан жағдайды пайдалана отырып, тәрбиеші жаңа сөздер енгізеді. Мысалы, балалар серуеннен келген кезде жылап отырған күтушіні көреді. Олар тәрбиешіден не болғанын анықтауға тырысады. Тәрбиеші оларға Катя әпкенің көңіл күйі оның қызы ауырып қалуының себебінен екендігін түсіндіреді. Осы жердегі «көңіл-күйі түсіңкі» сөзі жазылып, балаларға оқытылып, қайталанады. Осылайша ол балалардың сөздік қорына белгілі бір жағдайды түсіну үшін енсе, содан соң белсенді сөйлеу тіліне ауысады. Ортаншы топтағы балалардың сөздік қорыту басқа жағдайда «төбелесті» сөзі енгізіледі. Бір қыз тәрбиешіні қолынан ұстап терезеге апарып, одан сыртта екі баланың төбелесіп жатқанын жестпен көрсетеді. Балалар сөздік мимикалар мен жесттің көмегімен оларлдың әрекеттерін үлкен қызығушылықпен талқылап, солардың қимылын салды. Бұл жағдайда «төбелесті» сөзінің мағынасы ауызша және жазбаша түсіндірілетіндіктен, балаларға түсінікті болды.

Бірде серуен барысында балалардың назары көрікті құсқа ауады. Тәрбиеші құстың қимылын бақылай отырып, былай дейді: « Бұл құс сауысқан деп аталады. Ол нанды шұқып жатыр». Балалардың эмоциялық көңіл-күйіне әсер ететін ерекше жағдай сөз бен сөйлемнің жақсы меңгерілуәне оңтайлы жағдай жасайтынын ескеру керек. Осындай алдын ала жоспарланбаған жағдайда енгізілген сөз бен сөйлемдердің ұмытылып кетпеуі үшін тәрбиеші осы жағдайға байланысты суреттерді қарап, мәтіндерді оқып, үнемі қайталап отыруы керек.

Тұрмыста тәрбиеші жаңа сөздерді енгізіп қана қоймай, әр түрлі жағдайда сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді. Ол шынайы жағдайларда балаларға қалай сәлемдесу, қоштасу, кешірім сұрау, алғыс айту керектігін көрсетеді. Алайда балаларға көрсетіп қана қоймай, оларды таныс және таныс емес адамдармен сөздік қарым-қатынас орнатуды үйретіп отыру керек. Бастапқыда балалар мұны ересектердің нұсқауымен жасайтын болса, кейіннен өздігінен осы қалыпты сақтайтын болады.

Тұрмыстық әрекетті ұйымдастыру кезінде тәрбиеші ең алдымен балалардың күн тәртібінің орындалуына, өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларының қалыптасуына көңіл бөледі. Ал сөйлеу тілі өз кезегінде әрекетті ұйымдастырумен байланысты болып, соған бағынады. Сондықтан да күн тәртібін ұйымдастыру барысында сөздер мен сөз тіркестерін көп мәрте қайталаудың қажеттілігі жоқ. Мысалы, түскі ас барысында балаларды тамақтың атауын атаңдар деп бөлудің, назар аударудың қажеті жоқ. Әр түрлі тұрмыстық жағдайда қолданылатын сөздік материал бұл кезеңде өңделу кезеңіне дейін жеткізілмейді. Мұны ары қарай басқа да сабақтар барысында меңгеріп, күрделендіріледі.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!