Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Сөйлеу тілін дамыту әдістемесінің ғылыми негіздері



Пәннің мақсаты мен міндеті

Мектепке дейінгі тәрбиелеу баланың алғашқы жылдарынан бастап мақсатқа бағытталған тәрбиелеу үрдісін жүргізуге негізделеді. Есту қабілеті зақымдалған мектеп және мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, дамыту бала өмірінде өте маңызды орын алады. Берілген курс болашақ сурдопедагог мамандарды есту қабілеті зақымдалған мектеп және мектепке дейінгі балалардың даму заңдылықтарымен таныстыра отырып, оқытуға тәрбиелеу, дамыту мәселелерін қарастырады.

«Есту қабілеті зақымдалған мектеп және мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту әдістемесі» пәнінің мақсатыстуденттерді мектепке дейінгі сурдопедагогика негіздерімен таныстыру, мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған балалардың арнайы мектепке дейінгі мекемелерде оқыту, тәрбиелеу және дамыту мәселелеріне қатысты білімдерді меңгерту болып табылады.

«Есту қабілеті зақымдалған мектеп және мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту әдістемесі» пәнінің негізгі міндеттеріне:

- аталған пәннің ғылыми –теориялық негізін меңгеру;

-есту қабілеті зақымдалған мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту бойынша мақсатқа бағытталған, кешенді жұмысты жоспарлау және жүзеге асыру;

-студенттер мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту және тәрбиелеу әдістері мен формаларын меңгеру жатады.

«Есту қабілеті зақымдалған мектеп және мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту әдістемесі» пәнін оқу нәтижесінде студент білуі керек:

- есту қабілеті зақымдалған мектеп және мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту әдістемесі пәнін, міндеттерін;

- есту қабілеті зақымдалған мектеп және мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктерін;

- есту қабілеті зақымдалған мектеп және мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу әдістері мен формаларын;



меңгеруі керек:

- есту қабілеті зақымдалған мектеп және мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруды;

- есту қабілеті зақымдалған мектеп және мектепке дейінгі балаларды мақсатқа бағытталған, кешенді оқыту, тәрбиелеу және түзету жұмысын жоспарлау және жүзеге асыруды;

- өз практикасында теорилық білімдерін қолдануды.

ПРЕРЕКВИЗИТТЕР ТІЗІМІ

Пән атаулары, олардың бөлімдері (тақырыптар)
Есту қабілеті зақымдалған балаларды тілге оқыту әдістемесі
Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру әдістемесі

 

Сөйлеу тілін дамыту әдістемесінің ғылыми негіздері

Сөйлеу тілін және тілді меңгеруді зерттейтін әр түрлі ғылым өкілдері, сөйлеу тілін дамытудың теориялық негізі болатын түрлі тұжырымдар айтқан. Соның ішінде Л.С.Выготскийдің психологиялық теориясын қарастырайық.

Л.С.Выготский мен оның ізбасарлары ұсынып кеткен психиканың іс-әрекеттік детерминациясы туралы ойы, педагогика үшін өте маңызды. Мысалы, ол баланың психикасының дамуының табиғи және мәдени (табиғи және тарихи, биологиялық және әлеуметтік) ұғымдарын ажырата отырып, олардың сөздерді меңгеруімен және сол арқылы басқа адамдармен қатынасымен байланысы арқылы түсіндіреді. Сөзбен қатысты процесті әлеуметтік деп санап, сөйлеу тілін меңгерумен байланысты мінез – құлықтың сигнификациясы деген ұғымды енгізді. Л.С.Выготскийдің психологиялық концепциясының ядросы тілдік белгілердің жанама функциясы туралы тезисі болып табылады. Тілдік белгілердің көмегімен адам өзіне әрқашан қоршаған орта туралы және қоршаған заттардың қоршаған ортамен байланысы және қатынасы туралы есіне алып жүреді. Л.С.Выготский сөздердің мағынасын лексикалық тұрғыдан ғана қарастырмайды, басқа мағыналар мен байланысы арқылы анықталады. Сондықтан да, мағыналарды меңгерудің дамуы әр кезеңмен анықталады, ол адамның жас ерекшелігімен ғана байланысты емес, оқыту процесіне және сол мағыналардың оқыту процесіне ұғымдар жүйесіне енуіне де байланысты. Ол ойлау кезінде сөздері әр түрлі тәсілдермен қолдануда көрінеді. Оқыту барысында жазбаша сөйлеуді, грамматиканы және ауызша сөйлеуді меңгеру арқылы жүзеге асады.



Психологиядағы іс-әрекет теориясына сүйене отырып, бұл мәселені балаларды оқытуда жасерекшелікті ескеру деп қана қарастыруға болмайды. Сонымен қатар, заттық және сөйлеу іс-әрекетін бірге ұйымдастыруды да ескеру қажет. Қазіргі заманғы психолингвистиканың тілді үш аспектіде: тілдік материалдар, сөйлеу іс-әрекеті және сөйлеу тіл жүйесі деп қарастыратын модельде осы мәселеге анық тоқталған.

Бірінші аспектісі – сөйлеу іс-әрекеті, бұл жерде сөйлеу мен түсіну процесін қарастырылған. Л.В. Щерба сондай-ақ, түсіну процесі белсенділігі жағынан сөйлеу процесінен еш кем емес екенін көрсеткен. Л.В.Щербаның ойынша, «адамның бұл механизимі, сөйлеуін ұйымдастыруы сөйлеу тәжірибесінің суммасымен (сөйлеу және түсіну) теңестірілмеуі керек .

Екінші аспектісі – тілдік жүйе деген. Тілдік жүйеге сөздік пен грамматиканы енгізген. «Дұрыс құралған сөздік пен грамматика тілдік білімін көрсетіп тұру керек» деген. Сонымен қатар, тілдік жүйе жеке тұлғаның сөздік қорына байланысты деген.

Үшінші аспектісі – тілдік материалдар. «Бұл жеке адамдардың іс–әрекеті емес, барлық айтылған мен түсінгендердің жиынтығы». Сөйлеу іс–әрекеті мен тілдік материалдар арасының қатынасы мынадай: сөйлеу іс –әрекеті тілдік материалдарды жасайды. Лингвистер тілдік материалдардан тілдік жүйені шығарады. Сөйлеу іс–әрекеті тілдік материалдарды жасай отырып, тілдік жүйенің өзгеруіне әкеледі. Сондықтан да, сөйлеу тілінің үш аспектісі де тығыз байланысты.

Кез келген оқытудың мақсаты, баланы қоғам ұсынатын талаптарға бейімдеу. Бұл мақсаттың әмбебаптығы, ол баланың жасы мен білім деңгейіне байланысты өзгермейді. Белгілі бір жасқа келген бала, осы жасқа сай қоғамда бекітілген талаптарға сай болуы тиіс. Кез келген баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жас ерекшелік нормаға жету.

Сөйлеуді дамытудың психолингвистикалық негіздеріне талдау жасасақ, онда психолингвистика және нейролингвистика саласындағы авторлар Л.С.Выготский, А.Р.Лурия, А.А.Леонтьев және т.б. жасаған сөйлеуді тудырудағы бұзылыстарды анықтауға бағытталған.

Қазіргі ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде онтогенездегі және дизонтогенездегі сөйлеуді шығару және қабылдау кезеңдерінің қалыптасу үрдісі толық қарастырылмаған. Осыған байланысты бұл зерттеуде біз, әдебиеттердегі мәліметтерді талдауға, өз бақылауымыз бен тәжірибемізге сүйене отырып, бірқатар тұжырымдамалар жасадық. Біз өз зерттеуімізде қолданатын тілдік қабілет және тілдік іс – әрекет ұғымдарына түсінік беріп кетейік.

Тілдік іс–әрекет деп, біз белгілі бір тілге жататын, тілдік бірліктер және солардың көмегімен айтылған сөздердің мағынасын дұрыс түсіну үшін қызмет ету заңдылықтарының жиынтығын меңгеру үрдісін түсінеміз.

Тілдік іс –әрекеттің онтогенезде бірнеше ерекшеліктері бар: тілдік бірліктерді меңгеру кезеңдерінің қатаң сақталуы: нақтылықтан абстрактілеуге, жаппайдан дискреттікке ұмтылу .

Тілдік іс – әрекет қалыптасу барысында бала тілдік қабілеттілікті игеруі тиіс. Д.И.Слобиннің ойынша, тілдік қабілеттілік туа пайда болған қасиет дейді. Ал басқа ғалымдардың ойынша (А.М.Шахнарович, Н.М:Юрьева), баланың бірлескен әрекеті және қоршаған ортамен қарым қатынасы нәтижесінде қалыптасады дейді. Есту қабілеті зақымдалған балаларды бақылау кезінде біз, баланың тілдік қабілеті өте күрделі екенін, туғанға дейінгі алғышарттарының болуы тілдік жүйені меңгеруге жағдай жасайтынын және осы қабілетті белгілі бір оптимальды кезеңде дамытып, жүзеге асыру керек екенін байқадық. Тілдік қабілеттің дамуының жеткіліксіз болуы, мәселен, ерте естімей қалғандығы салдарынан, тілдік бірліктерді меңгеруіне кері әсерін тигізеді. Бұл өз кезегінде тілдік іс - әрекеттің қалыптасуын бұзады.

 

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!