Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Рлық суының су теңдестігі жөніндегі ілім және олардың басқа ғылымдармен байланысы



СУ ТЕҢДЕСТІГІ ЖӨНІНДЕГІ ІЛІМНІҢ НЕГІЗІ

 

рлық суының су теңдестігі жөніндегі ілім және олардың басқа ғылымдармен байланысы

Түгелдей жер бетінде және оның бөліктерінде – мұхитта, құрлықта немесе оның жекелеген учаскелерінде Күн әрекетінен және басқа да факторлар әсерінен әртүрлі физикалық қаситеттерге – тығыздыққа, температураға, ылғалдылыққа және т.б. ие ауа массаларының үздіксіз циркуляциясы жүреді. Ауа массаларының циркуляциясы мұхит айдыны мен құрлық арасындағы, сондай-ақ мұхиттың немесе құрлықтың жекелеген учаскелері арасындағы ылғал айналымын қамтамасыз етеді. Ылғал айналымын 3-ке бөлуге болады: 1) дүниежүзілік – тұтастай жер шары бетіне арналған; 2) жергілікті мұхиттық – бүкіл мұхит айдынына немесе оның бөліктеріне арналған.; 3) жергілікті құрлықішілік – тұтастай құрлық бетіне немесе оның қандай да бір учаскесіне арналған.

Ылғал айналымының осы категорияларының әрқайсысы су теңдестігінің өзіндік құрылымымен сипатталады. Су теңдестігінің теңдеуі материя мен энергияның сақталу заңынан бастау алады. Бұл заң бойынша қарастырылып отырған кезеңде қандай да бір аумақтың (учаскенің) шегіне келіп түскен су мөлшері қарастырылып отырған аудан ішіндегі ылғал қорының өзгерістері ескеріле отырып, осы аумақтың (учаскенің) шегінен шыққан су мөлшеріне тең болуы керек. Көп жылдық кезеңге арналған су теңдестігінің теңдеуі төмендегідей болып жазылады:

 

П - Р = 0, (1)

 

ал, біршама қысқа уақыт аралығына

 

П - Р = ± S, (2)

 

мұндағы П – қарастырылып отырған аумақ (учаске) шегіне келіп түскен әртүрлі сулардың жиынтық кірісі;



Р – белгілі бір аумақтан (учаскеден) шығатын судың жиынтық шығыны;

S – қарастырылып отырған аудан ішіндегі ылғал қорының өзгерістері («оң» белгі – жинақталу, «теріс» белгі – судың аудан ішіндегі шығындалуы).

(2) теңдеу кез-келген уақыт аралығы және кез-келген көлем үшін ыңғайлы.

Су теңдестігі құрылымының әртүрлі болып келуі жер бетінің әртүрлі учаскелерінің Күн арқылы біркелкі қызбауына, атмосферадағы циркуляциялық процестердің үлкен айырмашылықтарына, сондай-ақ түсетін жауын-шашын, олардың булануы және ағынды мөлшерінің айтарлықтай әркелкілігін қалыптастыратын басқа да факторларға тәуелді. Мысалы, Сахараның орталығында жауын-шашын мөлшері өте аз және оның бәрі буланып кететіндіктен, өзен ағындысы болмайды. Үндістанда, Черапунджи ауданында жауын-шашынның жылдық жиынтығы шамамен 12,5 мың мм-ді құрайды, соның 1,5 мың мм жуығы буланып, 11 мыңға жуығы өзендерге құйылады. Яғни, құрлықтың қарастырылып отырған аудандарындағы су теңдестігінің құрылымы бір-бірінен мүлде өзгеше – Сахарада ағынды 0 %-ке тең болса, Черапунджиде жауын-шашын жиынтығының 88 %-тін құрайды. Сонымен қатар, Сахарада ылғалдың жоқтығы булануды шектеп, ағындыға жол бермейді, ал Черапунджиде ауа ылғалдылығы мол, булану жылу қорларымен шектеледі. Қиыр Солтүстік жағдайында жауын-шашын мөлшері өте көп болса, булану жылу қорларымен шектеліп, ағындыға жауын-шашынның 30 %-тен аса мөлшері беріледі.



(1) және (2) теңдеулерде су теңдестігі теңдеуінің кіріс құраушыларына жауын-шашын, жер беті және жер асты суларының құйылуы сияқты негізгі элементтермен қатар, атмосфера су буының конденсациялануы нәтижесіндегі ылғал мөлшері, терең артезиан суларының келуі, сондай-ақ биохимиялық процестердің нәтижесінде түзілетін сулар және т.б. сияқты қосалқы элементерді де жатқызуға болады. Шығыс құраушыларына жер беті және жер асты суларының ағып кетуі және буланумен қатар, терең жер асты горизонттарының толысуына шығындалатын сулар мен жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік етуіне жұмсалатын суларды және т.б. жатқызса болады. Қарастырылып отырған контур ішіндегі ылғал қорларының жалпы өзгерісі топырақ грунттарындағы, өзен арналарындағы, көлдер мен су қоймалардағы, батпақтар мен басқа да құрлық бетіндегі тұйық нобайындағы сулардың жинақталуы мен шығындалуына тәуелді.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап адамның табиғи, соның ішінде гидрологиялық процестерге белсенді әсер етуінің нәтижесінде қазіргі уақытта су теңдестігі теңдеуіне су қорларына адамның шаруашылық әрекетінің тигізетін әсерін көрсете алатын қосымша элементтерді кіргізу қажеттілігі туып отыр. Мұндай элементтерге: ағындыны бұрып әкету, қарастырып отырған құрлық учаскесінің шегінде жер беті және жер асты суларын алу мен су қашырту, гидротехникалық имараттар арқылы ағындының жасанды реттелуі және басқалары жатады. Сол себептен де су теңдестігі теңдеуі бір-бірінен абсалюттік шамасы бойынша, сондай-ақ су теңдестігін қалыптастырудағы маңызы бойынша ерекшеленетін өте көп элеметтерден тұруы мүмкін. Дегенмен, көптеген зерттеушілердің пайымдауы бойынша, су теңдестігі теңдеуін оған көптеген мүшелер енгізу арқылы шектен тыс айқындаудың қажеттілігі шамалы, өйткені олардың кейбіреуі сандық бағалауға келмесе, кейбіреуі, тіпті, су теңдестігі есептеулері кезінде ешқандай маңызға ие де болмайды. Сонымен, құрлықтың су теңдестігі теңдеуін шешудің басты міндеті, ең алдымен, теңдеудің кіріс, шығыс және жинақтаушы бөліктерінде маңызды роль атқаратын құраушыларын дәл анықтау дәрежесіне келіп саяды.

Қазіргі уақытта су теңдестігі зертеулері мен есептеулері үлкен маңызға ие, өйткені судың бар болуы өнеркәсіп, ауыл шаруашылық және көлік дамуына, адамдардың қоныстануы мен олардың шаруашылық әрекетіне әсер ететін басты факторлардың бірі болып табылады. Жылдан жылға су тұтыну өсіп келе жатқандықтан, су факторының ролі адам қоғамының экономикалық және әлеуметтік дамуында үздіксіз артуда.

Су теңдестігін зерттеу, аумағы Еуразия континентінің түкпірінде орналасқан және солтүстік жарты шардағы құрғақ, аридті облыстарға жататын, әсіресе, Қазақстан үшін маңызды. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, республикамыздағы жер беті және олармен байланысты жер асты суларының жиынтық көлемі жылына 110-110 км3 құрайды, олардың 50 %-ке жуығы біздің еліміздің аумағында қалыптасса, су қорларының қалған бөлігі көршілес мемлекеттер аумағынан (Қытай, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан) келіп түседі. Осыған байланысты Қазақстан үшін бүгіннің өзінде ең маңызды мәселе мемлекетаралық өзендер мәселесі: көршілес мемлекеттерден келетін өзен ағындысының азаюы, ең соңында, еліміздегі су қорларының айтарлықтай сарқылуына алып келеді.

Кез-келген аумақ су ресурстарының нақты көлемінің және олардың антропогендік өзгерістерінің ғылыми негізделген бағасын тек су теңдестігі әдісі негізінде ғана беруге болады. Бұл, өз кезегінде, өзен алаптарындағы экологиялық өзгерістерді болжауға, сондай-ақ су және жер ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі шараларды жоспарлауға жағдай жасайды.

Су теңдестігі зерттеулері құрлық гидрологиясын (жер беті сулары) гидрогеологиямен (жер асты сулары), метеорологиямен (атмосфералық сулар), экология және географиямен (қоршаға орта) және басқалармен тығыз байланыстырады, сонымен қатар табиғи сулардың бірлігі және олардың географиялық ортамен байланысы жайлы ғаламдық идеяны жүзеге асырудағы маңызды қадам болып табылады. Сонымен қатар, тәжірибелік жұмыстарды жүргізу кезінде гидрологияның топырақтанумен, мелиорациямен, гидротехникамен, гидроэнергетикамен, сондай-ақ ауыл, балық және су шаруашылықтарымен тікелей байланысы байқалады. Алынған ақпаратты статистикалық өңдеуден өткізу қолданбалы математикамен тығыз байланысты.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!