Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Банктік ақпараттық жүйелер



Банктік ақпараттық жүйелер (БАЖ)- бұл жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану негізінде банкті ұйымдық басқару формасы.

Жаңа нарықтық жағдайда банктік технологияларды автоматтандыру коммерциялық банктер пайда бола бастаған 1990 жылдардан басталды. Банктер жұмысы бүтіндей ел экономикасының жағдайынан едәуір тәуелді. Ел экономикасының біршама тұрақтануы 2003 жылдан бастап қазақстандық банктердің дамуын, банктер арасындағы бәсекелестіктің күшеуін қамтамасыз етті. Қазіргі банктік қызмет нарығына тән ерекшелік: банктер универсализациясы және клиенттер үшін күрес. Қызмет тиімділігін арттыру мақсатында банктер IT-технологияларға қомақты қаржы салуға мәжбүр.

«Диасофт» компаниясының(банктер үшін программалық өнімдер шығаратын ресейлік өндірушілер арсындағы лидер) мәліметтері бойынша орта есеппен әрбір банк бес жылда бір рет не БАЖ ауыстырады, не жаңа версияға көшеді. Бұл жағдай біріншіден, технологияны жетілдіруге және жаңа бизнес түрлеріне ынталандыграды, екіншіден стратегияны таңдаудағы өндірушілердің кешіліктерін табуға ықпал етеді.

Жалпы, соңғы үш жылда қаржылық программалық өнімдерді сату нарығы автоматизация облысындағы өз міндеттерін үнемі күшейтіп келе жатқан ірі, белсенді дамушы банктер есебінен екі есе өсті.

Бүгінде нарықта отандық және шетелдік өндірушілердің программалық өнімдері ұсынылған, олар бір бірінен құны және функциялары бойынша айрықшаланады.

БАЖ нарығында әртүрлі программалық өнімдер өндіретін 20 шақты БАЖ өндіруші-фирмалар бар. Өндірушіні таңдау кезінде банктік қызметті автоматтандыру сферасындағы компанияның жұмыс тәжірибесіне сүйену қажет. Өндіруші компанияның программалық өнімдерінің нарықтағы қажеттілік (сұраным) көрсеткіші ретінде осы өнімдерді сатып алған банктер санын айтуға болады.



Қазіргі БАЖ-ғе банктер - пайдаланушылар тарапынан ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік және бақылауоргандары тарапынан да өте қатаң талаптар қойылады. БАЖ өндірушілері өз өнімдерін үнемі өзгеріп отыратын банктік бизнесті жүргізуге қойылатын нормативтік және есептік талаптарға бағыттап отырулары тиіс.

БАЖ банкті басқару құралы болып табылады. Қазіргі БАЖ-ғе қойылатын негізгі талаптарды үшке бөлуге болады:

- БАЖ программалық өнім ретіндегі талаптар - жүйелік-техникалық талаптар;

- Банктік қызметтің спецификасын, банктік операцияларды және оларды орындау технологиясын бейнелейтін арнайы талаптар;

- БАЖ жасау процесін сипаттайтын сапа көрсеткіштері.

БАЖ программалық өнім ретінде қарастырылатын талапты гана қарастырамыз.

2. Функциональдық толықтылық

Функциональдық толықтылық- БАЖ-ң ең басты сипаттамаларының бірі. Күрделі БАЖ ондаған мың түрлі автоматтандырылған функциялар мен банктік операциялардан тұруы мүмкін. Функциональдық толықтылық талабы программалық өнімге берілген функцияны орындауға қажетті барлық программалық компоненттердің кіруі көзқарасы тұрғысынан сипаттайды және жүйенің барлық банктік қызмет түрлерін қамти отырып, банктің ақпараттық қажеттіліктеріне анағұрлым толық сай келу мүмкіндігін білдіреді.



Сатып алынып (жасалып) жатқан БАЖ автоматтандыруы қажетті функциялар тізімін қалыптастыру кезінде тек бүгінгі күннің талаптарын ғана емес, сонымен қатар банктің даму стратегиясы шеңберіндегі мәселелерді де ескеру қажет, яғни қолда бар БАЖ-ға стратегияны бейімдеп өзгерту жағдайына қалмау қажет.

Кешенді тәсіл.Банк қызметінің түрлі сфераларын интеграциялайтын, тек кешенді ақпараттық банктік жүйе ғана қаржылық мекеменің бизнес-процестерін тұтас біріктіруге және толықтай автоматтандыруға қабілетті. Клиенттермен жұмыс, биржалық саудаға қатысу және т.с.с. банктің ішкі шаруашылық қызметімен, бухгалтериямен байланыста болуы қажет.

Жүйе ауқымдылығы(масштабируемость)- бұл жүйенің қойылатын талаптарды кеңейтуге және шешетін міндеттер көлемін арттыруға қабілеттілігі: қызмет көрсететін автоматтандырылған жұмыс орындарының саны, өңдейтін құжаттар саны, сондай-ақ есептеу ресурстарын ұлғайтқан кезде оның жауап беру шапшаңдығы, жалпы өнімділігі.

Жүйеикемділігіастраиваемость) -бұл оның мобильділігі, өзгермелілігі, шапшаңдық қасиеті. Бұл талап қандай да бір маңызды параметрлердің қатаң берілмеуін, яғни банктің қажеттіліктері мен жағдайларына бейімделу мүмкіндігін көрсетеді.

Жүйені орталықтан басқару.Барлық негізгі келтірулерді(бейімдеу) банктің білікті технологы жүзеге асырады, ал банк қызметкерлері бірден программамен жұмыс жасауға кірісе алады. Мұндай архитектураға ие БАЖ-ды эксплуатацияға барынша тез және сапалы дайындауға болады. Сонымен қатар, біз кез келген операцияны орындау жағдайын дереу өзгерту мүмкіндігін аламыз, ал бұл жаңа банктік өнімдерді құру кезіндегі аса жағымды тұс болып табылады.

Біртұтас мәліметтер базасыкөп пайдаланушылық жұмысты қамтамасыз етеді. Өнеркәсіптік МҚБЖ (MS SQL Server, Oracle, Informix, DB2)негізіндегі таратылған мәліметтер жүйесін қолдану орынды болып саналады. Таратылған мәліметтер қорын пайдалану ақпараттардың қауіпсіздігінің қажетті деңгейін қамтамасыз етуге, банк программисттеріне қосымшаның мазмұндық бөлігін оптимизациялауға көңіл бөлуіне мүмкіндік береді.

Нақты уақыт режимінде жұмыс жасау.Нақты уақыт режимінде жүйенің басқару әрекеттеріне реакциясы жүйе басқарып отырған процестің жүру жылдамдығына сәйкес келуі тиіс.

Жұмыс қауіпсіздігі және сенімділігі.Программалық жабдықтың жұмыс жасамауы немесе территориальды-таратылған банктік ақпараттық жүйеге рұқсатсыз ену сандық (шығын көлемі) және сапалық (имидждің түсуі, келісімдердің үзілуі) тұрғыдан өте ауыр салдармен сипатталуы мүмкін.

Банктерді автоматтандыруға бірдей әдіс болуы мүмкін емес. Шағын, орта және ірі банктердің міндеттері әртүрлі және автоматтандыруға деген олардың көзқарастары да әралуан. Шағын банктер үшін (100 адамға дейін) автоматтанд^ірудың басты міндеті үзіліссіз қызмет етуді және кешенді БАЖ-ң сенімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Мақсаты қазіргі қаманғы компьютерлік технологиялар деңгейінде жұмыс жасауға талпыну.

Орта банктер үшін (100-1000 адам) автоматизацияның басты міндеті «өскен» шаруашылықты ретке келтіру -мұнда олар банктің барлық қызмет сферасын жабатын және жұмыстың біртұтас технологиясын қамтамасыз ететін интеграцияланған БАЖ ендіруге бел буады.

Ірі банктер үшін (1000 адамнан жоғары) автоматизацияның басты міндеті көптеген филиалдардың, бөлімшелердің және туынды құрылымдардың мәліметтерін біріктіретін біртұтас корпоративтік орта құру болып табылады.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!