Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Бырөткізгіштің ішкі қуысын тазалау сұлбасы



Құбырөткізгіштің ішкі қуысын тазалау жұмыстары ондағы барлық пісірі-жинақтау, оқшаулау-салу және жер жұмыстары біткеннен соң жүргізіледі.

Құбырөткізгіштің ішкі қуысын тазалау үшін оның іші арқылы үлкен жылдамдықпен су, немесе ауа айдайды және солармен бірге бір мезетте арнайы тазартушы қондырғыны (поршень) қоса өткізеді. Кей жағдайда поршенді судың алдында жіберіп алады. Экологиялық жағынан ең дұрысы ауа үрлеу.

Ауамен, немесе газбен тазарту тазартушы қондырғының жүрісіне бөгет жасауы мүмкін желілік арматура мен басқадай тораптарды орнатпай тұрып, жүргізіледі. Ірі су бөгеттерінен өтулерге тазарту мен сынау жеке жасалды. Әрбір дайын тұрған құбыр бөліктерін тазарту басқаларына қарамай жеке жүргізіле береді. Газбен тазарту үшін үлкен көлемдегі газ керек, сондықтан ол жұмыс құбыр басынан бастап, біртіндеп істеліп отырады. Егер салынып жатқан құбырдың жанында газ параллель құбыры болса, онда үрлеуге соның газын да пайдалануы мүмкін.

Ауамен үрлеу үшін үлкен қысым керек, ал поршень кем дегенде 60 км/сағ жылдамдықпен өту керек. Қажетті қысымды компрессорлар көмегімен алу өте қиын, осы себепті ауамен үрлеу сұлбасына сәйкес тазарту үшін құбырдың екі бөлігін пайдаланады. Бірінші бөлік тазартылған, ресивер деп деп аталатын осы бөлікте үлкен қысымда (6-12 кгС/см2) ауа жинақталады. Екінші тазартылатын бөліктің ұзындығы әдетте ресивердікіндей. Ресиверде қажетті ауа жиналғаннан кейін ол ауаны тазартылатын бөлікке жібереді, ауаның алдында поршень жүріп отырады. Тазартып өткеннен кейін поршень арнайы патрубокка келіп тұседі. Үрлеу патрубоктан таза ауа шыққанға дейін жүргізіле береді.Тазартылған құбыр бөлігі келесі тазартылуға тиіс бөлік үшін ресивер ретінде пайдаланалады.



Газбен тазарту кезінде техника қауіпсіздігі басты рөлге ие болады. Біріншіден газбен тазартылатын құбыр ауа қоспасынсыз, таза толтырылуы керек, екіншіден поршенді бірден, газбен бірге жібермеу керек. Басқадай жағдайда поршень қозғалысында ұшқын шығып, жарылыс болуы мүмкін.

 

 

Бірінші тазартылған бөлікті (1) алдымен қажетті қысымдағы таза газбен толтырады және ол екінші тазартылуға тиіс бөлікпен (2) кран арқылы байланысқан.

Бастапқыда 4-кран жабық тұрады, ал газ екінші бөлікке шағын диаметрлі айналма құбыр (3) арқылы жіберіле бастайды. Ол газ ауаны ығыстырады және екінші бөліктің соңындағы патрубокка (7) жеткенде, ондағы оттектің үлесін өлшеп отырады. Үрлеуді оттектің үлесі 2%-дан аз болғанда бастайды. Ол үшін айналма құбырдағы 5-кранды жауып, екі бөліктің арасын бөліп тұрған 4-кранды ашады, сол кезде поршень (6) қозғала бастайды.

Сумен тазарту кезінде поршень 2 кг/см2 – дейінгі қысымда 2,4-1,2 км/сағ жылдамдықпен жылжып, өзінің бір өтісінде 50 км – ге дейінгі құбыр қуысын тазалап шыға алады. Егер муссор көп жиналып қалса, онда поршень жүре алмай, тоқтап қалады. Онда қысымды 15-20 кг/см2 – дейінгі мөлшерге көбейтіп жібереді, сол кезде поршень қайтадан жүріп кетеді. Сумен тазарту кезінде үрлеуге қарағанда тазарту жақсы болады.

Тазартушы қондырғыны сүйреу арқылы тазарту. Бұл әдіс поршень арқылы тазарту дұрыс болмаған жағдайда қолданылады. Ол үшін құбыр іші арқылы алдын-ала трос өткізіп алады да, соған тазартушы қондырғыны жалғайды. Тросты трактор, немесе лебедка арқылы сүйрейді. Кейде қатты тазартушы қондырғыға жұмсақ поршень жалғап қояды, ол поршень тазартушы қондырғының артынан қосымша тазарту жүргізіп тастайды.



Құбырөткізгішті сынау. Құбырөткізгішті салып болғаннан кейін оны міндетті түрде үлкен сынақ қысымын (Рисп) түсіру арқылы сынақтан өткізеді. Осы кезде желілік бөлік, әртүрлі тораптар мен қосылыстар сыналады. Сынақ қысымының мөлшері бөліктің категориясына байланысты. B және I – категориялы құбыр бөліктерін міндетті түрде жеке гидравликалық сынақтан, сонан кейін құбырөткізгіштің құрамында сынақтан екінші рет өткізеді. Сынақ қысымының мөлшері B және I – категориялы құбыр бөліктері үшін Рисп=1,25∙Рраб болады, мұндағы Рраб– құбырөткізгіштегі жұмыс қысымы. Құбырөткізгіштің қалған бөліктері бір рет Рисп=1,25∙Рраб қысымда сыналады.

Сынақ уақыты. Тұрақты қысымда сынақ уақытының көп болуы құбыр ақауларының көп мөлшерін табуға мүмкіндік береді, бірақ ол уақыттың шамадан тыс көп болуы технологиялық тұрғыдан сынақтың өткізілуін күрделендіреді. Сондықтан сынақ уақытының ең тиімді шамасы болады. Ол шама II, III және IV категориялы құбырлардағы үрлеу сынақтары үшін (газбен, немесе ауамен) 12 сағатқа тең, ал осы шама сумен сынағанда 6 сағатқа тең. I категориялы құбыр бөлігін жеке сынағанда сынақ уақытының ең тиімді шамасы 2 сағат, сосын ол бөлік құбырөткізгіштің құрамы ретінде екінші рет сыналады (басқа бөліктермен бірге). Тәжірибелер мынаны көрсетеді: сынақ уақытының көп болуы ақауларды анықтауға көп көмектеседі, бірақ келесі сынақта құбырдың бұзылуы бастапқы сынақтағы қысымнан біраз аз қысымда болады екен. Сол сияқты құбырға сынақ қысымынан 15-20% аз қысым түсіру құбыр материалының бұзылуын тудырмайды екен. Сол себепті екінші сынақты бастапқы сынақтағы қысымнан 8-10% аз қысымда өткізу керек.

Беріктікке тексеру. Қысым алдымен толтырғыш агрегаттардың көмегімен (наполнительные агрегаты) агрегаттар мүмкіндігіндегі ең көп шамаға көтеріледі. Содан кейін толтырғыш агрегаттарды өшіріп, сығушы агрегатты (опрессовочный агрегат) қосады да, қысымды есептік шамаға дейін апарады. Осыдан соң сығушы агрегатты өшіріп, сынақты бастайды (6 сағаттай). Сынықтың соңында тексерілуші нүктелердегі қысым өзгеріссіз қалу керек. Егер осы шарт орындалса, онда қысым жұмыстық қысымға дейін төмендетіліп, құбырдың бітеулігі тексеріледі.

Кейде сынақ барысында құбыр жарылып кетуі мүмкін, ол жағдайда жарылған құбыр ауыстырылып, сынақ қайта жасалады.

Бітеулікке тексеру және құбырды судан тазарту.

Сумен тексергенде сынақ уақытында қысымның өзгеріссіз қалуын қадағалайды және құбыр бойындағы судың шығып кетуі болатын нүктелерді анықтайды. Егер ондай нүктелер болмаса, ал қысым азайса, онда қысымның неліктен азаятындығын тексеру қажет. Құбырдан судың шығып кетуін мынандай белгілер көрсетуі мүмкін: жер бетіне судың шыға бастауы, трасса бойында шұңқырлар пайда болу, ордан топырақтың лақтырыла көтерілуі, ылғалданған бөліктерде көбіктердің пайда болуы. Егер құбырдан судың шығып кетуі анықталса, онда сол бөліктің екі жағындағы ысырмаларды жабады, оның ішін судан босатады және ақаулы құбырды ауыстырады. Аталған мәселелердің барлығын арнайы комиссия шешеді. Сынақ біткеннен кейін құбырда қалып қалған су толық шығарылу керек, әдетте су төмен орналасқан бөліктерде іркіліп қалады. Суды шығару үшін ауамен үрленіп айдалатын жұмсақ поршень қолданылады.

Ауамен, немесе газбен сынағандақысымды сағатына 3 кгс/см2 жылдамдықпен біртіндеп есептік сынақ қысымының 0,3 шамасына дейін көбейтеді, сосын осы қысымды өзгертпей трассаны тексеріп шығады. Егер осы тексерісте құбыр мен оның қосылыстарының бітеулігі анықталса, қысымды онан әрі есептік мөлшерге дейін жеткізеді. Сосын есептік қысымда құбыр мен оның қосылыстарының беріктігі сыналады. Сынақ уақыты 12 сағатқа дейін жетуі мүмкін. Осы уақытта бастапқы қысымның 1% шамасына дейін өзгеруіне рұқсат етіледі, себебі сонша уақытта құбырдағы температура өзгеріске түсуі мүмкін. Газдың ақау нәтижесінде шығып кету жерін білу үшін газға одорант қосады.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!