Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Кесте – Ұқсастары жоқ құрылыстар үшін ауа алмасу мәртелігі бойынша ауаның мөлшері



Ғимараттар мен үй-жайлар Жылыту жүйелерін жобалауға арналған ауа температурасы, °С 1 сағаттағы ауа алмасу мәртелігі
үрлеу сору
1. Сорғылық станциялардың айдауға арналған су бұру жүйелері (машина залдары): а) тұрмыстық және құрамы бойынша оларға жақын өндірістік тоспа суларды және шөгіндіні Артық жылуларды жоюды есептеу бойынша, бірақ 3 кем емес
б) өндірістік жарылыс қауіпті тоспа суларды 2-ЕСКЕРТУ қараңыз
2. Айдауға арналған сорғылық станциялардың қабылдау резервуарлары және тор үй-жайлары: а) тұрмыстық және құрамы бойынша оларға жақын өндірістік тоспа суларды және шөгіндіні
б) өндірістік агрессивті немесе жарылыс қауіпті тоспа суларды 2-ескерту қараңыз

11.3-кесте – Ұқсастары жоқ құрылыстар үшін ауа алмасу мәртелігі бойынша ауаның мөлшері(жалғасы)

Ғимараттар мен үй-жайлар Жылыту жүйелерін жобалауға арналған ауа температурасы, °С 1 сағаттағы ауа алмасу мәртелігі
үрлеу сору
3. Ауа үрлеу станциясы Артық жылуларды жоюды есептеу бойынша
4. Тор үй-жайлары
5. Ғимараттардағы биосүзгілер (аэросүзгілер) 3-ескерту қараңыз Ылғалды жоюға есептеу бойынша
6. Ғимараттардағы аэротенктар Сол сияқты Сол сияқты
7. Метантенктер: а) сорғылық станция
плюс апатты 8-мәртелі, оның қажеттілігі жобамен анықталады
б) инжекторлы, газдық киоск
8. Механикалық сусыздандыру цехі (вакуум-сүзгілердің үй-жайлары және бункерлік бөлім) Ылғалды бөлуге есептеу бойынша
9. Ерітіндіні дайындауға арналған реагентті шаруашылық: а) хлорлы темір, аммоний сульфаты, ащы натр, хлорлы әк б
б) әктік сүт, суперфосфат, аммиакты селитра, кальцийленген сода, полиакриламид
10. Қоймалар: а) натрий бисульфиті
б) әк, суперфосфат, аммиакты селитра (ыдыстағы), аммоний сульфаты, кальцийленген сода, полиакриламид
1-ЕСКЕРТУ Өндірістік үй-жайларда қызмет көрсету персоналының бар болуы жағдайында олардағы ауаның температурасы 16°С кем болмауы керек. 2-ЕСКЕРТУ Ауа алмасуды есептеу бойынша қабылдау керек. Үй-жайдағы ауаға бөлінетін зиянды заттардың мөлшері туралы мәліметтер жоқ болған кезде тоспа сулар келіп түсетін негізгі өндірістің ведомствалық нормаларының негізінде ауа алмасу мәртелігі бойынша желдету ауасының мөлшерін анықтауға рұқсат беріледі. 3-ЕСКЕРТУ Биосүзгілер (аэросүзгілер) және аэротенктер ғимараттарындағы ауаның температурасын тоспа судың температурасынан кем дегенде 2°С жоғары деп қабылдау керек.

11.2.3 Тор бөлімшелеріндегі және қабылдау резервуарларындағы ауаны жоюды арналардың және резервуарлардың жабындарының астынан ауаны жоюмен жоғарғы аймақтан 1/3 және төменгі аймақтан 2/3 көлемінде қарастыру керек. Одан басқа, ұсақтағыштардан соруды қарастыру керек.



11.2.4 Су бұру жүйесінің өндірістік үй-жайларында жылыту жүйелерін жобалау кезінде қосалқы энергия ресурстарын (газ-метанның; сығылған ауаның және тоспа сулардың жылуын) пайдалану мүмкіндігін есепке алу керек.



Ерекше табиғат және климат жағдайларында су бұру жүйелеріне қойылатын қосымша талаптар

Сейсмикалық аудандар

 

12.1.1 Осы тараудың талаптары ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02 талаптарына қосымша сейсмикалығы 7 - 9 балды құрайтын аудандар үшін су бұру жүйелерін жобалау кезінде орындалуы керек. Сорғылық станциялар ғимараттары мен құрылыстарының конструкцияларын ҚР ҚНжәнеЕ 2.03-30 және ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02 талаптарына сәйкес жобалау керек.

12.1.2 Сейсмикалық аудандарда орналасқан өндірістік кәсіпорындардың және елді мекендердің су бұру жүйелерін жобалау кезінде аумақтың тоспа сулармен батырылуын және су бұру жүйелерінің құбырлары мен құрылыстарының зақымдануы жағдайында ашық су айдындары мен жер асты суларының ластануын болдырмайтын іс-шараларды қарастыру керек.

12.1.3 Су бұру жүйелерінің схемаларын таңдау кезінде егер жұмыстардың едәуір қиындауына және қымбаттауына алып келмесе су бұру жүйелерінің құрылыстарын орталықсыздандырылған орналастыру мүмкіндігін қарастыру, сонымен қатар тазартау құрылыстарының технологиялық элементтерін жекелеген секцияларға бөлуді қолдану керек.

12.1.4 Жергілікті жағдайлар оңтайлы болған кезде тоспа суларды табиғи тазарту әдістерін қолдану керек.

12.1.5 Жерге тереңдетілген ғимараттарды басқа құрылыстардан және 12Dext (Dext – құбырдың сыртқы диаметрі) кем емес құбырлардан 10 м кем емес ара қашықтыққа орналастыру керек.

12.1.6 Сорғы станцияларында құбырларды сорғыға жалғау орындарында құбыр ұштарының бұрыштық және бойлық өзара жылжуына рұқсат беретін иілгіш қосылыстарды қарастыру керек.

12.1.7 Су бұру жүйесімен жабдықталған объекті аумағын тоспа сулармен батуынан, сонымен қатар жер асты сулары мен ашық су айдындарын (су ағарларды) апат кезінде ластанудан сақтау үшін желіден басқа желілерге қайта жіберуді (арынмен) немесе су объектілеріне тастаусын апатты резервуарларды орнату керек.

12.1.8 Арынды және арынсыз су бұру жүйелерінің коллекторлары мен желілері үшін құбырлардың арналу мақсатын, құбырлардың қажетті беріктігін, тораптардың өтемдеуші қабілеттерін, сонымен қатар құбырлардың барлық түрлерін кез келген топырақтарға көму тереңдігі нормаланбайтын техника-экономикалық есептеулердің нәтижелерін есепке алумен құбырлардың барлық түрлерін қабылдау керек.

12.1.9 Су бұру жүйелерінің беріктігін қосымша сейсмикалық жүктемені есепке алумен статикалық есептеудің негізінде беріктік сыныбы бойынша материалды және құбырларды таңдаумен қамтамасыз ету керек.

12.1.10 Тораптардың өтемдеуші қабілеттерін иілгіш тораптық қосылыстарды қолданумен қамтамасыз ету керек.

12.1.11 Арынды құбырларды жобалауды ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02 сәйкес жүргізу керек.

12.1.12 Коллекторларды сумен қаныққан топырақтарда (таулы, жартылай таулы және ірі сынықтылардан басқа), ылғалдылығына қарамастан үйілмелі топырақтарда, сонымен қатар тектоникалық бұзылу іздері бар учаскелерде тарту ұсынылмайды.

 

Шөккен топырақтар

12.2.1 Шөккен, тұзды және бөртпелі топырақтарда салынуға тиісті объектілер мен су бұру жүйелері ҚР ҚНжәнеЕ 5.01-01 және ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02 сәйкес жобалануы керек.

12.2.2 Шөгуі бойынша ІІ түрдің топырақтық шарттары кезінде 12.1-кестеге сәйкес топырақтардың шөгуі кезінде құбырлардың өз салмақтарынан қолдану керек.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!