Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Имараттар мен құрылыстардың құрылыс шешімдерін және конструкцияларына қойылатын талаптар



Басжоспар және көлемдік жоспарлау шешімдері

11.1.1 Су бұру құрылыстарын салу үшін алаңдарды таңдауды, жоспарлауды, салуды және олардың аумақтарын көріктендіруді ҚР ҚНжәнеЕ 3.01-01, ҚНжәнеЕ II-89 көрсетілген технологиялық талаптарға және ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02 жалпы талаптарына сәйкес орындау керек. Су айдындары мен су ағарлардың жағалық учаскелерінде орналасқан су бұру объектілері мен құрылыстары алаңдарының жоспарлық белгілерін ҚР ҚНжәнеЕ 3.04-40 сәйкес анықталатын суды желдің айдауы мен желдік толқынның көтерілу биіктігін есепке алумен 3% қамтамасыз етілумен тасыма сулардың барынша жоғары жиегінен 0,5 м кем емес биік етіп қабылдау керек.

11.1.2 Елді мекендердің су бұру жүйелерінің тазалау құрылыстарының, сонымен қатар өнеркәсіптік кәсіпорындардың өнеркәсіптік алаңдардың шегінен тыс орналасатын су бұру жүйелерінің тазалау құрылыстарының аумақтары әрқашан қоршалған болуы керек. Қоршаудың түрін жергілікті жағдайларды есепке алумен таңдау керек. Сүзгіден өткізу өрістерін қоршамауға болады. Қажет болған жағдайда жекелеген құрылыстар үшін «Қазақстан Республикасының стратегиялық, ерекше маңызды мемлекеттік объектілерін және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталуы және инженерлі-техникалық нығайтылуы бойынша техникалық талаптарды орнататын мемлекеттік нормативтер», ГОСТ 12.4.059 және ГОСТ 23407 сәйкес қоршаулар қарастырылуы керек.

11.1.3 Су бұру жүйелерінің ғимараттары мен құрылыстарының көлемді-жоспарлық және конструкциялық шешімдерін ҚР ҚНжәнеЕ 3.02-04 және ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02 және осы тараудың нұсқауларына сәйкес орындау керек.

11.1.4 Су бұру ғимараттары мен құрылыстарын жауапкершіліктің ІІІ сыныбына және отқа төзімділік деңгейі нормаланбайтын балшық алаңдарын, сүзгіден өткізу өрістерін, биологиялық тоғандарды, реттеуші ыдыстарды, су бұру желілері мен олардағы құрылыстарды есептемегенде отқа төзімділіктің ІІ деңгейінен төмен емес қабылдау және жауапкершіліктің ІІ сыныбына жатқызу керек.



Жеке тұрған отқа қауіпті немесе өрт жарылыс қауіпті қоспалар жоқ ыдыстық құрылыстар конструкциясының отқа төзімділігі шектелмейді.

11.1.5 Өрт қауіпсіздігі бойынша тұрмыстық тоспа суларды айдау және тазарту процестері Д-санатына жатады. Құрамында тез тұтанғыш және жаралыс қауіпті заттар бар өндірістік тоспа суларды айдау және тазарту процестерінің өрт қауіпсіздігі бойынша санаты осы заттардың сипатына байланысты «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне сәйкес орныталады.

11.1.6 Су бұру құрылыстарында тұрмыстық үй-жайларды қарастыру керек, олардың құрамы ҚР ҚНжәнеЕ 3.02-04 сәйкес өндірістік процестердің санитарлық сипаттамасына байланысты анықталады.

11.1.7 Су бұру құрылыстарындағы өндірістік процестердің санитарлық сипаттамалары 11.1-кесте бойынша қабылданады.

 

Кесте – Елді мекендердің су бұру құрылыстарындағы өндірістік процестердің санитарлық сипаттамалары



Елді мекендердің су бұру құрылыстарындағы өндірістік процестер Өндірістік процестердің санитарлық сипаттамаларының топтары
Жұмыстар: тазарту құрылыстарында, тоспа суларды айдау жөніндегі сорғылық станцияларда, су бұру желілерінде, зертханаларда IIIв
хлорлау бөлмелерінде және хлор қоймаларында IIIа
ауа үрлеу станцияларында және жөндеу шеберханаларында
басқару аппаратында
ЕСКЕРТУ Су бұру құрылыстарындағы инженерлі-техникалық жұмысшылардың жұмыстарын олар қызмет көрсететін учаскелердің өндірістік процестерінің топтарына жатқызу керек.

 

11.1.8 Өндірістік тоспа суларды биологиялық тазарту құрылыстарындағы жұмыстар санитарлық сипаттамасы бойынша қалалық су бұру жүйелеріндегі тазарту құрылыстарындағы жұмыстарға теңестіріледі.

11.1.9 Өндірістік тоспа суларды тазартудың механикалық, химиялық және басқа әдістері құрылыстарындағы жұмыстардың санитарлық сипаттамасын тоспа сулардың құрамына және тазарту әдісіне байланысты қабылдау керек.

11.1.10 Өндірістік үй-жайларды табиғи және жасанды жарықтандыруды жобалауға арналған мәліметтерді ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02 сәйкес қабылдау керек.

11.1.11 Құрылыстардың тік бұрышты ыдыстарын технологиялық процестің шарттары және конструкциялық құрылыстар бойынша мақсатқа сай болған барлық жағдайларда бұғаттау керек.

11.1.12 Су бұру ғимараттарындағы шаруашылық, әкімшілік, зертханалық және басқа да үй-жайлардың ішкі әрленуін ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02 сәйкес, тұрмыстық үй-жайлардың өндірістік үй-жайларын ҚР ҚНжәнеЕ 3.02-04 сәйкес тағайындау керек.

11.1.13 Ғимараттар мен құрылыстардың құрылыстық конструкцияларын тоттануға қарсы қорғау ҚР ҚНжәнеЕ 2.01-19 және ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02, 11.2-кестеге сәйкес қарастырылуы керек.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!