Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Мды-қиыршықты сүзгілер және сүзгілеуші траншеялар



 

9.3.13.1 Тоспа сулар мөлшері 15 м3/тәулік аспайтын кезде құмды-түйіршікті сүзгілер мен сүзгілеуші траншеяларды бұрушы кәріз астауынан 1 м-ге тоспа сулардың жоғары деңгейінде су өткізбейтін және әлсіз сүзгілеуші топырақтарда жобалау қажет. Құрылыстар алдында септиктер құрылғысын орнату қажет.

Тазартылған суды РНҚ 01.01.03, Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің, Қазақстан Республикасының Су Кодексінің, СанЕжН 3.01.054, «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау, мәдени-тұрмыстық суды пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» талаптарын және «Қазақстан Республикасының әртүрлі табиғи-климаттық аймақтарында су ресурстарын пайдалануды анықтаудың әдістемелік нормалары мен нормативтерінің», «Экологиялық ауданға бөлуді жүргізу кезінде су объектілеріне ластаушы заттарды тастау нормалары мен нормативтерін анықтау әдістемесінің» және РНҚ 211.2.03.01 талаптарын ескере отырып су объектілеріне тастау немесе жинақтағыштарға (оны суару мақсатында пайдалану) жинау қажет.

Сүзуші траншеялардың есептік ұзындығын суару құбырларына ауыртпалық пен тоспа сулар шығынына байланысты қабылдау қажет, бірақ олар 30 м аспауы тиіс, траншеяның астындағы ені 0,5 м кем болмауы тиіс.

9.3.13.2 Құмды-қиыршықты сүзгілерді бір немесе екі сатыда жобалау қажет. Бір сатылы сүзгілердің тиеуші материалы ретінде ірі және орташа түйіршікті құмды және басқа да материалдарды қабылдау қажет.

Екі сатылы сүзгідегі бірінші сатының материалдары қиыршық тас, шағыл, қазандық шлагы және 9.3.3.6-сәйкес қабылданатын ірілікті басқа да материалдар, ал екінші сатыда – бір сатылы сүзгіге сәйкес материалдар қабылданады.

Сүзгілеуші траншеяларда тиеуші материал ретінде ірі және орташа түйіршікті құмды және басқа да материалдарды қабылдау қажет.



9.3.13.3 Сүзуші траншеялар мен құмды-қиыршық тасты сүзгілердің суару құбырларына ауыртпалықты, сондай-ақ жүктеу қабатының қалыңдығын 9.36-кестесі бойынша қабылдау қажет.

Кесте – Сүзуші траншеялар мен құмды-қиыршық тасты сүзгілердің суару құбырларына ауыртпалықтың мәні және жүктеу қабатының қалыңдығы

Құрылыс Жүктеу қабатының биіктігі, м Суару құбырларына ауыртпалық, л/(м×тәу)  
Бір сатылы құмды-қиыршық тасты сүзгі немесе екі сатылы сүзгінің екінші сатысы 1,0-ден 1,5 дейін 80-нен 100 дейін
Екі сатылы сүзгінің бірінші сатысы 1,0-ден 1,5 дейін 150-ден 200 дейін
Сүзуші траншея 0,8-ден 1,0 дейін 50-ден 70 дейін
1-ЕСКЕРТУ Аз ауыртпалықтар кіші биіктікке сәйкес келеді. 2-ЕСКЕРТУ Ауыртпалықтар ауаның орташа жылдық температурасы 3°С-тан 6°С дейінгі аудандар үшін көрсетілген. 3-ЕСКЕРТУ Орташа жылдық температурасы 6°С жоғары аудандар үшін ауыртпалықты 20%-дан 30% дейін ұлғайту, 3°С-тан төмен аудандар үшін 20%-тан 30% дейін кеміту қажет. 4-ЕСКЕРТУ суды бұрудың шекті мәні 150 л/(адам×тәу) болғанда ауыртпалықты 20%-дан 30% дейін ұлғайту қажет.

Сүзуші құдықтар



9.3.14.1 Сүзуші құдықтарды тоспа сулар 1 м3/тәулік аспаса, тек құмды және құмдақты топырақтарда ғана орнату қажет. Құдықтың негіздемесі топырақ сулардан кемінде 1 м жоғары тұруы қажет.

 

1-ЕСКЕРТУ Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жер асты суларын қолданған жағдайда сүзуші құдықтарды орнату мүмкіндігі санитарлық эпидемиологиялық және экологиялық қадағалаудың құзырлы мемлекеттік органдарымен келісім бойынша гидрогеологиялық шарттарға байланысты шешіледі.

2-ЕСКЕРТУ Құдықтар үстінде септиктерді қарастыру қажет.

9.3.14.2 Сүзуші құдықтарды темір бетон сақиналарынан, күшті күйдірілген кірпіштен немесе бут тасынан жобалау қажет. Жоспардағы мөлшерлер 2 м ´ 2 м аспауы, тереңдігі 2,5 м аспауы тиіс. Өткізуші құбыр астында:

- құдық ішінде биіктігі 1,0 м дейін қиыршық тастан, шағылдан, күйдірілген шлактан және басқа да материалдардан жасалған терең сүзгіні;

- құдықтың сыртқы қабырғаларында сондай материалдардан жасалған төсемені;

- құдық қабырғаларында сүзілген суды шығаруға арналған саңылауларды қарастыру қажет.

Құдық жабынында диаметрі 700 мм люкті және диаметрі 100 мм желдету түтігін қарастыру қажет.

9.3.14.3 Құдықтың есепті сүзгілеу бетін сүзгі ұзындығына құдық қабырғасының беті мен түбінің ауданы сомасын ретінде анықтау қажет.

Сүзгілеу бетінің 1,0 м2–на ауыртпалық құмды топырақ қабатында 80 л/тәулік және құмдақтарда 40 л/тәулік ретінде қабылдануы тиіс.

Келесі жағдайларда ауыртпалық артылады: 10% -дан 20% дейін + орташа және ірі түйіршікті құмдарда сүзгілеу құдықтарын орнатқанда немесе топырақ сулары деңгейі мен құдық негіздемесі арасындағы қашықтық 2,0 м жоғары болғанда; 20% дейін – тоспа суларының орташа қысқа температурасы 10°С жоғары болғанда және суды бөлудің шекті мәні 150 л (адам ×тәу) болғанда.

Маусымды түрде әрекет ететін объектілер үшін ауыртпалық 20% дейін артылуы мүмкін.

Биологиялық тоғандар

 

9.3.15.1 Биологиялық тоғандар су айдындарының өздігінен тазалануы кезінде орын алатын процесстерге негізделген, тоспа суларының биологиялық тазалануы үшін жасанды түрде жасалған ай айдындары болып табылады. Тоғандарды органикалық заттардан тұратын қалалық, өндірістік және жоғарғы тоспа суларды тазалау кезінде қолдану қажет.

9.3.15.2 Биологиялық тоғандарды IV климаттық ауданында орналасқан елді мекендер үшін дербес тазалау құрылыстары ретінде (тиісті түрде негізделгенде) қолдануға рұқсат етіледі.

Тоғандар келесі шарттарда жобалануы мүмкін:

- тоспа суларды қосымша тазалау үшін басқа тазалау құрылыстарымен бірге;

- табиғи және жасанды аэрациямен (пневматикалық және механикалық).

9.3.15.3 Биологиялық тоғандарда тазалау кезінде тоспа суларда болмауы тиіс:

- ОБТтол 200 мг/л жоғары – табиғи аэрациялы тоғандар үшін;

- 500 мг/л жоғары – жасанды аэрациялы тоғандар үшін.

ОБТтол 500 мг/л жоғары болса, тұндырғыларда тоспа суларды алдын ала тазартуды қарастыру қажет.

9.3.15.4 Терең тазалауға арналған тоғандарға биологиялық және физикалық-химиялық тазалаудан өткен тоспа суды жіберуге болады:

- табиғи аэрациялы тоғандар үшін ОБТтол 25 мг/л аспайды;

- жасанды аэрациялы тоғандар үшін 50 мг/л аспайды.

9.3.15.5 Тазалауға арналған тоғандар алдында тесіктері 16 мм аспайтын торшаларды және 30 мин аралығында жинақтағыштарда тоспа суларды тұндыруды қарастыру қажет.

Жасанды аэрациялы тоғандардан соң тазартылған суды жинақтағыштарда 2 сағаттан 2,5 сағатқа дейін тұндыруды қарастыру қажет.

9.3.15.6 Биологиялық тоғандарды сүзгіден өткізбейтін немесе әлсіз сүзгіден өткізетін топырақ қабаттарында орналастыру қажет. Сүзгілеу қатысында жағымсыз топырақтарда сүзгілеуге қарсы шараларды қарастыру қажет.

9.3.15.7 Биологиялық тоғандарды жылдың жылы мезгілінде желдің басым бағыты жағынан тұрғын үй құрылысына қатысты жел соғатын жағынан орналастыру қажет. Тоғандағы су қозғалысының бағыты осы жел бағытына перпендикулярлы болуы қажет.

Биологиялық тоғандар реаэрация (екінші жағдай) мөлшері бойынша немесе тоғанның сулы бетіне 1 га тоспалы (бірінші жағдай) ауыртпалығы бойынша есептеледі.

Бірінші жағдайда бұл ауыртпалық тәулігіне 250 м3/га дейін (тұндырылған тоспалы су үшін араластырмай) және биологиялық тазартылған тоспа сулар үшін тәулігіне 5000 м3/га дейін тең болып қабылданады; екінші жағдайда – реаэрация мөлшерін есептегенде, климаттық жағдайларға байланысты тоғанның тәулігіне 1 м2 оттектің 8 г дейін тоғанның тәулігіне 1 м2 оттектің 6 г тең болып қабылданады.

9.3.15.8 биологиялық тоғандарды қалғандарының жұмысын тоқтатпай тазалау немесе профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін тоғанның кез келген секциясын ажырату мүмкіндігімен, әрқайсында 3-тен 5 дейін кезекті сатылы екі параллельді секциялардан кем болмайтындай етіп жобалау қажет. Бұл ретте биологиялық тоғандарда биологиялық тазартылған тоспа сулар түсетін болса – 3 саты болуы тиіс, ал тұндырылған тоспа сулар түскенде – 4 сатыдан 5 сатыға дейін болуы тиіс.

9.3.15.9 Табиғи аэрациялы тоған еніне ұзындығының қатынасы 20 кем болмауы тиіс. Қатынас аз болғанда тоғанның барлық нақты қимасы бойынша судың қозғалысын қамтамасыз ететін енгізу және шығару құрылғыларының конструкцияларын қарастыру қажет.

9.3.15.10 Жасанды аэрациялы тоғандарда секциялар жақтарының қатынасы кез келген бола алады, бұл ретте аэрациялаушы құрылғылар жылдамдығы тоғанның кез келген нүктесінде 0,05 м/с кем болмауын қамтамасыз ету қажет. Тоғандар пішінің жоспары аэраторлар типіне байланысты болады: пневматикалық және механикалық тоғандар үшін тік бұрышты болуы мүмкін, ал өздігінен қозғалатын механизмдер үшін – дөңгелек болуы тиіс.

9.3.15.11 Бір сатыдан екіншісіне қайта қосу құбыры астауының белгісі түбінен 0,3 м-ден 0,5 м дейін жоғары болуы қажет. Тазартылған суды шығаруды тоған тереңдігінен 0,15-тен 0,2 дейін тереңдікке су деңгейінен төмен орналасқан жинау құрылғысы арқылы жүзеге асыру қажет.

9.3.15.12Суды әдетте тоғандардан соң хлорлау қажет. Жекелеген жағдайларда (хлорлы су құбырын салу ұзындығы 500 м жоғары болса немесе жекелеген хлораторды салу қажеттілігі болса) тоған алдында хлорлауға рұқсат етіледі.

9.3.15.13 Жанасудан соң судағы қалдық хлордың концентрациясы 0,25 г/м3 ден 0,50 г/м3. дейінгі мәннен аспауы тиіс.

9.3.15.14 Тоғанның жұмыс көлемін ондағы тоспа сулардың орташа тәуліктік шығынының болуы уақыты бойынша анықтау қажет.

9.3.15.15 Табиғи аэрациялы тоғанда tlag, судың болу уақыты, тәулігіне, тоспа сулардан фосфор мен азотты алған соң мына формула бойынша анықтау қажет:

 

(9.53)

 

мұндағы N – тоғанның кезекті сатыларының саны;

Klag - тоғанның әрбір сатысын көлемдік қолдану коэффициенті;

lag - сондай, соңғы саты;

Klаg жәнеlag келесідей қабылданады:

- секция ұзындығының еніне қатынасы 20:1 және одан астам болған жасанды тоғандар үшін 0,8-ден 0,9 дейін, 1:1 және 3:1 қатынасында;

- табиғи жергілікті су айдындары (көлдер, жабық тоғандар және т.б.) негізінде салынған тоғандар үшін – 0,35;

- аралық жағдайлар үшін интерполяциямен анықталады;

Len – тоғанның осы сатысына түсетін судың ОБТтол;

en – дәл сондай, соңғы саты үшін;

Lex – тоғанның осы сатысынан шығатын судың ОБТтол;

ex - дәл сондай, соңғы саты үшін;

Lfin – су айдыны ішіндегі процесстермен шартты және келесідей қабылданатын қалдықты ОБТтол:

- жазда 2 мг/л-ден 3 мг/л дейін (өсімдікті тоғандар үшін - 5 мг/л дейін);

- қыста 1 мг/л-ден 2 мг/л дейін;

k – оттекті тұтыну жылдамдығының константасы (тәу-1):

- өндірістік тоспа сулар үшін эксперименталды жолмен белгіленеді; қалалық және құрамы бойынша оған ұқсас өндірістік тоспа сулар үшін эксперименттік деректер k болмаған жағдайда тазалау тоғанының барлық аралық секциялары үшін 0,1 тәу-1 тең болып қабылдануы мүмкін;

- соңғы сату үшін k = 0,07 сут-1 (су температурасы 20 °С болғанда);

Терең тазартылатын тоғандар үшін k мәнін келесідей қабылдау қажет:

- 1-саты үшін - 0,07 тәу-1;

- 2-саты үшін - 0,06 тәу-1;

- тоғанның қалған сатылары үшін – 0,05 тәу-1 тен 0,04 тәу-1 дейін;

- бір сатылы тоған үшін k = 0,06 тәу-1.

20°С температурасынан басқа су температуралары үшін k мәні мына формалары бойынша түзетілуі қажет:

- температурасы 5°С -тан 30°С дейінгі су үшін

(9.54)

 

- температурасы 0°С-тан 5°С дейінгі су үшін

(9.55)

 

мұндағы k - 20°С температурасында зертханалық шарттарда анықталған коэффициент.

 

9.3.15.16 Табиғи аэрациялы тоған су айдынының жалпы ауданын Flag, м2, мына формула арқылы анықтайды:

(9.56)

 

мұндағы Qw – тоспа сулар шығыны, м3×тәу;

Ca - (9.48)-формуласы бойынша анықтау қажет;

Cex – тоғаннан шығатын суда қолдау қажет оттек концентрациясы, мг/л;

ra – 3,0 г/(м2×тәу) ден 4,0 г/(м2×тәу) дейін қабылданатын бірлікке тең болатын, оттек тапшылығы кезінде атмосфералық аэрация мөлшері;

Len,, Lex, Klag - (9.53)-формуласы бойынша қабылдау қажет.

 

9.3.15.17 Табиғи аэрациялы тоғанның есепті тереңдігін Hlag, м, мына формула бойынша анықтау қажет:

(9.57)

 

Тоғанның есепті тереңдігі келесі жағдайларда мына мәндерден аспауы тиіс:

- Len болғанда 100 мг/л жоғары - 0,5м;

- Len болғанда 100 мг/л дейін – 1,0 м;

Терең тазалау тоғандары үшін:

- Len болғанда 20 мг/л ден 40 мг/л дейін – 2,0 м;

- Len болғанда 20 мг/л дейін – 3,0 м.

Қыста тоғанның бетінде мұз қатуы мүмкін болғанда Hlag 0,5 м ұлғайтылуы қажет.

9.3.15.18 Жасанды аэрациялы тоғанда терең тазалауда судың тұру уақыты , тәу мына формула бойынша анықтау қажет:

 

(9.58)

 

мұндағы kd – оттекті тұтыну жылдамдығының динамикалық тұрақтысы, ол мынаған тең:

kd = b1 k, (9.59)

 

мұндағы b1 – лабиринтті типті дәліздер бойынша судың қозғалуымен немесе аэрациялаушы құрылғылармен жасалатын, тоғандағы су қозғалысының жылдамдығына vlag, м/с байланысты коэффициент; b1 мөлшері мына формула бойынша анықталады:

 

(9.60)

 

Егер vlag мәні 0,05 м/с асатын болса, онда b1 – 7-ге тең болады.

 

9.3.15.19 ОБТтол 3 мг/л дейін суды тазарту тереңдігін арттыру үшін және онда биогенді элементтер (взот және фосфор) құрамын төмендету үшін және металлдар мен минерализациядан тазалау және қосымша тазалау әсерін ескере отырып, тоғанда биік су өсімдіктерін – қамысты, қоғаны, құрақты және т.б. қолдану ұсынылады. Биік су өсімдіктері тоғанның соңғы секциясында орналастырылуы тиіс. Биік су өсімдіктері алатын ауданды 1,0 м2 көлеміне 150-ден 200 дейін өсімдік отырғызу тығыздығында 1 га-ға 10000 м3/тәулік құрайтын ауыртпалық бойынша анықтауға жол беріледі.

 

ЕСКЕРТУ Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың құзырлы мемлекеттік органдарымен келісу және негіздеу кезінде биік су өсімдіктерінің тоғанның бастапқы секцияларында (сатыларында) орналастыруға рұқсат етіледі.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!