Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Пластмасса жүктелген биосүзгілер



9.3.6.1 Биосүзгілерге пластмасса жүктемемен әперілетін тоспа сулар ОБТтол 250,0 мг/л асырмай алуға болады.

9.3.6.2 Пластмасса жүктемесі бар биосүзгілер үшін:

- жұмыс биіктігін Hpf - 3,0 м бастап, 4,0 м дейін;

- жүктеме ретінде поливинилхлорид, полистирол, полиэтилен, полипропилен, полиамид блоктар, диаметрі 50,0 мм бастап, 100,0 мм дейін беті жұмсақ немесе кедір пластмасса түтіктер не болмаса ұзындығы 50,0 мм бастап, 150,0 мм дейін, диаметрі 30,0 мм бастап, 75,0 мм дейін, қабырғалары перфорацияланған, гофраланған және жұмсақ кесілген түтіктер түріндегі толтыратын элементтерді;

- жүктелетін материалдың кеуектілігі 93% бастап, 96% дейін және меншікті беті 90,0 м23 бастап, 110,0 м23 дейін;

- табиғи аэрацияны қарастыру қажет.

Биосүзгіге келіп құятын тоспа суларды тоқтату мүмкін болған жағдайда жүктелудің бетіндегі биоүлбір құрғап кетпеу үшін тоспа сулардың қайта циркуляциялануын қарастыру қажет.

9.3.6.3 Пластмасса жүктемесі бар биосүзгілердің есебін жүргізген кезде мыналарды анықтау қажет:

а) гидравликалық жүктеме qpf, м3/(м3× тәул):

- тиісті тазалану тиімділігіне сәйкес Э, %;

- тоспа сулардың температурасы Tw, °С;

- қабылданған биіктік Hpf, м, 9.15-кесте бойынша;

б) биосүзгілердің жүктелу көлемі мен ауданы:

- гидравликалық жүктеме бойынша;

- тоспа сулардың шығымы бойынша.

Кесте - Жүктелу биіктігі Hp болған кездегі гидравликалық жүктеменің qpf мәні

 

Тазалау әсері Э, % Жүктеменің биіктігі Hpf, м болған кездегі гидравликалық жүктеме qpf, м3/(м3× тәул),
Hpf = 3 Hpf = 4
Тоспа сулардың температурасы Tw, °С
6,3 6,8 7,5 8,2 8,3 9,1 10,0 10,9
8,4 9,2 10,0 11,0 11,2 12,3 13,5 14,7
10,2 11,2 12,3 13,3 13,7 15,0 16,4 17,9

 

Аэротенктер



 

9.3.7.1 Типтері әртүрлі аэротенктерді қаланың тоспа сулары мен өндірістік тоспа суларды биологиялық тазалау үшін қолдану қажет.

9.3.7.2 Аэротенктерді дербес құрылыстар ретінде және жинақталған қондырғылардың (аэротенктер-тұндырғылар, мембраналы биореакторлар, флотенктер және т.б.) құрамында қолдануға болады. Ығыстырғыш принципі бойынша жұмыс істейтін аэротенктерді токсиндік заттар дүркін түспейтін кезде, сондай-ақ екі сатылы тазалау тәсілінің екіншісінде қолданған жөн.

Аэротенктер-тұндырғылар типті (аэроакселераторлар, окситенктер, флототенктер, аэротенктер-ашықтандырғыштар және т.б.) жинақталған құрылыстарды негізделген жағдайда биологиялық тазалаудың кез келген сатысында пайдалануға болады.

9.3.7.3 Белсенді тұнбаның ргенерациялануын аэротенктерден мөлшері 150 мг/л артық қалқымалы заттармен бірге келетін тоспа сулардың ОБТтол кезінде, сондай-ақ суда токсиндік заттар мен зиянды өндірістік қоспалардың концентрациясы жоғары болған уақытта қарастыру қажет.

9.3.7.4 Аэротенктерге келетін тоспа сулардың ОБТтол концентрациясын бастапқы кезде тұндырған уақытта азаятындығының ескерілуімен алу қажет. Аэротенктерге келетін тоспа сулардағы қалқымалы заттардың рұқсат берілетін мөлшері техникалық сипаттамалар мен дайындаушы зауыттардың пайдаланылатын материалдарына сәйкес анықталады.



9.3.7.5 Аэротенктердегі азот қосылыстарын кетіру үшін арнайы шараларды қарастыру қажет, соның ішінде:

- аэрациясыз аймақтарға құрамында аэробты аймақтарда түзілген нитраттар бар тұнба қоспасының әперілуін қамтакмасыз ете отырып, аэрация мен аэрациясыз (аноксидті аймақтар) жекелеген аймақтарды ажырату;

- аэробты және анаэробты шарттардың мерзімді түрде кезектеліп отыруын қамтамасыз ету;

- аноксидті және аэробты процесстер бір уақытта жүру үшін тараған оттегі концентрациясын реттеу керек.

9.3.7.6 Аноксидті аймақтарда (я болмаса аноксидті шарттарда) белсенді тұнба тұнбаға отырмау үшін оның араластырылып тұрылуын қамтамасыз ету қажет. Оны:

- электрмеханикалық араластырғыштармен араластырып тұру қажет;

- негізделген жағдайда азот қосылыстарын тұнба қоспасында ауа оттегінің, я болмаса қайта циркуляцияланатын газдың ең аз көлемде еруін қамтамасыз етіп, аэрациялау жолымен араластыруға болады;

- пневмомеханикалық және оған ұқсас басқа да құрылғылардың көмегімен араластырып тұру қажет;

- аэротенктің екі және одан артық дәлізінде тұнба қалқып тұратын жылдамдықпен ұзына бойғы циркуляциялық ағын жасап, араластыруға болады.

9.3.7.7 Фосфорды биологиялық кетірудің жақсартылған процесі жүру үшін аэротенктерде аноксидті және аэробты аймақтарға қосымша тараған отттегінің ғана емес, нитраттардың да төмен мөлшерлі құрамын қамтамасыз ете отырып, аэробты аймақтарды ұйымдастыру қажет. Мұнымен қоса, суағарлардағы ағынның көп төмендеуіне, ағындардың қақтығысуына және т.с.с. жол бермей, мұндай құрылстарға келіп түсетін тоспа суда оттегінің артық еруіне жол бермеу шараларын қолға алу қажет. Фосфордың биологиялық кетірілуін азоттың биологиялық кетірілуімен бірге қарастыру қажет.

9.3.7.8 Аэротенктердің есебін жүргізген уақытта кем дегенде келесілерді анықтау қажет:

- технологиялардың барлық типтері үшін – түрлі технологиялық аймақтарда болу кезеңдері, құрылыс аймақтарының көлемі, технологиялық рециклдардың шығымы, оттегінің тұтынылуы, ауа шығымы, пайдаланылатын аэрациялық жүйенің сипаттамасы, артық белсенді тұнбаның өсімі;

- аммоний азоттың тотығуын қарастыратын барлық технологиялар үшін – тұнбаның аэробты жасы;

- фосфорды биологиялық кетіру технологиялары үшін – осы тоспа су үшін бұл процесстің шекті тиімділігін.

9.3.7.9 Азот пен фосфорды биологиялық кетіру қолданылған жағдайда денитрификациялау және дефосфотизациялау процесстері үшін субстрата сияқты тоспа сулардың органикалық ластануларының пайдаланылуының барынша жоғары тиімділігін қамтамасыз ету қажет. Технологиялық сызбада тоспа суды ашықтандыру сатысы қолданылған жағдайда оның тиімділігі органикалық заттардың биологиялық тазалау сатысына оңтайлы түсуіне байланысты реттелуі тиіс (тұтас құрылыстың энергиялық тиімділігінің ескерілуімен).

Азот пен фосфорды тоспа сулардан биологиялық кетіру үшін (нитри-денитрификациялау және дефосфотациялау процесстері) қолданылатын жабдық жұмыс өнімділігінің, талап етілетін тазалану дәрежесінің және тазаланатын тоспа сулардың құрамының ескерілуімен дайындаушы зауыттардың деректері бойынша таңдалады. Тазалау дәрежесі зертханалық жолмен тексеріледі.

9.3.7.10 Бір дәлізде оттегі режимі әртүрлі аймақтар болған жағдайда (ұзыннан циркуляциялық ағындардың қолданылуысыз) аймақтардың арасын тұнба қоспасы қалқаның астынан да, үстінен де аға алатындай бір-бірінен жартылай батырылатын қалқалармен бөлу қажет.

9.3.7.11 Тұнба қоспасының ашық бұру каналдарының соңында екіншіліктегі тұндырғыларға белсенді тұнбаны көпіртетін биологиялық процесстер үдейтіндіктен аэротенктердің бетіне жиналуы мүмкін көбік жинайтын және кетіретін құрылғыларды қарастыру қажет.

Қажет болған жағдайда аэротенктерде шашқыштар арқылы немесе көбікке қарсы химиялық заттарды су шашып, көбікті оқшаулау шараларын қарастыру қажет. Суармалау кезінде шашырату интенсивтілігін тәжірибе жүргізу кезінде алынған деректер бойынша қабылдау қажет.

Көбікке қарсы химиялық заттар санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қадағалау жүргізетін, су ресурстарын қорғайтын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілуі тиіс.

9.3.7.12 Аэраторлар мен аэротенктердің типтерін олардың сипаттамаларын (Арынның жоғалуы, ау көпіршіктерінің көлемі, қоқысталуға төзімділік, ұзақ уақыт қызмет ету, қарапайым қызмет көрсетілу және т.б.) ескере отырып анықтау қажет.

9.3.7.13 Ауа әперетін жабдық ретінде ауа үрлегіштерді, газ үрлегіштер мен айдағыштарды, механикалық пневмомеханикалық және ағысты аэраторларды пайдалануға болады. Айдайтын типтегі ауа әперетін жабдықтың жұмыс қысымын аэраторлардың батырылуына, коммуникациялар мен аэраторлардағы арынның жоғалуына (қызмет ету мерзімінің соңындағы кедергісінің ескерілуімен) сәйкес, сонымен қатар ауаның физикалық қасиеттеріне ықпалын тигізетін маусымдық және климат факторларының ескерілуімен қабылдау қажет.

9.3.7.14 Аэротенктердегі тоспа сулардың тазалануына қажетті ауа шығымын пневматикалық аэрация қолданылған жағдайда есептелген бойынша алу қажет. Есептеу тоспа сулардағы ОБТ мен аммоний азоттың құрамы, ластаушы заттарды кетірудің қажетті тиімділігі, пайдаланылатын технологияның, аэраторлар пайдаланатын ауадағы оттегінің тарауының меншікті тиімділігі, аэротенктің тереңдігі, тоспа сулардың температурасы, тоспа сулар сапасының коэффициенті (альфа-фактор) негізінде қабылданады. Пайдаланылатын аэраторлардың санын аэраторларға түсірілетін жүктемеге және пайдалану мерзімінің соңындағы тиімділіктің азаюына байланысты оттегінің таралу тиімділігі тәуелділігінің ескерілуімен өндірушілердің деректері бойынша есептеп анықтау қажет.

Механикалық аэрацияға арналған жабдықты дайындаушы компаниялар мен инжинирингтік ұйымдардың деректері бойынша таңдау қажет.

9.3.7.15 Аэротенктердің сыйымдылығын аэрациялау кезінде ағын ең көп болатын сағаттардағы судың орташа сағаттық келуі бойынша анықтау қажет.

Аэротенктердің сыйымдылығы есептелген уақытта циркуляцияланатын белсенді тұнбаның шығымы регенераторлар мен екіншіліктегі тұндырғыларсыз есепке алынбайды.

9.3.7.16 Араластырғыштар принципі бойынша жұмыс істейтін аэротенктердегі аэрациялау кезеңін tatm, сағ, мына формула бойнша анықтау қажет:

(9.32)

 

мұнда, Len - тоспа су аэротенкіне келетін ОБТтол (алғашқыдағы тұндыру кезінде ОБТ азаюының ескерілуімен), мг/л;

Lex – тазартылған судың ОБТтол, мг/л;

ai – екіншіліктегі тұндырғылардың жұмысының ескерілуімен техника-экономикалық есептеумен анықталатын тұнбаның мөлшерлемесі, г/л;

s - 9.15-кесте бойынша қабылданатын тұнбаның күлденуі;

r - тотығудың меншікті жылдамдығы, мг ОБТтол күлсіз заттың 1 г немесе 1 сағаттағы, мына формула бойынша анықталады:

 

(9.33)

 

мұнда, rmax – ең жоғары тотығу жылдамдығы, мг/(г×сағ); 9.16-кесте бойынша;

CO – тараған оттегінің концентрациясы, мг/л;

Kl – органикалық заттардың қасиеттерін сипаттайтын константа, мг ОБТтол/л, және 9.16-кесте бойынша қабылданатын;

КО – оттегінің ықпалын сипаттайтын константа, мг О2/л, 9.16-кесте бойынша қабылданады;

j - белсенді тұнбаның ыдырайтын өнімдерімен ингибирлену коэффициенті, л/г, 9.16-кесте бойынша қабылданады.

 

1-ЕСКЕРТУ (9.32)- мен (9.33)-формулалар тоспа сулардың орташа жылдық температурасы 15°С болған кезде әділ. Тоспа сулардың орташа жылдық температурасы Tw басқа болған уақытта (9.32)-формула бойынша анықталған аэрациялау ұзақтығы 15/Tw қатынасына көбейтілуі тиіс.

2-ЕСКЕРТУ Барлық жағдайларда аэрациялану ұзақтығы 2 сағаттан кем болмауы тиіс.

 

Кесте – Параметрлердің мәндері: тотығудың, органикалық ластаушы заттардың қасиеттерін, оттегінің, белсенді тұнбаның ыдырау өнімдерімен ингибирлену коэффициентінің және тоспа сулардың түріне байланысты тұнбаның күлдену ықпалын сипаттайтын константаның ең жоғары жылдамдығы

  Тоспа сулар   rmax, мг ОБТтол /(г×сағ) Kl, мг ОБТтол КО, мг О2 j, л/г s
Қалалық 85,0 33,0 0,625 0,07 0,30
Өндірістік:
а) мұнай қайта өңдеу зауыттар: I жүйе 33,0 3,0 1,810 0,170 -
II жүйе 59,0 24,0 1,660 0,158 -
б) азот өнеркәсібі 140,0 6,0 2,400 1,110 -
в) синтетикалық каучук зауыттары 80,0 30,0 0,600 0,060 0,15
г) целлюлоза-қағаз өнеркәсібі: сульфат-целлюлоза өндірісі 650,0 100,0 1,500 2,000 0,16
сульфит-целлюлоза өндірісі 700,0 90,0 1,600 2,000 0,17
д) жасанды талшық (вискоза) зауыттары 90,0 35,0 0,700 0,270 -
е) жүнді алғашқылық өңдеуден өткізетін фабрикалар: I саты 32,0 156,0 - 0,230 -
II саты 6,0 33,0 - 0,200 -
ж) ашықтқы зауыттары: 232,0 90,0 1,660 0,160 0,35
з) органикалық синтез зауыттары 83,0 200,0 1,700 0,270 -
и) микробиологиялық өнеркәсіп: лизин өндірісі 280,0 28,0 1,670 0,170 0,15
биовит пен витамицин өндірісі 1720,0 167,0 1,500 0,980 0,12
к) шошқа семірту кешендері: I саты 454,0 55,0 1,650 0,176 0,25
II саты 15,0 72,0 1,680 0,171 0,30
ЕСКЕРТУ Басқа өндіріс орындары үшін көрсетілген параметрлерді ғылыми-зерттеу ұйымдарының деректері бойынша қабылдау қажет.

 

9.3.7.17 Аэротенктер-ығыстырғыштардағы аэрациялау кезеңін tatv, сағ, мына формула бойынша есептеу қажет:

(9.34)

 

мұнда, Kp – ұзыннан араласудың ықпалын ескеретін коэффициент:

15,0 мг/л тең Lex биологиялық тазалау кезінде Kp 1,5 тең;

Kp = 1,25 Lex 30,0 мг/л артқы болғанда;

Lmix - ОБТтол, қайта циркуляцияланатын шығымның араласуының ескерілуімен:

 

(9.35)

 

мұнда, Ri - (9.36)-формула бойынша анықталатын белсенді тұнбаның қайта циркуляциялану дәрежесі; ai, rmax, CO, Len, Lex, Kl, KO, j, s шамаларының белгіленуін (9.33)-формула бойынша анықтау қажет.

 

ЕСКЕРТУ Ығыстыру режимі дәліздердің ұзындығының l еніне b қатынасы 30 жоғары болған уақытта қамтамасыз етіледі. l/b 30 кем болған уақытта дәліздердің бестен алтыға дейін ұяшықтары бар секцияларға бөлінуін қарастыру қажет.

 

9.3.7.18 Белсенді тұнбаның қайта циркуляциялану дәрежесін Ri, аэротенктерде мына формула бойынша анықтау қажет:

(9.36)

мұнда, ai - аэротенктегі тұнбаның мөлшерлемесі, г/л;

Ji - тұнба индексі, см3/г.

 

1-ЕСКЕРТУ Ji 175 см3/г кем және ai 5 г/л дейін болған кезде формула әділ.

2-ЕСКЕРТУ Ri шамасы тұнба сорғыштары бар тұндырғылар үшін 0,3, тұнба өзі ағызылып кетірілгенже 0,6 кем болмауы тиіс.

 

9.3.7.19 Тұнба индексінің шамасын тұнбаға түсірілетін жүктемеге байланысты 1 г/л дейінгі тұнба қоспасын араластырып, тәжірибелік жолмен анықтау қажет. Өндірістік тоспа сулардың қалалық және негізгі түрлері үшін Ji шамасын 9.17-кесте бойынша анықтауға болады.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!