Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Кесте -Тұндырғылардың негізгі есептелген параметрлерінің мәндері



Тұндырғы Көлемнің пайдаланылу коэффициенті Кset Бөліктің жұмыс тереңдігі Hset, м Ені Bset, м Жұмыс ағынының жылдамдығы vw, мм/сек Тұнба бар шұңқырға түбінің көлбеуі
Көлденең 0,50 1,500 бастап, 4,000 дейін 2hset - 5hset 5,0 бастап, 10,0 дейін 0,005 бастап, 0,050 дейін
Радиалды 0,45 1,500 бастап, 5,000 дейін - 5,0 бастап, 10,0 дейін 0,005 бастап, 0,050 дейін
Тік 0,35 2,700 бастап, 3,800 дейін - - -
Айналатын жиналу-тарату құрылғысымен 0,85 0,800 бастап, 1,200 дейін - - 0,05
Азаятын-көбейетін ағынмен 0,65 2,700 бастап, 3,800 дейін - 2uo - 3uo -
Жіңішке қабатты блоктармен:          
Ағынға қарсы (ағын бағытымен) жұмыс сызбасы 0,50 бастап, 0,70 дейін 0,025 бастап, 0,200 дейін 2,0 бастап, 6,0 дейін - -  
Тоғыспалы жұмыс сызбасы 0,80 0,025 бастап, 0,200 дейін 1,5 - 0,005  
1-ЕСКЕРТУ Кset коэффициенті тұндырғының гидравликалық тиімділігін анықтайды және су тарату, су жинау құрылғыларының конструкцияларына байланысты болады; дайындаушы-ұйым көрсетеді. 2-ЕСКЕРТУ Турбуленттік құраушының шамасы vtb, мм/сек, жұмыс ағынының жылдамдығын vw, мм/с байланысты 9.8-кесте бойынша анықтау қажет

9.8-кесте - Жұмыс ағынының жылдамдығына vw байланысты турбуленттік құрашы шамасының мәні vtb

 

vw, мм/с 5,00 10,00 15,00
vtb, мм/с 0,00 0,05 0,10

9.2.4.8 Бір тұндырғының жұмыс өнімділігін qset, м3/сағ құрылыстардың белгіленген геометриялық көлемі мен тоспа сулардың ашықтандырудың талап етілетін әсерін басшылыққа ала отырып, мына формулалар бойынша анықтау қажет:

а) көлденең тұндырғылар үшін:

 

(9.16)

 

б) радиалды, тік және айналатын жиналма-бөлшектенетін құрылғысы бар тұндырғылар үшін:



(9.17)

 

в) ағыны азаятын-көбейетін тұндырғылар үшін:

 

(9.18)

 

г) айқаспалы жұмыс тәсілі кезінде жұқа қабатты блоктары бар тұндырғылар үшін:

 

(9.19)

 

д) ағынға қарсы жұмыс тәсілі кезінде дәл осылай:

 

(9.20)

 

мұнда, Кset - 9.7-кесте бойынша қабылданатын көлемді пайдалану коэффициенті;

Lset - секция, бөлімше ұзындығы, м;

Lbl - жұқа қабатты блоктың (модулдің) ұзындығы, м;

Bset - секцияның, бөлімшенің ені, м;

Bbl - жұқа қабатты блоктың ені, м;

Dset – тұндырғының диаметрі, м;

den – кіргізу құрылғысының диаметрі, м;

u0 – (9.14)-формула бойынша анықталатын ұсталатын бөлшектердің гидравликалық ірілігі, мм/сек;

vtb – тұндырғыдағы ағынның жылдамдығына vw, мм/с байланысты 9.8-кесте бойынша қабылданатын турбуленттік құраушы, мм/с;

Hbl – жұқа қабатты блоктың биіктігі, м;

hti – жұқа қабатты блок (модуль) қабатының биіктігі, м;

Kdis – 1 тең бедерлі пластиналар кезінде 1,2 тең жазық пластиналар кезінде қабылданатын бөлінген бөлшектерді көшіру коэффициенті.

9.2.4.9 Тұндырғылардың негізгі конструктивтік параметрлерін төмендегідей қабылдау қажет:



а) көлденең және радиалды тұндырғылар үшін:

- бастапқы суды кіргізу және тұндырғының кіргізу және ашықтандырылған суды жинау құрылғыларының ені (периметрі) бойынша тепе-тең жинау;

- бастапқыдағы тұндырғылар үшін бейтарап қабаттың биіктігін түбінен 0,3 м биік (тұндырғыдан шығатын жерде), екіншіліктегілер үшін 0,3 және тұнба қабатының тереңдігін 0,3 м бастап, 0,5 м дейін;

- тұнба жиналатын шұңқыр қабырғаларының көлбеу бұрышын 50°С бастап, 55°С дейін;

б) тік тұндырғылар үшін:

- оталық құбырдың ұзындығын тұндыру аймағының тереңдігімен бірдей тереңдікке;

- орталық құбырдағы жұмыс ағынының қозғалыс жылдамдығы 30 мм/с асырмай;

- құбырдың кеңейген жерінің диаметрі құбыр диаметрінің 1,35 тең болуы тиіс;

- шағылысу қалқасының диаметрі құбырдың кеңейген жерінің диаметрінің 1,3 тең болуы тиіс;

- шағылысу қалқасының конусносталу бұрышы 146° тең болуы тиіс;

- құбырдың кеңейген жері мен шағылысу қалқасының арасындағы жұмыс ағынының жылдамдығы бастапқыдағы тұндырғылар үшін 20 мм/с және екіншіліктегі тұндырғылар үшін 15 мм/с аспау тиіс;

- шағылысу қалқасының асты мен шөгінді деңгейінің арасындағы бейтарап қабаттың биіктігі 0,3 м тең болуы тиіс;

- конусты түбінің көлбеу бұрышы 50° бастап, 60° дейін;

в) ағыны азаятын-көбейетін тұндырғылар үшін:

- көбею аймағаның ауданына тең азаятын аймақтың ауданын;

- 2/3 Hset тең келетін бөліп тұрған аймақтың ортасын бөліп тұрған қалқаның биіктігін;

- қалқаның жоғарғы жиегінің деңгейі су деңгейінен 0,3 м биік, бірақ тұндырғының қабырғасынан биік емес;

- ортаны бөліп тұрған қалқаның ішіндегі ауыспалы қиманың үлестіру лотогы;

г) жұқа қабатты блоктары бар тұндырғылар үшін пластиналардың көлбеу бұрышы 45° бастап, 60° дейін.

Лотоктың бастапқы қимасын есептелген шығымның кемінде 0,5 м/с жылдамдықпен, түпкі қимада кемінде 0,1 м/с жылдамдықпен өткізілуіне есептеу қажет.

Су біркелкі таратылу үшін үлестіретін лотоктың су құйылатын аузының жиегін 0,5 м сайын үшбұрыш етіп жасау керек.

9.2.4.10 Тазалану дәрежесін арттыру немесе пайдаланылатын станциялардың жұмыс өнімділігін арттыру мүмкіншілігін қамтамасыз ету үшін қолданыстағы тұндырғылар (көлденең, радиалды, тік) жұқа қабатты элементтерден құрылған блоктармен толықтырылуы мүмкін.

Бұл жағдайда блоктарды су жиналатын лотоктың алдында су тұндырғыдан шығатын жерге орналастыру қажет.

9.2.4.11 Тұндыру кезінде бөлінетін шөгіндінің мөлшерін Qmud, м3/сағ келіп құятын судағы Cen қалқымалы заттардың концентрациясы мен ашықтандырылған судағы Cex қалқымалы заттардың концентрациясын ескере келе, анықтау қажет:

(9.21)

мұнда, qw – тоспа су шығымы, м3/сағ;

rmud шөгіндінің ылғалдылығы, %;

gmud – шөгіндінің тығыздығы, г/см3.

9.2.4.12 Түзілетін шөгіндінің көлемі мен оның тұндырғыда жиналатын жерінің сыйымдылығын ескере келе, шөгінді шығарылып тұратын уақыт аралығын анықтау қажет.

Гидростатикалық қысым астындағы шөгінді алынған уақытта бастапқыдағы тұндырғылар мен екіншіліктегі тұндырғылар шұңқырының сыйымдылығын биосүзгілерден кейін 2 тәуліктен аспайтын мерзім бұрын бөлінген шөгіндінің көлеміне тең келетіндей, екіншіліктегі тұндырғылар шұңқырының сыйымдылығын аэротенктерден кейін екі сағаттан аспайтын мерзім бұрын бөлінген шөгіндінің көлеміне тең келетіндей қарастыру қажет. Шөгінді механикалық жолмен кетірілген кезде оның бастапқыдағы тұндырғыларға жиналатын жерінің сыйымдылығын 8 сағаттан аспайтын уақыт ішінде тұнбаға түскен шөгіндінің мөлшеріне қарай алу қажет.

9.2.4.13 Түскен шөгіндінің шұңқырларға қарай механикалық тәсілмен немесе тиісінше еңкейтілген (50° асырмай) қабырғалармен жүріп өтуін қарастыру қажет.

9.2.4.14 Шөгіндінің шұңқырдан алынуын гидростатикалық қысым астында өздігінен ағып кететіндей, қалқымалы заттары көп сұйықтықты айдауға арналған сорғыларымен сорылатындай, гидроэлеваторлармен, эрлифтермен, шөміші бар элеваторлармен, грейфермен және т.б. қондырғылармен алынатындай қарастыру қажет.

Шөгінді тұрмыстық тоспа сулар құйылатын шұңқырлардан алынған кездегі гидростатикалық қысым төменде көрсетілгендерден кем болмауы тиіс:

- бастапқыдағы 15 кПа;

- екіншіліктегі 12 кПа биосүзгілерден кейін;

- аэротенктерден кейін 9 кПа.

Шөгіндіні алуға арналған құбырлардың диаметрі 200,0 мм аспауы тиіс.

9.2.4.15 Қалқып шығатын ластаушы заттарды су жиналатын құрылғының алдында ұстап қалу үшін жартылай батырылған қалқаларды және судың бетіне жиналған заттардың алып тасталуын қарастыру қажет.

Қалқа су деңгейінің астына түсірілетін тереңдік кем дегенде 0,3 м болуы тиіс.

Тұндырғы жиектемесінің су бетінен биіктігін 0,3 м деп алу қажет.

9.2.4.16 Су қабылдайтын лотоктар қабырғасы жұқа суағарлармен жабдықталған болуы тиіс. Суағардың лотокқа бекітілуі биіктігінің реттеліп отырылу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Суағардың жиектемесі тік немесе үшбұрыш болуы тиіс. Суағардың 1 м түсірілетін жүктеме 10 л/с аспауы тиіс.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!