Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Кесте - Бір тұрғынға келетін ластаушы заттардың көлемінің мәндері



Көрсеткіш Бір тұрғынға келетін ластаушы заттардың мөлшерінің, г/тәул  
Қалқымалы заттар 65,0
Түссіздендірілмеген сұйықтықтың ОБТтол 75,0
Түссіздендірілген сұйықтықтың ОБТ5 60,0
Аммоний тұздарының азоты N 8,0
Фосфаттар Р2О5 3,3
Соның ішінде жуатын заттардың 1,6
Хлоридтер Сl 9,0
Беткі белсенді заттар (ББЗ) 2,5
1-ЕСКЕРТУ Су бұру жүйелерімен жабдықталмаған аудандарда тұратын халықтан ластаушы заттардың мөлшерін 9.1 кестеде көрсетілген 33% көлемінде ескеру қажет. 2-ЕСКЕРТУ Өнеркәсіптік кәсіпорындардың тұрмыстық тоспа сулары елдің мекеннің су бұру жүйесіне тасталған уақытта пайдаланушы қызметкерлердің ластаушы заттарының мөлшері ескерілмейді.

 

9.1.6 Орталықтандырылған су бұру жүйесіне қосылған қайта салынып жатқан өндірістік тоспа сулардың құрамы туралы деректер болмаған жағдайда олардың концентрациясын (орташа тәуліктік сынамада) «Елді мекендердегі су бұру жүйелеріндегі тоспа суларды қабылдау ережесі» сәйкес және жергілікті тазалау шараларын ескеріп қабылдау қажет.

9.1.7 Өндірістік тоспа суларды тазалауға және олардың шөгінділерін өңдеуге арналған құрылыстарды осы нормативтің, тиісті өнеркәсіп салаларының кәсіпорындарын, ғимараттары мен құрылыстарын құрылыстық жобалау нормаларының, ғылыми-зерттеу институттарының деректері және қолданыстағы құрылыстарды пайдалану тәжірибесінің негізінде есептеу қажет. Тоспа суларды тазалау және олардың шөгінділерін өңдеу құрылыстары кемінде 85% қамсыздандырылумен есептелген көрсеткіштерді қамтамасыз етуі тиіс.

9.1.8 Тоспа сулардағы ластаушы заттардың құрамы мен концентрациясында бастапқыдағы суқұбыры суындағы ластаушы заттардың, сондай-ақ тоспа сулардың шөгінділерін өңдейтін құрылыстардан, терең тазалау, дренаждау құрылыстары жуылған сулардан және т.с.с. шығатын ластаушы заттардың мөлшерін ескеру қажет.



9.1.9 Тазалау станцияларына келіп түсетін тоспа сулардың (м3/тәулік) есептелген шығымын сорғылармен әперілген кезде де, өзі ағып келгенде де ағындының жиынтықталған кестесі бойынша анықтау қажет.

9.1.10 Жекелеген құрылыстардан шығатын есептелген шығымды технологиялық ерекшеліктер (келетін уақыты, гидравликалық режим) мен осы нормативтің нұсқауларын ескеріп, анықтау қажет.

9.1.11 Тоспа сулардың биологиялық тазалануын «Зиянды заттардың су объектілеріне, сүзгілеу алаңдарына және ортаның бедеріне тоспа сулармен тасталу нормативтерін әдістемесі» сәйкес ОБТтол (тұрмыстық тоспа сулар үшін ОБТтол шамасын ОБТ20 тең деп алу қажет) мәніндегі органикалық ластану сомасына есептеу қажет.

9.1.12 Өндірістік және тұрмыстық тоспа сулар бірге биологиялық тазаланған жағдайда оларды бөлек те, бірге де физика-химиялық тазалауға болады. Жарылу қаупі бар өндірістік тоспа сулар үшін, сонымен қатар өндірістік тоспа сулардың химиялық және физика-химиялық тазалау қажет болған жағдайда және өндірістік және тұрмыстық тоспа сулардың шөгінділері әртүрлі әдістермен өңделген кезде бөлек физика-химиялық тазалау керек.



9.1.13 Құрылыстардың құрамын тазалануға түсетін тоспа сулардың сипаттамасына және мөлшеріне, талап етілетін тазалану дәрежесіне, шөгінділердің өңделу әдісіне және жергілікті шарттарға байланысты таңдау қажет.

9.1.14 Тоспа суларды тазалайтын тазалау құрылыстарының алаңын тұрғын үйлерге қатысты жылдың жылы мезгілінде басым желдер үшін желдетілетін жақтан және су ағыны бойынша елді мекеннен төмен орналастыру қажет.

9.1.15 Алаңдағы құрылыстардың жинақталуы:

- құрылыстардың перспективалы кеңейтілуінің және кезек бойынша құрылыс жүргізу мүмкіндігі ескеріліп, аумақтың ұтымды пайдаланылуын;

- әртүрлі арнаудағы құрылыстар мен ғимараттардың оқшаулануын және алаң ішіндегі коммуникациялардың ең аз ұзақтығын;

- арынның барлық жоғалуының ескерілуімен және төңіректегі жер көлбеуінің пайдаланылуымен тоспа сулардың негізгі ағынының құрылыстары арқылы өзі ағып өтуін қамтамасыз ету қажет.

9.1.16 Қосалқы және зертханалық жайлардың құрамы мен алаңын 9.2-кесте бойынша қабылдау қажет.

9.1.17 Тазалау құрылыстарының құрамында:

- тоспа сулар мен шөгіндіні құрылыстың жекелеген элементтері арасында біркелкі тарататын, сондай-ақ құрылыстарды, каналдар мен құбырларды кешеннің жұмыс режимін бұзбай жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өшіретін, құрылыстар мен босататын және жуатын құрылғыларды, коммуникацияларды;

- тоспа сулар мен шөгіндінің шығымын өлшейтін құрылғыларды;

- екіншіліктегі энергия ресурстарының (газ-метан; сығылған ауа мен тоспа сулардың жылуы) тазалу станцияларының қажеттілігіне барынша пайдаланылуын;

- келіп түсетін және тазартылған тоспа сулардың сапасы үзілмеу үшін жабдықтарды, я болмаса келіп түсетін және тазартылған тоспа сулардың сапасын бақылайтын зертханалық жабдықтарды;

- техника-экономикалық негіздеудің ескерілуімен жұмыстың оңтайлы автоматтандырылу дәрежесін, білікті қызметкерлердің болуын және т.б. қарастыру қажет.

9.1.18Бұдан басқа, тазалау құрылыстарының құрамында техникалық тапсырмаға сәйкес тоспа сулардың тазалану тиімділігін арттыруы мүмкін жаңа құрылғыларды тексеру үшін тәжірибелік бөлімшелерді, секцияларды және т.б. қарастыруға жол беріледі. Егер тиімділік расталмаса, бұл құрылғылар осы нормаларға сәйкес қабылданған құрылыс жұмысының нашарлауысыз демонтаждалады. Мұндай құрылғыларды (саймандарды) монтаждауға және демонтаждауға жұмсалатын шығындар орнатылған құрылыстың құнынан 1% аспауы тиіс. Жаңа құрылыстардың, технологиялардың тиімділігін тексеру үшін тәжірибелік жобаларды әзірлеу нормалары қолданылады.

Кесте - Тазалау құрылыстарының жұмыс өнімділігіне байланысты сорғы станцияларындағы қосалқы және зертханалық жайлардың құрамы мен алаңы

Жайлар Тазалау құрылыстарының жұмыс өнімділігі мың м3/тәул болғанда жайлардың ауданы, м2  
1,4 бастап, 10 дейін 10 артық 50 дейін 50 артық 100 дейін 100 артық 250 дейін 250 артық
Бақылау жүргізетін физика-химиялық зертхана: тоспа суларға 40 (20 барлық бөлмелер) 50 (25 екі бөлме)
тоспа сулардың шөгінділерін - -
Бактериологиялық зертхана - 33 (18 және 15 екі бөлме) 35 (20 және 15 екі бөлме)
Таразылау бөлмесі -
Жуу және автоклавтау бөлмесі -
Ыдыс-аяқ пен реактивтерді сақтауға арналған бөлме
Зертхана меңгерушісінің бөлмесі -
Сынама алғыштарға арналған бөлме - -
Жергілікті диспетчерлік пункт Диспетчерлеу және автоматтандыру жүйелеріне байланысты
Станция бастығының бөлмесі
Техникалық қызметкерлерге арналған бөлме 25 (10 және 15 екі бөлме) 30 (15 екі бөлме)
Кезекші отыратын бөлме
Ұсақ-түйек жабдықтарға жөндеу жүргізілетін шеберхана
Аспаптар шеберханасы
Кітапхана мен мұрағат - -
Шаруашылық мүлікке арналған бөлме - -
1-ЕСКЕРТУ Қосалқы жайларды бір ғимартқа орналастыру қажет. 2-ЕСКЕРТУ Сорғы станциясы мен ауа үрлейтін станцияға зертхананы жабдықтан ғимарат қабырғасына вибрацияның тарауына жол бермейтін шаралар қабылданған жағдайда орналастыруға жол беріледі. 3-ЕСКЕРТУ Жұмыс өнімділігі 1,4 мың м3/тәул станциялар үшін бөлмелердің құрамы мен ауданы жергілікті шарттарға байланысты белгіленеді. 4-ЕСКЕРТУ Тұрмыстық жайлардың құрамы мен ауданын ҚР ҚНжЕ 3.02-04 сәйкес қарастыру қажет.

 

9.1.19Су бұруды ұйымдастыру зертханаларын «Химиялық зертханалардағы өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпысалалық талаптары» ескеріп жобалау қажет.

Тоспа суларды тазалау станцияларын жобалаған уақытта тұнбаларды сусыздандырудың технологиялық процесстерінде түзілетін тоспа сулар мен ластаушы заттардың қосымша көлемінің өңделуін ескеру, сонымен қатар атмосфераның, топырақтың, беткі және жер асты суларының ластануына шөгіндіні сусыздандыруға арналған құрылыстармен жол бермеу шараларын қарастыру қажет.

9.1.20 Тоспа суларды тазалау станцияларының каналдары мен құрылыстардың лотоктарын арынның жоғалуының ескерілуімен 1,4 коэффициентімен (жұмысын сәйкестендіру мүмкіншілігінің ескерілуімен) ең көп секундтық шығымды өткізуге тексеру қажет.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!