Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Кесте - Типіне байланысты резервтік торлардың саны



 

Тордың түрі Торлардың саны
жұмыс резервтік
Механикаландырылған тырмасы тесіктерінің ені, мм: 20 артық 1 және одан артық
16 бастап, 20 дейін 3 дейін
3 артық
Келесідей жерлерге орнатылатын уатқыш-торлар: құбырларда 3 дейін 1 (қолмен тазаланатын)
каналдарда 3 дейін
3 артық
Қолмен тазаланатын -

 

8.2.22 Тұрмыстық тоспа сулардан шығатын, торларда ұсталып қалатын қалдықтардың мөлшерін 8.4-кесте бойынша немесе торлардағы тесіктердің еніне қарай график бойынша, 1 адамға л/жылына келетін торлардан алынатын қалдықтардың мөлшерін 8.1-суретке сәйкес қабылдау қажет.

Кесте - Қалдықтардың орташа тығыздығы 750 кг/м3 және түсімдердің біркелкілік емес коэффициенті - 2 болғанда торларда ұсталып қалатын тұрмыстық тоспа сулардан шығарылатын қалдықтардың мөлшері

Торлардағы тесіктердің ені, мм 1 ад. торлардан алынатын қалдықтардың мөлшері, л/жыл
1 бастап, 2 дейін 19,5
3 бастап, 4 дейін 17,5
5 бастап, 6 дейін 16,0
8 бастап, 10 дейін 13,5
16 бастап, 20 дейін 8,0
25 бастап, 35 дейін 3,0
40 бастап, 50 дейін 2,3
60 бастап, 80 дейін 1,6
90 бастап, 125 дейін 1,2

 

8.2.23 Ағыс өте күште болған уақыттағы торлардың тесіктерінен өтетін тоспа сулардың жылдамдығын келесідей қабылдау қажет:

- механикаландырылған торлардың тесіктерінде 0,8 м/с бастап, 1 м/с дейін;

- уатқыш-торлардың тесіктерінде 1,2 м/с дейін.

8.2.24 Торлар механикаландырылған болған жағдайда қалдықтарды уатуға және уатылған қоймалжынды тордың алдындағы тоспа суға әперуге арналған уатқыштардың орнатылуын немесе герметиктелген контейнерлердің 9.2.1.8-талаптарына сәйкес орнатылуын қарастыру қажет. Қалдықтардың көлемі 1 тн./тәул артық болған жағдайда жұмыс уатқыштан басқа, резервтік уатқышты қарастыру қажет.

8.2.25 Торлардың айналасында ені төменде көрсетілгеннен кем болмайтын өтетін жол болуы тиіс:

- механикаландырылған тырмамен - 1,2 м, (алды - 1,5 м);

- қолмен тазаланумен - 0,7 м;

- каналдарға орнатылатын уатқыш-торлар – 1,0 м.

Тереңдетілген сорғы станцияларында уатқыш-торлардың құбырларға қабырғадан кем дегенде 0,25 м қашықтыққа орнатылуын қарастыру қажет.

1 адамға келетін торлардан алынатын қалдықтардың мөлшері, л/жыл

Сурет – Торлардағы тесіктердің, мм енінің тәуелділік графигі және 1 адамға, л/жыл келетін торлардан алынатын қалдықтардың мөлшері

 

8.2.26 Бір ғимаратта машина залымен біріктірілген қабылдау резервуары мен торлар жабық су өткізбейтін қалқамен бөлінуі тиіс.

Машина залы мен торлар тұратын бөлменің арасындағы есік арқылы қарым-қатынасты төмендегілерге жол бермейтін шаралар қамтамасыз етілген жағдайда ғимараттың ашық жері арқылы орнатуға жол беріледі:

- желіні су басқанда машина залына тоспа сулардың кіруін;

- желіні су басқанда тоспа сулардың торлар тұрған бөлмелерден машина залына құйылуын.

8.2.27 Есіктердің табалдырықтарының деңгейін нысан тоқтан ажыраған уақытта жеткізуші коллекторларды су басу мүмкін екендігін және төңіректе орналасқанын ескере отырып, есептеу қажет.

8.2.28 Сорғы станциясының сенімділігін арттыру үшін машина залына «құрғақ» орындалымдағы батырылатын (герметик) сорғыларды және суды машина залынан апатты айдап шығару үшін батырылатын сорғыларды орнатуға жол беріледі.

8.2.29 Батырылатын сорғылармен сорғы станциясының қабылдау резервуарының сыйымдылығын (көлемін) тоспа сулардың ағысына, сорғылардың жұмыс өнімділігіне және қосылатын электр жабдықтың рұқсат етілетін жиілігіне байланысты, бірақ сорғылардың бірінің 5 минуттық ең жоғары жұмыс өнімділігінен кем болмайтындай және дайындаушы фирмалардың деректері бойынша белгілеу қажет. Жұмыс өнімділігі 100 мың м3/тәул артық сорғы станцияларының қабылдау резервуарларында жалпы көлемді арттырмай, екіге бөлінген отсекті қарастыру қажет.

Тізбекті тәртіппен жұмыс істейтін сорғы станцияларының қабылдау резервуарларының сыйымдылығын олардың бірге атқаратын жұмысына қарай анықтау қажет. Жекелеген жағдайларда бұл сыйымдылықты арын құбырдың босатылу шарттарына қарай анықтау қажет.

8.2.30 Шөгінді тоспа суларды тазалау станциясынан тысқары жерге айдаған уақытта тұнба станциясының сыйымдылығын сорғының 15 минут тоқтамай жұмыс істейтіндігін ескеріп, анықтау қажет. Бұл ретте оны cорғы жұмыс істеген уақытта шөгінді тазалау құрылыстарынан кідірмей келіп түсетіндіктен азайтуға жол беріледі.

Тұнбалы сорғы станцияларының қабылдау резервуарларын допускается принимать с учетом возможности использования их как емкостей для воды при промывке илопроводов.

8.2.31 Қабылдау резервуарларында шөгіндіні шайқауға және резервуарды жууға арналған құрылғыны қарастыру қажет.

Резервуар түбінің шұңқырға қарай көлбеуін 0,1 кем болмайтындай алу қажет.

 

ЕСКЕРТУ Батырылатын сорғылары бар сорғы станцияларына дайындаушы фирманың деректері бойынша аталған құрылғыларды пайдаланбауға жол беріледі.

 

8.2.32 Араласуы зиянды газдардың, тұнбаға түсетін заттардың түзілуіне әкелуі мүмкін тоспа суларды қабылдау үшін немесе көптеген ластаушы заттары бар тоспа сулардың ағындысын сақтау керек болған жағдайда резервуарларда тоспа сулардың әр ағындысына арналған бөлек секцияларды қарастыру қажет.

8.2.33 Құрамында жанғыш, оңай тұтанатын және жарылу қаупі бар немесе ұшқыш токсиндік заттар бар өндірістік тоспа сулар сақталатын резервуарлар бөлек тұруы тиіс. Осы резервуарлардың сыртқы қабырғасынан есептелетін қашықтық төменде көрсетілгеннен кем болмауы тиіс:

- 10 м - сорғы станцияларының ғимараттарына дейін;

- 20 м – басқа өндірістік ғимараттарға дейін;

- 100 м – қоғамдық ғимараттарға дейін

8.2.34 Өндірістік жеміргіш тоспа сулар сақталатын резервуарлар бөлек тұратындай болуы тиіс. Оларды машина залына орналастыруға рұқсат етіледі. Тоспа сулар тоқтаусыз келіп түсетін жағдайда резервуарлардың саны кемінде екеу болуы тиіс.

Тоспа сулар белгілі бір уақытта келіп түсетін болса, бір резервуарды қарастыруға болады. Мұндайда тоспа сулардың құйылу мерзімділігі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне мүмкіндік беруі тиіс.

8.2.35 Соратын құбырларды бөлек тұратын резервуарлар мен жеміргіш өндірістік тоспа суларға арналған сорғы станцияларының ғимараттары арасына салынуын сорғыларға көтеріп жалғап, каналдарда немесе тоннелдерде қарастыру қажет.

8.2.36 Тоспа сулар айдалатын сорғы станцияларына еденнің үстінен құбырлар мен арматураның салынуын қарастыру қажет. Мұндайда арматураға қызмет көрсету және басқару үшін жақындайтын жол қарастырылуы тиіс.

Жеміргіш тоспа суларды тасымалдайтын құбырларды каналдарға салуға жол берілмейді. Бекітпе арматуралардың саны аз болуы тиіс.

8.2.37 Сорғы станцияларында қызмет көрсететін қызметкерлер мен өндірістік процесстер тобының санына байланысты ҚР ҚНжЕ 3.02-04 және ҚР ҚНжЕ 4.01-41сәйкес тұрмыстық жайларды (қол жуғыштары бар әжетханалар, душ, киім қоятын бөлмедер) сонымен қатар 8.5-кесте бойынша қосалқы жайларды қарастыру қажет.

 



Просмотров 738

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.ru - 2023 год. Все права принадлежат их авторам!