![]() Главная Обратная связь Поможем написать вашу работу! ![]() Дисциплины:
Архитектура (936) ![]() |
![]() Кесте - Резервтік сорғылардың саны
Мұндайда төмендегілерді ескеру қажет: - су бұру жүйесінде пайда болатын тұнбаны, шөгінді мен құмды айдау үшін гидроэлеваторлық және эрлифттік қондырғыларды қолдануға жол беріледі; - жаңбыр суларын айдайтын сорғы станцияларының жұмыс өнімділігін сай жерлердің су басуына жол бермейтіндей, ағын мен рұқсат етілетін айдалатын кезеңді бір ізге салып, реттеп, қабылдау қажет; - сенімділігі жағынан бірінші санатқа жататын сорғы станцияларында электр қоректенуді екі көзден қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда іштен жану қозғалтқыштары, жылу және т.б. дербес электр энергия көздері (дизелді электрстанциялар және т.с.с.) бар резервтік сорғы агрегаттарын орнатуға жол беріледі; - тереңге орнатылған сорғы станцияларының жұмыс өнімділігін келешекте арттыру қажет болған жағдайда сорғыларды жұмыс өнімділігі жоғарырақ сорғыларға немесе қосымша сорғылар мен агрегаттар орнату үшін резервтік фундамент қондырғысына ауыстыруға жол беріледі. 8.2.5 Сорғы станциясының жеткізуші коллекторында жер бетінен басқарылатын жетегі бар бекітпе құрылғыны қарастыру қажет. 8.2.6 Автоматтандырылған сорғы станцияларында аспаптардың электр қуатымен аккумуляторлардан немесе үздіксіз қоректендіру құрылғыларынан қамтамасыз етілуін қарастыру қажет. 8.2.7 Сорғы станциясының маңайдағы аумағын тоспа сулар басып қалмау үшін мұндай тоспа сулардың апат кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізетін уәкілетті мемлекеттік органмен су объектілеріне, арнайы резервуарларға және т.с.с. бұрылуының ұйымдастырылуымен апатты шығарылуын қарастыру қажет. Бекітпе арматурадағы жетектер пломбаланған болуы тиіс. 8.2.8 Әр сорғыға дербес соратын құбыр қарастыру қажет. 8.2.9 Екінші және үшінші санаттағы сорғы станциялары үшін бір арын құбыр қарастыруға жол беріледі. 8.2.10 Бірінші санаттағы сорғы станцияларынан екі немесе одан артық арын құбырлары тартылған жағдайда қажет болса, 100% есептелген шығымның араларындағы ара-қашықтық апат кезіндегі өткізудің ескерілуімен алынады. Бұл ретте резервтік сорғыларды пайдалануға жол беріледі. 8.2.11 Құбыр арматура, гидравликалық соққыларды басу құрылғылары, вантуздар тиісті құрамдағы тоспа сулардың өткізілуіне есептелген болуы тиіс. 8.2.12 Сорғыларды су астынан орнату қажет. Сорғының корпусы тоспа сулардың есептелген деңгейінен жоғары орналасқан жағдайда резервуарда сорғылардың қосылуын және жұмысының кавитациялық емес жұмыс шарттарын қамтамасыз ету шараларын қарастыру қажет. 8.2.13 Тұнбалар мен шламдарды айдауға арналған сорғыларды тек судың түбіне немесе сұйықтық көтерілгенде (сорғының паспорт деректері бойынша) ғана орнату қажет. 8.2.14 Соратын және арын құбырларындағы тоспа сулардың немесе шөгіндінің қозғалыс жылдамдығы жүзінділердің тұнбаға түсуіне жол бермеуі тиіс. Тұрмыстық тоспа сулар үшін ең төмен жылдамдықты 5.10.1-талаптарына сай қабылдау қажет. 8.2.15 Шламдарға немесе тұнбаларға арналған сорғы станцияларында соратын және арын құбырлардың жуылу мүмкіндігін қарастыру қажет. Жекелеген жағдайларда шлам өтетін құбырларды тазалайтын механикалық құралдарды қарастыруға жол беріледі. 8.2.16 Батырылатын сорғылары бар сорғы станцияларын олардың конструктивтік және технологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, дайындаушы фирмалардың ұсыныстарына сәйкес жобалау қажет. 8.2.17 Сорғыларды қоқысталудан қорғау қажет болған жағдайда сорғы станцияларының қабылдау резервуарларында механикаландырылған тырмалары немесе уатқыш-торлары бар торларды қарастыру қажет. ![]() 8.2.18 Сорғыларды қоқысталудан қорғау үшін қабылдау резервуарларында (немесе олардың астында) мыналарды қарастыру қажет: - тоспа сулармен бірге жүретін қалқымалы заттарды ұстап қалуға арналған құрылғыларды (алуан түрлі торлар, сүзгіштер, торкөздер және т.с.с.); - тоспа сулар ағысындағы ірі жүзінділерді уатуға арналған жабдықтар мен механизмдер; - кескіш дөңгелектермен жабдықталған сорғылар; - арнайы «қоқысталмайтын» дөңгелектермен жабдықталған сорғылар; - жұмыс өнімділігі аз сорғы станцияларындағы қолмен тазалайтын торлар, себеттер және т.с.с. 8.2.19 Жабдықтар орнатылған уақытта енін жеткізуші реттейтін жүретін жолдар қамтамасыз етілуі тиіс. 8.2.20 Ұсталып қалған майда қалдықтарды тоспа сулардың ағысына қайта тастауға, я болмаса тиісті жабдықта құрғатуға және герметиктелген контейнерлермен қоқыс тастайтын жерге апаруға немесе кәдеге жаратуға болады. Уатылған қалдықтарды метантенктерге жіберген уақытта тоспа сулар шөгіндісінен шығатын газ – метан көбейтіледі, сонымен қатар ол компостерлеу кезінде толтырғыш ретінде пайдаланыла алады. 8.2.21 Қалдықтардың көлемі 0,1 м3/тәул кем болған жағдайда қолмен тазалайтын торларды қолдануға жол беріледі. Торлардағы тесіктерді орнатылатын сорғылардың өткізгіш қимасының диаметрінен кіші 10 мм бастап, 20 мм дейін етіп алу қажет. Механикаландырылған тырмалары немесе уатқыш-торлары бар торларды орнатқан уақытта резервте болатын торлардың санын 8.3-кесте бойынша қабылдау қажет.
![]() |