Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Бырлар, тіреулер, арматура және құбырлардың астына салынатын негіздер



 

7.3.1 Су бұру жүйелерінің құбырлары үшін төмендегілерді қабылдау қажет:

а) өзі ағатын – тегеурінсіз темірбетон, бетон, қыш, шойын, асбестцемент, пластмасса және әйнекпластик құбырлар, темірбетон бөлшектер;

б) тегеурінді - тегеурінді темірбетон, асбестцемент, шойын, болат, пластмасса және әйнекпластик құбырлар мен беріктілігі жоғары шойын құбырлар.

 

1-ЕСКЕРТУ Өзі ағатын және болат тегеурінді желілер үшін шойын құбырларды қолдануға құрылыстың қол қиын жеткізілетін жерлеріне, отыратын топыраққа, қазылатын аумақтарға, су бөгеттері арқылы өтететін жерлерге, теміржол және автомобиль жолдарының астына, шаруашылық-ауыз су құбыры желілері түйісетін жерлерге төселген, құбырларды эстакадалардың тіреулеріне, құбырлар механикалық зақымдалуы мүмкін жерлерге төселген жағдайда жол беріледі.

2-ЕСКЕРТУ Құбырлар агрессивті ортада салынған уақытта тот басуға төзімді құбырларды қолдану қажет.

3-ЕСКЕРТУ Болат құбырлардың бетіне тот басуға қарсы оқшаулау жабылуы тиіс. Электр тот басу болуы мүмкін учаскелерде құбырлардың катодты қорғанысын қарастыру қажет.

4-ЕСКЕРТУ Су бұру жүйелерінің құбырларында пайдаланылатын пластмасса құбырлардың үздіксіз көлбеуі мен геометриялық пішінінің сақталуын қамтамасыз ететін жеткілікті болатындай ұзына бойымен қатты болуы тиіс.

5-ЕСКЕРТУ Пластмасса құбырлардан жасалған құбырларды салған уақытта құбырлар біріккен жерлердегі тегіс емес жерлерді (дөмпию мен кедір-бұдыр) міндетті түрде жазып, тегістеу қажет.

 

7.3.2 Құбырлардың астына салынатын негіздердің типін топырақ пен жүктеменің көтергіштік мүмкіндігіне байланысты қабылдау қажет. Тасты, қалқымалы, батпақ және отырғыш топырақтардан басқа, барлық топырақта құбырларды траншеялардың тегістелген және нығыздалған түбіне салынуын қарастыру қажет. Полиэтилен және әйнекпластик құбырлар ҚР ҚН 4.01-22 талаптарына сәйкес жобаланып, салынады.



Тасты топырақта құбырлардың тұнблы, шымтезек және басқа да әлсіз топырақтардағы жергілікті құмды топырақтан жасалған қалыңдығы кем дегенде 0,1 м қолдан жасалған төсемге салынуын қарастыру қажет.

Топырақ су болған жағдайда құбырларды төсеу жұмыстарының барлығын құрылыстық су деңгейінің төмендеуін құбырлардың астына траншеянының бүкіл табанына негіз топырақ 0,3 м тереңдікке нығыздалған қабаттың төменгі жағындағы құрғақ топырақ тығыздығына дейін кемінде 1,65 тн./м3 нығыздап қиыршықтас немесе құм төсеп, жасанды негіз құрылғысымен қорғап, жүргізу қажет.

Құбырды батпақ топыраққа салған уақытта құбырдың отырып қалуына жол бермеу үшін негіз қада ростверктері түрінде орындалады. Ростверктер арасындағы ара-қашықтық жергілікті жағдайларға байланысты есептеліп анықталады.

7.3.3 Тегеурін құбырларда қажет болған жағдайларда ысырмалардың, вантуздардың, ағытқыштар мен құдықтардағы компенсаторлардың орнатылуын қарастыру қажет.



7.3.4 Тегеурін құбырлардың ағытқышқа қарай көлбеуін 0,001 кем болмайтындай алу қажет. Ағытқыштардың диаметрін 3 сағаттан аспайтын уақыт аралығында құбырлар учаскесінің босатылу шарттарына байланысты белгілеу қажет.

Босатылатын учаскеден шығарылатын тоспа судың бұрылуын су нысанына, артынан су бұру желісіне айдалып, арнайы камераға тасталусыз немесе тоспа сулардың автоцистернамен шығарылуын қарастыру қажет.

7.3.5 Пайда болатын күшті құбырлардың түйістері қабылдай алмаған уақытта тігінен немесе көлденең жазықтықтағы тегеурін құбырлардың бұрылыстарында тіреулер ҚР ҚНжЕ 4.01-02 сәйкес қарастырылуы тиіс.

Арайтын құдықтар

7.4.1 Барлық жүйелердің су бұру желілеріндегі қарайтын құдықтардың:

а) біріккен жерлерде;

б) құбырлардың бағыты, көлбеуі мен диаметрлері өзгеретін жерлерде;

в) құбырлардың диаметріне байланысты қашықтықта тік учаскелерде болуын қарастыру қажет:

- 150 мм - 35 м;

- 200мм бастап, 450 мм дейін - 50 м;

- 500мм бастап, 600 мм дейін - 75 м;

- 700мм бастап, 900 мм дейін - 100 м;

- 1000мм бастап, 1400 мм дейін - 150 м;

- 1500мм бастап, 2000 мм дейін - 200 м;

- 2000 мм жоғары – 250 м бастап, 300 м дейін.

 

ЕСКЕРТУ Желіні қалпына келтіру кезінде құдықтар арасындағы нормативтік мәннен асатын ең жоғары ара-қашықтықты пайдаланушы ұйым пайдалану шарттарының нашарлағаны байқалып отырмағандығын жазбаша растаған жағдайда орын алған жағдайға қарай қабылдауға болады.

 

7.4.2 Тұрмыстық және өндірістік су бұру желісінің камераларының немесе құдықтарының көлемін құбырдың ең үлкен диаметрінің D байланысты қабылдау қажет:

- диаметрі 600 мм дейін – ені мен ұзындығы 1000 мм;

- диаметрі 700 мм және одан артық - ұзындығы D + 400 мм, ені D + 500 мм.

Дөңгелек құбырлардың диаметрлерін құбырларда төмендегідей диаметрлермен алу қажет:

- 600 мм - 1000 мм дейін;

- 700 мм бастап, - 1000 мм бастап, 1500 мм дейін;

- 1200 мм - 2000 мм.

1-ЕСКЕРТУ Құдықтар жоспарындағы бұрылыстардағы көлемін мұнда орналасқан бұрылыс лотоктарының орналасу шарттарына қарай анықтау қажет.

2-ЕСКЕРТУ Диаметрі 150,0 мм аспайтын жатыс тереңдігі 1,2 м дейін құбырларда диаметрі 700,0 мм құдықтарды салуға жол беріледі. Мұндай алаңдар ішіне адамдардың түсіруіне рұқсат бермей, тек тазартылған құрылғыларды кіргізуге арналады.

3-ЕСКЕРТУ 1,8 м тереңдікке дейін жатқан жағдайда құдықтардың диаметрін 1000,0 мм, диаметрі 1,8 м астам құдықтарды 1500,0 мм асырмай алу қажет.

4-ЕСКЕРТУ Құбырының диаметрі 600 мм артық су бұру желілерінің құдықтарында құбырдың беткі деңгейінде құрылғыны қарастыруға рұқсат беріледі.

 

7.4.3 Құдықтардың жұмыс істейтін бөлігінің (сөреден немесе алаңнан бастап, жабынға дейін) биіктігін 1800 мм кем болмайтындай алу қажет; құдықтардың жұмыс істейтін бөлігі 1200 мм аз болған жағдайда олардың енін D + 500 мм тең, бірақ 1200 мм кем болмайтындай алуға рұқсат беріледі.

7.4.4 Құдықтардың жұмыс істейтін бөлігінде мыналарды қарастыру қажет:

- қарайтын құдыққа түсетін аспалы сатының немесе болат қапсырмаларды орнатылуын;

- жұмыс бөлігінің биіктігі 1500 мм артық болғанда диаметрі 1200 мм артық құбырларда жұмыс алаңының қосымша биіктігі 1000 мм қоршаумен қоршалуын.

7.4.5 Қарайтын құдықтардағы лотоктың сөрелері құбырдың диаметрі үлкенірек үстінің деңгейінде орналасуы тиіс.

Диаметрі 700 мм және одан артық құбырлардағы құдықтарда лотоктың бір жағынан жұмыс алаңын екінші жағынан ені 100 мм кем болмайтын сөрені қарастыруға болады.

Диаметрі 2000 мм артық құбырларда консолдердегі жұмыс алаңын құрастыруға болады. Мұндай жағдайда лотоктың ашық жағының көлемін 2000 мм х 2000 мм кем болмайтындай алу қажет.

7.4.6 Жаңбырлы су бұру желісінің құдықтар жоспарындағы көлемді төмендегідей алу қажет:

- диаметрі 600 мм дейінгі құбырларда қосымша диаметрі1000 мм;

- дөңгелек немесе тікбұрыш лото жағының ұзындығы 1000 мм және ені ең үлкен құбырдың диаметрімен бірдей диаметрі 700 мм және одан артық құбырларда.

Құдықтардың жұмыс істейтін бөлігінің биіктігін төмендегідей алу қажет:

- диаметрі 700 мм бастап, 1400 мм дейінгі құбырларда диаметрі ең үлкен құбыр лотогынан қабылдау қажет;

- диаметрі 1500 мм және одан артық құбырларда жұмыс істейтін бөліктер қарастырылмайды.

7.4.7 Барлық жүйелердің су бұру желілеріндегі құдықтардың ауыздарын төмендегідей қабылдау қажет:

- биіктігі 500 мм, диаметрі 700 мм болғанда;

- аузының биіктігі 500 мм жоғары болғанда аузының диаметрін 1000мм деп алу қажет.

7.4.8 Құдықтардың аузы мен бұрылыстардағы жұмыс істейтін бөлігінің көлемін, сондай-ақ диаметрі 600 мм және одан артық құбырлардың тік учаскелеріндегі көлемін 300 м бастап, 500 м дейінгі қашықтықта желіні тазалатын сайманды түсіруге болатындай қарастыру қажет.

7.4.9 Люктардың орналастырылуын келесідей қарастыру қажет: жабыны күшейтілген жолдардың көлік жүретін бетімен бір деңгейде; 50 мм бастап, 70 мм дейін жасыл аймақтағы жер бетінен жоғары және құрылыстар салынбаған аумақта жер бетінен 200 мм жоғары. Көшелердегі су бұру желілеріне ГОСТ 3634 бойынша «Т» классындағы люктарды орнату ұсынылады. Қажет болған жағдайларда бекітетін құрылғылары бар люктарды қарастыру қажет.

7.4.10 Есептелген деңгейі құдықтың түбінен жоғары топырақ сулары болған жағдайда құдықтың түбі мен қабырғаларының топырақ суларының деңгейінен 0,5 м жоғары гидро оқшауландырылуын қарастыру қажет.

7.4.11 Қалқанды өткізбемен немесе тау тәсілімен салынатын коллекторларда қарайтын шахталы бағаналарды немесе диаметрі 0,9 м кем болмайтын ұңғымаларды қарастыру қажет. Қарайтын шахталы бағаналар немесе ұңғымалар арасындағы қашықтық 500,0 м аспауы керек.

7.4.12 Шахталы бағаналардың жабдықталуы «Көмір шахталарындағы қауіпсіздік ережелері» талаптарына сай келуі тиіс. Қарайтын ұңғымаларда араларындағы ара-қашықтық биіктігі жағынан 6 м аспауы тиіс болатын люктар бар алаңдарды, сонымен қатар металл баспалдақ немесе қапсырмалар құрылғысын қарастыру қажет. Жоспардағы люктың көлемі 600 мм х 700 мм кем емес немесе диаметрі 700 мм кем емес болуы тиіс.

 

Тік құламалы құдықтар

 

7.5.1 Тік құламалы құдықтарды:

- құбырлардың салынатын тереңдігін азайту үшін;

- тоспа судың рұқсат берілетін ең үлкен жылдамдығының асырылуына немесе бұл жылдамдықтың күрт өзгеруіне жол бермеу үшін;

- жерасты құрылыстарымен қиылысқан уақытта;

- суқойманың алдында ағытқыштар батқан уақытта құдық қарастыру қажет.

 

ЕСКЕРТУ Диаметрі 600 мм дейінгі құбырларда биіктігі 0,5 м дейінгі тік құламаларды тік құламалы құдық құрылғысысыз – қарайтын құдықта төгу жолымен орындауға жол беріледі.

7.5.2 Диаметрі 600 мм және одан артық құбырлардағы биіктігі 3 м дейінгі тік құламаларды тәжірибелік саладағы суағарлар түрінде қабылдау қажет.

7.5.3 Диаметрі 500 мм дейінгі құбырлардағы биіктігі 6 м дейінгі тік құламаларды құдықтарда діңгек немесе тік орналасқан қабырғалар-жайылғыштар түрінде, қабырға енінің немесе діңгек қимасы шеңберінің ұзындығы 0,3 м³/с аспағанда және түйістірілетін құбырдың қимасынан кем болмайтындай орындау қажет.

7.5.4 Діңгектің үстіндегі құдықтарда қабылдайтын воронканы, діңгектің астында негізінде металл плита бар суұрма шұңқыр қарастыру қажет.

7.5.5 Диаметрі 300 мм дейінгі діңгектер үшін суұрма шұңқырдың орнына бағыттауыш иінін орнатуға болады.

7.5.6 Тік құламалардың биіктігі 1 м дейін болғанда жаңбырлы су бұру желісінің коллекторларында тік құламаның биіктігі төмендегідей болғанда суағар типтес тік құламалы құдықтарды қарастыруға жол беріледі:

- 1 м бастап, 3 м дейін – суұрма балкалардан (плиталардан) бір торы бар суұрма типті;

- 3 м бастап, 4 м дейін – екі суұрма торымен.

Жаңбыр қабылдағыштар

7.6.1 ГОСТ 3634 бойынша жаңбыр қабылдағыштарды төмендегі жерлерде қарастыру қажет:

- түсетін (көтерілетін) жолдың ұзақ учаскелерінде ұзыннан көлбеумен жолдардың лотоктарында;

- беткі сулар құйылатын жақтан перекрёстках мен жаяу жүргіншілерде;

- түсетін жолдың ұзақ учаскелерінің соңында сай жерлерде;

- лотоктардың бейіні ара тәріздес болған уақытта еркін ағыны жоқ жердің жоғарғы қабатындағы сулардың сай жерлерінде, аула мен саябақтардың аумағындағы түсетін жолдың ұзақ учаскелерінің аяғында;

- жердің жоғарғы қабатындағы сулардың ағыны жоқ аула мен саябақ аумақтарында, көшелерде.

7.6.2 Көлік жүретін жол жазықтығында көлденең тор жабылған төмен жерлерде жаңбыр қабылдағыштармен қатар ернеутас жазықтығында тік саңылауы бар жаңбыр қабылдағыштарды және саңылауы көлденең де, тік те болатын жинақталған типті жаңбыр қабылдағыштарды қолдануға болады.

Көше лотоктарында ұзыннан көлбеуі ұзын учаскелерде саңылауы көлденең жаңбыр қабылдағыштарды қолдану қажет.

Көлбеуі ұзыннан көше лотоктарында тік немесе жинақталған типті жаңбыр қабылдағыштарды қолдану ұсынылмайды.

7.6.3 Ұзыннан бейіні ара тәріздес лотоктардың сай жерлеріндегі және ұзыннан көлбеуі 0,005 кем учаскелердегі көлденең саңылауы бар жаңбыр қабылдағыштар тікбұрышты шағын жаңбыр қабылдағыш тормен жабдықталады.

7.6.4 Ұзыннан көлбеуі 0,005 немесе одан артық көше учаскелерінде және түсетін жолдың ұзын учаскелерінің соңында көлденең саңылаулы жаңбыр қабылдағыштар тіктөртбұрыш үлкен тормен жабдықталуы тиіс.

7.6.5 Лотоктың ұзыннан бейіні ара тәріздес болған кездегі жаңбыр қабылдағыштар арасындағы ара-қашықтық лотоктың ұзыннан көлбеуінің және жаңбыр қабылдағыш алдындағы лотоктағы су тереңдігінің мәндеріне байланысты тағайындалады (0,12 м артық емес).

7.6.6 Бір бағытты ұзыннан көлбеулі көшелердің учаскелеріндегі жаңбыр қабылдағыш торлардың арасындағы ара-қашықтық тор алдындағы лотоктағы ағынның ені 2,0 м аспайды деген шартпен белгіленеді (қарқыны есептелген жаңбыр кезінде).

Көшелерің ені 30,0 м болғанда және кварталдардың аумағынан жаңбыр сулары келмеген жағдайда жаңбыр қабылдағыштар арасындағы ара-қашықтықты төмендегідей көлбеуде қабылдау қажет:

- 0,004 – 50,0 м дейін;

- 0,004 астам 0,006 – 60,0 м дейін;

- 0,006 астам 0,01 – 70,0 м дейін;

- 0,01 астам 0,03 – 80,0 м дейін.

Көшелердің ені 30,0 м артық болғанда жаңбыр қабылдағыштар арасындағы ара-қашықтық 60,0 м аспайтындай болуы тиіс.

7.6.7 Жаңбыр қабылдағыштардан коллектордағы қарайтын құдыққа дейінгі жалғаудың ұзындығы 40,0 м аспау керек. Мұндайда бірден аспайтын аралық жаңбыр қабылдағышты орнатуға жол беріледі.

Жалғану диаметрі көлбеу 0,02 болғанда судың есептелген ағысы бойынша жаңбыр қабылдағышқа тағайындалады, бірақ ол 200,0 мм кем болмауы тиіс.

7.6.8 Жаңбыр қабылдағышқа ғимараттардың су ағатын құбырларының, сонымен қатар дренажды құбырлар мен желілердің жалғануы қарастырылуы тиіс.

7.6.9 Су бұру жүйесі жартылай бөлек болған жағдайда шөгіндіге арналған шұңқырының тереңдігі 0,5 м бастап, 0,7 м дейін және гидравликалық ысырмасының биіктігі кемінде 0,1 м жаңбыр қабылдағыштарды қарастыру қажет.

7.6.10 Су бұру жүйесі бөлек болған уақытта жаңбыр қабылдағыштарды шөгіндіге арналған шұңқырсыз түбінің бірте-бірте кескінделуін қарастыру қажет.

7.6.11 Қарықтың (арық лоток) жабық желіге жалғануын тұндыратын бөлігі бар құдық арқылы қарастыру қажет. Қарықтың (арық лоток) басында 50 мм аспайтын тесіктері бар торларды қарастыру қажет. Біріктірілетін құбырдың диаметрін есептеп, бірақ 250 мм кем болмайтындай алу қажет.

Дюкерлер

 

7.7.1 Дюкерлердің шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін және балық шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатын су нысандары арқылы жобалары санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық қадағалау жүргізетін, су ресурстары мен балық қорларын қорғайтын уәкілетті мемлекеттік органдармен, ал дюкер кемеде жүретін тоспа сулар арқылы өткен уақытта өзен флотын басқаратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісілуі тиіс.

7.7.2 Суқоймалар мен тоспа сулар қиылысқан уақытта дюкерлерді механикалық зақымдалудан қорғалған тот басуға қарсы оқшаулауы күшейтілген болат құбырлардан немесе ГНБ көлденең-көлбеулі бұрғылау қондырғыларымен прогрессивті тәсілді қолданып, құрылыс жұмыстарын жүргізу шарттары бойынша тағайындалатын беріктілігі тиісінше полиэтилен құбырларынан жасалған кемінде екі жұмыс желісі етіп қабылдау қажет.

7.7.3 Дюкердің әрбір желісі рұқсат берілетін тежеудің ескерілуімен есептелген шығымның өткізілуіне тексерілуі тиіс.

7.7.4 5.10.1 сәйкес есептелген (тұнба баспайтын) жылдамдықты қамтамасыз етпейтін тоспа сулар шығымы кезінде екі желінің біреуін резеревтік (жұмыс істемейтін) деп алу қажет.

7.7.5 Жыралар мен құрғақ аңғарлар қиылысқан уақытта дюкерлердің бір желіде болуын қарастыру қажет.

7.7.6 Дюкерлерді жобалаған уақытта:

- құбырлардың диаметрлерін кемінде 150,0 мм;

- жобалау белгілеулерінен немесе тоспа су түбінің құбырдың үстіне дейінгі ықтимал шайылудан құбырлардың су астында болатын бөлігінің жататын тереңдігін – кемінде 0,5 м, кеме жүретін су нысандарындағы фарватер шегінде – кемінде 1,0 м;

- дюкерлердің өршімелі бөлігінің көлбеу бұрышын – деңгейжиекке қарай 20° асырмай;

- дюкер тізбектерінің арасында жарыққа қарай ара-қашықтығы – қысымға байланысты 0,7 м бастап, 1,5 м дейінгі аралықта алу қажет.

7.7.7 Дюкердің кіретін әне шығатын камераларында ысырмалар қарастыру қажет.

7.7.8 Су нысанының жайылма алқабы жағында орналасқан жағдайда дюкер камераларының тегістелуі белгілеуін 3% қамсыздандырылумен биік сулардың деңгейжиегінен 0,5 м жоғары алу қажет.

7.7.9 Дюкерлердің өтпелері су нысандары арқылы өтетін жерлер жағалауларда тиісті белгілермен белгіленуі тиіс.

7.7.10 ГНБ қондырғыларымен жұмыстар жүргізілген уақытта полиэтилен құбырлардан жасалған футлярда су бұру жүйесінің құбырларын салуға рұқсат.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!