Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Неркәсіптік кәсіпорындардың су бұру сызбалары мен жүйелері



6.3.1 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың су шаруашылығы жүйесі жекелеген технологиялық операцияларда және жекелеген цехтер үшін немесе тұтас бір кәсіпорын үшін суытатын су айналымымен өндірістік сулардың барынша қайта (кезекті) пайдаланылуын қарастыру қажет.

Техникалық мақсаттарда пайдаланылатын судың қайтарусыз жоғалған орны тазаланып, зарарсыздандырылғаннан кейін беткі тоспа суларды, тұрмыстық, қала және өндірістік тоспа суларды жинау есебінен толтырылуы тиіс.

Суды өндірістік қажеттіліктерге тазартылған тоспа суларды су объектілеріне ағызып, тікелей әперу жүйесін қолдану негізделген және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізетін, су ресурстары мен балық қорын қорғайтын уәкілетті мемлекеттік органдармен, ал дюкер кемеде жүретін тоспа сулар арқылы өткен уақытта өзен флотын басқаратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген жағдайда ғана жол беріледі.

6.3.2 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың су бұру сызбалары мен жүйелерін таңдаған уақытта төмендегілерді ескеру қажет:

- қалдықсыз және сусыз өндірісті енгізу, құрғақ процесстерді, су шаруашылығының тұйықталған жүйе құрылғыларын пайдалану, суытудың ауа әдістерін қолдану есебінен технологиялық процессте ластанған тоспа сулардың түзілу мүмкіншілігіне жол бермеу;

- түрлі технологиялық процесстерге пайдаланылатын судың сапасы мен мөлшеріне талаптар қою;

- түрлі технологиялық процесстерде түзілетін тоспа сулардың мөлшері мен сипаттамасын және ондағы ластаушы заттардың физика-химиялық қасиеттерін, су тұтыну мен су бұрудың материалдық және энергетикалық баланстарын;

- жекелеген компоненттерді бөліп алу және суды қайта пайдалану (айналымды сумен жабдықтау жүйелері), сонымен қатар өндірістік сумен жабдықтаудың жергілікті тұйықталған жүйелерін құру мақсатында тоспа сулар ағысын жергілікті тазалау мүмкіншілігі;



- суды сапасына түрлі талаптардың қойылуымен түрлі технологиялық процесстерде тізбекті түрде пайдалану мүмкіншілігі;

- жергілікті тазалануды қажет ететін тоспа сулардың бөлек ағынмен шығарылу мүмкіншілігі;

- сапалық сипаттамалары ұқсас тоспа суларды біріктіру мүмкіншілігі;

- тоспа суларды су объектілеріне немесе елді мекеннің немесе басқа су пайдаланушының су бұру жүйесіне төгу мүмкіншілігі;

- өндірісте тазартылған тұрмыстық және қалалық тоспа суларды (айналымды сумен жабдықтау жүйелері), сонымен қатар беткі тоспа суларды пайдалану және тоспа суларды су объектілеріне төкпей, су шаруашылығының тұйықталған жүйелерін құру мүмкіншілігі;

- су бұру жүйесіне түрлі тоспа сулар келіп түскен уақытта құбырларда газ тәріздес немесе қатты өнімдердің түзілуімен химиялық процесстердің жүру мүмкіншілігі.

6.3.3 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың су бұр жүйелерімен жабдықталуын толық бөлек жүйеде қарастыру қажет.

6.3.4 Өндіріске қайтару мақсатында немесе су объектілеріне немесе елді мекенің су бұру жүйесіне не болмаса басқа бір су пайдаланушыға жібермей тұрып, дайындау үшін арнайы тазалауды қажет ететін тоспа суларды бөлек ағын жасап бұру қажет.



6.3.5 Түрлі ластаушы заттары бар өндірістік тоспа су ағындарының біріктірілуін оларды біріктіріп тазалау ұтымды болған жағдайда қарастыру қажет.

6.3.6 өндірістік тоспа сулары мен қаланың тоспа суларын алаңнан тысқары орналасқан тазалау құрылыстарында келіп құятын тоспа сулардың сипаттамалары мен оларды қайта пайдаланылу мүмкіншіліктерінің шарттарына байланысты бірге немесе бөлек тазалауға болады.

6.3.7 «Елді мекендердегі су бұру жүйелеріндегі тоспа суларды қабылдау ережесі» сәйкес бірге бұрылуға және елді мекеннің тұрмыстық тоспа суларымен бірге тазалануға жататын өндірістік тоспа сулар:

- желілер мен құрылыстардың жұмысын бұзбауы;

- арасында су бұру желісінің құбырларын қоқыстауы немесе құбырлардың қабырғасына тұрып қалуы мүмкін заттар болмауы;

- құбырлардың материалы мен су бұру құрылыстарының элементтерін бүліндірмеуі;

- су бұру желілері мен құрылыстарында жарылу қаупі бар және улы газдардың түзілуіне әкелуі мүмкін жанғыш қоспалар мен еріген заттар болмауы;

- құрамында тазалау құрылыстарының жұмысын бұзатын немесе олардың техникалық сумен жабдықтау жүйелерінде пайдаланылуына немесе су объектілеріне төгілуіне (тазалау әсерінің ескерілуімен) кедергі келтіретін концентрацияларда зиянды заттар болмауы тиіс.

6.3.8 Өндіріс барысында ластанбаған тоспа сулар кәсіпорынның өндірістік айналымды сумен жабдықтау жүйелерінде пайдаланылуы немесе басқа тұтынушыға, соның ішінде суармалауға тапсырылуы мүмкін.

6.3.9 Өнеркәсіптік кәсіпорындардан шығатын тоспа сулардың мөлшерін су айналымын және тоспа сулардың қайта (айналымды) пайдаланылуын ұлғайту мүмкіншілігі бөлігінде су шаруашылығы балансын сараптап, технологиялық деректер бойынша анықтау қажет.

Деректер болмаған жағдайда – өнімнің немесе шикізаттың бір бірлігіне келетін су шығымының іріленген нормалары бойынша, осы сияқты кәсіпорындардың деректері бойынша.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың тоспа суларының жалпы мөлшерінен елді мекеннің немесе басқа су пайдаланушының су бұру желісінде қабылданатын мөлшерді бөлу қажет.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!