Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Есептелген жылдамдық пен құбырлар мен каналдардың толтырылуы



5.10.1 Су бұру желілерінің тұнба басуына жол бермеу үшін тоспа сулар қозғалысының есептелген жылдамдығын құбырлар мен каналдардың толу дәрежесіне және құрамында тоспа сулар бар қалқымалы заттардың ірілігіне қарай алу қажет.

Тұрмыстық және жаңбыр су бұру жүйесінің желісінде құбырлар жартылай толған жағдайда ең төмен жылдамдықты 5.19-кесте бойынша қабылдау қажет.

5.10.2 Лотоктар мен құбырлардағы түссіздендірілген немесе биологиялық тазартылған тоспа сулардың ең төмен есептік жылдамығын 0,4 м/с деп алуға жол беріледі.

5.10.3 Тоспа сулардың ең жоғары есептелген жылдамдығын төмендегідей алу қажет:

- металл құбырлар үшін 8 м/сек дейін;

- металл емес құбырлар үшін 4 м/сек;

- жаңбырлы су тарту желісі үшін тиісінше 7 м/с бастап, 10 м/с дейін.

5.10.4 Дюкерлердегі түссіздендірілмеген тоспа сулар қозғалысының есептелген жылдамдығын кемінде 1,0 м/с деп алу қажет. Мұндайда тоспа сулар дюкерге жақындайтын жерлерде жылдамдық дюкердегі жылдамдықтан асырылмауы тиіс.

 

Кесте - Тұрмыстық және жаңбырлы су бұру жүйелерінің желісіндегі құбырлардың ең жоғары есептік толтырылуына байланысты ең төменгі жылдамдықтың мәні

 

Диаметрі, мм Жылдамдық vmin, м/с, H/D толған кезінде  
0,60 0,70 0,75 0,80
150 бастап, 250 дейін, қоса алғанда 0,70 - - -
300 бастап, 400 дейін, қоса алғанда - 0,80 - -
450 бастап, 500 дейін, қоса алғанда - - 0,90 -
600 бастап, 800 дейін, қоса алғанда - - 1,00 -
- - 1,15 -
1000 бастап, 1200 дейін, қоса алғанда - - - 1,15
- - - 1,30
1500 жоғары - - - 1,50
1-ЕСКЕРТУ Өндірістік тоспа сулар үшін ең төмен жылдамдықты өнеркәсіптің жекелеген сала кәсіпорындарын құрылыстық жобалау бойынша немесе пайдалану деректері бойынша нұсқауларға сәйкес қабылдау қажет. 2-ЕСКЕРТУ Қалқымалы заттардың сипаты жағынан тұрмыстыққа жақын өндірістік тоспа сулар үшін, ең төмен жылдамдықты тұрмыстық тоспа суларға алатындай алу қажет. 3-ЕСКЕРТУ Жаңбырлы су бұру желісі үшін Р = 0,33 жыл болғанда ең төмен жылдамдықты 0,6 м/с деп алу қажет.

 



5.10.5 Шикі және божыған тұнбалар қозғалысының, сондай-ақ арын тұнба ағатын құбырлардағы нығыздалған белсенді тұнбаның ең төмен есептелген жылдамдығын 5.20-кесте бойынша алу қажет.

 

Кесте - Значения наименьшей расчетной скорости движения сырых и сброженных осадков, и уплотненного активного ила в напорных илопроводах

 

Шөгіндінің ылғалдылығы, % vmin, м/с, болғанда   Шөгіндінің ылғалдылығы, % vmin, м/с, болғанда  
D= 150 мм бастап, 200 мм дейін D= 250 мм бастап, 400 мм дейін D= 150 мм бастап, 200 мм дейін D= 250 мм бастап, 400 мм дейін
0,8 0,9 1,3 1,4
0,9 1,0 1,4 1,5
1,0 1,1 1,7 1,8
1,1 1,2 1,9 2,1
1,2 1,3      

 

5.10.6 Жаңбыр қозғалысының ең жоғары жылдамдығы мен каналдардағы өндірістік тоспа сулар суқоймаларына жіберілуге жол берілетін ең жоғары жылдамдықты каналдарда 5.21-кесте бойынша алу қажет.



5.10.7 Кез келген пішіндегі (тіктөртбұрыштан басқа) көлденең қимасы бар құбырлар мен каналдардың есептеліп толтырылуын 0,8 диаметрден (биіктіктен) асырмай алу қажет.

Көлденең қимасы тіктөртбұрыш каналдардың есептеліп толтырылуын биіктіктің 0,75 асырмай қолдануға жол беріледі.

Жаңбырлы су тарту желісінің құбырлары үшін толық толуды алу қажет. Толық толтыруды тоспа сулар аз уақытқа тасталған уақытта диаметрі 500 мм дейінгі құбырлар үшін алуға жол беріледі.

 

Кесте - Жаңбыр және суқоймаларға тасталуға жол берілетін каналдарғы өндірістік тоспа су қозғалысының ең жоғары жылдамдығының мәндері

 

Топырақ немесе бекітілу түрі Ағын тереңдігі 0,4 м бастап, 1,0 м дейін болғанда каналдардағы ең жоғары қозғалыс жылдамдығы, м/с  
Бетон плиталармен бекітілу 4,0
Орташа әктастар, құмдақтар 4,0
Одерновка: жалпақ жағы 1,0
  қабырғаға 1,6
Төсем салу: бірқабатты 2,0
  қос қабатты 3,0 бстап, 3,5 дейін
ЕСКЕРТУ Ағын жылдамдығы 0,4 м кем болған уақытта тоспа сулардың қозғалыс жылдамдығының мәндерін 0,85 коэффициентімен, тереңдігі 1,00 м астам болғанда - 1,25 коэффициентімен алу қажет.

 

Бырлардың, каналдар мен лотоктардың көлбеулері

5.11.1 Құбырлар мен каналдардың ең төмен көлбеулерін тоспа су қозғалысының жол берілетін ең төмен жылдамдығына байланысты қабылдаған жөн. Су бұру жүйелерінің барлық түрлері үшін құбырлардың ең төмен көлбеулерін құбырлар үшін төмендегідей диаметрлермен алу қажет:

- 150 мм - 0,008;

- 200 мм - 0,007.

Тиісті негіздеу болған жағдайда жергілікті шарттарға байланысты желінің жекелеген учаскелері үшін төмендегідей диаметрлердегі көлбеулерді алуға жол беріледі:

- 200 мм - 0,005;

- 150 мм - 0,007.

Нөсерөткізгіштен жалғану көлбеуін 0,02 деп алу қажет. Диаметрі 200 мм артық құбырлардың ең төмен көлбеулері [1] сәйкес анықталады.

5.11.2 Ашық жаңбыр желісінде көлік жүретін жол лотоктарының, кюветтер мен су бұру орларының ең төмен көлбеулерін 5.22-кесте бойынша қабылдау қажет.

5.11.3 Трапецеиялы қимадағы кюветтер мен орлардың ең шағын көлемдерін төмендегідей алу қажет:

- түбі бойынша ені 0,3 м;

- тереңдігі 0,4 м.

 

Кесте – Көлік жүретін жол лотоктарының, кюветтер мен су тарту орларының ең төменгі көлбеулерінің мәндері

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!