Главная Обратная связь Поможем написать вашу работу!

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Жылыту және ыстық сумен қамдау жүйелерін қосу сызбалары



Екі түрлі жылулық жүктемені қиюластыру – жылыту және ыстық сумен қамдау жүйелері бар қазіргі замандық тұрғын үйлерге тән

1) Жылыту және ыстық сумен қамдау жүйелерін жеке абоненттік пунктте паралель қосу қарастырамыз. Мұндай жағдайда абоненнтік пункттегі су шығыны жылыту мен ыстық сумен қамдауға кететін су шығындарының қосындысына тең. Желілік судың жылытуға кететін шығыны тұрақты шама және оның есептік мөлшерің 6 шығын реттегіш тұрақты етіп ұстайды. Ыстық сумен қамдауға қажет су шығыны тұрақсыз шама. Оны температура реттегіш жүктемеге сәйкес мәнде тұрақты етіп ұстайды.

Ыстық су аккумуляторы тұрғын үйлерде орнатылмайды. Ол жүйені күрделендіріп, оның габариттік өлшемдерін асырып жібереді. Жылыту және ыстық сумен қамдау приборларын параллель қосылған абоненнтік пунктте желілік су тиімді қолданылмайды. Жылу желіне жылыту жүйесінен кері қайтарылатын судың температурасы to = 50÷70 оС, оны температурасы tх = 5÷15 оС қалалық құбырдан келген салқын суды қыздыру үшін қолданбайды.

2) Жылыту және ыстық сумен қамдау қондырғылары екі сатылы, аралас қосылған сызбада жалпы су шығыны біршама азаяды.

Төменгі қыздыру сатысында салқын су алдын-ала абоненттік қондырғыдан қайтарылған желілік су арқылы қызады. Мұның өзі жоғарғы сатының қыздырғышының жұмыс өндірулігін азайтып, оған баратын желілік су шығынын кемітеді. Жылыту жүйесімен төменгі сатының қыздырғышы желілік су арқылы тізбектей, ал жоғарғы саты қыздырғышы параллель жалғанған. Мұндай жағдайда ЫСҚ жүктемесі аккумуляторды орнатуды қажет етпей, жылытуға берілген ыстық су шығынының төмендеу есебінен жабылады ( түн мезгілінде ыстық суды қолдану азаяды, керісінше жылытуға көп жылу мөлшері қажет). Бұл сызбаны қолданғанда, жылулық жүктеме тұрақты болып қалғанда, ЖЭО-ға қайтарылған желілік судың температурасы төмендейді (себебі абоненттік пунктте оның шығыны азайды). Яғни температурасы төмен желілік суды қыздыруға төменгі қысымды буды қолданады, оның өзі жылулық бу алымының электр энергиясын көп өндіруіне мүмкіндік береді.



3) Жылыту және желдету. Қоғамдық ғимараттарды жылумен жабдықтауда ыстық суды қолдану жүктемесінің үлесі шамалы, бірақ желдету жүктемесі басым. Сондықтан калориферлерді екі сатыда қосу арқылы желілік су шығынын азайтуға болады.

Ашық жылумен жабдықтау жүйелері 48. Ыстық сумен қамдау жүйелерін қосу сызбалары



Ашық жылумен жабдықтау жүйелерінің негізгі түрі – екі құбырлы жүйе (7.4 суретті қара). Ыстық су абоненттерге 1 өткізуші құбыр арқылы келеді. Кері қайтарылған су II өткізуші құбырмен қозғалады. Жылыту жүйесінің қондырғылары жылу желіне жабық жүйедегі сызбалар бойынша қосылады.

Ашық жүйеде абоненттерді ыстық сумен қамдау тікелей жылу желінен іске асырылады (7.4 а,б суретін қара). Жылу желінің тура құбырынан ыстық су температура ретттегіш 5 арқылы 4 араластырғышқа беріледі. Осы араластырғышқа кері құбырдан 7 клапан арқылы салқындаған су да беріледі.

раластырғыштан су тұрақты температурада (шамамен 600 С) жергілікті ыстық сумен қамдау жүйесіне барады. Кері клапан 7 ыстық судың тура құбырдан кері құбырға ағып кетуіне жол бермейді. ЫСҚ жүктемесінің графигін түзету үшін 1 ыстық су аккумуляторы орнатылған. Жоғарғы аккумуляторды зарядтау(сумен толтыру) жылу желіндегі судың тегеуріні есебінен жүреді, ал керісінше разрядтау(судан босату) – жылу желінің статикалық тегеуріні есебінен жүреді.

Аккумуляторды төменде орналастыруға да болады (7.4 б сурет). Төменгі аккумуляторды зарядтау 6 шығын реттегіш клапаны арқылы іске асады. Клапанға импульс беруші 9 дросселдік шайбада су қысымының төмендеуі.

Дросселдік шайба жергілікті ыстық сумен қамдау жүйесінің негізгі стоягында орналасқан. Су шығыны төмендегенде, шығын реттегіштің клапаны ашылып, негізгі стояктан судың біраз бөлігі аккумуляторға беріледі, яғни ол зарядталады. Су шығыны көп болған жағдайда, қондырғы аккумялатор разрядталатын жағдайға ауысады. Бұл кезде реттегіш толығымен клапаны жабылады. Өзін іске қосушы құрылғы арқылы 3 сорғы қосылып, суды аккумулятордан ыстық суды қолдану жүйесіне жібереді.



Шартты отын

Шартты отын деп әр түрлі органикалық отын түрлерін қолданғанда электр станциялардың жұмыс істеу тиімділігін және басқа көрсететін салыстырулар үшін қолданылатын түсінік. 1 кг шартты отын= 29,33 кДж. Тұтынушыларға байланысты отын энергетикалық және техникалық болып екіге бөлінеді. ЖЭС- тарда қолданылатын отын энергетикалық деп аталады. Металургия, химия өнеркәсіптерінде, түрлі зауыттарда қолданылатын отын техникалық деп аталады.

Отын ылғалдылығы

Отынның өзіне тән қасиеттері бар. Олар: отынның ылғалдылығы, отынның кеуектілігі, үшбасаттардың шығуы, күл, отынның тығыздығы, отынның сусымалдығы. Соның ішінде отынның ылғалдылығына тоқтала кетсек... Отынның ылғалдылығы екіге бөлінеді:

1. Ішкі ылғалдылық- химиялық реакциялар түріндегі ылғалдылық (18000С дейін қыздырғанда ыдырайды);

2. Сыртқы ылғалдылық 160- 3000С- табуланады.

Ішкі ылғалдылықтың өзі екіге бөлінеді:

1. Коллоид ылғалдылығы отынның құрама бөлігі болып табылады. Ол көмір бойында бікелкі таралады.

2. Гидрат ылғалдылығы отыннның орасан қоспалары ішінде кездеседі.

Отынның жану жылуы

Отынның жану жылуы деп отынның 1 кг немесе 1м3 мөлшерін жаққанда бөлінетін жылуды айтамыз.

Сұйық, қатты

Газ үшін

Жану формуласы

Осы толық жану үшін

1 кг қатты немесе сұйық отынды жағуға қажет оттегінің теориялық көлемі

1кг отынды жағуғы қажетті ауаның теориялық көлемі

1 кг газ отынын жағуға қажетті ауаның теориялық көлемі

Альфа- ауаның артық еселеуші коэффициенті

Жану өнімділігінің көлемін анықтау

Үш атомды газдарды анықтау үшін

Жану өнімдеріндегі азоттың теориялық көлемі

Жану өнімдеріндегі су буының теориялық көлемі

Құрғақ газдардың теориялық көлемі

Жану өнімінің теориялық көлемі

Ауаның артық бергендегі азот, су, оттегі көлемі

Отынды жағуға дайындау


Просмотров 2350

Эта страница нарушает авторские права





allrefrs.ru - 2022 год. Все права принадлежат их авторам!