Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Зарту, өзгерту және тоқтату



Негізгі ұғымдары:Медициналық, емдеу, психиатриялық,шара, емхана.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тек сот арқылы мемлекеттік шара ретінде тағайындалады. Мұндай шараны жаза деп санауға болмайды, өйткені мұнда жазаға тән белгі - түзеу белгісі жоқ. Керісінше, мұндай емдеу шараларын қолдану құкық бұзушының мүддесіне сай келеді. Бұл шарт сот үкімімен емес, сот қаулысы бойынша тағайындалады. Сондық-танда мұндай шара тағайындалған адамдар сотталған адам қатарына жатқызылмайды, оған қолданылған шара оларды емдеуге, олардың тарапынан қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің қайталанбауына жасалған сақтандыру, олардың құқық қорғайтын мүддесін қорғау болып табылады. Сонымен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары жазадан оны қолданудың негізі мен мақсаты, мазмұны және заңдылық зардабы бойынша ажыратылады.

2. Медициналық сипаттағы мәжбірлеу шараларының түрлері оның тағайындаудың, өзгертудің және тоқтатудың тәртібі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 93-бабында белгіленген. Заңда медициналық сипаттағы мәжбурлеу шараларының төрт түрі көрсетілген:

а) амбулаториялық мәжбүрлеп байқауды және психиатрда емделу;

б) жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;

в) мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;

г) интенсивті байқайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрлерін тағайындауы мүмкін.

Осы көрсетілген мәжбүрлеу шаралары ауруларды емдеумен бірге, оларды қоғамнан оқшаулап, медицина мекемелері арқылы мұндай адамдардың денсаулығы мен мінез-құлқына өте мұқият түрде бақылау жасау арқылы жүзеге асырылады.



Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың негізі Қылмыстық кодекстің 91-бабында тұжырымдалған. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және тоқтату Қылмыстық кодекстің 96-бабында көрсетілген, осы заң талабына сәйкес:

1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзартуды, өзгертуді және тоқтатуды психиатр дәрігерлер комиссиясының қорытындысы негізінде мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын мекеме әкімшілігінің ұсынуы бойынша сот белгілейді.

2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы белгіленген адам сотқа осындай шараны тоқтату туралы немесе өзгерту туралы ұсыныс енгізу үшін негіздердің бар екені жөніндегі мәселені шешу үшін кемінде алты айда бір рет психиатр-дәрігерлер комиссиясында куәландырылып отыруға тиіс.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын колдануды тоқтату немесе өзгерту үшін негіздер болмаған кезде мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын мекеменің әкімшілігі мәжбүрлеп емдеуді ұзарту үшін сотқа қорытынды береді. Мәжбүрлеп емдеуді бірінші ұзарту емдеу басталған кезден бастап алты ай өткеннен кейін жүргізілуі мүмкін, мәжбүрлеп емдеуді одан кейін ұзарту жыл сайын жүргізіледі.

3. Психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді қолдану тоқтатылған жағдайда сот мәжбүрлеп емдеуде болған адам жөнінде қажетті материалдарды оны емдеу немесе психиатриялық-неврологиялық мекемеге жіберу туралы мәселені денсаулық сақтау туралы заңдарда көзделген тәртіппен шешу үшін денсаулық сақтау органдарына беруі мүмкін.



4. Есі дұрыс емес адамдарға қолданатын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларына қарағанда қылмыстық жазамен бірге емес, онымен қатар тағайындалады және оның басқа түрлері болады.

Алкоголизммен, нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға қылмыс істеген ретте медициналық сипаттағы еріксіз шараны қолданудың негізгі мақсаты, мұндай аурумен зардап шегетіндерді емдеп, осындай күйде олардың тағы да қылмыс істеуіне жол бермеу болып табылады. Қылмыстық заң алкоголизм, нашақорлық немесе уытқұмарлықпен қылмыс істегендердің бәріне де медициналық сипаттағы еріксіз шараны қолдануды талап етпейді.

Алкоголизм, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан қылмыс істеген адамға қылмысы үшін тағайындалатын жазамен бірге медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың басты шарты осы дертке шалдыққан ауруларды еріксіз емдеуге жіберу кажет деген медициналық қорытындының және мұндай емдеу, емделетін адамның денсаулығына зия-ны жоқ деген тұжырым бар болғанда ғана қолданылады.

Бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға сотталған жоғарыда аталған адамдар арнаулы емдеу және емдеу режимін сақтай отырып, медицина мекемелерінде еріксіз емделуі тиіс.

Мұндай адамдар бас бостандығынан айыруға сотталған ретте олар жазасын өтеп жүрген кезде еріксіз емделуге тиіс, ал бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін, осындай емдеуді ұзарту қажет болған ретте арнаулы емдеу және емдеу режимі бар медицина мекемелерінде еріксіз емделуге тиіс.

Алкоголизммен, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққандарға медициналық сипаттағы еріксіз емдеу шаралары сот үкімі бойынша тағайындалады және мұндай ретте емдеудің мерзімі және оның нақты түрі көрсетілмейді.

Еріксіз емдеуді тоқтату сол адам емделіп жатқан емдеу мекемесінің ұсынысы бойынша сот арқылы жасалады.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!