Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Сотталғандықтан арылу және жою



Негізгі ұғымдары:қылмыстық жауаптылық, қылмыстың арнайы субьектіс.

Қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құылық норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі. Қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылық та болмайды. Қылмыстық заң бойынша жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жасау тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жзеге асырылады.

Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелігімен оқшауланған құқылық жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Қылмыстық жауаптылық – өзінің нысанына, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылық түрі. Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиіс шараларды қолдануды жүзеге асырады.

ҚК-нің 65-71, 78-баптарында көзделген жағдайларында адамды қылмыстық жауапталықтан босату жазадан да босатуға алып келеді. Бірақ, жазадан босату қалай да қылмыстық жауаптылықтан босату емес (ҚК-нің 65-71,78-баптары).

Қылмыстық жауаптылық заңдық жауаптылықтың басқа түрлерінен (азаматтық-құқықтық, әкімшілік, тәртіптік және басқа) айырмашылығы сонда, ол тек қылмыстық органдары қызметкерлерінің шектеулі тобы қылмыс жасаған адамдарға жүктейді, нәтижесінде оларға жаза тағайындылады, соттылық жағдай туындайды.

Қылмыстық жауаптылықтың туындауы, іске асырылуы және қысқаруы қылмыстық –құқықтық қатынастар шегінде жүреді.



Қылмыстық құқықтық қатынастар дегеніміз – қылмыстық заңның нормаларымен реттелетін, қылмыстың жасалуынан туындайтын ерекше қоғамдық қатынастар. Қатынастарға, бір жағынан –қылмыскерлікпен күрес жүргізетін өз органдары арқылы мемлекет, екінші жағынан – қылмыс жасаған адам қатысады.

Қылмыстық жауаптылық пен қылмыстық құқықтық қатынас қылмыс жасаған кезден бастап туындайды. Дәл осы кезеден бастап құқықтық қатынас субъектілері тиісінше әрекет етуге құқықтар алады, оларға міндеттер жүктеледі. Сонымен, қылмыстық құқықтық қатынастар мен қылмыстық жауаптылық қылмыстың жасалу фактысы бойынша бір уақытта туындайды, ол құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс жүргізу әрекетерімен байланысты емес. Мысалы, қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауаптылыққа тартумен.

Қоғамға қауіпті іс-әрекетті заң бойынша қылмыс субъектісі бола алмайтын адамдар (есі дұрыс емес, жас сәби) жасаған жағдайда, сондай-ақ іс-әрекетті қажетті қорғаныс, аса қажеттілік жағдайында, қылмыскерді ұстау кезінде және басқадай жағдайларда жасағанда қылмыстық жауаптылық және қылмыстық құқықтық қатынастар туындамайды.



Қылмыстық жауаптылықтың негізі дегеніміз – қылмыстық заңда көзделген, адамның қылмыстық жауапқа тартылуына, соттың оны кінәлі деп тануына және қылмыстық –құқықтық ықпал ету шараларын қолдануға негіз болатын мән жайлар. ҚК-нің 4-бабына сәйкес «... осы Кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады».

Жалпы қағидаға сәйкес қылмыстық жауаптылық сот арқылы қылмыс жасаған кінәлі адамға жаза тағайындау арқылы жүзеге асырылады. Бірақ кейбір реттерде қылмыстылықпен күресте мақсатқа жету кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тартпай-ақ немесе оған жаза тағайындап, бірақ жазаны нақты өтеуден босату арқылы, сондай-ақ жаза өтеуден мерзімнен бұрын босату, өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек жазамен өтеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың мынандай түрлері көрсетілген:

1. Шын өкініуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

2. Қажетті қорғану шегінен асқын кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.

3. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

4. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

5. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

6. Рахымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату.

Осы аталған негіздер мен қылмыстық жауаптылықтан босату түбегейлі түрде шартсыз жүзеге асырылады.

2. Қылмыстық жауапқа тарудың мерзімінің ескіруі деп қылмыс істеген уақыттан бастап, кінәлі адамды сол қылмысы үшін заңда көрсетілген шарттарға сәйкес жауапқа тартуға мүмкіндік беретін уақыттың өтуін айтамыз. Мұндай мерзімнің өтуі қолданылатын шараның тиімділігін, қажеттілігін жояды, сондықтан да ол қылмыс ескірген қылмыс қатарына жатқызылады. Қылмыстық кодексте (71-бап) мұндай жауаптылықтан босатудың негіздері істелген қылмыстың ауырлығына байланысты болып көрсетілген.

1) Қылмыстық теріс қылық жасалғаннан кейін 1 жыл өтсе;

2) онша ауыр емес қылмыс жасалғаннан кейін 2 жыл өтсе;

3) ауырлығы орташа қылмыс жасалғаннан кейін 5 жыл өтсе;

4) ауыр қылмыс жасалғаннан кейін 15 жыл өтсе;

5) аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейін 20 жыл өтсе;

Ескірудің мерзімі қылмыс істеген күннен бастап және сот үкімі заңды күшіне енген кезге дейін есептелінеді. Созылмалы қылмыста ескіру мерзімі ең соңғы іс-әрекетті істеп біткен уақыттан бастап есепке алынады.

Егер заңда көрсетілген мерзім өткенше ауыр немесе аса ауыр қылмыс істеген адам 71-баптың 1-бөлігінде аталған мерзім өткенге дейін жаңадан қасақана қылмыс жасаса, ескіру мерзімі тоқтатылады. Егер қылмыс істеген адам тергеуден немесе соттан бой тасалап жүрсе, оның ескіру мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады. Мұндай реттерде ондай адамдарды қылмыстық жауапты-лықтан босатуға жол берілмейді. Мұндай адамдар жөніндегі ескіру мерзімінің өтуі ол адамды ұстаған күннен бастап немесе кінәсін мойындап өзі келген күннен бастап, қайта жаңғыртылады. Бұл орайда, егер қылмыс жасалған уақыттан бері 25 жыл өтсе және ескіру мерзімі тоқталмаса, адам қылмыстық жауапқа тартылмауы керек.

Өлім жазасы қолданылуы мүмкін болған қылмыс құрамын істегендерге қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімін қолдану жөніндегі мәселені тек қана сот шешеді. Бұл ретте сот 25 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды немесе өмір бойы бостандығынан айыруды тағайындайды (69-бап, 5-бөлігі).

Мерзімі ескіруге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға болмайтын қылмыстар да бар. Қылмыстық кодекстің 71-бабының 6-тармағында бейбітшілікке және азаматтың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс істеген адамдарға ескіру мерзімі қолданылмайды.

3. Қылмыс жасағаны үшін сотталған адам соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап соттылықты жою немеса алып тастау кезіне дейін сотты болған деп есептеледі. Осы Кодекске сәйкес соттылық қылмыстың әлденеше рет қайталануы, қылмысты қайталау кезінде және жаза тағайындау кезінде ескеріледі (Қылмыстық кодекстің79-бабы, 1-бөлігі). Қылмыстың әлденеше рет қайталануының түсінігі Қылмыстық кодекстің 14-бабында көрсетілген. Заң бойынша сотталғандық атағы жоқ адамдарға ғана бас бостандығынан шектеу (44-бап), тәртіптік әскери бөлімде ұстау (45-бап), жаза түрлері тағайындалады. Сотталғандық атақ түзеу мекемелерінің түрін белгілеуге (46-бап), адамды ауыр немесе аса ауыр қылмысты қайталаған деп тануға (14-бап) тікелей әсері бар. Сотталғандык атақ жауаптылықты және жазаны ауырлататын мән-жайлар ретінде қарастырылады. Мысалы (54-бап, 1-бөлігі, "1" тармағы). Бұрын сотталғандық көптеген нақты қылмыс құрамдарының күшейтілген, жетілдірілген белгісі ретінде де көрініс табуы мүмкін. Мысалы, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі 196-бап, 2-бөлігі, "2" тармағы, 293-бап, 2-бөлігі, "2" тармағы.

Сотталғандықтан арылу деп қылмыс жасап сотгалған адамның айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін заңда белгіленген белгілі бір мерзім ішінде ол жөніндегі үкімнің орындалмауын айтамыз. Сотталғандықтан арылу белгілі мерзім өткен соң өзінен-өзі жойылады.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!