Главная Обратная связь Поможем написать вашу работу!

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






СӨЖ – ның жалпы мақсаты мен әдістемелік нұсқаулықтары



«ҚР Қылмыстық құқық (жалпы бөлімі)» пәні бойынша СӨЖ мына жағдайларды қарастырады:

- білімгерлердің белсенділігі мен жан-жақты ізденуінде қазіргі замандағы теория мен практиканы ұштастырудың жаңа нысандары мен әдістерін ойластыру (әртүрлі ойындар, мәселені талқылау, ситуациялық жағдайлар ойластыру, т.б.);

- тақырыпты өз бетінше теориялық жағынан талдау, жоспарын құру, аннотация жасау, іздену (өз таңдауы бойынша);

- пән тақырыптары бойынша кішігірім сөздік құрастыру;

- шағын топ болып зерттеудің жобасын жасау, презентациялау;

Курсты оқу барысында білімгерлер тақырыптарға қатысты деректер көзімен жұмыс жасауға:

- ҚР Қылмыстық құқықтық пәні бойынша әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілермен танысу (ғылыми, оқу, заң терминдері, заңдар, анықтамалар), яғни кітапханада әртүрлі дерек көзімен жұмыс жасауға, ізденуге тырысады;

- талап бойынша тақырыпқа сай әдебиеттерді көрсетуге және нақты сол дерекпен жұмыс жасауға дағдыланады;

- дерек көздері бойынша ойын анық жеткізуге, жоспар жасауға, тезистер, конспект жасауға, тақырыпқа қатысты хабарламалар алуға, реферат жазуға;

- дерек көздеріне сүйене отырып, өз көзқарасын ұстауға, нақты дәлелдер келтіруге, ойын жинақтауға;

- әдебиеттермен жұмыс жасай отырып, мәселені талқылауға белсене қатысады

Білімгерлердің ізденіс қабілеттерін дамытуға және белсенділіктерін арттыруға көп көңіл бөлінеді:



- ситуациялық жағдайларды ойластыру, талдау жасау;

- пікірталастар тудыру, өз құқықтарына нұқсан келген жағдайларды анықтау, тығырықтан шығу жолдарын іздестіру, тез ойын жинақтау;

- күнделікті өмірде құқығына жиі нұқсан келетін кездерді анықтау, мәселені қоя білу, нақты сүйенетін фактілерді көрсету;

- тақырыпқа қатысты проблемалық сұрақтарды қоя білу.

 

СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары

  Тапсырмалардың мазмұны Сағ. саны Тапсыру мерзімі Бақылау түрі
1.Қылмыстық құқықтың түсінігі. 2.Міндеттері мен жүйесі. 3.Қылмыстық заң   конспект баяндау Тест сұрақтарын құрастыру  
1. Қылмыстық жауаптылық және оның негізі. 2.Қасақана қылмыс жасау сатылары. 3.Қылмысқа қатысу реферат сызба сызу баяндама  
1.Іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар. 2. Жаза түсінігі және мақсаттары. 3.Жаза жүйесі мен түрлері тағайындау конспект Тест сұрақтары Схема түрінде
1.Қылмыстык жауаптылықтан босату 2.Жазадан босату. Соттылықты жою және алу 3.Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылық Сөздік құрастыру баяндама Эссе жазу
  Барлығы:    

 



Глоссарий

1.Қарақшылық - отандық қылмыстық құқықта: мемлекеттік немесе қоғамдық кәсіпорындарға мекемелерге ұйымдарга не жекелген адамдарға шабуыл жасау мақсатында қаруланған банда ұйымдастыру, ал мұндай бандаларга қатысу олар жасаған шабуылга қатысумен бара -бар болып саналады.

2.Хабарсыз кету - тұрақты тұратын жерінде азаматтық ұзақ уақыт бойы болмауын сот тәртібімен айқындау.

3.Қылмысты әрекеттсіздік - қылмыстық қылықтың бір түрі. Қасақылық - жан -жануарларды қорғау туралы заңдар мен ережелерді бұзып, аң -құс, балық аулау, өсімдіктерді, тал - бұталарды рұқсатсыз кесіп, жұлып, бүлдіру.

4.Валюта - Мемлекеттін ақшалық жүйесінің негізінде жататын ақша бірлігі.

5.Ведомство - Нақты бір мемлекетте қоғамдық өмірдін белгілі саласын немесе аясын басқаратын және мемлекетті басқару органдары жүйесіне кіретін орталық мекеме.



6.Вердикт - (латынның vere dictum - "дұрыс айтылған") төреші қызылар алқасының алдына қойылған мәселелер бойынша, әсіресе сотталушының кінәлілігін анықтау жөнінде шығарған шешімі.

7.Версия -(Version "түрін өзгерту") - тергеу мен сот қызметінде нақты қылмыстық істін дәлелдемелері мен басқа да деректі материялдарына негізделген және соған ұқсас істерді тексеру тәжірибесін ескере отырып құрылған, істі дұрыс шешу үшін маңызды оқиғалар мен деректердің қосылысының мәні бары немесе жағы туралы тергеушінің, не соттың болжамы, сонымен қатар оның туындауымен сипатын мүмкіндігінше түсіндіруі.

8.Парақорлық - қолданыстағы қылмыстың құқықта: қылмыстың үш түрін: пара алуды, пара беруді, парақорлыққа делдан болуды қамтитын ұғым.

9.Виктимология -(латынның Victrima - "құрбандық" деген) -криминологияның бір тарауы қылмыстық әрекеттің құрбаны туралы ілім.

10.Кінә-құқықта: өзінің құқыққа қайшы мінез-құлқы мен оның зардабына, құқық бұзу құбылысының субьектиетік жағына адамның психикалық тұрғыдан қарым-қатынасы.

11.Есі дұрыстық - қылмыстық құқықта: психикасы сау адамның қалыпты ахуалы.

12.Қылмыстық іс қозғау - қылмыстық істің бастапқы сатысы, мұнда жасалған немесе әзірленген қылмыстар туралы алынған мәліметтерді қарап шығып, прокурор, тергеуші, анықтау органы, сот, судья қылмыстық істі қозғау туралы немесе одан бас тарту т.б - жөнінде шешім қабылдайды.

13.Зиянды өтеу - зиян келтірудің нәтижесінде пайда болатын мүліктік залалдың өтемі.

14.Қылмыскерді ұстап беру - халықаралық құқықта: жасаған қылмысы үшін құдаланып жүрген адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін немесе оған шығарылған үкімді орындау үшін бір мемлекеттің оны басқа мемлекетке ұстап беруі.

15.Бопсалаушылық - қылмыстық құқықта: елігінде мүлкі бар адамға, немесе оның туыстарына зорлық көрсету арқылы сондай-ақ, оны немесе оның жақын туыстарын масқаралайтын мәліметтерді жария ету қауіпін төндіру арқылы оған қысым жасап, қыспаққа алу амалын қолданып, мүлкін беруді талап ету.

16.Кепілдік - азаматтық құқықта: тен ұйымдардың арасындағы қарым-қатынаста ғана қолданылатын міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі.

17.Геноцид — халықаралық қылмыс түрлерінің бірі; нәсілдік, ұлттық этникалық немесе діни белгілер бойынша тұрғындардың дүлік тобын қырып - жою.

18.Мемлекеттік құпия — аса маңызды мемлекеттік мәні бар, әрі мемлекет тарапынан арнайы қорғалатын әскери, экономиялың және саяси сипаттагы мәліметтер.

19.Тонау - қылмыстық құқықта: мемлекеттік, қогамдың және жеке мүлікті адамның өмірі мен денсаулығына қатар төндірмей, зорлықсыз немесе зорлықпен ашықтап - ашық жымқырып кету.

20.Азаматтық - нақты бір мемлекетке адамның саяси және құқықтың жағынан телінуі.

21.Айыптау үкімін орындау мерзімі - қылмыстық заңмен белгіленген мерзімі ол өтіп кеткеннен кейін айыптау үкімі, егер ол бұған дейін орындалмаған болса, енді орындалуы мүмкін емес.

22.Доктилоскопия - адамды криминалистік тұрғыдан сәйкестендіру, қылмысты тіркеу және қылмыскерді іздестіру мақсатында қолдың (саусақтарының) терісінің бедерін зерттейтін криминалистикалық атауы.

23.Әрекетке қабілеттілік - іс әрекеттермен құңылар иеленуге және өзіне заңи міндеттер алуға, сондай-ақ құқық бұзушылың әрекет жасаганы үшін жауапкершілік арқалауға тұлғаның қабілеттілігі.

24.Қашқындық - қылмыстық құқықта: Әскери қызыметшінің әскери қызыметтен жалтару бөлімшені немесе қызмет орның өз бетімен тастап кету сонымен қатар тап сондай пиғылмен тағайындау, орнын ауыстыру кезінде қызметке келуі, іс сапардан еңбек демалысынан немесе емдеу орнынан оралуы.

25.Қылмыстық қылық — қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық —қарым қатынастардың шырқын бұзған, адам мінез-құлық нормаларынан ауытқыған, әлеуметке қарсы бағытталған акт.

26.Құрбандық - заңи жауаптылыққа тартылатын іс-әрекеттердің кесірінен тікелей немесе жаңама түрде материялдық емес зиян шегіп, зардап тартатын азамат, не болмаса заңи тұлга.

27.Шатасу - азаматтық құқықта: әлдебір адамның өзі кіріскен мәміле жөнінде жансақ ұғынғандығын білдіру үшін қолданылатын аталым.

28.Ұстау - қылмыстың істе: қамуға алу түрінде бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселені шешу, ұсталған адамның қылмысқа қатыстылығын анықтау мақсатында қылмыс жасады деп сезіктілген адамға қолданатын қысқа мерзімді мәжбүрлеу шарасы.

29.Қамауда ұстау - қылмыстық істе: бұлтартпау шараларының бір түрі. Қылмыстық іс бойынша алдын-ала тергеу және соттың таңылау кезеңінде бостандығын еріксіз шектеуден тұрады.

30.Қамалушы - бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау қолданылған қадам (әдетте, бір жылдан асамерзімге басбостандығынан айыру түрінде жазалау заңмен көзделген қылмыстар жөніндегі істер бойынша қолданылады).

31.Заң - кен мағынада алғанда: бүкіл норматиетік - құқықтық актілер, мемлекет белгілеген жалпыға міндетті ережелер.

32.Заңды өкіл - құқықта: әркетке қабілеті жоқ, әркетке қабілеті шектеулі, немесе әрекетке қабілеті бола түра, тәни жағдайының салдарынан өзінің құқықларын және өзінің міндеттерін жекелей жүзеге асыра алмайтын адамдардың жеке басының, мүліктік құқықлары мен заңды мүдделерін, заңның күшімен барлық мекемелерде, соның ішінде сот мекемесінде қорғауға қатысатын азамат.

33.Сот қорғауы — ҚР-ы азаматының конституциялың құқы; ҚР-ң конституциясына сәйкес әрбір азаматтың сот арқылы өз құқыларымен бостандықтарын қорғауға, жеке өміріне қол ұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясына болуына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына құқы бар.

34.Өтініш - мекемеге немесе лауазымды басшыға жасалатын бір адамның ресми өтініші.

35.Идентификация - (латынның identificare "ұқсастыру") -соттық дәэлелдемелер алу мақсатында жалпы және жеке нышандарының жиынтыгын салыстыру тәсілімен зерттеу арқылы нақты объектінің немесе тұлғаның ұқсастығын айқындайтын кременалистикадағы процесс.

36.Зорлау - қылмыстық құқықта: күш қолдана, қауіп төндіре отырып, немесе жәбірленушінің дәрменіз жағдайын пайдаланып, жыныстық қатынас жасауы.

37.Сот құзыреті - істерді қарау жөніндегі соттың заңмен белгіленген өкілеттілігі.

38.Конституция - нақты бір елдің қоғамдық экономикалық басқару және мемлекеттік құрылым пішімдерінің, жеке адамдардың құқықтық ахуалын, жоғарғы және жергілікті өкіметпен басқару органдарының ұйымдың тәртібі мен құзыретін, сот билігін жүзеге асыруды, сайлау жүйесін ұйымдастыруды айқындаушы негізгі заң.

39. Контрабанда - (contra - "қарсы" + bando - "үкімет өнімі " деген сөзден шыққан) эканомикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады.

40. Мүлікті кәнлескелеу - құқық бұзғандық үшін қолданылатын санкция ретінде мүліктерді мемлекет меншігіне еріксіз, қайтарымсыз алып қою.

41. Ұрлық - мүлікті жасырын түрде жымқыру; қоғамдық немесе жеке меншікке қарсы жасалған қылмыстардың сапасына жатады.

42. Криминалистика - (латынның crimitalis - "қылмысқа қатысты" деген сөзінен шыққан бұл термин) - соттың дәлелдемелерді жинақтаудың, тиянақтаудың, зерттеудің және пайдаланудың арнаулы тәсілдерінің, әдістері мен құралдарының жүйесін жасақтайтын ғылым.

43. Криминалогия - (латынның criminis — "қылмыс" гректің logos "сөз", "ұғым", "ілім") қылмыстылық, оның себептері, қылмыскердің жеке басы, қылмыстылықты болдырмаудың жолдары мен құралдары және оны жоюдың перспективалары туралы ғылым.

44. Латенттік қылмыс - белгілі бір территорияда уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде мемлекеттік құқық қорғау органдарына мәлім бола қоймаған, сондықтанда ресми түрде қылмыстық статистикаға тіркелмеген қылмыс әрекет ретінде жазаланатын қылық.

45. Латенттілік - (латынның lantens - "жабық", "көрінбейтін") криминалистикада сандық қасиеттерімен сипатталатын латенттің қылмыстық ахуалы.

46. Жеке тұлға - көптеген елдердің азаматтық низамында — азаматтық құқыңтың субъектісіретіндегі жеке адам;

47. Бас бостандықтан айыру - сотталушыны қоғамнан еріксіз оқшаулайтын жазаның түрі. Тек соттың үкімі бойынша тағайындалады.

48.Ұқсас бұзақылық — қылмыстық жаза қолданылатын бұзақылыққа жетеқабыл әкімшілік құқық бұзушылық.

49.Жазалау шарасы - жасалған қылмысты саралайтын қылмыстық заңның нақты нормасының санкциясы негізінде соттың үкімімен сотталушыга тағайындалатын белгілі бір түрдегі және мөлшердегі жаза.

50. Бұлттартпау шарасы -тергеу мен соттан қашып кетеді немесе қылмыстық іс бойынша ақиқатты айқындауға кедергі келтіруі, не болмаса қылмыстық іс-әрекет жасайды деп пайымдауға негіз болган кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін айыпталушыга қолданылатын заңмен белгіленген іс —жүргізу шарасы.

51.Жаза - істеген қылмысы үшін адамды мемлекет тарапынан еріксіз мәжбүрлеудің айрықша шарасы.

52.Кылмыстық ұқыпсыздық -қылмыстық құқықта: абайсызда туындайтын кінәнің бір түрі.

53.Есалаңдық –қылмыстық құқықта: психикалық ауруға шалдығуының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан адамның қоғамға қауіпті әркет жасау сәтінде өзінің іс -әрекетіне есеп беру немесе оны басқару қабілетінің болмауы.

54.Қажетті қорғану —құқықпен қорғалатын мүддеге қастандық, озбырлық жасаушыға қарсы шығып, күш көрсету, оның әлгі озбырлығын тыюға әрекет жасау.

55.Айыптау - заңмен уәкілттелеген органдармен тұлғалардың қылмыстық жауапкершілікке тартулушы адамның кінәлілігін дәлеудеуден тұратың қызметі.

56.Айыпталушы -(нем. Angelagte - "ісі сотқа берілген") - қылмыс жасалуына кінәліретінде жауапқа тарту жөнінде қаулы шығарылған адам.

57.Жазаны өтеуге кейінге шегеру - заңдық қағидаларға сол сотталган екі қабат әйелдерге және 8 жасқа дейін баласы бар әйелдерге, егерде олар адамның жеке басына қатер төндіретін ауыр ,аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 5 жылдан жоғары мерзімге сотталмаса, сол бала 8 жасқа толғанша жазаны өтеуді кейінге шигере тұрады.

58.Персона грата -(латынның Persona grata - "қалаулы, ұнамды адам") -қандайда бір елге дипломатиялың өкілдің кандидаты ретінде барган, сол мемлекеті үкіметі қабылдаған адам.

59.Соттау құзыры - бірінті инстанция бойынша қарауға жататын істерді соттарға бөліп беру, яғни, нақты бір істің шешімін табуға тиісті сотты айқындау.

60.Көрсетім – мән —жапларды айқындау үшін пайдаланылатын, азаматтық немесе қылмыстық істерді дұрыс шешу үшін мәні бар дәлелдемелердің бір түрі.

61.Полиция -(гректің роіііеіс - "мемлекет ісін басқару") - кей мемлекеттерде қадағалау мен мәжбүрлеу органдарының айрықша жүйесі, сондай-ақ қалыпты қоғамдық құрылысты қорғайтын ішкі мақсаттагы әскерлер.

62.Айғақшы - қылмыстық іс -жүргізу низамында көзделген реттерде тексеріп қарау, тінту, алып қою, куәландіру, тану және т.б.

63.Порнография - (гректің pornos -"азғындаған адам") -азғындың долықты насихаттайтын арнайы шығармаларды, баспа өнімдерін , суреттерді немесе басқа да порнографиялық нәрселерді дайындау, тарату және жарнамалау.

64.Құқыққа қабілеттілік – субьектиетік құқықтармен заңы міндеттерді арқалай алудың мемлекет мойындаған қабілеті, яғни, құқыларды иелену мен заңы міндеттер арқалау қабілети

65.Тілек шағым - кредитордың қарызды қайтару, зиянды өтеу, айыппұлды төлеу, жеткізілген өнімнің, сатылган заттың, орындалған жұмыстың кемшіліктерін жою туралы борышкерге қоятын талап тілегеі.

66.Теріс қылық - нақты бір мемлекеттің низамы бойынша тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілік арқалайтын құқық бұзушылықты білдіретін жинақтаушы атау.

67.Қолхат —(фр. Older —"бұйрық") — қол қоюшылық әлде нені алғандығын куәландыратын қол қойылған құжат.

68.Теугеу -(ағ. Instuction -"тергеу") - анықтау және алдын-ала тергеу органдарының қатысуымен қылмыстық іс-жүргізу заңында қарастырылған іс -әрекеттер жүзеге асырылатын, дәлелдемелерді және тексеру, қылмыстарды тез әрі толықтай ашу.

69.Ақтау - құқық саласында: қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамды ақтау, яғни, азаматтық құқын қалпына келтіру осылайша аталады.

70.Ревезициялау - құнын төлеу отырып, мемлекеттің немесе қоғамның мүддесі үшін меншік иесінің мүлкін мемлекеттің алып қоюы.

71.Репатриант - репатриация бойынша отанына оралған адам.

72.Куәгер - нақты іс бойынша анықталуға тиісті қандай да бір мән-жайлардан хабардар адам.

73.Қауруды сертификаттау - арнаулы уәкіпеті бар органдардың қаруды тексеруден өткізіп, стандарттың міндетті талаптарына сәйкестігіне бекітуі.

74.Симуляция - дені сау адамның белгілі бір ауру түрімен өтірік ауруы, сол ауруға шалдыққан болып көрінуі.

75.Қылмыстық нышандау құрамы - жасалған іс-әрекетті қылмыстың нақты түрі ретінде сипаттайтын заңмен белгіленген нышандар жиынтығы.

76.Қылмыстық құрылымы - қылмыстык, — құқықтың, не криминалогиялық негіздемелер бойынша жіктетелетін қылмыстар түрінің арақатынасын айқындаушы көрсеткіштердің жүйесі.

77.Судья - қазы, сотқазы мемлекеттің сот билігі бар лауазымдық тұлғасы.

78.Төл құжат - көрсетуші адамның жеке басын куәландыратын ресми құжат. (ағ. Attestation -"іс-әрекет")

79.Жарлық - кейбір елдерде мемлекеттік биліктің жоғары өкілетті органы құрған тұрақты қызмет істейтін коллегиалды органның құқықтық актісі.

80.Жарғы - мемлекет, мүлікті меншіктенуші немесе қоғамдық ұйымдар белгіленген ережелер жиынтығы.

81.Франзиша - белгілі бір мөлшерден асып кетпейтін шығынды өтеуден сақтанушыны босатуды көздейтін сақтандыру жөніндегі келісім шарттың шарты.

82.Хищение - жымқыру (фр. Dilapi dation -"шашпашылық") - мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті заңсыз алып, баюды немесе басқалай жеке мүддені қаузап, өзінің, не басқа адамның пайдасына бола қайтарымсыз пайдалану.

83.Шантаж - қоқан -лоққы - (фр. Chantage -"қорқыту") - бопсалау сиқты бұнда қылмыстық әрекетке жатады.

84.Айыппұл - заңда немесе шартта белгіленген тәртіппен немесе жағдаймен қолданылатын материалдық ықпал ету, ақшалай жазалау шарасы.

85.Эксгумация - (латынның ex+humus -"жерден") мәйітті көрден қазып алу.

86.Экспатриант көшігер - (латыннын expatria - "отанның, елден шығу") - отанынан кетіп қалуға және азаматтығынаң айырылуға мәжбүр болған адам.

87.Электорат - (латынның elector -"сайлаушы") - парламенттік, президенттік сайлауларда белгілі бір саяси партияның өкілдері үшін дауыс беретін сайлаушылар, яғни, әрбір партианың немесе кандидаттың өзінің электораты болады.

88.Құқықтану - (латынның Jurisprudential -"заң білу") - құқықтану ілім, заң ғылымдар жиынтығы, сондай -ақ заңгерлердің практикалық қызметі.

89.Заң кенесші — (латынның. Juris-consults —"құқықтанушы") — кәсіпорын-дардың, мекемелермен ұйымдардың құқықтанушы қызметкері.

90.Юрисдикция - құқықтық құзыр (лат. Jurisdicto -"сот ісі") -тиісті мемлекеттік органдардың құқықтық дау -далайлардың шешімін тауып, құқық бұзушылың туралы істерді қарауға, яки, тұлғаның не басқалай құқық субъектісінің әрекеттерінің заңдылық тұрғысынаң бағалап, тәртіп бұзушыларға заң шаралар қолдануға қатысты уәкіліктіктерінің жиынтығы.

91.Юрист - заңгер -(латынның Jus -"құқық") - заң білімі бар адам; құқықтанушы; құқық саласында практикалық қызмет атқартын маман.

92.Юстиция - әділет -(латынның Justitia -"әділеттілік") — сот мекемелерінің, олардың әділ сотты жүзеге асыру жөніндегі іс әрекетінің бүкіл жиынтыгын, сондай -ақ сот идорасын білдіретін аталым.

93. Кінәсін мойындап келу - қылмыскерлердің анықтау, тергеу органдары, пракуратураға, сотқа ерікті түрде келіп, өзін сот төрілігіне шығу ниетімен істеген қылмыс туралы мәлімдеме жасауы.

 

Аралық бақылау сұрақтары


Просмотров 1093

Эта страница нарушает авторские права





allrefrs.ru - 2022 год. Все права принадлежат их авторам!