Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Гипс үлгілерінің иілу және сығым беріктігінің шегін анықтау



 

Иілу және сығым беріктігін анықтау үшін қалыпты қоюлықтағы гипс қамырынан 40×40×160 мм өлшемді арқалық-үлгілер қалыптайды. Үш арқалық-үлгіні (призма) қалыптау үшін 1 кг гипс байланыстырғышын қалыпты қоюлыққа сәйкес келетінде мөлшердегі суға сеуіп салып, қол араластырғышпен біркелкі масса алынғанша 60 секунд араластырады, содан кейін қалыптарды толтырады (6-сурет).

Гипстің ұстасуы кейін 15 5 мин өткен соң, арқалық-үлгіні қалыптан босатып, сырт пішінінде ақау белгілері бар жоғын тексереді. Гипсті суға батырған уақыттан бастап 2 сағат өткен соң, арқалық-үлгіні иілуге сынайды.

 

а) б)

 

6-сурет. Жиналмалы металл қалып: а) – көлденең қимасы; б) – үстінен көрінісі.

 

Үлгіні МИИ-100 пресс қондырғысының таяныш элементтеріне оны дайындағандағы көлденең қырлары тік күйінде болатындай жағдайда орналастырады. Үлгілер жабдықтың нұсқамасы бойынша сыналады.

Иілу беріктігін анықтаудан шыққан алты жарты үлгілерді бірден сығым беріктігінің шегін анықтауға сынайды (7-сурет).

Алынған нәтижелер 5-кестеге жазылады.

 

7-сурет. Сығым беріктігіне сынағандағы үлгінің тілімшелердің арасында орналасу жағдайы: 1 – пресстің төменгі тақтасы; 2 – тілімшелер; 3 – пресстің жоғары тақтасы;

4 – үлгінің жартысы.

 

Үлгінің сығым беріктігінің шегін анықтау үшін қиратушы қүш мәнін үлгі орналасқан тілімшенің 25 см -ге тең болатын жұмыстық ауданына бөледі.

 

5-кесте. Гипс үлгісінің беріктік шегін анықтау мәндері.

 

Өткізген сынақ саны 40×40×160 мм үлгінің 2 сағат қатайғандағы беріктігін сынау көрсеткіші, МПа 40×40×160 мм үлгінің құрғақ күйінде беріктігін анықтау көрсеткіші, МПа
сығу кезінде ию кезінде сығу кезінде ию кезінде
       
       
       

 



Зертханалық жұмыс аяқталғаннан кейін тәжірибе нәтижелерін МеСТ 125-79* (СТ СЭВ 826-77) талаптарымен салыстырып (1, 3, 6-кестелеріне қараңыз), қорытынды шығарылады.

6-кесте. Гипс үлгісінің беріктік шегі

 

Байланыстырғыш маркасы 40x40x160 мм үлгінің 2 сағат қатайғандағы беріктік шегі, МПа-дан кем емес
  қысу кезінде ию кезінде
Г-2 Г-3 Г-4 Г-5 Г-6 Г-7 Г-10 Г-13 Г-16 Г-19 Г-22 Г-25 1,2 1,8 2,0 2,5 3,0 3,5 4,5 5,5 6,0 6,5 7,0 8,0

Бақылау сұрақтары:

1. Гипс алу үшін қандай табиғи шикізат қолданылады?

2. Гипстің майдалық дәрежесін қалай анықтауға болады?

3. Гипс қамырының қалыпты қоюлығы дегеніміз не, ол қандай мақсатпен және қалай анықталады?

4. Қатаю мерзімдері қалай және қандай аспаптар көмегімен анықталады?

5. Гипс маркасын қалай анықтайды, ол үшін үлгілер қалай дайындалады?

 

Әдебиет:

1. ГОСТ 23789-79 (СТ СЭВ 826-77 в части методов испытаний). Вяжущие гипсовые. Методы испытаний.

2. Ибраимбаева Г.Б., Есельбаева А.Г., Байсариева А.М. Строительные материалы: Методическое пособие к выполнению лабораторных работ для специальностей 5В073000 – «ПСМИиК», 5В072900 – «Строительство», 5В042000 – «Архитектура». – Алматы: КазГАСА, 2011. Ч.1. – 64 с.



3. Кулибаев А.А., Бишімбаев У.Қ., Қасымов Е.О. Құрылыс материалдарынан зертханалық жұмыстар: Оқу құралы. – Алматы. Триумф, 2009. – 368 б.

4. Бисенов Қ.А., Үдербаев С.С., Әбиева Г.С. Құрылыс материалдары мен бұйымдары: Оқу құралы. – Алматы: «Издат Маркет», 2008. – 224 б.

5. Белов В.В., Петропавловская В.Г., Шлапаков Ю.А. Лабораторные определения свойств строительных материалов. – М.: ИАСВ, 2004. – 176 с.

6. Попов Л.Н., Попов Н.Л. Лабораторные работы по дисциплине «Строительные материалы и изделия»: Учебное пособие. – М.: ИНФРА-М, 2005. – 219 с.: ил. (Профессиональное образование).

 

Ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы «ПОРТЛАНДЦЕМЕНТ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ» – 1 сағат


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!