Главная Обратная связь Поможем написать вашу работу!

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Микроскопта жұмыс жасау



Қымбат, дәл әрі күрделі боп саналатын металлографикалық микроскоппен ұқыпты және аса сақтылықпен жұмыс жасау қажет. Микроскоппен жұмысты бастамас бұрын, оның құрылымы мен оптикалық жүйесімен танысу қажет.

1. 1 –кестедегі берілгендерді пайдалана отырып, микроскоптың (обьектив пен окуляр) ұлғаюын таңдайды.

 

1-кесте

Объективтер Көзбен қарап бақылағанда Суретке түсіргенде
Окулярлар Окулярлар
7х 10х 15х 20х 7х 10х 15х
8,6х(Р=23,17; А=0,17) 14,4х(Р=13,89;А=0,30) 24,5х(Р=8,16;А=0,37) 32,5х(Р=6,16;А=0,65) 72,2х(Р=2,77;А=1,25)

2. 13 визуалды тубус тесігіне окулярды салады. (2-суретті қара).

3. 23 қысқыш винтті бұрап, 4 макрометриялық винтті айналдыру арқылы 10 зат үстелшесін көтеру қажет және 11 иллюминаторлы тубустың жоғарғы бөлігіндегі отырғызу тесігіне объективті салады.

4. Зат үстелше терезесіне шлиф өлшеміне қарай қажетті тесігі бар 7 төсемені қояды.

5. 4 макрометриялық винтті айналдыру арқылы зат үстелшесін ондағы кронштейіннің белгісіне дейін микроскоп корпусындағы нүктесімен сәйкес келетіндей етіп түсіреді.

6. 6 винт көмегімен зат үстелшесін объектив төсеніш тесігінің ортасында орналасатындай етіп қояды.

7. Зерттелетін шлифті объектив үстіне зат үстелшесінің төсенішіне қарай жалтыраған және күйдірілген бетімен төмен орналастырып 9 қысқышпен қысу қажет.



8. 13 визуалды тубусты тірелгенше жылжыту қажет.

9. Окулярға қарап отырып 4 макрометриялық винтті айналдыру арқылы фокусқа шамамен бағытталады.

10. 23 винт арқылы зат үстелшесін белгілі бір қалыпқа келтіреді.

11. Окулярға қарап, 14 микрометриялық винтті айналдыру арқылы фокусты дәл бағыттайды.

12. Окулярды бақылап 6 винт көмегімен зат үстелшесін жылжытады, және шлифтің әр түрлі жағынан құрылымын қарау. Зат үстелшесінің төсеніші бойымен шлифті жүргізуге болмайды.

 

Эксперименттік бөлім

 

1. Микрошлифті дайындау әдісін меңгеру.

2. Микроскоптың оптикалық сызбасын оқып меңгеріп, оның анықтылығын келтіру әдісін меңгеру.

3. Жоғары беріктікті, соғылған және сұр шойынның күйдірілмеген үлгілерінің микроқұрылымын салу.

 

Есеп

1. Теориялық бөлім

2. Микроскоптың оптикалық сызбасы

3. Жоғары беріктікті, соғылған және сұр шойынның микроқұрылымы.

 

Бақылау сұрақтары



1. Микроқұрылым деген не?

2. Микрошлифті қалай дайындап кеседі?

3. Микрошлифтерді не үшін күйдіреді?

4. МИМ-7 микроскобының негізгі түйіндері мен бөліктерін айтып шығыңдар.

5. Визуалды бақылауға микроскопты қалай бағыттап дұрыстайды (наладить)?

6. Жоғары беріктікті, соғылған және сұр шойынның күйдірілген микроқұрылымын сипаттау.

 

Глоссарий

Термиялық өңдеу (Обработка термическая) – металдардың (бұйымдардың) құрылымын және қасиетін өзгертуге алып келетін жылулық әсер.

Фреза (фр. fraіse) – материалды жоңқалап кесу (фрезалау) тәсілімен өңдейтін көп жүзді кескіш аспап. Ол тіс орналасқан бетінің түріне (цилиндрлі, бүйірлі, дискілі, бұрышты, фасонды); тіс пішініне (тұзу, винтті, жан-жаққа бағытталған); тіс ерекшелігіне (қайралған, шыңдалған); құрылысына (тұтас, құрама, кешенді); бекітілуіне (саптамалы, т.б.); винттік ойығының бағытына қарай ажыратылады. Фреза легирленген және аспаптық болаттан дайындалады. Ол жазық әрі қисық бетті, жікті, айналу денесін өндеу, сондай-ақ материалдарды кесу үшін қолданылады

Диафрагма (diaphragma) – грек тілінен аударғанда «қалқа» деген мағынаны береді. Бұл бөлшек обьективте орналасқан элемент. Оның негізгі қызметі матрицаға (немесе ескі фотоаппараттар болса пленкаға) қанша мөлшерде жарық өткізу керектігін қадағалайды. Фотоөнер бірлестігінің төрағасы Асылхан ағаның мысалын осы жерде келтірсем, түсінуге ыңғайлы болар. Диафрагма – бұл үйімізде болатын кәдуілгі терезе. Оның үлкен-кішілігіне байланысты ішке сәйкес мөлшерде жарық түседі. Яғни терезе кең болса үй іші жарық болады да, терезе кіші болса, үй іші сәйкесінше қараңғылау болады.



Шлиф жіңішке поликристалдық материалдардан тұратын жақсылап тегістелген пластиналар (металдардан басқасы), өтетін жарықта микроскоп астында зерттеуге арналған

Микросылма (микрошлиф) – микроскоп арқылы зерттелетін металл үзігі.

 

 

Блиц-тест

1. Механикалық тегістеу қандай матамен жүреді?

А)киіз Б)бархат С)киіз, бархат, шұға жұқа

2. Цилиндрлі немесе сызықтық үлгілердің қандай өлшемдері болады?
а) 10-30 б) 10-15 с)10-20

3. Мкросараптау кезінде болаттың орналасу реті мен құрамы қандай шкала бойынша бағаланады?

А) ГОСТ 1778-70 Б) ГОСТ 1778-65 С) ГОСТ 1787-70

4. Шливті реактиті салғаннан кейін өңдеу ұзақтығы

А) бірнеше секундтан-бірнеше минут

Б) бірнеше минуттан-бірнеше сағатқа

С) бірнеше сағат

5. Микрошливтің құрылымын қандай микроскоппен қарайды?

А) металлографиялық микроскоп

Б) жарық микроскопы

С) тұтқалы микроскоп

6. Құрғақ тегістеуге арналған ГОСТ нөмірі

А)6555 Б) 6555-82 С) 6456-82

7.Микросылманы немен жуады?

А)спиртпен Б)сумен немесе спиртпен С)сумен

8.Микрометриялық винт көмегімен объектив тік бағытқа ығысып қайда бағытталады?

А)фреза Б)фокус С)винт

9. Микрометриялық барабанның кесіндісінің өлшемі?

А) 0,003 мм Б)0,3 мм, С) 0,0002 мм.

10. Визуалды тубусты қанша жылжыту қажет?

А) 3 см. Б) тірелгенше С)2 см

 

 


Просмотров 1000

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.ru - 2021 год. Все права принадлежат их авторам!