Главная Обратная связь Поможем написать вашу работу!

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






МЕТАЛДАР МЕН ҚОРЫТПАЛАРДЫҢ МИКРОСАРАПТАМАСЫ



 

Жұмыстың мақсаты:Микрошлиф дайындау үрдісімен тансысу, металлографиялық микроскоп құрылғысын меңгеру және онда жұмыс істеу дағдыларын үйрену, балқымалардың микросараптамасын жүргізу, және қарапайым микроқұрылымның суретін салу дағдыларын оқып білу.

Материалдар мен жабдықтар:Металдар мен қорытпалардың микроскопиялық сараптамасы оптикалық және электронды микроскоптың көмегімен металдың құрылымын зерттеуге негізделген. Микроскоп көмегімен бақыланатын құрылымды металдар мен қорытпалардың құрылымы деп атайды.

Металдардың микроқұрылымы мен олардың қасиеттері арасында тығыз байланыс бар. Микросараптама жеке фаза мен түйіршіктердің өлшемдері мен формаларын анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар олардың мөлшері, қатысты орналасуы, металда қосылыстар мен микроақаулардың барын анықтау, металдар мен қорытпалардың қасиеттерін бағалау, осы материалдарды әрі қарай өңдеуге (құю, деформациялау, термиялық өңдеу) мүмкіндік береді. Микросараптауға микросылма деп аталатын арнайы дайындалған үлгілер ұшырайды.

Микросылмаларды келесідей дайындайды. Үлгіні кесетін жерді зерттеу тапсырмасына байланысты таңдайды (көп ретте кесетін жер мен ретін ГОСТ-пен қатаң түрде қадағаланады). Эксплуатация кезінде детальдің қирауының себебін білу кезінде үлгілерді кесетін жердің қасында фреза, қоларамен, алмазды, жанартаулық (вулканитовые) шеңбермен немесе электрискрамен кеседі. Кесу мен келесі шлифовка кезінде үлгіні салқындату қажет. Маңызды қыздыру жіберілмейді, себебі металға айтарлықтай құрылымдық өзгерістер енгізуі мүмкін.



Әдетте үлгілер цилиндр немесе сызықтық өлшемдері бар 10...20 мм төртбұрышты формада болады. Егер макросылма өлшемі аз болса, (сым, жұқа бет, ұсақ деталь), соңғыларын арнайы қысқышпен (струбцины) бекітеді, немесе жеңіл балқытылатын құяды (Вуда қорытпасы, эпоксидті немесе акрилді ным (смола) күкірт, пласмасса).

Үлгінің бетін тегіс қылып жасайды және қолдап сылмалайды, немесе наждакты терімен станокта жасайды. Сонымен қатар ірі түйіршікті теріден ұсақ түйіршікті теріге баяу көшуін бақылау керек. Құрғақ тегістеуге ГОСТ 6456-82 бойынша өндірісте шығарылатын терілер пайдаланылады, дымқыл үшін – суға төзімді қағаз тері пайдаланылады (ГОСТ 10054-82). Егер тегістеуді қолмен жүргізсе, тегістелген қағазды тегіс бетке жаяды (мысалы, әйнек бетіне). Тегістеуден соң абразив қалдықтарын тегістеу бетінен сумен шаяды. Содан соң ұсақ қалдықтарды жою үшін үлгіні жылтыратады.



Жалтыратудың осындай әдістері механикалық немесе электрмеханикалық материалдарды жою әдістеріне, немесе олардың комбинациясына негізделген. Механикалық тегістеу дискілі матамен (киіз, бархат, жұқа шұға (сукно)) қапталған тегістеу станогында жүргізеді. Матаға ГОИ пастасын немесе оны дүркін-дүркін ұсақ абразивті бөлшектері бар суспензиямен суарады (алюминий, хром, темір және т.б. тотықтары). Жақсы тегістеу материалдары алмазды АСМ немесе АМ микроұнтағы бар алмазды паста болып табылады. Пастаны айналып тұрған дискте немесе матада бекітіліп тұрған қағазға жағады. Бет айна сияқты жалтыраған кезде, жалтыратуды тоқтатады. Сапалы жалтыратқан микрошлиф микроскоппен бақылағанда жырылғандары, ақаулары байқалмайды. Микросылманы сумен немесе спитрпен жуады, сығылған ауамен немесе фильтрқағазымен құрғатады.

Жалтыратудан соң микроскоп көмегімен күйдірілмеген сылманы, содан соң күйдірілген (протравленный) шлифті бақылап меңгереді.

Күйдірілмеген (нетравленный) шлифті меңгеру барысында әртүрлі микроақауларды байқауға болады. Шлифтегі бақыланған әр-түрлі түстегі кіші аумақтар қорытпаның механикалық қасиеттерін төмендететін металлемес қосылыстар (оксидтер, сульфидтер, силикаттар) болып табылады. Микросараптау кезіндегі қосылыстардың мөлшері, олардың формалары, болаттағы орналасу реті мен құрамы ГОСТ 1778-70 балл шкаласы бойынша бағаланады және әр түрлі бөлшектерді дайындауға арналған болаттардың жарамдылығы жөнінен қорытынды жасалады.



Күйдірілмеген микрошлифті қарап бақылап болған соң, көп жағдайда шлифтерді сәйкес келетін реактивтерге салып өңдейді. Өңдеу ұзақтылығы оның мақсатына байланысты бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін созылуы мүмкін. Содан соң шлифті сумен жуып, фильтр қағазымен құрғатады және металлографикалық микроскоп көмегімен бақылайды. Соңғысы, биологиялық тәсілдерге қарағанда жарық сәуле көмегімен жұқа емес денелерді (непрозрачные тела) қарауға мүмкіндік береді. Егер шлифтің құрылымы анық емес боп шықса, оны қосымша өңдейді (травить), егер мүлдем қарайып кетсе – онда да жалтыратып өңдейді. Анағұрлым күйдірілген (күйдіру барысында ерігендер) фазаларды микроскоп көмегімен қарағанда ашық күйдірілмегеннен айырмашылығы қара түсті болады.

Зерттеуге дайындалған микрошлиф құрылымын металлографикалық микроскоппен қарайды.

МИМ-7 тік металлографикалық микроскоп

МИМ-7 микроскоптың оптикалық сызбасы. Электр 1 лампасынан жарық сәулелері (1-сурет) 2 коллектор арқылы өтіп және 3 айнаға шағылысып, 4 светофильтрге түседі (әдетте өткір контурлы сурет алу үшін сары), содан соң апертурлы 5 диафрагма (микрошлифтегі қарастырып отырған аумақтың жарық кеңістігінің шектелуі үшін) мен 6 линзаға түседі, 8 фотозатвор мен полевой диафрагмаға бағытталады, 10 пентапризмада жарық сынады, 11 линза арқылы өтеді, сәулелену 14 пластинкаға түседі, 13 объектив пен зат үстелшесінде тұрған 12 микрошлифке бағытталады. 12 микрошлифке түскен сәуле қайта 12 объектив арқылы өтіп, одан параллельді үйінді (пучок) түрінде шығып, 14 шағылысу пластинкасы мен 16 ахроматты линзаға түседі.

Көзбен көріп бақылағанда сәулелер 18 окулярға қарай сәулелерді бұратын 17 айнаға енеді. Суретке түсіргенде 17 айна окуляр және айнамен бірге тубустың ығысуымен сөнеді, және сәулелер 19 фотоокулярға тура бағытталады, 21 күңгірт шыныға келіп түсіп шағылысатын 20 айна арқылы өтіп сурет береді. Микроқұрылымды белгілеп қою үшін 21 күңгірт шыныны фотопластинкасы бар кассетаға алмастырады. Поляризацияланған жарықта бақылау үшін жүйеге 15 қондырмалы анализатор мен 7 поляризатор қосады.

 

1-сурет. МИМ-7 оптикалық микроскобының сызбасы

МИМ-7 микроскобының құрылысы. МИМ-7 микроскобы (2-сурет) негізгі үш бөліктен құралады: жарықтандырғыш, корпус және жоғарғы бөлік.

Ішінде лампасы бар Ι жарықтандырғышта 2 фонарь бар. Центрленген винттер 3 лампа сымының ортасы мен коллектордың оптикалық осімен жалғау үшін қажет.

 

 

2-сурет. МИМ-7 микроскобы.

ΙΙ микроскоп корпусында жарықфильтр жинағы бар 1 диск бар: 24 рукоятка фотоокулярдың қайта қосылуы; күңгірт шынысы немесе 9*12 фотопластинкасы бар кассетасы бар рамкаға арналған 15 отырғызу құрылғысы; 17 жарықтандырғыш линзаның жиектемесінің астында орналасқан апертурлы диафрагманың түйіні; диафраграмманың диаметрін өзгертуге арналған 16 накаткасы бар сақина; 25 винттің айналуының арқасында қисық жарықтандыруды пайда болдыру үшін диафраграмманың ысырылуына мүмкіндік береді; 26 винт апертурлы диафраграмманың айналуы үшін қажет.

Микроскоптың ΙΙΙ бөлігіне кіретін детальдар төмендегідей.

1. Объектив астында отырғызу тесігі бар (посадочное отверствие) ΙΙ иллюминаторлы тубус бар. Иллюминаторлы тубустың келте құбырында (патрубок) жарық және қараңғы кеңістікте жұмыс жасауға арналған 22 линзасы бар рамка орналасқан; 21 кожух астында (2-суретті қара) – пентапризма. 21 кожухтың жоғарғы жақ бөлігінде диаметрі 19 бау (поводок) көмегімен өлшенетін кеңістік диафраграмманың 20 винті орналасқан. Кеңістік диафраграмманың (полевая диафраграмма) конусы астында 18 фотозатвор бар.

2. Тесігіне 12 окуляр салынатын көзбен көру 13 тубусы. Көзбен көріп бақылағанда тубусты тірелгенше, ал суретке түсіргенде шегіне жеткенше бұрайды.

3. 10 зат үстелшесін 6 винттер көмегімен екі перпендикулярлы бағытқа бұруға болады. Зат үстелшесінің ортасында терезе бар, оған әр түрлі диаметрлі тесігі бар 7 ауыспалы төсеніш салады. Зат үстелшесінің үстінде 8 тік колонкалар мен 9 серіппелі қысқыштардан тұратын ұстағыштар орналасқан, осылардың көмегімен микрошлиф зат үстелшесінің төсенішіне қысылады. 4 макрометриялық винт зат үстелшесін тік бағытқа ығысуын қамтамасыз етеді, онымен фокусқа шамамен бағытталады. 23 қысқыш винтпен зат үстелшесін өздігінен түсіп кетпеу үшін белгілі бір қалыпқа келтіреді. 10 зат үстелшесін қажетті биіктікке ығыстыру үшін үстелшенің кронштейнінде микроскоп корпусындағы ойылған (награвированная) нүктеге қарма-қарсы орналасқан ойылған белгі бар.

4. 14 микрометриялық винт көмегімен объектив тік бағытқа ығысып фокусқа дәл бағытталады. Микрометриялық берілістің шығыны 3 мм, барабанның кесіндісі -0,003 мм.

 


Просмотров 778

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.ru - 2021 год. Все права принадлежат их авторам!