Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тақырып. Халықаралық жеке құқықтағы заттық құқықтар



Жоспар:

1.Меншік құқығының коллизиялық мәселелері.

2.Халықаралық жеке құқық аясындағы ұлттандыру.

3.Шетел мемлекеті мүлігінің иммунитеті.

Негізгі ұғымдар: заттық құқық, инвестиция, меншік құқығы, иммунитет, шетел инвестициясы.

1. Заттық құқық деп белгілі бір тұлғаның өз қарамағындағы жеке заттарға үстемдік (қожалық) етуін айтады. Әдетте адамның затқа қатынасы әртүрлі болады, біріншіден, ол сол заттың меншік иесі, екіншіден, оны иеленуші, үшіншіден, өзгенің затын меншіктену құқығын еншілей алады.

Олардың ара жігі заңда өзіне тән ерекшеліктерімен айқындалады.

Азаматтық кодекс жүйесінде құқықтың өзі меншік құқығы және басқалай заттық құқық болып бөлінеді. Онын соңғысына жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы және басқа да заттық құқықтар (мысалы, сервитуттар) жатады.

1963 жылы қабылданған Азаматтық кодексте заттық құқық деген түсінік болған жоқ. Әрине, оның мәнісін де түсіну қиын емес, өйткені кеңестік Азаматтық кодекс тұлға мен затты, меншік иесі мен меншік объектісін байланыстыратын құқықты елемеді.

Қазіргі уақытта халықаралық қатынастардағы меншік құқығының коллизиялық мәселелері жан-жақты болып келеді. Кез-келген жүйеде меншік құқығы негізгі институт, себебі осы институт арқылы өзге құқықтық институттардың мазмұны анықталады. Бірқатар мемлекеттердің заңдарына қозғалатын мүлікке меншік құқығы мен қозғалмайтын мүлікке меншік құқығының арасында айырмашылықтар бар. Сот тәжірибесімен ХЖҚ-та қалыптасқан доктринаға сәйкес қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы заттың тұрған жерінің заңы (lex rei sitae) қағидасымен анықталады. Осы қағидаға сәйкес меншік құқығының мазмұны мен нысаны және өзге тұлғаларға өту тәртібі мен нысаны заттың тұрған жерінің заңымен анықталады. Аталған қағида қозғалмайтын мүліктің негізгі санаты – жер учаскелеріне қатысты ерекше қатаң сақталады.

ҚР жеке тұлғалары мен заңды тұлғаларының шет мемлекетте қозғалмайтын мүліктері болған жағдайда олар мүлікке иелену, пайдалану және билік ету құқықтарына жергілікті заңның нормаларына сәйкес ие болады.

Бағалы қағаздар, көлік құралдары өзге де жеке заттар секілді қозғалатын мүліктердің жағдайын анықтау күрделі мәселе. Себебі, мүліктердің мұндай санаттарына қатысты заттың тұрған жерінің заңы қағидасын қолдану туралы мәселе барлық мемлекеттерде бірдей шешілмеген. Дегенмен, қозғалатын мүліктердің режимін анықтауда аталған қағида шешуші мәнге ие болып жатады. Біріншіден, бір мемлекетте заттың тұрған жерінің заңымен пайда болған затқа меншік құқығы тиісті зат бір мемлекеттің аумағынан өзге бір мемлекетке өткен жағдайда да сақталып қалады. Екіншіден, меншік иесінің құқықтарының көлемі де заттың тұрған жерінің заңымен анықталады. Осыған байланысты заттың бір мемлекеттен өзге мемлекетке өтуі кезінде меншік иесінің құқықтарының мазмұны өзгеріп отырады.

ХЖҚ доктринасында меншік құқығының бір тұлғадан өзге бір тұлғаға өтуін реттейтін заңды анықтауға байланысты бірнеше қағидалар қолданылады. АҚШ-да және Ұлыбританияда ұзақ уақыт бойы меншік құқығы меншік иеленушінің жеке заңымен анықталып келді. Соңғы кезеңдерде ғана меншік иеленушінің жеке заңымен қатар заттың тұрған жерінің заңы қағидасы әрекет етуде. Францияда мүлікке меншік құқығының ауысуы заттың тұрған жерінің заңымен анықталса, мұрагерлік құқығы бойынша мүліктің өзге тұлғаға өту тәртібі мұра қалдырушының жеке заңымен анықталады.

ҚР қолданыстағы заңнамасында меншік құқығына қатысты бірқатар коллизиялық нормалар бекітілген. ҚР АК 1107 бабына сәйкес меншік құқығы және қозғалатын немесе қозғалмайтын мүліктерге заттық құқықтар егер ҚР заң актілерімен өзгеше көзделмесе заттың тұрған жерінің заңымен анықталады. Заттың қозғалатын немесе қозғалмайтын мүліктердің санатына жатқызылуы, сонымен бірге мүлікті заңды саралау мүліктің тұрған жерінің заңымен анықталуы тиіс.

Мәміленің нысаны болып табылатын мүлікке меншік құқығының пайда болуы, өзгеруі, жойылуы тараптардың келісімдеріне сәйкес мәміле бекітілген жердің заңымен (lex loci contractus) анықталуы мүмкін. Затқа меншік құқығын қорғауда сот заңы немесе заттың тұрған жерінің заңы қағидалары әрекет етеді. Қозғалмайтын мүлікке меншік құқығын қорғауды жүзеге асыру барысында тек қана заттың тұрған жерінің заңы қағидасы қолданылады. Мемлекеттік тіркеудегі затқа меншік құқығын қорғауда ҚР заңдары қолданылады.

2. Ұлттандыру деп жеке меншіктегі мүлікті мемлекеттің меншігіне алуды, яғни мемлекеттендіруді айтамыз. Ұлттандыру нәтижесінде мемлекет меншігіне жеке объектілер емес экономиканың белгілі-бір салалары толығымен өтеді. Бірқатар мемлекеттердің заңдары қоғамдық мүдде негізінде жүргізілетін ұлттандырудың тәртібі мен әдісін анықтаумен қатар ұлттандыруға ұшыраған мүліктің иесіне компенсацияларды өтеу тәртібін бекіткен. Мемлекеттердің жеке меншікті ұлттандыруға құқығы халықаралық құқықтың мемлекеттік суверенитет қағидасынан туындайды. Ұлттандыруды жүзеге асыру мемлекеттік суверенитет болмысының нысаны болып табылады. Мемлекеттердің ұлттандыруға және табиғи ресурстармен еркін билік ету құқықтары БҰҰ Бас ассамблеясының резолюцияларымен бекітілген. Халықаралық жария құқық ұлттандыруды жүргізуге құқықты танығанымен одан туындайтын қатынастарды реттей алмайды. Себебі, ұлттандыру мемлекеттің ішкі саяси актісі болып табылады. Ұлттандыруды жүргізу жағдайлары оны жүзеге асырып отырған мемлекеттің ішкі заңымен анықталады. Ұлттандырудың құқықтық табиғатына келесі жалпы белгілер тән:

► ұлттандыру акті – мемлекеттік биліктің актісі;

► ұлттандыру белгілі-бір тұлғаларды жазалау шарасы емес, жалпы сипаттағы әлеуметтік-экономикалық шара;

► ұлттандыру меншіктің кімге тиесілі екендігіне тәуелсіз жүргізіледі;

►ұлттандыруды жүргізетін мемлекет ұлттандырылған мүлік үшін шетелдіктерге компенсация берілу, берілмеуін және компенсация берілетін жағдайларда оның мөлшерін бекітеді;

► ұлттандыру туралы заңдар экстерриториялық сипатта болады.

Сонымен қатар ұлттандырылған мүлікке қатысты істерді қарау барысында соттар ұлттандыруды жүзеге асырған мемлекеттің заңын қолдануға міндетті. Қазақстанда отандық меншік иеленушілердің мүлкін ұлттандыру мүмкіндігін көздейтін нормалар жоқ. Ал, Шетелдік инвестициялар туралы ҚР заңының 7 бабы шетелдік кәсіпкерлердің мүлкін ұлттандыруға мүлдем тиым салады. Себебі, ұлттандыру туралы нормалардың болуы шетелдік инвестицияларды тартуға кедергісін келтіреді.

3. Қазіргі уақытта мемлекетіміздің меншігіне кіретін мүліктердің әртүрлі санаттары шетелдерде орналасқан. Оларға экспорттық тауарлар, Ұлттық Банктің салымдары және уақытша жүрген әуе, су кемелері жатады.

Шетелдегі мемлекет меншігіне барлық жағдайларда иммунитет беріледі. Мемлекеттік меншік иммунитеті деп – мүлік орналасқан жердегі мемлекет тарапынан тиісті мүлікке қатысты мәжбүрлеу әрекеттерінің қолданылмауын айтамыз. Мемлекеттік меншік қол сұқпаушылыққа жатады және оған соттық, әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылмайды. Теория мен тәжірибеде мемлекеттік иммунитеттің мынадай түрлері бекітілген: соттық иммунитет, талапты алдын-ала қамтамасыз етуден иммунитет, шешімді мәжбүрлеп орындатудан иммунитет. Соттық иммунитет бір мемлекеттің өзге мелекет соттарының қарауына жатпайды деген мағынаны білдіреді («Равный над равными не имеет юрисдикции»). Мемлекеттің келісімінсіз ол өзге мемлекет сотына қатыстырылуға тартылмайды. Талапты алдын-ала қамтамасыз етуден иммунитет – талапты алдын-ала қамтамасыз ету тәртібінде мемлекеттің келісімінсіз оның мүлкіне қатысты қандайда бір мәжбүрлеу шараларын қолдануды жоққа шығарады. Шешімді мәжбүрлеп орындатудан иммунитет – мемлекетке қарсы шығарылған шешімді мемлекеттің келісімінсіз мәжбүрлеп орындатудың жүргізілмейтіндігін білдіреді.

Бұл иммунитеттердің барлығы өзара байланысты, себебі, олардың негізі бір – мемлекетке қатысты қандайда бір мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкіндігін бермейтін мемлекеттік суверенитет.

 


Просмотров 3823

Эта страница нарушает авторские права



allrefrs.ru - 2022 год. Все права принадлежат их авторам!