Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тақырып. Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері



Жоспар:

1.Халықаралық жеке құқық қайнар көздерінің түсінігі мен түрлері.

2.Халықаралық шарт. Екіжақты және көпжақты шарттар.

3.Қазақстан Республикасымен ратификацияланған шарттар.

Негізгі ұғымдар: қайнар көздер, ратификация, екіжақты шарттар, көпжақты шарттар.

Халыкаралық жеке құқықтың әлі күнге дейін жалпыға танылған, бірыңғай қайнар көздері түрлерінің тізімі жоқ екенін айта кету қажет. Бұл тізімнің бір нұсқауы ретінде, БҰҰ Халықаралық сотының Статусы пайдаланылуы мүмкін. 38-бабында халыкаралық құқық қайнар көздерінің санаттарын көрсетеді. Біріншіден, олар халыкаралық шарт, халыкаралық әдет-ғұрып пен құқықтың ортақ қағидалары.

Екіншіден, құқықтық нормаларды анықтау үшін көмекші құралы ретінде - сот шешімдері мен доктрина келтіріледі. Біздің негізгі назарымыз, сол аталған қайнар көздердің санаттарына бөлінетін болады.

Сонымен бірге, соған қоса біржақты актілердін, маңызын, сондай-ақ ішкі мешіекеттік заңдар мен халыкаралық құқықтық қайнар көздердің мәселесіне байланысты сот шешімдерінің маңызын сипаттаудың қажетті екендігін айтамыз. Халықаралық құқықтың жеке қайнар көздерін қарастырудан бұрын, мына сұраққа жауап берелік - құқықтың қайнар көзі (мұнда халықаралық құқық жайындағы айтылады) сапасының аса зор маңызға ие болып отырғандығы неліктен? Оның жауабы: осындай жағдайларда (біріншіден, мұндағы халықаралық құқық субъектілерінің арасындағы даулар), халықаралық құқықтың сәйкес нормаларына сүйене отырып, өзіндік позицияны негіздеудің өзі өте қажет, ал оның, халықаралық құқық қайнар көзінің қандай да бір түрінің шеңберінде объект.

Осыдан туатын сұрақ - сол, не өзге де бір акті, халықаралық құқықтың заңды қайнар көзі бола ала ма? (Мысалы, халықаралық шарт, әдет-ғұрып немесе жалпы құқық қағидасы түрінде). Бұл сұрактың шешімінен, халықаралық құқық субъектісінің құқыққа тартымдылығының қанағаттануы (немесе қанағаттанбауы) байланысты. Сондықтан да бұл сұрақтың өзі маңызды тәжірибелік мәнге ие болып саналады.

Халықаралық шарт.

Қазіргі тандағы халықаралық құқықтың негізін салушы қайнар көздердің бірі болып - халықаралық шарт танылады, дегенмен жоғарыда айтылғандай, халықаралық құқықтағы негізгі реттестіруші тәсілі болып-халықаралық құқық субъектілер еркілерінің санасу тәсілі саналады, оның өзі халықаралық шартты бекіту кезінде айқын көрінеді.

Халықаралық құқық қайнар көздері ретіндегі халықаралық шарттың нормалары, халықаралық әдет-ғұрыптар секілді калыптасатын нормаларға қарағанда, қалауымызға жақын, дегенмен де, "халықаралық шарт" ұғымы халықаралық әдет-ғұрып ұғымына қарағанда әлдеқайда анық болып табылады, даулы жағдайда, сол тәртіп ережелерінін әдеттегі құқықтық норма ретінде барын дәлелдеудің өзінде қиынға түседі (яғни сәйкес өлшемдер бойынша).

Халықаралық шартқа байланысты мәселелер қазіргі кезде негізгі үш келісімдермен реттеледі - 1969 жылғы Халықаралық шарттар құқығының Вена Конвенциясымен, 1986 жылғы халықаралық ұйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттар құқығы туралы Вена Конвенциясымен, сондай-ақ 1978 жылғы халықаралық шарттарға қатысты, мемлекеттердің құқыққа иеленушілік жайындағы Вена Конвенциясымен реттеледі.

Олардың ішіндегі ең маңыздысы болып, 1969 жылғы Конвенция танылады. Осы құжатқа сәйкес халықаралык шарт деп - мемлекеттер арасындағы жазбаша түрде бекітіліп, мұндай келісімнің бір құжатта не бірнеше өзара

Халықаралык шарттарға тек жазбаша түрде беріледі.

Осылайша, біржақты болып айтылғандығына келісу қиын. Біздің пікірімізше, бұл мәселеге саралай жақындауымыз қажет және әрбір нақты жағдайда жүзеге асырылған келісімдердің мазмұнды сипатына, мәнісіне, сондай-ақ оның айтылу түріне назар аударғанымыз жөн.

Белгілі бір дәрежеде мағыналас өлшемдері, ауызша халықаралық шартқа жеткендігі туралы куәлік етуі мүмкін, сонымен қатар міндетті заңды күші бола тұра, оның халықаралық шарттардың екінші түрі екендігін ұмытпауымыз қажет. Ал екінші жағынан, бұл ережелерді дәлелдеудің өзінің жеткілікті күрделі екендігін мойындауымыз керек, мысалы ауызша әңгіменің нәтижесі бойынша алып қарағанда.

Сонымен, саяси ой туралы мәлімдеме санаты, халықаралық шарттарға әжептәуір жақын; біріншіден, олардың айтылу формасы мағынасында. Алайда, маңызды бір айырмашылығы болып, мемлекеттердің мұндай мәлімдемелердің қорытындылары бойынша, занды міндеттерінің жоқтығы болып табылады.

Олай болса, олардың жарияланбауы кезіндегі жауапкершілігінің де жоқ болуы рас. Халықаралық шарт халықаралық құқықтың басшылық ететін негізгі түсініктердің бірі. Халықаралық шарттар құқығының теориясы мен тәжірибелік (практикалық) аспектілері, жеткілікті кең дамытылған, мысалға айтатын болсақ, халықаралық шарттарды бекіту рәсіміне, оларды қолдануға, талқылауға, тоқтатуға, занды күшінің тоқтатылуына қатысты.

Дәріс курсының арнайы тарауында бұл мәселелер толығырақ қамтылады. 2. Халықаралық әдет-ғұрып.

Жоғарыда ескертіп айтып өткеніміздей, қазіргі тандағы халықаралық тәжірибеде (практикада) халықаралық құқық субъектілерінің арнайы қатынастарын келісімді жолмен қалыпқа келтіру үрдісі байқалып отыр. Халықаралық әдет-ғұрып халықаралық шартпен қатар, халықаралық құқықтың ең маңызды қайнар көзі болып табылады". Халықаралық

әдет - ғұрып, халықаралық құқық субъектілерінің ұзақ уақыт бойы қолдану нәтижесінде қалыптасқан тәртіп ережесі болып саналады, біріншіден, бұл субъектілер мемлекеттер, сонымен қатар осы субъектілермен заңды түрде міндетгі екеңдігі мойындалады.

 


Просмотров 2598

Эта страница нарушает авторские права



allrefrs.ru - 2022 год. Все права принадлежат их авторам!