Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






ГАМҚ-рецепторларға әсер ететін заттар(және жанама әсер көрсететіндер)



Ұйқтатқыш заттар (нитразепам, фенобарбитал, зопиклон золпидем). Жіктелуі. Ұйқтатқыш заттардың мүмкін болатын механизмдері және ұйқы құрылымына ықпалы. Барбитурат қышқылы мен бензодиазепин туындыларының және алифатты қосылыстарының әсер ету ерекшеліктері және салыстырмалы сипаттамасы. Қысқа әсер ететін бензодиазепиндер (триазолам). Кері әсерлері. Дәріге тәуелді болудың даму мүмкіндігі.

Ұйқтатқыш әсер көрсететін басқа фармакологиялық топтардың препараттары.(мелотонин)

Ұйқтатқыш заттармен жедел улану және фармакотерапия қағидалары.

Тырыспаға қарсы заттар. Анықтамасы. Әсер ету қағидалары. Әр түрлі фармакологиялық топтартардағы препараттардың тырыспаға қарсы әсері (бензодиазепин туындылары, натрий оксибутираты, лидокаин, барбитураттар, магний сульфаты, мидокалм, натрий вальпроат, финлепсин). Олардың әсер ету ерекшеліктері. Әсер ету ұзақтығы, белсенділігі, жылдамдығы және тыныс алу орталығын тежеуі бойынша сипаттамасы.

Эпилепсияға қарсы заттар. (фенобарбитал, фенотоин (дифенин), этосуксемид, карбамазепин, клонезепам, натрий вальпроат, диазепам, ламотриджин). Анықтамасы. Жіктелуі. Эпилепсияға қарсы заттардың мүмкін болатын әсер ету механизмдері. Эпилепсияның фармакотерапияның негізгі қағидалары. Әр түрлі эпилепсия формалардағы дәрі-дәрмектердің әсер ету нәтижелерінің салыстырмалы сипаттамасы. Эпилепсиялық статусты жоюға арналған заттар. Эпилепсияға қарсы заттардың кері әсерлері.

Газ тәрізді заттар

Газ — заттың атомдары мен молекулалары бір-бірімен әлсіз байланысқандықтан, кез келген бағытта еркін қозғалатын және өзіне берілген көлемге толық жайылып орналасатын агрегаттық күйі. «Газ» (французша gas, грекше chaos – бей-берекет) атауын ғылыми қолданысқа 17 ғасырдың басында голланд ғалымы Ян Баптист ван Гельмонт енгізген. Газ молекулаларының соқтығысу уақыты олардың еркін жолға кететін уақытынан әлдеқайда аз болады. Химиялық элементтердің өте кіші бөлшекке бөлініп, бейтарап ұшуы. Негізгі тұрмыстағы газдар пропан, бутан, неон және тағыда басқа Газ қатты дене мен сұйықтық тәрізді еркін бет түзбейді және ол берілген көлемді толық толтырып тұрады. Газ тәрізді күй – заттардың (жұлдызаралық заттар, тұмандықтар, жұлдыздар, планеталардың атмосферасы, тағыда басқа) ғаламдағы ең көп таралған күйі. Химиялық қасиеттері бойынша газдар және олардың қоспалары (активтілігі аз инертті газдар мен қопарылғыш газдар қоспасына дейін) сан алуан болып келеді. Газға атомдар мен молекулалардан тұратын жүйе ғана емес, кейде басқа бөлшектерден – фотондардан, электрондардан, броундық бөлшектерден, сондай-ақ плазмадан тұратын жүйелер де жатқызылады.



Газ күйінің бөлшектері (атомдар, молекулалар, және иондар) электр өрісі жоқ кездегі еркін қозғалысы.

Нақты (реал) газдар. Газдың тығыздығы артқан сайын оның қасиеттері идеал газ күйінен ауытқи бастайды. Бұл жағдайда соқтығысулардың рөлі артып, молекулалардың мөлшерлері мен олардың өзара әсерлерін ескермеуге болмай қалады. Мұндай газды нақты (реал) газ деп атайды. Газ алмасу, биологияда – организм мен оны қоршаған орта арасындағы газ алмасу процесі. Адам мен жануарлар организмі тыныс алу кезінде сыртқы ортадан оттекті сіңіріп, өзінен көмі қышқыл газын және зат алмасу нәтижесінде пайда болатын әр түрлі газ қоспаларын сыртқа шығарады. Газ алмасусыз тірі организмде зат және энергия алмасуы дұрыс жүрмейді. Зат алмасу процесінің нәтижесінде организм сіңірген қоректік заттардың (белок, көмірсу, май) құрамындағы химиялық энергия бөлініп, организмнің тіршілік әрекетіне қажетті энергияға (мысалы, 1 литр оттек 4,7 – 5,0 ккал жылу береді) айналады. Организм пайдаланатын оттек пен одан бөлініп шығатын көмір қышқыл газдың мөлшері адамның жасына, тіршілік әрекетіне, атқаратын қызметіне, сыртқы ортаның температурасына және тағамның құрамына байланысты өзгеріп тұрады. Адам жұмыс істегенде, ауа райы салқындағанда, калориялы тамақ ішкенде организмдегі газ алмасу күшейе түседі. Демалыс кезінде, ұйықтағанда газ алмасу төмендейді. Газ алмасу арқылы организмдегі энергия мөлшерін анықтауға болады. Газ алмасу процесі кезінде организм оттекті көп мөлшерде пайдаланса, барлық дене мүшелерінің қызметі артып, тыныс алу және қан айналысы жақсарады, осыған байланысты қанның физикалық-химиялық құрамы да өзгереді. Газ алмасу бір клеткалы қарапайымдыларда, олардың бүтіндей денесі арқылы, көп клеткалы жануарларда арнаулы тыныс мүшелері (кеңірдек, желбезек, өкпе) арқылы жүреді. Өсімдіктердегі газ алмасу жануарлар мен адам организміндегіден өзгеше болады. Тірі организмдер сияқты өсімдіктер де барлық мүшелері арқылы тыныс алады, тыныс алу процесі өсімдіктің өсіп келе жатқан жас мүшелері мен тіндерінде, әсіресе, жапырақтарында күшті, ал сабағы мен тамырында баяу жүреді. Өсімдіктер тыныс алған кезде, керісінше, ауадан көмір қышқыл газ сіңіріліп, оттек бөлінеді. Химиялық заттардың кейбіреулері газ күйінде болады, мысалы, Н2, O2, N2, Сl2, т.б. Бұлардан басқа күрделі заттар да газ күйінде бола алады: СO2, SO2, СН4, HCl, H2S, т.б. Газ күйіндегі заттар газ заңдарына бағынатыны белгілі, оларды сендер физика курсынан білесіңдер.



Газдардың күйін сипаттайтын шамалар: қысым, көлем, температура. Газдарды сипаттағанда көбінесе қысым мен температураны тұрақты етіп алып, көлемнің өзгерістерін қарастырамыз, көлемнің өзгерісі газдар үшін деңгейлес болады, себебі олардың молекулааралық қашықтықтары шамамен бірдей.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!