Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Осы уақытқа дейін қан­ша болашақтықтар қанша өр­кениетті елдерде білім алып қайт­ты?



Бағдарламаның алғашқы жылдарынан бастасақ, бірінші он жылда 785 стипендиат әлемнің 13 елінде білімін жетілдірді. 2005-2007 жылдары 3000 стипендиатты оқыту мақсат-міндеті алға қойылды. Соның нәтижесінде бұл жылдары «Болашақ» стипендия­сы 2 841 үміткерге әлемнің 32 мемлекетінде білім алуға мүм­кіншілік берді. Соңғы жылдары тек стипендиаттар саны біршама өсті, бірақ талапкерлерді қабылдайтын оқу орындарының жағрафиясы ретке келтірілді. Оның бірінші себебі, білім сапасын арттыру, екіншісі мақсатты тапсырыс есе­бімен кәсіптік оқу орындарын іріктеу.

Азір біздің стипендиаттар АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Австралия, Австрия, Венгрия, Дания, Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль, Испания, Италия, Канада, Қытай, Малайзия, Нидерланды, Норвегия, Оңтүстік Корея, Польша, Сингапур, Фин­ляндия, Франция, Чехия, Швеция, Швейцария сынды елдердің ең үздік ЖОО-ларында білім алып, бі­лік­тілігін көтеріп, тәжірибе жи­нақтап жүр.

Саясат Нұрбекұлы, бүгінмен қатар, алдағы үмітін үкілеген ұлт өкілі ретінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша атқарып жатқан жұмыстарыңыз, бағыт-бағдарларыңыз, келелі істеріңіз аз болмаса керек. Бұл туралы не айта аласыз?

Ткен жылғы Елбасы Жол­дауында кемел келешегімізге айқын бағыт-бағдар беріліп отыр. Біз де сол құнды құжатта нақтыланған жұмыстарды басшылыққа алатын боламыз. Бағдарламаға заман ағымына қарай бірталай өзгерістер мен толықтырулар жа­­салғанын алда еске салдым. 2011-2012 жылдар шеңберінде мы­надай шараларға ұйытқы болдық. Бірінші, стипендиаттарды іріктеу, даярлау және жұмысқа орналастырудың бағдарламалық-мақсаттық әдісіне көшу жүзеге асырылды. 2011 жылдан бастап мамандарды даярлау ұлттық және салалық бағдарламаларға сәйкес келетін және тапсырыс берушілердің нақты кадрлық қажеттіліктерін есепке алатын мақ­сат негізінде жүргізілуде. Мақсаттық даярлау, мемлекеттік қызметшілерге, ғылыми-педагог қызметкерлерге, медицина жә­не инженерлік-техникалық ма­мандыққа басымдық берілуде. Екінші, «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде инженерлік-техни­калық және медицина мамандары үшін тағылымдамалардың жаңа тәсілі енгізіліп отыр. Бұл «Білім туралы» заңға қосылған тиісті өзгерістерден кейін іске асты. Үшінші, ақпараттық жұмыс күшейтілді. Әкімдіктермен, өңірлік ірі жоғары оқу орындарымен байланыс артты. Алғаш рет жергілікті жерлерде құжаттар қабылдау ұй­ымдастырылды.



Бұл шара аймақтардағы үміт­керлердің тікелей конкурсқа қа­тысуын айтарлықтай жеңілдетті. Мәселен, өңірлерден конкурсқа талапкерлердің қатысуы 2010 жылы 39% болса, 2011 жылы 43%-ға, 2012 жылы 47%-ға артты. Төртінші, «Болашақ» стипендиясына конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» рә­сімі Мемлекеттік қызметтер тізі­ліміне енгізілді. 2012 жылғы тамызда өнеркәсіптік пайдалануға «Болашақ» көпфункциялы ақ­параттық жүйесі мен «Студент шетелде» деректер базасы қо­сылды.



Енді талапкерлер конкурсқа қатысуға құжаттарын Қазақ­стан­ның кез келген жерінен элек­тронды үкімет порталы (egov.kz) арқылы тапсыруына мүмкіндік алды.

Бесінші, кепілге ұсынылатын жылжымайтын мүлік құны бойынша талаптар қайта қаралды. Енді кепілге қолда бар барлық жылжымайтын мүлікті құнына қарамастан қабылдауға рұқсат берілді. Ауылда тұратын стипендиаттар бір кепілді ғана ұсына алады. Алтыншы, түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша проблемалар толық шешілді. Ағымдағы кезеңде үш жақты шарт жасау ісі қолданысқа енді. Ол оң нәтижесін беруде. Өз қызметкерлерін оқуға жіберген ұйым шарттың бір тарабы болып, талапкердің жұмыс орнын сақтау бойынша міндеттемелер нақты бекітілді. Осылайша, бүгінгі күні стипендияны дамыту жоспарының бірінші кезеңі табысты орындалды деуге болады. Мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог, инженер және медицина кадр­ларын нақты даярлаудың теті­гі қамтамасыз етілді. Яғни, индус­триялық-инновациялық дамудың, білім мен денсаулық сақтаудың басым мемлекеттік бағдарламалары үшін қажет мамандар әзірленуде.

Бұл шаралар «Болашақ» стипендиясын іске асырудың тиімділігін арттырды және елдің салалық экономикасына керек азаматтармен қамтамасыз етеді, кадрлар жүйесін қалыптастырады.

Түйіп айтсам, «Болашақ» бағ­дарламасы Қазақстанда сапалы адами капиталды орнықтыру бойынша өз әлеуетін айтарлықтай ны­ғайтты және Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын іске асырудың маңызды тетігі болып табылады деп есептейміз.

Гімеңізге рахмет. Әңгімелескен Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан». Пр

 

Жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша 1100 стипендия берiлмек. Бүгiн Білім және ғылым министрлігінің баспасөз мәслихаты барысында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президентi Ғани Нығметов осылай мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Келесi жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша 1100 стипендия берiлмек. Комиссия отырысы барысында 2014 жылы басшылыққа алынатын басым мамандықтар тiзiмi бекiтiлдi. Академиялық оқу үшiн 99 мамандықты, оның ішінде медициналық – 35, техникалық – 35, гуманитарлық – 29 мамандықты қамтиды. Сондай-ақ, тізімге ғылыми-педагог, инженерлік-техникалық және медицина мамандарының тағылымдамадан өтуі үшін 178 мамандық енді», - дедi Ғ.Нығметов.

Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президентi ағымдағы жылы бағдарлама бойынша бөлiнген стипендияларға тоқталды.

Жылы 1113 адам стипендия иегері атанды. Оның 514 – магистратура бағдарламасы бойынша, 15 – докторантура бағдарламасы, 1 адам – аспирантура және 583 адам – тағылымдамадан өту бағдарламасы бойынша», - деп атап өттi ол.

Баспасөз қызметi ақпараттарына сәйкес, 2013 жылы келесі мамандықтар неғұрлым танымал болды:

- «Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (білім облысы мен деңгейі бойынша)» – 123 адам;

- «Экономика.Қаржы.Бухгалтерлік іс және аудит»; «Бағалау» – 87 адам;

- «Педагогикалық диагностика, білім сапасын бағалау және басқару» – 84 адам;

- «Информатика. Ақпараттық технологиялар мен жүйелер. Ақпарат қауіпсіздігі. Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» – 64 адам;

- «Мемлекеттік саясат; Саясаттану; Мемлекеттік басқару» – 63 адам;


Просмотров 491

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2021 год. Все права принадлежат их авторам!