Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Ведущая - Бірақ оларда ұлттық сәйкестік бар, олар америкалықтар



Ведущая - Мобильдік білім берудің халықаралық стандартқа айналғанына көп болды. АҚШ-та 570 мыңнан астам шетелдік студент оқиды Ұлыбританияда – 300 мыңнан астам, Австралияда – 150 мыңға жуық. Британ Кеңесінің болжауынша, 2020 жылға қарай өз елдерінде оқымайтын студенттердің саны 6 млн-ға жуықтайды. Осылайша, 10-15 жылдың ішінде шет елдерде білім алатындардың саны үш еселенуі тиіс. Аталмыш тренд Қазақстанды да айналып өтпеді. Елден жырақта білім алу тақырыбы BNews.kz студиясында талқыланатын болады. Бүгін бізде қонақта «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Президенті Ғани Нығыметов.

Ныгыметов Г.С.

Айырлы күн!

Ведущая - Қайырлы күн! Шақыруымызды елеусіз қалдырмағаныңыз үшін рахмет. Шынымен де, білім беру тақырыбы әркезде өзекті және біздің елде де. Елбасының Жолдауында аталған бағытта нақты тапсырмалар жүктелді. Бірақ Сізбен келесі жөнінде әңгімелескім келеді. Біздің уақытта білім – ол кез келген адамның капиталының негізгі аспектілерінің бірі және ол көп жағдайда оның нарықта бәсекелесе алу мүмкіндігін айқындайды. Ал бізде нарық бара-бара жаһандық сипатқа ие бола түсуде. Және елден алшақ жерде білім алу тренді – бұл қазір кең таралған көрініс. Сіз осы салада еңбек етесіз. «Болашақ» бағдарламасы бойынша қанша қазақстандық шетелде білім алуда? Олар қашан оралады және болжам бойынша оларды қандай жерлерден көре аламыз?

Ныгыметов Г.С. - Үлкен рахмет. Тақырып өте қызықты, өзекті. Сәуір айының соңында мені Британ Кеңесінің «Going Global» конференциясына спикер болуға шақырды. Мұндай конференция жыл сайын өтеді, онда академиялық орта өкілдері, білім беру саласында (соның ішінде халықаралық) еңбек ететін адамдар бас қосады. «Халықаралық бағдарламалар орталығының» басшысы ретінде мені онда алғаш рет шақырды. Ол АҚШ-та, Майами қаласында өтеді. Оның тақырыбы халықаралық білім беруге, интернационалдық білім беруге және студенттер білім алу үшін неліктен шет елдерге аттанатындығына арналған. Сіз атап өткен цифрлардың өзі айтып тұр. Қазір шетелге білім алуға кетіп жатқан студеттер өте көп, олардың арасында қазақстандықтар да бар. Статистика әртүрлі, бір мәліметтер бойынша шетелге 30 мың студент кеткен, тағы біріне сәйкес – 60 мыңға жуық. Олардың 15-20 мыңға жуығы Ресейде білім алады, 12 мыңнан астам студент Қытайда оқиды. Бұл жеке қаражаттары есебінен білім алып жатқан қазақстандықтар. Қазіргі уақытта «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде 2,5 мыңға жуық студент оқиды. Олар әлемнің түрлі елдерінде білім алуда: Ұлыбритания (40 пайыз), АҚШ (25 пайыз), одан әрі кему ретімен Германия, Франция, Ресей, Қытай келеді. Білесіздер, «Болашақ» бағдарламасына 20 жыл толды. Ол дарынды қазақстандық студенттерге шетелде сапалы білім алу мүмкіндігін туғызу үшін құрылды. Олар қайта оралып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жасай бастаған реформаларды жалғастыру үшін. Ол тіпті алғашқы болашақтықтарға: «Қайта оралып, мен бастаған реформаларды жалғастыру үшін сендерді аттандырып отырмын», - деп айтқан болатын. Міне, болашақтықтардың міндеті осы болып табылады. Меніңше, қазір көптеген ата-ана шетелде білім алу туралы ойланады. Олар өз балаларын «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғана емес, өз қаражаттары есебінен де жіберуде. Көптеген қазақстандық малайзияда, Қытайда оқиды деп естідім. Қытайда жеке ақшаларына оқитын студенттер өте көп. Бұл ретте, білім алу айтарлықтай қымбат емес. Шанхай жоғары оқу орнында білім алу жылына 5300 долларды құрайды. Егер қазақстандық ЖОО-мен, мысал үшін, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-мен салыстыратын болсақ, онда білім алу жылына 700 мың теңгені құрайды. Аздап арзан. Қытайда жүріп-тұру да қымбат емес, мысалға Лондонға қарағанда арзан. Бұл жаһандық тренд. Бұл үрдістерді ешкім алып тастаған жоқ. Осылайша, елдер арасындағы шекаралар өшіріліп, ЖОО-лар трансұлттық болуда. Олар түрлі елдерде өз өкілдіктерін ашуда, оқытушылармен алмасу, ақыл-ойдың алмасуы, білімнің айналуы болып жатыр.





Ведущая - Менің айналамда «Болашақ» бағдарламасының түлектері өте көп. Олар қайта оралғанда аздап мәдени есеңгіреуде болады. Бұл немен байланысты? Күткендері орындалмайды ма? Жалақысы жоғары жұмыс бірден табылады ма? Бұл жағдай қазір өзгерді ме? Себебі мен де бір кездері «Болашақ» бағдарламасына түскенмін.

Ныгыметов Г.С. - «Мәдени есеңгіреу» ұғымы бар. Олар өзге елге келгенде қоғамның өзге нормаларын, өзге тәртіптерін көреді. Әрине, біздің стипендиантттар кейбір түйткілдерді бастан өткереді. Сондықтан біз елден шығу алдында брифингтер өткіземіз. Студенттерді қайта оралғанда есеңгіреу болуы мүмкіндігіне даярлаймыз. Мен оны жеке басымнан өткіздім. 2005 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша өзім де аттанған болатынмын. Мен Америкаға ұшып шығып, Сан-Францияскоға келдім. Ол жақтан ЖОО орналасқан Монтерей қаласына бет алуым керек болды. Өкінішке қарай, ол уақытта Интернет-ресурстар қазіргідей дамымаған. Бүгінгідей, барлығын алдын ала зерттеп, қайда баратынымды біле алмадым. Келгеннен кейін тілді білу деңгейінің арқасында такси ұстап, ЖОО орналасқан жерге жетіп алдым. Жеткен соң пәтер тауып алуым керек болды, өйткені ЖОО-ның жеке жатақханасы болмады. Сондықтан бұл түйткілдер бар. Қазір қазақстандықтар шетелге демалу үшін және басқа да істермен шығады. Сондықтан оның не екендігі туралы түсініктері бар. Шетелде халық өте сыпайы. Егер автобуста абайсызда итеріп қалса, ол үшін қатты өтініп кешірім сұрайды. Келгеннен кейін бір аптадан соң қоғамдық көлікті пайдалана бастадым. Және бұл – барлық кешірім сұрауларға бірте-бірте үйрене бастадым. Кері үйрену және де жүреді. Меніңше, әрбір болашақтықтың міндеті осында. Шетелде мұндай білімді игерген және дұрыс, қажетті тәжірибелерді бойына сіңірген адам оны Қазақстанға енгізуге тырысып жатқаны құба-құп. Меніңше, біздің мақсат та осында.

Ведущая - Менде мынадай сұрақ, біз елден алыстағы, шетелдегі дүниелерді тым жиі әдетке айналдырып жатқанымыз жоқ па? Бұл негізгі құндылықтар бізде де әрдайым болған, мүмкін біз оны бір кездері ұсақ тиын ақшаға айырбастап алған шығармыз?

Ныгыметов Г.С. - Меніңше, ол бізде ұйқыға кеткен дүние. Себебі біз 90-жылдары қиын қыстау кезеңдер болғанын, мәдениет деңгейі жалпы күйреген – құлдырау кезеңін естен шығармаймыз. Және білімділік пен мәдени-мінез-құлық деңгейлер төмендеді. Мүмкін бізге оларды қайта қалпына келтіру керек шығар. Біз сыпайы емеспіз, мәдениетті емеспіз деп айтқым келмейді, мүмкін бізге оны күнделікті өмірде қарапайым нәрселерде көрсетіп отыру керек шығар. Біреуді соғып кеткенде кешірім сұрау, немесе өзіңді білімді адамға лайықты ұстау, қоғамдық орындарда қоқыс тастамау. Сондықтан, менің ойымша, ананы да, мынаны да көрген адамның міндеті – барлық дұрыс дүниелерді алып, өзімізге сіңіру. Оны өзің көрсетіп, үлгі болуың керексің және сіздің мінез-құлқыңыз оған өзгелердің де тартылуына алып келеді. Және ол бұқаралық сипатқа ие болады. Меніңше, қазақстандықтар өз еліңнен артық ел жоқтығын жақсы түсінеді, қайда жүрсең де оны сағынасың. Өйткені мұнда сенің туған адамдарың, туған елің бар және біз өз еліміздің қожайындарымыз. Біз әлем бойынша тоғызыншы орында тұрған үлкен территорияға иеміз, үлкен ресурстарымыз бар және біз мұны мақтан етуіміз керек. Себебі өз елдері, азаттықтары жоқ халықтар бар. Және шет елдегі кез келген шетелдік адам шетелдік болып қала береді. Бірқатар елдерді есепке алмағанда, мысалға АҚШ – барлығы қайнап жатқан үлкен қазан, онда ұлттың маңызы жоқ.

Ведущая - Бірақ оларда ұлттық сәйкестік бар, олар америкалықтар.

Ныгыметов Г.С. - Америка халқының өзі ұлттық мемлекеттердің, Франция, Германия, Ұлыбритания сынды еуропалық елдердің өкілдерінен құралған. Яғни ұлттық сәйкестік өте айқын. Және біз ағылшын, француз болуға қанша тырыссақ та – қолымыздан келмейді, біз қазақтармыз, қазақстандықтармыз. Сондықтан өз болашағымызды өз елімізбен байланыстыруымыз керек. Және оның дамуына үлес қосуда аянып қалмауымыз абзал.

Ведущая - Айтқандай, қазақстандықтар Сіздің студиямызға келуіңізді өте жақсы қабыл алды. Атап айтқанда, Дәурен жазып отыр: «Қайырлы күн, Ғани Сақтағанұлы! Жақында Қазақстан ЖОО-ларының магистрлерінің «Болашақ» бағдарламасындағы «Шетелдегі магистратура» бағдарламасына қатысуына шектеу алынатынын естідім. Бұл шектеу қашан алынады және биыл қандай жаңашылдықтар күтілуде?

Ныгыметов Г.С. - Жақсы, үлкен рахмет, Дәурен. «Шетелдегі магистратура» бағдарламасы бойынша білім алуды тоқтату күтіліп отырған жоқ. Біз, керісінше, тарту үстіндеміз, ниет білдіргендердің барлығын магистратура, докторантура, машықтанудан өту бағдарламаларына қатысуға шақырамын. Бұл біздегі ашық бағдарламалар. Байқау 3-наурыз күні басталып кетті, құжаттарды қабылдау үстіндеміз, оларды 31-мамырға дейін қабылдаймыз. Сондықтан барлық үміткерді конкурсқа қатысуға шақырамын. Барлық ақпарат Bolashak.gov.kz сайтында. Қалай түсуге болатындығы, қандай құжаттар керектігі, оны қайда өткізу қажеттігі туралы барлық ақпараттар үміткерлер үшін қолжетімді. Барлық ақпарат сайтта бар. Құжаттарды Халыққа қызмет көрсету орталығы бар кез келген елді мекенде және Egov «электронды үкімет» порталы арқылы өткізуге болады. Яғни бізге Астанаға қағаз күйіндегі нұсқаларды алып келмей-ақ, электронды түрлерін өткізуге болады.


Просмотров 655

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2021 год. Все права принадлежат их авторам!