Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Кен байыту саласында қолданылатын терминдер




Бай кенметалл(дар) мөлшері қарастырылған уақытта, қазылып жатқан кендегі металл мөлшері ортадан жоғары болса, ондай кен бай кендеп аталады.
Реагенттердің минералдармен өзара әрекеттесуіфлотациялық байыту әдісінде минералдардың флотациялануы (ауа көпіршіктеріне жабысуы) олардың беттерінің сулануына немесе суланбауына байланысты. Осы қасиетті реттеу үшін түрлі химиялық қосылыстар – реагенттер қолданылады. Олар қасиеттеріне қалай минерал бетімен әрекеттесіп, адсорбцияланады.
Адсорбция– (лат. ad – барысында к+sorbere – сіңіруі) – ерітіндіден немесе газ қоспасынан бір затты, екінші бір қатты, не сұйық заттың өз бетіне сіңіруі. Бұл физика-химиялық құбылыс кенді флотациялау процесінде кеңінен қолданылады.
Пайдалы минералдардың кендегі сепкілдігіСепкілдік кендегі бағалы минералдар түйіршіктерінің диаметрін көрсететін қасиет. Байыту әдісін таңдауда бұл қасиет маңызды роль атқарады.
Төңкергіш, аударғышопробывание.Вагондағы затты төңкеріп түсіру үшін қолданылатын механизм.
Шөгуосаждение. Бұл процесс концентратты сусыздандыру үшін қоюландырғанда орын алады.

Шөгінді осадок. Пульпа не ерітінді ішіндегі қатты зат түйршіктерінің өз салмағымен шөгіп жиналуы.
Үйінді– отвал. Бос жыныстардан, пайдалы қазындылардың қалдықтарынан және шлактардан жиналған үйінді.
Көбік – пена. Бірінен бірі су қабатымен, не ұнтақ затпен бөлінген ауа көпіршіктерінің жиынтығы.
Көбікті флотация пенная флотация. Флотациялау процесінің ең көп тараған түрі.

Магнитті байыту –магнитное обогащение. Бұл байыту әдісі кен ішіндегі бағалы минералдардың магнитті қасиеттері болса ғана қолданылады. Мұндай кендерге негізінде темір кендері жатады.

Кеннің байытылуы –обогатимость руды. Кеннің байытылуы оның құрамындағы минералдардың қасиеттерінің арасындағы айырмашылықтарының мөлшеріне қарай өзгереді. Кеннің байытылуына үлкен әсер ететін кен қасиеті – сепкілдік. Бағалы минералдардың сепкілдігі неғұрлым ірі болса, оны солғұрлым оңай бөлуге болады.



Тотықты кен –руда окисленная. Бағалы минералдар кен ішінде тотықты минералдар түрінде болса, онда кен тотықты болып саналады.

Жинақталу дәрежесі –степень концентрации. Кеннен алынған концентраттың ішіндегі бағалы заттың проценттік үлесінің кендегі проценттік үлеске қатынасы.

Кеннің қаттылығы –твердость руды. Ұсату және ұнтақтау процестеріне үлкен әсер ететін кеннің физикалық қасиеті.

Ұсақ сепкілді кен – тонковкрапленная руда. Кенде бағалы минерал түйіршіктерінің диаметрлері 0,1-0,074мм-ден төмен болса, онда олар ұсақ сепкілдікке жатады да, мұндай кендер тек флотациялау әдісімен байытылады.

Вал –вал. Барлық машиналардың басты бөлшегінің бірі. Ол электро – қозғалтқыштан не басқа бір энергия көзінен айналымға келіп, басқа бөлшектерді қозғалысқа келтіреді.

Бұранда –винт. Әр түрлі бөлшектерді бір-біріне бекіту үшін қолданылады.

Тұтқыр орта –вязка среда. Тұтқырлық барлық сұйық заттарға тән қасиет. Олардың құрамдарына қарай тұтқырлықтары кең шекте өзгереді.

Малта тас, ұсақ тас –галька (в обогащении). Ұнтақтау процесінде кей жағдайда шарлардың орнына қолданылатын кеннен бөлінген белгілі ірілік класы.



 

Тапсырмалар:

1.Болымды етістіктерді етістіктің болымсыз формасына қойып, көшіріп жазыңыздар.

1890 жылдан 1900 жылға дейін тас көмірдің қазылуы 3, 4 есе өсті. Олар капиталға шабуыл жасап отырды. Ең арзан жұмыскерлер еңбегін өздері алып отырды. Марганец кен байлығы шет елдердің қол астында болды. Көмір мен темір кендерінің бағасы тым жоғары болды.

2.Сөйлемдерден келер шақ категориясының жұрнақтарын тауып, олардың түрлерін ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Көліктің барлық түрі ғарыш техникасы тәрізді басқа да салаларды дамытудағы ғылыми-техникалық прогресс негізі болып табылмақ. Кен жұмыстары технологиясы мен ұйымдастыру жұмыстарын экономикалық негіздеу арқылы таңдамақ. Кенді қазу технологиясы мен тәсілі тау-кен саласы бойынша шығарылатын арнаулы ережелермен реттелмек.

3.Төмендегі сөздерді бір-бірімен мағынасына қарай орналастырып, сәйкестендіріңіздер.

1. байыту а) заттар
2. минералдық ә) кеніш
3. тотықты б) кен
4. ұсату в) қабыршығы
5. минерал г) кеңістіктер
6. магнитті ғ) процестері
7. сұйық д) әдісі
8. ашық е) тиімділік
9. бай и) минералдар
10.жер ж) қасиеттері
11.бос з) түйіршіктері
12.экономикалық й) сепкілдігі

 

4.Жаңа сөздер мен сөз тіркестеріне көңіл бөліңіз.
5. Мәтіннің мазмұнын қысқаша әңгімелеп беріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Тұрсынова Г. Т. Кәсіби қазақ тілі: оқулық: жоғары оқу орындарының техникалық мамандықтарына арналған / Г. Т. Тұрсынова. Алматы: ҚазҰТУ, 2010. – 324 б.

2.Сағынов А.С., Смағұлов З.М., Арыстан И.Д., Исабек Т.К. Пайдалы кенорындарын қазып өндіру технологиясы.. Қарағанды, 2006.

3. Көшербаев Қ.Т Кен байыту негіздері. Алматы, 2011.

4. Бегалинов Ә. Тау-кен кәсіпорындарының жерасты кешендерін жобалау Алматы, 2011.

5. Кинбаева А.Б., Қоңырова Н.Ә. Тау-кен институтының студенттеріне арналған кәсіби мәтіндер жинағы. Қарағанды, ҚарМТУ, 2009.

 

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (11-тақырып) [қосымша 1, 13]

1.Грамматика

2. «Кен байыту саласында қолданылатын терминдер» тақырыбына материалдар жинау.

Тақырып. Кендер құрамы.

Практикалық сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Мәтіндегі жаңа сөздермен таныстыру.

Кендер құрамы

Жерасты кендеріндегі металдар басқа пайдалы қазбалармен химиялық қосындыда болады. Кейбір пайдалы қазбалар (алтын, платина, жез) жер астында табиғи таза түрінде де кездеседі.

Кендер құрамындағы металдар санына байланысты жай, сапметалды (құрамында бірақ металл болса) және күрделі, көп металды (құрамында өндіріске жарамды екі немесе бірнеше металл болса) екі топқа бөлінеді. Сапметалды кендер (алтын, күкіртті кендер) күрделі кендерге қарағанда сирек кездеседі. Көп металды кендерге қорғасын-цинк, күміс-қорғасын, жез-колчедан (құрамында жезден басқа мырыш, алтын тағы басқа сирек кездесетін металдар бар) және тағы басқа кендер жатады.

Түсті металды кендердің көбісі сульфидтерге(күкіртті қосындылар) жатады. Техника жетістіктері кендердің өндірістегі қажеттілік орындарын да өзгертті. Мысалы, боксит ертеде темірі аз кендер қатарында саналса, енді электролиз арқылы алюминий алуға пайдаланылады. Карналлит әуелде тек тыңайтқыш ретінде қаралса, енді магний және оның қосындыларын алу үшін қолданылады. Өндірісте пайдалануға жарататын кен ішіндегі керекті компоненттер көлемі мен саны техникалық жетістіктерге және экономикалық жағдайларға байланысты өзгереді. Мысалы, өндіруге жарайтын кендерде металл құрамы былайша болуға тиісті: темір кендерінде – темір 30%; жез кендерінде – жез 0,5 – 0,7%; қорғасын кендерінде – қорғасын 2 – 5%; мырыш кендерінде - мырыш 20 - 25%; алтын кендерінде – алтын 3 гр/т, ал шашыранды кендерде 0,1 – 0,15%; сынап кендерінде – сынап 0,1 – 0,5%. Бірақта, келтірілген көрсеткіштер экономикалық жағдайға байланысты басқаша болуы да мүмкін.

Тотыққан сульфидті кендерден жез, кобальт, никель және тағы басқа металдарды алу флотация арқылы жүргізіледі, ал негізі оны басқаша байытуды тілейді. Сондықтан, кендерді тиімді байыту үшін, оларды қазылып жатқан кездерінде тотығу мен тотықпау шекараларын ажыратып, жер бетіне бөлек шығару керек.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді түсініп оқыңыз,термин сөздермен сөздік жасаңыз, аударыңыз.

2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

3. Жаңа сөздер мен сөз тіркестеріне көңіл бөліңіз.

4. Мәтіннің мазмұнын қысқаша әңгімелеп беріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Тұрсынова Г. Т. Кәсіби қазақ тілі: оқулық: жоғары оқу орындарының техникалық мамандықтарына арналған / Г. Т. Тұрсынова. Алматы: ҚазҰТУ, 2010. – 324 б.

2.Сағынов А.С., Смағұлов З.М., Арыстан И.Д., Исабек Т.К. Пайдалы кенорындарын қазып өндіру технологиясы.. Қарағанды, 2006.

3. Көшербаев Қ.Т Кен байыту негіздері. Алматы, 2011.

4. Бегалинов Ә. Тау-кен кәсіпорындарының жерасты кешендерін жобалау Алматы, 2011.

5. Кинбаева А.Б., Қоңырова Н.Ә. Тау-кен институтының студенттеріне арналған кәсіби мәтіндер жинағы. Қарағанды, ҚарМТУ, 2009.

 

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (12-тақырып) [қосымша 1, 13]

1 Грамматика

2 «Көмір кенорындарын жерасты қазып өндіру» тақырыбына материалдар жинау.

 

Тақырып. Қорды есептеу

Практикалық сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Мәтіндегі жаңа сөздермен таныстыру.

Орды есептеу

Қорды есептеудің негізгі мақсаты - пайдалы қазба мен пайдалы компоненттердің мөлшерін анықтау. Есептеуді оның дәлдігі мен ақиқаттылығын төмендетпей жеңілдету үшін пайдалы қазба денелерінің пішіні мен пайдалы компоненттер таралуы біршама қарапайымдалады. Қорды есептеу тәсілі мынадай айлалардан тұрады - пайдалы қазбаның денесі контурланады. Бұл контур біршама қарапайым пішінді бөлікшелерге бөлінеді. Әр бөлікшеде қорды есептеу үшін бастапқы деректердің біршама біркелкі мәндері анықталады. Жалпы алғанда пайдалы қазбаның мөлшерін (Q) есептеу үшін мына формула қолданылады:

Q=Vd=Smd

(1) V – пайдалы қазбаның көлемі;

S - пайдалы қазба денесінің ауданы;

т – дененің орташа қалыңдығы;

d - пайдалы қазбаның орташа тығыздығы;

Пайдалы қазбадағы пайдалы компоненттің (мысалы, кендегі металдың) қоры (Р) формула бойынша есептеледі:

Р=QС/100=SmdС/100 (2)

С – есептеу блогындағы пайдалы компонеттің орташа мөлшері.

Келтірілген (1) және (2) формулалар бойынша қорды есептеуді жүргізу үшін оларға кіретін бастапқы деректер мыналар: S - кен денесінің (блоктың, қиманың және т.б.) ауданы, м2; m - пайдалы қазбаның есептеу блогы ауқымындағы орташа қалыңдығы, м; С- есептеу блогындағы пайдалы компоненттің мөлшері, %.

Әрбір геологиялық блок ауқымында бастапқы деректер орташа арифметикалық тәсілмен есептеледі, ал оның ауданы планиметрмен немесе палеткамен анықталады. Блоктағы қор (1) және (2) формулалар бойынша есептеледі. Кенорын бойынша жалпы қор жекелеген блоктардағы пайдалы қазба (кен) мен пайдалы компоненттер (металдар) қорын жинақтап қосу жолымен анықталады. Ал пайдалы компоненттің орташа мәні (2) формула бойынша кері есептеу арқылы шығарылады.
Тапсырмалар:

1. Мәтіндегі жаңа сөздерді аударыңыздар..

2. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

3. Мәтіндегі қор, мақсат, есептеу, қазба, біршама, қарапайым, келтірілген, деректер, жинақтап, ауқымындағы сөздерін аударып, сөйлем құрастырыңыздар.

4. Мәтіннің мазмұнын қысқаша әңгімелеп беріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Тұрсынова Г. Т. Кәсіби қазақ тілі: оқулық: жоғары оқу орындарының техникалық мамандықтарына арналған / Г. Т. Тұрсынова. Алматы: ҚазҰТУ, 2010. – 324 б.

2.Сағынов А.С., Смағұлов З.М., Арыстан И.Д., Исабек Т.К. Пайдалы кенорындарын қазып өндіру технологиясы.. Қарағанды, 2006.

3. Көшербаев Қ.Т Кен байыту негіздері. Алматы, 2011.

4. Бегалинов Ә. Тау-кен кәсіпорындарының жерасты кешендерін жобалау Алматы, 2011.

5. Кинбаева А.Б., Қоңырова Н.Ә. Тау-кен институтының студенттеріне арналған кәсіби мәтіндер жинағы. Қарағанды, ҚарМТУ, 2009.

 

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (13-тақырып) [қосымша 1, 13]

1.Грамматика

2. «Көмір қорлары» тақырыбына материалдар жинау.

 

14-тақырып. Металл пайдалы қазба кенорындарының өнеркәсіптік типтері.

Практикалық сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Мәтіндегі жаңа сөздермен таныстыру.

Металл пайдалы қазба кенорындарының өнеркәсіптік типтері.

Қазақстанның қазіргі экономикасы минералды-шикізат базасының өнеркәсібін кеңейтуде керек етеді.

Минералды шикізат экономика салаларында қолданылады. Темір, шойын мен болаттың әртүрлі құрамды түрінде қара металлургияда, машинасалуда, кемесалуда, темірбетонды мекемелерінде негізгі болып табылады. Өнеркәсіпте отын-энергетикалық шикізаттың да рөлі кем емес (көмір, мұнай, газ бен олардан өнделген өнімдер). Түсті металлургия қазір сан алуан түсті металдардың кендерін өңдейді (мырыш, мыс, қорғаныс, алюминий, магний, сирек металдар мен басқалар).

Пайдалы қазбалар адамды үймен, саймандармен қамтамасыз етеді, әскери техниканың, ауыл шаруашылығының, кәсіптердің дамуын белгілейді, эстетикалық және мәдени қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күні 400-ге жуық минералды шикізат белгілі, олар химияда, энергетикада, металлургия мен ауылшаруашылық өндірістерінде, құрылыста, халық тұтынатын заттарды шығарғанда пайдаланылады, яғни өнеркәсіптің бүкіл салаларында қолданылады.

Минералды шикізаттың түрлері көп. Пайдалы қазбалардың түрлері: металл және металл емес; қатты, сұйық пен газ тәрізді; жыныстар, минералдар мен элементтер; жалпы таралған және жалпы таралмаған; федералды және жергілікті мекемелер қарамағындағы; стратегиялық және басқалар. Металды, таухимиялық, тауиндустриалды, құрылысты және энергетикалық шикізат болатын. Металдар көбінесе металлургияда, металды емес пайдалы компоненттер халық шаруашылығының көптеген салаларында қолданылады.

 

Тапсырмалар:

1. Мәтіндегі жаңа сөздерді аударыңыздар..

2. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

3. Мәтіндегі шикізат, қазбалардың, көптеген, бүгінгі, мәдени, тұтынатын, құрылыста, кендерін, темір, түсті, өнеркәсіпте, әскери сөздерін аударып, сөйлем құрастырыңыздар.

4. Мәтіннің мазмұнын қысқаша әңгімелеп беріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Тұрсынова Г. Т. Кәсіби қазақ тілі: оқулық: жоғары оқу орындарының техникалық мамандықтарына арналған / Г. Т. Тұрсынова. Алматы: ҚазҰТУ, 2010. – 324 б.

2.Сағынов А.С., Смағұлов З.М., Арыстан И.Д., Исабек Т.К. Пайдалы кенорындарын қазып өндіру технологиясы.. Қарағанды, 2006.

3. Көшербаев Қ.Т Кен байыту негіздері. Алматы, 2011.

4. Бегалинов Ә. Тау-кен кәсіпорындарының жерасты кешендерін жобалау Алматы, 2011.

5. Кинбаева А.Б., Қоңырова Н.Ә. Тау-кен институтының студенттеріне арналған кәсіби мәтіндер жинағы. Қарағанды, ҚарМТУ, 2009.

 

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (14-тақырып) [қосымша 1, 13]

1.Грамматика

2.«Металл пайдалы қазба кенорындарының өнеркәсіптік типтері» тақырыбына материалдар жинау.

 

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!