Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Кесте – Қонақ үйлердің стандартты жіктемесі



Категориялар Разрядтар Топтар  
    1.Орналасудың ұжымдық орындары   1.1. Қонақ үйлер мен соған ұқсас орналасуы орындары
 
 


1.2. Арнайы орындар

 

 
 


1.3. Басқа да ұжымдық орындар

 

1.1.1. Қонақ үйлер
1.1.2. Соған үқсас орындар
1.2.1. сауықтыру орындары
1.2.2. Еңбек пен демалыс лагерлері
1.2.3. қоғамдық көлік орындары
1.2.3. конгресс-орталықтар 1.3.1. демалуға арналған орындар 1.3.2. кемпингке арналған алаңдар 1.3.3. басқа да ұжымдық орындар    
2. Орналасудың жеке дара орындары 2.1 Орналасудың жеке дара орындары 2.1.1. өзінің меншікті орындары 2.1.2. жанұялық үйлердегі жалға алынатын бөлмелер 2.1.3. жек тұлғалардан немесе агенттіктерден жалға алынатын орындар 2.1.4. таныстар мен немесе туысқандар мен тегін ұсынылатын орындар. 2.1.5. жек дара негіздегі басқа да орындар.
           

Қонақ үйлерді, сонымен қатар бағыныштылық белгісіне қарай тәуелсіз коммерциялық кәсіпорындар немесе белгілі бір артықшылықтарды ұсынатын қонақ үй кейпіндегілерге кіретіндер деп бөлуге болады.

Қонақ үйлер қызметінің тәжірибесінде, сонымен қатар шартты жіктемені қолданады, оған сәйкес қонақ үйлерді екі түрге бөледі:

- Құны 25 АҚШ долларына децін баратын бір адамдық;

- Құны 25 АҚШ долларынан асатын бір адамдық.

Жаңа дизайнды, спутникті теледидармен, телефонмен жабдықталған екі орынды, орта деңгейлі қазақстандық қонақ үйлердің құны 90-120 АҚШ долларына дейін жетеді.

Әр түрлі елдерде қонақ үйлерді жіктеудің әр түрлі жүйелері қолданылады, бірақ та кеңінен таралғаны француздық бес жұлдызды жіктеме болып табылады. Бесжұлдызды жіктемеге бағыттала отырып, Қазақстанда қонақ үйлер «бес жұлдыз», «», «» сияқты категорияларға жіктелген.



1998 жылы қонақ үйлер мен мейрамханалардың Қазақстандық ассоциациясы (КАГиР) құрылды. Оның басты міндеті – елімізде қонақ үйлердің дамыған нарығын құру. Ол Қазақстандық туристік ассоциациясының, Қазақстандық қызмет көрсету институтының құрылтайшысы болып табылады және Қазқстанның ірі қонақ үй компанияларын біріктіреді.

Бизнес нысанына байланысты қонақ үйлер тәуелсіз, франчайзингтік, сонымен қатар басқаруға деген контрактілерді қолданып, қонақ үйлер жүйесіне бірігуі мүмкін. Қонақ үй тізбектері – бұл келісімшарт бойынша басқаруға негізделіп, жұмыс істейтін қонақ үйлердің бірлестігі.

АҚШ-та негізгі қонақ үйлік тізбектерді шамамен нөмірлердің барлық қорларының 50%-дан астамы біріктіреді. НЕгізгі жетекші компаниялары «Холидей Корпорейшн» , «Бест уэстинг»

Қонақ үй тізбектерінің пайда болуы, ең алдымен басымды бәсекемен және төмен баға бойынша тапсырыс беру қажеттілігімен байланысты. Бұл тізбектер өздерінің мақсаттарына жету үшін компьютерлік және ақпараттық қамтамасыздандырудың әр түрлі типтерін қолданады.



Тәуелсіз кәсіпорындардың келесідей белгілі бір артықшылықтары бар:

- Қайталанбайтындығы және уникалдылығы;

- Нарықтық саясатты жүргізген кездегі тұрақтылық;

- нарыққа қол жеткізу мүмкіндігі;

- қонақ үй тізбектеріне қарағанда қайталанбастығы арқасында табыстылыққа жету мүмкіндіктері.

Тәуелсіз қонақ үйлердің кемшіліктері:

- Уникалды сипаттамалардың үлкен нарықтық сегменттің мүдделерімен сәйкес келмеуіне байланысты олардың кең спектрін құру мүмкіндігінің болмауы;

- Өнімдерді стандарттау, қызмет көрсету және басқарушылық саясат үрдістерінің қиыншылығы;

- Мамандарды дайындау мен жалдау біршама қымбат;

- Клиенттерге қызмет қөрсету туралы ақпараттың шектеулігі;

- Бәсеке жағдайына түсуіне тәуекелділігі және қызмет тұрақтылығының аз болуы.

Тәуелсіз қонақ үйдің жылдық айналымы әдетте 5 млн. АҚШ долларынан төмен болады және оның сыйымдылығы 300 нөмірден төмен. Тәуелсіз мейрамхана үшін 200 орынның болуы және оның жылдық айналымының 1,5 млн. АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін.

Туристік бизнесте ірі капиталды франчайзинг (кәсіпкелік әдісі, оның арқасында кәсіпкер үлкен тізбекке қосыла алады) түрінде қолданады. Франчайзинг беруші жұмыс әдістерінің немесе кәсіпорынның толық концепциясын құрастырады, ал франчайзинг алушы қолда барды қолдану мүмкіндігіне ие болады.

Кішкетай ұйымдар немесе фирма – франчайзингтік келісімшарт арқасында тәуекел факторларының әсерін төмендетеді, франчайзинг берушінің фирмалық маркасын қолданады, одан коммерциялық ақпарат, кеңес алады.

Туризм индустриясында франчайзингтік қатынастар әдетте қонақ үй салаларында, мейрамханаларда, курорттық зоналарда және т.б. жинақталған. 2011 жылы АҚШ-та 8393 франчайзингтікқонақ үйлер, мотельдер болды. 2009 жылдан 2011 жылға дейінгі көбеюі 20,2%-ды құрады. Қонақ үй индустриясындағы айналым 17,9%-ға көбейді және абсалюттік шамада 5 млрд. АҚШ долларын құрады. Және де мұнда франчайзинг берушілер-1187 қонақ үйін, ал франчайзинг алушылар 7206 кәсіпорындарын иеленеді.

АҚШ-та кеңіненқолданылатын басқару нысандарының бірі басқаруға алынған келісімшарт болып табылады. Келісімшарт арқылы басқарудың мәні – туристік кәсіпорындардың иеленушілері кәсіпорын типіне сәйкес келетін басқарушы компаниясымен келісімшартқа отырады.

Басқарушы компаниялар операторлар деп аталады. Оператор толығымен басқару мәселелері мен айналысады және «қатаң бұзушылық» нәтижесінде жасалғандардан басқа жағдайға кез келген әрект үшін жауапкершіліктен қорғалған. Туристік кәсіпорынның немесе мейрамханалар иемденушілеріне барлдық қаржылық және жедел шығындар жатқызылады, бірақ та олар басқару үрдісіне араласу құқығынан айырылады. Келісімшарт басқару мәселесіндегі жетекші сарапшылардың бірі –Джеймс Истер басқарушылық шешімдерге қатысу үрдісіне иемденушілердің араласуынан болған операторлардың қанағаттанбауы нәтижесінде басқаруға деген келісімшарттар саны болашақта біртіндеп қысқарады, ал ол серіктестіктің франчайзингтік қызметтің түрі сақталған жағдайда кәсіпорындарды иемденушілерінің дәстүрлі басқаруына алып келуі мүмкін деп санайды.

Отельдердің халықаралық жіктемесі:

1. Американдық. АҚШ-та ресми түрде үкіметпен бекітілген қонақ үйлердің жіктемесі жоқ. Бірақ та тәжірибе де мұндай жіктеме бар. Осылайша, Американың Автомобильдік Ассоциациясы қонақ үйлерді «бриллианттарға» бөледі, ал іс сапарларды ұйымдастыратын бизнес түрлерінің Ассоциациясы «жұлдыздар» жүйесі бойынша беске дейін бөледі. АҚШ, Канада, Мексика; территорияларында орналасқан 41000 қонақ үйінің ішінде «5 бриллиант» сапасының жоғары бағасын 2%-дан астамы иеленеді(6-кесте).


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!