Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






АПҚ (Американдық психологиялық қауымдастық) ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРДА СІЛТЕМЕЛЕРДІ РЕСІМДЕУ ЕРЕЖЕСІНЕ ШОЛУ



 

Идея көзі ретінде жарияланған жұмыстарға сілтеме жасаған кезде, тіпті сіз автор жұмысынан сөзбе-сөз үзінді келтірмесеңіз де, мәтінде автордың тегін және мақаланың шыққан жылын жақшада көрсеткеніңіз жөн, мысалы:

«Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейі әлі күнге дейін басқа халықтың өмір сапасынан артта қалғандығының дәлелдері бар» (Mittler, 2008).

Егер жеке абзацтан үзінді келтіргіңіз келсе, сол бетті көрсету керек, мысалы:

«Қызмет көрсету саласындағы көптеген жұмыстарға қарамастан, мүмкіндігі шектеулі адамдардың және олардың отбасыларының өмір сүру деңгейі басқа халықтың өмір сапасынан біршама төмен болып отыр» (Mittler, 2008, page 6)

Егер автордың аты Сіздің өз сөйлеміңіздің ішінде аталса, онда басылым көзінің жылы жақшаға алынуға тиіс, мысалы:

«Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сапасының проблемалары тіпті Митлер (2008 ж) «қызмет көрсету саласындағы көптеген жұмыстар» (6-бет) деп белгілеген жағдайлардан кейін де сақталып отыр».

Егер екі автор болса, екеуінің де есімдерін көрсеткен жөн, мысалы: (Jordan and Powell, 1995). Егер авторлар екіден көп болса, онда олардың жұмыстарының аты мәтінде кездескен жағдайда барлығының есімдері көрсетіледі. Бұдан кейін «және басқалары» деп көрсетіп, бірінші автордың есімін ғана келтіру керек, мысалы: (Lewis et al, 2006).

Түпкі деректерге сілтеме жасаған дұрыс, бірақ бұл үнемі мүмкін бола бермейді, айталық сөз өте ерте немесе жеткілікті дәрежеде белгілі емес дерек көздері туралы болған жағдайда бұндай мүмкіндік жоқ. Кейде Сіз басқа автор атап өткен автордың жұмысына сілтеме жасай аласыз. Мұндай жағдайларда «үзіндіге сәйкес» деген тіркесті қолданыңыз, мысалы:



«Тизард (1962 ж), Тилстондағы үзіндіге сәйкес (1991ж), ... дәлелдер келтіреді».

Сіз бөлімдегі соңғы жұмысқа сілтеме келтіріңіз (бұл жағдайда «Тилстон, 1991»).

Сіз келтірген сілтемелердің барлық дереккөздері (оның ішінде нұсқаулар және үзінділер) мәтін соңындағы «Пайдаланылған әдебиет» тақырыбында көрсетілуі керек. Осы дереккөздері, оның ішінде кітаптар, шығарылған жинақтардағы жекелеген тараулар, журнал мақалалары, вебсайтта орналастырылған құжаттар, тест материалдары, нұсқаулықтар, анықтамалық буклеттер және жарнамалар авторлардың атымен әліпби тәртібіне келтірілуге тиіс, мысалы:

ББА (Біліктіліктер және оқу бағдарламалары жөніндегі агенттік) (2007 ж) Орта мектептерге арналған жаңа бағдарлама. [онлайн at www.qca.org.uk].

Белл, Дж. (1993 ж) Ғылыми жобаны орындау (2-басылым). Букингем Ашық Университеті.

Вульиями, Дж. және Веб, Р. (ред) (1992 ж) Мұғалімдердің зерттеулері және арнайы педагогикалық талаптар. Лондон: Дэвид Фултон.

Дайсон, A. (2001 ж) «Жиырма бірінші ғасырдағы арнайы талаптар: біз қайда болдық және қазір қайда барамыз», Британдық Арнайы оқыту журналы. 28, (1), 24 – 29.

Ди, Л. (2003 ж) «Оқу қиындықтары бар оқушылар арасында өзін өзі бағалауды және эмоционалдық жағдайын қолдау» «Бізге көңіл бөліңіздер» онлайн конференциясында ұсынылған құжат, 26 маусым 2003 ж, www.connects.org.uk/conferences.



БМОД (Балалардың, мектептердің және отбасы істері жөніндегі департамент (2007ж) Ұзартылған мектеп – тәжірибе құру. Лондон: БМОД.

Купер, П. (1996 ж) «Оқушылармен серіктес ретінде: оқушылардың мектеп басқаруына қосқан үлесі», К.Джоунс және Т.Чартон (ред) Оқушылармен бірлесе отырып, оқудағы және тәртіптегі қиыншылықтарды жеңу. Лондон: Раутледж.

Бір автордың екі жұмысына сілтеме жасаған кезде оларды хронологиялық тәртіпте келтіріңіз. Бір жылда жазылған бірнеше жұмыстарға сілтеме жасаған кезде белгілі бір тәртіппен шыққан күнін және әріптік кодын көрсетіңіз, мысалы: «DfES, 2005а; DfES, 2005б; DfES, 2005в».

Толық сілтемелер мыналардан тұрады: автордың аты-жөні, тегі; атауы, шыққан күні (тараулар мен мақалалар үшін тырнақшада; кітаптардың және журналдардың атауы курсивпен немесе астын сызу арқылы); тиісінше редакторлардың тегі; кітаптардың басылған жері және баспаның атауы; журналдық мақалалар үшін том нөмірлері, шығарылым нөмірі, бет нөмірлері.

Сіз дәрістерге және жарияланбаған зерттеулерге де сілтеме жасай аласыз:

Годбарт, Дж. И Ригби, Дж. (1989 ж) «PMLD-да адамдармен өзара қарым-қатынас орнату». Манчестер Университетінің балалар және жасөспірімдер психиатриясының өңірлік зерттеу департаменті ұсынған құжат, 10 сәуір 1989 ж.

Уэа, Дж. (1987 ж) «Оқуда біршама қиындықтары бар балалардың білім алуын қамтамасыз ету: арнайы күтім бөлімшелеріндегі оқушылардың – штаттағы қызметкерлер арасындағы өзара әрекетін талдауды қарау». Жарияланбаған тезистер PhD; Лондондағы Университеттің педагогикалық институты.

Егер Сіз Интернеттен алынған ресмилігі шамалы материалға сілтеме жасасаңыз, автордың тегін және аты-жөнін; күнін; тақырыбын, құжаттың орналасқан жерін және оны алған күнді көрсету қажет, мысалы: Лауенштайн, Л. Ф. (2007ж) «Алексимитиямен науқастану және оның алғашқы белгілері» (ASD) және анықтау кезіндегі проблемалар’, [онлайн: www.nas.org.uk/nas/jsp] (2008 ж. 24 мамырда алынды).

Сіздің зерттеулеріңізге қосымша ретінде осы сияқты материалдардың көшірмелерін де қосуға болады. Интернет, кітапхана сияқты материалдарды сақтап отырмайтындығын ескеру қажет.

Сондай-ақ томдардың және нөмірлердің шартты белгілерін қолданбайтын, академиялығы шамалы журналдар мен газеттерді көрсете аласыз:

Эглстон, Дж. (1980 ж) «Жоба кемшіліктері». Таймстың педагогикалық қосымшасы. 12.9.80

Франкл, C. (2007 ж) «Қатерлер», Арнайы шығарылым. Наурыз 2007 ж, 18 – 20 бет.

Теледидар немесе радио бағдарламалары үшін:

BBC2 (1995 ж) «Жайлы, қауіпсіз орын» «Ескі мектеп байланыстары». 7.9.95. Лондон: BBC ТВ.

Мұндай жағдайда сілтемелерді құруға арналған дереккөздер туралы мүмкіндігінше көбірек материал жинақтайды.

Сізге әртүрлі басылымдарда қолданылатын стандарттар мен тәсілдер туралы білген жөн. Белгіленген педагогикалық журналдардағы әр мақаланы, оқу сарапшылары тексеруге тиіс; бұқаралық ақпарат құралдарында журналистер нақты бағдарламаны тексеруі мүмкін және арнайы редакторлық режімде жұмыс істеуі мүмкін; кез келген адам сайттан бет аша алады.

 

 


 

ЭТИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР

Бұл бағдарлама Сіздің мектебіңіздің шеңберінде немесе басқа кәсіби қызметте өткізілген тәжірибелік зерттеу болуын көздейді. Мұндай зерттеу сауал және сұхбат сияқты әдістердің көмегімен оқушылардың, әріптестердің немесе ата-аналардың пікірлерін немесе олардың тәжірибелерін жинақтауды қамтуы мүмкін. Зерттеу сыныпта немесе мектептің басқа бөлігінде жүргізілген байқау, бейнежазба немесе фотосуреттерден тұрады. Осылайша деректерді жинау кезінде адамдардың жеке өмір құқығын бұзу немесе оның беделіне, не болмаса кейбір жағдайына зиян келтіру қаупі туындауы мүмкін. Мұндай тәуекелдер адамдарға, атап айтқанда балаларға қауіп тудыруы мүмкін.

Жоғарыда аталған себептер бізді мәселелерді мұқият талдап, хаттамалар мен рәсімдерді іріктегенде саналы таңдау жасауға итермелейді. Төменде қабылдауға қажетті 10 іс-әрекет тізімі келтірілген:

· Сіздің зерттеуіңізді өткізу жоспарланған нақты жағдаят саясатынан кеңес алу және оны ұстану.

· Зерттеу өткізу туралы ауани оқу кеңістігінде этикалық мәселелер бойынша кеңес алу және олардың Сіздің зерттеуіңізге сәйкестігін ескеру. http://www.bera.ac.uk/blog/category/publications/guidelines/

· Сұхбат, есеп жүргізу, оқушылардың бейне және фото түсірілімі бойынша мектеп саясатының әзірленгендігін анықтау. Саясатта оларды өткізуге рұқсат беру туралы мәселелер қалай баяндалған, құжаттарды қалай сақтауға болады?

· Балаларды эксперименттік тәжірибеге немесе зерттеуге қатыстыру үшін оқушылардың/студенттердің ата-аналарынан немесе қамқоршыларынан алдын ала рұқсат сұраңыз. Ата-аналарға жіберілген хатта жұмыстың мақсаты мен сипатын толығымен түсіндірілуін қамтамасыз етіңіз және олардың хаты алынғандығындығына көз жеткізіңіз. Ата-аналардың келісімін жазбаша растауын өтініңіз.

· Өз ниеттеріңізді жоспарда жазбаша түрде жазыңыз және әріптестеріңізбен, атап айтқанда мектеп директорымен өзіңіздің жобаңыздың пайдасы жайлы кеңесіңіз.

· Деректерді жинаудың қандай тәсілін қолдансаңыз да, Сіз жұмыстың мақсаты мен нәтижелерін пайдалану әдістерін толық түсіндіруіңіз керек. Барлық оқушылардың келісім бергеніне қайта көз жеткізіңіз.

· Сұхбат немесе пікірталастың кез келген жағдайында, үшінші тараптың (оқушылардың, студенттердің, әріптестердің) жеке өмірі мен беделін қорғау қалай қамтамасыз етілетіндігі жайында айқын хаттамалар белгіленеді.

· Жасырындылық қағидатына сәйкестікті ескеріңіз. Кей жағдайларда өз жұмысын таныту мақсатында мектеп немесе мұғалімдер бұл қағиданы бұзуы мүмкін.

· Сұхбат беруші (оқушылар, студенттер, әріптестер, басшылық) Сіздің зерттеуіңіз туралы пікір ала алатындығын қадағалаңыз.

· Зерттеуіңіз оқушылардың/студенттердің қызығушылықтарына мейлінше сай өткізілуін қадағалаңыз.

 

Бұл ұсыныстарды қоспағанда, Сіз өз зерттеуіңіздің этикасын анағұрлым кең мағынада қарай аласыз. Зерттеу өткізу және бағдарлама талаптарын қанағаттандыру мақсатында, Сіз әріптестеріңізді және/немесе оқушыларыңызды өзіңізбен ынтымақтастықта жұмыс істеуге жұмылдыра аласыз, бірақ сіз шақырғыңыз келетіндер үшін де, мектеп үшін де Сіздің жобаңыз тиімді бола ала ма? Мысалы, шешім қабылдауға қолдау көрсету үшін мектеп пайдалы дереккөздермен қамтамасыз етіле ме немесе өз пікірлерін білдіргеннен оқушыларға пайда бола ма.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!