Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Дәрiс. Басқару қызметінің психологиялық ерекшеліктері



1. Басқару – бұл адамның саналы белгілі бір бағытты қызметі, оның көмегімен адам қоғам, тірі және өлі табиғат, техника секілді ішкі ортаның элементтерін бағындырып, реттей алады. Басқаруды – адамдарды басқару және ұйым жұмысын басқару деп бөлуге болады.

Адамдарды басқару – бұл ұйымдағы қызметкерлер құрамын басқару болып табылады. Басқарудың бұл түрі тікелей басшы жұмысымен байланысты. Осы басқару түріне мыналар жатады: ұжымды ынтымақсыздықпен қамтамасыз ету, кадрлық саясат, оқыту, ақпаратпен қамтамасыз ету және басқада жетекшінің құрама бөліктері. Ұйым жұмысын басқару – жұмысты жоспарлаудан, өндірістік мәселелерді құрудан, өндірістік жұмыстар көрсеткіштерін салыстыру жүйесін жасаудан, берілген тапсырмалардың орындалуын бақылаудан құралады. Басшының қызметкерлер құрамымен араласу барысында оның бойында іскерлік және кәсіби біліктіліктің болуы ұйым жұмысының қарқындануының негізі болып табылады. Басшының кәсіби қарым-қатынасы бірнеше себептерден тұрады: басшының құндылықтары мен нұсқаулықтарынан ; Тек қоластындағы қызметкерлер емес, сондай-ақ әріптестермен де, жоғарғы басшылықпен қарым-қатынас пен өзара байланыстан.

Басқарудың негізгі субьектісі ретінде басшы іс-әрекеті ондағы негізгі басқару нысандарына әсер ететін жеке жұмысшылардан тұратын және де кіші жұмысшылар топтарынан, сондай-ақ жалпы ұйым болып табылатын қызметкерлер құрамы арқылы ұйғарылып, қабылданады.

Басшының билік потенциалы жұмысшыларға әсер етуде маңызды фактор болып табылады. Психологияда биліктің бірнеше түрі ажыратылады:

Биліктің түрлері:

1. Мәжбүрлеу билігі – адамдар өз мақсаттарына қарамастан жұмысын орындайды. Мәжбүрлеудің негізгі тәсілдері – сөгістер, айыппұлдар, жұмыстан шығару, төмен жалақылы жұмысқа аудару;



2. Билік әсері– жетекшімен араласа, қол астындағылары басшыларының биліктік функциясын сезінеді;

3. Қызмет билігі – жетекші өзінің кәсіби дайындығының арқасында тек қана эксперт ретінде сөйлеуге ғана емес, барлық сұрақтарға шешім беретін сот ретінде де сөйлеуге құқығы бар;

4. Ақпарат билігі – жетекші өзінің қол астындағыларына ақпаратқа қол жеткізуін реттеп отырады. Ақпараттан орындаушылардың қызметі тікелей бағынышты болады;

5. Лауазымды жағдай билігі – жетекшінің қызмет мәртебесі жоғары болған сайын жұмысшыларға деген билік әсері жоғары болады;

6. Абырой билігі – абыройға ие жетекші өзінің әсерін биліктің көмегінсіз жүзеге асыра алады. Адамдар оған наразылықсыз бағынады;

7. Марапаттау және кешіру билігі – адамдар марапаттау және кешіру құқығы бар адамға шын көңілімен бағынады. Бұндай билік түрі күш билігіне ұқсас;

Әр жетекші билік формаларын өздігінше қарастырып пайдаланады. Жақсы жетекші қол астындағылармен кәсіби қарым-қатынас жасағанда өзінің билігін тәртіпті бұзбай қолданады.

Американдық сұрақтарды басқару консультанттары жетекші мен қол астындағылардың қарым-қатынас сұлбасын ұсынды:



1. Қол астындағылардың реакциясын алдын ала болжай білу- ол үшін адам мінез-құлықтарының заңдылықтарын жақсы білген жөн. Жеке жұмысшының мінезі мен жеке құндылықтарын ескере отырып, олардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарына көңіл бөліп отыру.

2. Сенімді мәліметпен қамтамасыз ету – көбінесе адамдар өз сөйлегендеріндей ойлана бермейді және сол сәтте не көріп тұрғандарын айта бермейді, олардан мұны істемеуге сұралса да адамдар өз бағаларын беріп, талдауларын жасайды.

3. Эмоцияларын басқару – басшы өз эмоцияларын бақылауда ұстап, оны басқара білуі керек. Қол астындағылары туралы бағалағанда эмоцияға толы сөздер мен тіркестерден абай болуы керек.

4. Орындаушыларға нақты талаптар қоя білу- басшы тарапынан нақты қойылған талап, жұмысшыларға анық та түсінікті тапсырма болып табылады.

5. «Кері байланысқа» қамқор болу- кейде жұмысшы тапсырманы орындап болып, оны қойылған талаптарға қарамастан орындап қойғанын байқап жатады.

6. Жұмысқа қызығушылықты арттыра білу - жұмысқа жағымды эмоциялы қатынас жасау.

Басшының өз қызметкерлерімен кәсіби тиімді тәсілдерді реализациялаумен қарым-қатынас жасауы түрлі мотивациялық тәсілдермен жүзеге асады:

1. Қызметкерлердің ар-намыс сезімін жоғары ұстап тұру- қызметшінің қабілеттеріне сенімділік таныту.

2. жағымды стимул қолдану – қызметкерлер құрамы тәртібін басқаруда адамдағы жағымды әрекеттен кейін жақсы реакцияны күту, ал жағымсыз әрекеттен соң нашар реакцияны күту әдісін үнемі қоланып отыру тиімді әрекет болып табылады.

3. Активті тыңдау– қызметкерді мұқият тыңдау, жоғары стимулды іс-әрекет. 4. Бір мәселеге жақсы назар аудару- тәжірибесіз басшы көп жағдайда өз көңілін қызметкердің жеке өзіне аударады, кейде орындаушының шамасы келмейтін тапсырмалар беріп жатады.

Осылайша қызметкерлер құрамын тиімді басқаруда биліктің түрлі түрлерін пайдалануға болады.

Ғылыми ұсыныстар бойынша бүгінгі жетекшінің психологиялық бейнесі қандай?АҚШ психологы М.Шоудың зерттеулеріне сүйенген ғалым Р.Л. Кричевский заманауи басшының портретіне мыналарды қосады:

· өмірбаяндық сипаттамалар;

· қабілеттілік;

· жеке ерекшеліктері

Шетел ғалымдары жетекшілердің жас ерекшеліктерін зерттей келе, келесі айғақтарды анықтады. Осылай, үлкен жапон компаниясының президентінің орташа жасы 63,5жылды құрады, ал американдық компанияда – 59жыл. Жапонияда менеджер қызметіне кірудің оңтайлы мерзімі 30жастан 50жасқа дейін және одан жоғары.

Әдетте, менеджмент ерлер ісі болып саналады және әйел менеджерлер аз, десек те болашақта олардың күрт өсуі болжанады.

Маңызды биографиялық көрсеткіш болып жетекшілердің жоғарғы білімі мойындалады. Жапон зерттеушілерінің мәліметтері бойынша қарапайым жапондық менеджердің әлеуметтік ғылымдар немесе инженер мамандығы бойынша бір, кей жағдайда екі университет дипломы болады екен.

Басшы қабілеттері оның мінездемесінің екінші блогы болып табылады. Олар жалпы (зияткерлік) және спецификалық (білім, икемділік т.б.). Барлық үздік оқығандар үздік жетекшілер бола бермейді деген заңдылық бар.

Тұлғаның ерекше қабілеттіліктері – бұл арнайы білім, икемділік, біліктілік, әр нәрседен хабардар болу. Бұл қабілеттіліктер – нақты қызмет барысында жетекшілерде жиі байқалады.

Басқарма мүшесінің әдетте неден қолы босамайды? Батыста осы мәселе бойынша 70-ші жылдары қызықты зерттеулер болған.

1. Менеджерлік жұмыс қарқынды мінез көрсетеді.

2. Басшы қызметі жылдам ағынды, фрагментті және әр түрлі болып келеді.

3. Жетекшінің негігі уақытының 40-66 пайызы өзінің мекемесінен тыс жерлерде қарым-қатынасқа кетеді екен.

4. Жетекшілер жұмысы көбінесе сөздік мінезге ие болады. Сөйлесулер уақыттың 80 пайызын алады. Демек, жетекшіге жоғары коммуникативтік өнері керек.

Жеке ерекшеліктер – бұл басшы мінездемесінің соңғы блогы. Оған: үстем болу қабілеті, өзіне сенімділік, эмоционалды ұстамдылық, стресске төзімділік, жеңіске ұмтылушылық, жауапкершілік, шешім қабылдаушылық, тәуелсіздік, сенімділік, үйірлік, көпшілдік.

Үстем болу қабілетінің астарында қол астындағыларына әсер ету түсінігі жатыр. Әр басшы адамдарға өзінің жақсы қасиеттерімен әсер қалдыруды армандайды. Тәуелсіздік дегеніміз басшының ұйым мәселелерін шешуде өз ойының болуы және айналасындағылармен де санасуы. Көптеген басшылар әр түрлі ойлауды қоштайды.

Айтылған жеке ерекшеліктер басшының басқа да қабілеттерін жоққа шығармайды. Осыған сай әр басшының жеке қабілеттері бар.

21ғасырдың барлық менеджерлері шартты түрде категорияларға бөлінеді:

- шығармашылық және зияткерлік еңбегімен байланысты кәсіби біліктілігін үнемі дамытып отыратын, тәуекелге бел бууға дайын болушылар.

- серіктестікті белгілі бір сратегия, коммуникацияға сай қабылдауға дайын тұратындар.

- шығындарды минималды азайтып, фирма нәтижелеріне көңіл бөлетіндер.

Болашақ басшысының ең маңызды қасиеті болып ғалымдардың ойы бойынша мотивациялық білім негізінде қызметте жетістікке жетуді бағдарлау. Қазіргі таңда 21ші ғасыр басшыларына қойылатын талаптар жасалды. Бұл талаптар барлық басқару деңгей жетекшілеріне қатысты:

· технологияны қолдану мақсатындағы техникалық сауаттылық;

· көп көлемдегі мәліметтерді қайта өңдеу икемділігі;

· коммуникацияның түрлі көздерін пайдалана білу;

· Корпорация ішінде серіктестікті ұстану.

Жоғары мектепті басқару астарында қоғам мен мемлекетке пайдалы жоғарғы квалификациялы кадрлар даярлау және білім саласының ұйымға әсер етуге бағытталған үлкен процес жатыр.

Басқару процесі барысында ескерілуге тиісті жоғары мектептің өз өміршеңді өзгешеліктер ортасы бар. Оларды терең тану мен күнделікті пайдалану басқару қызметінде әдістемелер жасау барысында оның тиімділігінің гаранты болуы мүмкін. Жоғары мектеп әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыратын құрал ретінде танылады. Сондай-ақ мұнда әлеуметтік-жеке қатынастар маңызды роль атқарады.

ЖООң басқару жұмыстарымен оның президент-ректоры айналысады. ЖООның басшысы оған берілген өкілеттілікті пайдаланып:

· ЖОО қызметіне, құрылымына, штаттық кестеге байланысты барлық мәселелерді шешеді.

· ЖООның барлық қызметкерлері мен құрылымдық бөлімшелері орындауға тиісті заңдар мен тапсырмалар береді.

· ЖООны барлық мемлекеттік, басқа да органдарға көрсетіп, ЖОО үшін барлық жауапкершілікті мойнына алып, қорытындылар мен нәтижелер үшін жауап береді.

· мүлік пен қаражаттың орнымен жұмсалуын қадағалаушы болып табылады.

· қаржылар есебін , келісімшарттар жасап, сенімхаттарын беріп, банктік шоттар ашады.

· қызметкерлерді жұмысқа алып не шығара алады.

· еңбекті қорғау мен заң мен тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді.

· қызметкерлердің қызметтерін анықтайды.

· ЖООда оқитын тұлғалар контингентін талдайды.

· ЖООда оқитын тұлғаларды оқудан шығарып не қабылдай алады.

· оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бақылап отырады.

· штаттық-қаржылық тәртіпті қадағалап отырады.

· қызметтік және мемлекеттік құпияларды сақтауды қамтамасыз етеді.

· оқытушылардың жұмыс сапасын, қоғамдық-мәдени, оқу-тәрбие жұмыстарының өтуін қадағалап отырады.

· Профсоюздық ұйымдармен бірге ұжымдық келісім шарт жасап, оған қол қояды.

 

ЖОО басшысы оқу ісінің жүргізілуіне, қаржы шаруалары қызметінің орындалуына , мекеменің сақталуы мен қауіпсіздігіне жауап береді.

Заманауи қоғамда күшті бәсекелестік күресте аса тиімді ұйымдар ғана қалады.

· ұйымның негізгі мақсат-мүдделерімен сай келетін қызметкерлер құрамының психологиялық мүмкіндіктерін пайдаланатындар.

· Ұйым мүдделеріне сай келетін өзара әрекет және жұмысшылар ортасының мотивациялық интеграциясы.

Бизнес әлемінде егер ұйым өз тұтынушыларын қамтамасыз ете алмаса, онда ол бәсекелестікке жарамсыз болып, өз өмірін мүлде тоқтатуы мүмкін. Бизнеспен айналысатын ұйымның басты мақсаты – қызмет көрсету және тауар өнімін белгілі бір шектеулермен жасап шығару.

Бизнесте табысқа жету үшін өз мақсаттарын рынок үлесін анықтау, өнімнің жаңа түрлерін шығару, қызмет көрсету сапасы, басшыларды, қызметкерлер құрамын таңдау мен дайындау және т.б. салаларға қарай көбірек бұру қажет.

Қызметкерлер құрамы ұйымның негізгі бәсекелестікке қабілетті факторы болып табылады. Және оларға үлкен байлық ретінде қарау керек. Кейбір басшылардың қате пайымдауларынша қызметкерлер қосымша шығын ретінде бағаланады екен.

Бизнес дамуының төмен көрсеткішін кейбір сарапшылар психологиялық себептерден көреді. Оған «шектен тыс әдейі үлкейтілген қызметкерлер штаты» жатады екен.

Әлемдік деңгейдегі ұйымдарда шығармашылық кеңділік пен барлық қызметкерлерге кәсіби және іскерлік мүмкіндіктер беріледі екен.

Ұйым жұмысы сәтті жүруі үшін өзгерістер мен жаңалықтар қажет. Сондай-ақ кез келген дәрежедегі қызметкер өзінің зияткерлік қабілеттерін көрсете алуы керек. Бұдан ұйым көп нәрсе ұтпаса, ұтылмасы анық.

Заманауи қызметкер өзін тұлға ретінде сыйлағанды қалайды, оның адамдық қасиеттерін тек әріптестері ғана емес, басшылық та білсе екен деп қалайды. Кез келген орындаушы өз жұмысының басшылық тарапынан қолдау тапқанын қалайды.

Адам ресурстарына екі түрлі қарайды: экономия және белсенді пайдалану. Бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру үшін адамдарды дұрыс басқара білу керек. Болашақ өзгерістерде компанияның бәсекеге қабілеттілігі басшылар мен қызметкерлер үшін маңызды болып табылады.

3. басқару стиліндегі алғашқы эксперименттік психологиялық зерттеу 1938 жылы неміс психологы К.Левиннің басшылығымен болды.

Бұл зерттеу барысында қазіргі күндерде пайдаланылатын басқару стиліндегі классификация:

1. Авторитарй

2. Демократиялық

3. Немқұрайлы

Авторитарлық стильде оқытушы бұйыру дауыс ырғағымен сөйлеп, қатаң ескертулер жасап отырады. Сондай-ақ бұл стильге себепсіз оқушыға ұрсып, кейбіреуін себепсіз мақтау жатады. Және таңдау құқығын оқушыларға бермей, өзі кім кіммен жұмыс жасайтынын анықтап отырады.

Демократиялық стильде факт емес, жеке тұлға бағаланады. Бұл стильдің басты ерекшелігі топ болып атқарылатын жұмыс жоспары жасалып, ақылдаса отырып жұмыс жасалады.

Жол берушілік стилінің ерекшелігі педагогтың атқарылатын жұмыс жауапкершілігінен бойын аулақ ұстауында болып табылады.

Зерттеу нәтижелеріне қарағанда осы стильдер арасындағы ең қорқыныштысы болып, жол берушілік стилі қаралады. Бұл стиль барысында атқарылған жұмыс пен оның нәтижесі көңіл көншітерлік болмай шықты. Мұндағы жұмыс жауапкершілігін ешкім мойнына алмаған соң, жұмыс ойынға ұқсайды.

Авторитарлық стильде байқалғанындай оқытушылар арасындағы өзара қарым- қатынас барысында дұшпандық байқалған.

Ең тиімді әрі ұнамды болып демократиялық стиль алынған. Қатысушылар жұмысқа үлкен қызығушылық танытып, қарым-қатынас барысында достық, бауырмалдық, жауапкершілік қасиеттері байқалған.

Заманауи әлеуметтік психологияның анықтауынша кейбір өмірлік жағдайлар мен орталарда жемісті де жеңісті болып авторитарлық стиль аталады.

Басқару стиліндегі ең көп таралған педагогикалық стильге байланысты осы үш стильдің үшеуі де болып табылады. Алайда ең ұнамды, әрі жемісті болып демократиялық стиль қарастырылады. Себебі, осы стильді қолдану нәтижесінде атқарушылар арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейге жетіп, жұмысқа деген қызығушылық артып, ішкі топтық мотивациялық қызметте өте жақсы нәтижелерге қол жеткізілген.

Нег.: 7 [551-585], 6 [245-259]

Қос.: 4 [172-282], 5 [92-141]

Бақылау сұрақтары:

1. Басқару психологиясының зерттеу пәні не болып табылады?

2. Басқару іс-әрекетінің ерекшеліктерін сипаттаңыздар.

3. Басқару функцияларының негізгі құрылымын сипаттаңыздар.

4. Басшы қызметінің эмоциялық-еріктік бағдарлау күйлерінің ерекшеліктері неде көрінеді?

5. Басқару қызметінің психологиялық-педаагогикалық ерекшеліктерін сипаттаңыздар.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!