Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Дипломдық жобалардың (жұмыстың) құрылуына қойылатын талаптар



 

7.1 Дипломдық жұмыс (жоба) өзінің мазмұны жағынан жоғары оқу орнын бітіртуші курс студентінің нақты мамандық бойынша өз бетімен дайындайтын қолжазба түріндегі ғылыми жұмыс.

7.2 Дипломдық жұмыстың (жобаның) көлемі, ереже бойынша, 60-90 бетті қамтуы керек. Топтар бойынша дипломдық жұмыстың көлемі 100 бетке дейін жетеді. Қосымшалар дипломдық жұмыстың (жобаның) көрсетілген көлеміне енгізілмейді.

7.3 Дипломдық жұмыстың (жобаның) құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:

- мұқабасы;

- титулдық беті;

- дипломдық жұмыстың (жобаның) орындалуына тапсырма;

- мазмұны;

- кіріспе;

- негізгі бөлім;

- қорытынды (тұжырым);

- қолданылған әдебиеттер тізімі;

- қосымшалар.

7.3.1 Техникалық бағыттағы дипломдық жұмыстың (жобаның) құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:

- мұқабасы;

- титулдық беті;

- тапсырма;

- мазмұны;

- нормативтік сілтемелер;

- анықтамалар;

- белгілер мен қысқартулар;

- кіріспе;

1 негізгі бөлім;

2 еңбекті қорғау;

3 қоршаған ортаны қорғау;

4 экономикалық бөлім;

- қорытынды мен ұсыныстар;

- қолданылған әдебиеттер;

- қосымшалар.

7.3.2 Биология бағытындағы дипломдық жұмыстың (жобаның) құрылымдық элементтері

Дипломдық жұмыс (жоба) келесі құрылымдық элементтерден тұруы керек:

- мұқабасы;

- титулдық беті;

- тапсырма;

- мазмұны;

- нормативтік сілтемелер;

- анықтамалар;

- белгілер мен қысқартулар;

- кіріспе;

1 негізгі бөлім;

2 экономикалық негіздеме;

3 қоршаған ортаны қорғау;

4 еңбекті қорғау;

тұжырымдар мен ұсыныстар;

қосымшалар.

7.3.3 Экономикалық бағыттағы дипломдық жұмыстың (жобаның) құрылымдық элементтері



Дипломдық жұмыс (жоба) келесі құрылымдық элементтерден тұруы керек:

- мұқабасы;

- титулдық беті;

- тапсырма;

- мазмұны;

- кіріспе;

- нормативтік сілтемелер;

- анықтамалар;

- белгілер мен қысқартулар;

1 негізгі бөлім;

- қорытынды (тұжырымдар мен ұсыныстар);

- қолданылған әдебиеттер тізімі;

- қосымшалар.

7.3.4 Кәсіптік-педагогикалық бағыттағы дипломдық жұмыстың (жобаның) құрылымдық элементтері

Дипломдық жоба (жұмыс) келесі құрылымдық элементтерден тұруы керек:

- мұқабасы;

- титулдық беті;

- тапсырма;

- мазмұны;

- кіріспе;

- нормативтік сілтемелер;

- анықтамалар;

- белгілер мен қысқартулар;

1 негізгі бөлім;

2 экономикалық негіздеме;

3 қоршаған ортаны қорғау;

4 еңбекті қорғау;

- қорытынды (тұжырымдар мен ұсыныстар);

- қолданылған әдебиеттер тізімі

- қосымшалар.

7.4 мұқабада (үлгісі А қосымшасында келтірілген) онда келесі мәліметтер жазылады:

-дипломдық жұмыс (жоба) жасалған дайындалған мекеменің атауы;

- студенттің аты-жөні;

- дипломдық жұмыс (жоба) тақырыбының атауы;

- жұмыс түрі – дипломдық жұмыс немесе жоба;

- мамандықтың атауы және шрифті;

- қала, жыл

7.5 Титулдық беті дипломдық жұмыстың (жобаның) бірінші беті, құжатты қажетті жағдайда өңдеу және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дерек көзі ретінде қызмет етеді (титул парағының үлгісі Б қосымшасында келтірілген).



Титулдық бетте келесі мағлұматтар келтіріледі:

- дипломдық жұмыс (жоба) орындалған ұйымның атауы;

- диапломдық жұмыс (жоба) орындалатын кафедраның атауы;

- шектелген белгі (қажетті жағдайда);

- жұмыстың түрі – дипломдық жұмыс (жоба);

- «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен, дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбының атауы;

- мамандықтың атауы және коды;

- сол жағында «орындаған» , қарама-қарсы оң жағынан студенттің тегі және аты-жөні;

- бір жол төмен «ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы» және тегі мен аты-жөні;

- қала және жыл көрсетіледі.

7.6 Тапсырма (міндетті элемент), диплом алдындағы немесе өндірістік тәжірибеге барарда ғылыми жетекшісі студентке беретін тапсырмасы, дипдолдық жұмысқа (жобаға) титул парағынан кейін тіркеледі. (үлгісі В қосымшасында келтірілген).

7.7 Дипломдық жұмыстың мазмұны кіріспе бөлімін, реттік нөмірлер және барлық бөлімдердің атауларын, бөлімшелерді, қорытындыны, қолданылған әдебиеттер тізімін, беттердің нөмірлері көрсетілген қосымшаларын қамтиды.

«Мазмұны» сөзі беттің ортасында бас әріптен бастап жазылуы және қалың шрифтпен белгіленуі тиіс.

7.8 Кіріспе бөлім дипломдық жұмыстың (жобаның) өзекті мәселелерін, ғылыми жаңашылдығын және тәжірибелік маңыздылығын, қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалаудан, сонымен қатар дипломның мақсаты, міндеттерін, зерттелу объектісін, берілген теориялық және әдіснамалық негіздері мен дипломдық жұмыстың (жобаның) жазылуының тәжірибелік базасын құрайды.

Дипломдық жұмыстың (жобаның) «Мазмұны» мен «Кіріспе» бөлімін жаңа беттен бастап орналастырады және екінші беттен бастап араб сандарымен нөмірлейді.

7.9 Нормативтік сілтемелер (Ұсынылатын элемент)

«Нормативтік сілтемелер» құрылымдық элементі дипломдық жұмыстың (жобаның) мәтінінде сілтеме берілген нормативтік құжаттардың тізімінен тұрады.

Сілтеме берілетін құжаттардың тізімі мына сөздерден басталуы керек:

«Осы дипломдық жобада келесі нормативтік құжаттардың сілтемелері пайдаланылған...» немесе егер дипломдық жобада тек қана стандарттарға ғана сілтемелер келтірілген болса, онда «осы дипломдық жобада келесі стандарттардың сілтемелері пайдаланылған...».

Тізім нормативтік құжаттардың тіркелу нөмірінің өсу тәртібімен жазылған белгілері мен атауларын тұрады. Олар келесі кезектілікте орналастырылады:

- мемлекеттік стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жіктегіштер;

- халықаралық, аймақтық стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жіктегіштер, Қазақтан Республикасының территориясында қолдануға рұқсат етілген шет елдің ұлттық стандарттары;

- техникалық шарттар.

Дипломдық жұмыста (жобада) тікелей және жанама сілтеме жасалынатын құжаттың басқа санаттарына – Қазақтан Республикасының заңдары, техникалық регламенттер (заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілер, ведомстволық нормативтік құжаттар – санитарлық, ветеринарлық, құрылыстық, өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелері және т.б.), стандарттау бойынша ережелер мен ұсыныстары жатады.Осы дерек көздеріне сілтемелер қолданылған әдебиеттер тізімінде келтіріледі (Қосымша Г).

7.10 Анықтамалар (ұсынылатын элемент)

«Анықтамалар» құрылымдық элементі дипломдық жұмыста (жобада) қолданылатын терминдерді нақтылау немесе түсінік беру үшін қажетті анықтамалардан тұрады.

Қолданыстағы заңнамалық актілерде, стандарттарда және басқа техникалық регламенттерде келтірілген терминдер мен анықтамаларды дипломдық жобада (жұмыста) пайдалану қажет болған жағдайда анықтама немесе терминнің соңына жақшаның ішінде анықтама немесе термин алынған стандарт көрсетіледі.

Анықтамалар тізімі мына сөздерден кейін жазылады: «Осы дипломдық жобада келесі терминдер анықтамаларымен қолданылады» немесе стандарттың не құжаттың атаулары көрсетілуімен «Осы дипломдық жобада ...... сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады».

Дипломдық жобада (дипломдық жұмыста) терминдер мен анықтамаларды мәтін түрінде сияқты кесте түрінде де келтіруге болады.

7.11 Белгілер мен қысқартулар (ұсынылатын элемент)

«Белгілер мен қысқартулар» дипломдық жұмыста (жобада) қолданылған белгілер мен қысқартулар тізімінен тұрады.

Белгілер мен қысқартулар мағынасын ашып, қажетті түсіндірілуімен, олардың дипломдық жоба (жұмыс) мәтінінде келтірілу тәртібімен жазылады.

Егер шартты белгілер мен қысқартулар стандарттармен анықталған болса, онда осы құрылымдық элементте оларға мына сөздерден басталатын сілтеме болу қажет: «Осы дипломдық жобада ..... анықталған (белгіленген) белгілер мен қысқартулар пайдаланылған». Дипломдық жоба (жұмыс) мәтінінде сілтемелер (белгілер) алғашқы аталған жағдайда оның толық мағынасын ашып жазып, содан кейін оның қысқартылған сөзін немесе белгісін (атауын) жазу керек.

Белгілер мен қысқартулар мәтін түріндегі сияқты кесте түрінде де келтіріледі. Белгілер мен қысқартуларды ресімдеу үлгісі Г қосымшасында келтірілген.

7.12 Негізгі бөлім (міндетті элемент)

Негізгі бөлім бірнеше бөлімдерден тұруы керек. Бөлімдердің мазмұны мен кезектілігі дипломдық жоба (жұмыс) тақырыбына байланысты бітіртуші кафедрамен анықталады. Бөлімде таңдап алынған мәселенің ұсынылған шешу әдістерінің тиімділігін растайтын теориялық және эксперименттік материалға сипаттама беріледі. Мәселені зерттеу негізінде оларды жүзеге асыру және тәжірибеде іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге болады.

«Негізгі бөлім» ғылыми жетекшінің басшылығымен, студентпен орындалады және маманды дайындау бағытына байланысты құрылады. Мысалы стандарттау, метрология және сертификаттау мамандығы үшін негізгі бөлім мыналардан тұрады:

1 әдебиетке шолу;

2 стандарттау;

2.1 өнім сипаттамасы;

2.1.1 өнімнің сапалық көрсеткіштері;

2.1.2 өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштері;

2.2 өнімнің жіктелуі;

2.3 өнім сапасынквалиметриялық бағалау;

3 метрологиялық қамтамасыз ету;

3.1 өнім өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету;

3.2 өнімді өндіру барысында бақылау және сынау;

3.3 өнім өндірісінің технологиялық үрдістерін бақылау;

4 сәйкестікті растау;

4.1 өнімді бірдейлендіру;

4.2 сәйкестікті растау сұлбасы;

4.3 сәйкестікті растау әдістері;

4.4 өнім өндірісін бағалау;

4.5 инспекциялық бақылау;

7.13 Еңбекті қорғау

«Еңбекті қорғау» бөлімі С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ Басқарма төрағасының бұйрығымен тағайындалған, еңбек қорғау бойынша оқытушы – кеңес берушінің басшылығымен орындалады. «Еңбекті қорғау» бөлімінде қауіпсіздік техникасын ұйымдастыру жағдайы қаралады, ауруға шалдығудан алдын ала сақтандыру және зиянды факторлардың әсерін жою, еңбектің оңтайлы шарттарымен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар әзірлену керек. Өртке қарсы сақтық шараларын әзірлеу мәселелерін де қарастыруға болады.

7.14 Қоршаған ортаны қорғау

«Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ Басқарма төрағасының бұйрығымен тағайындалған, қоршаған ортаны қорғау бойынша кеңес берушінің басшылығымен орындалады. «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімінде табиғатты тиімді пайдалануға, қалпына келтіруге және табиғи ресурстарды көбейтуге бағытталған іс-шаралар қаралу керек.

7.15 Экономикалық бөлім

Экономикалық бөлім С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ Басқарма төрағасының бұйрығымен тағайындалған, экономика пәндері оқытушыларының басшылығымен орындалады. Бөлім маманды дайындау бағытына сәйкес орындалады. Бөлім өнімді әзірлеуге кеткен шығындар есебінен немесе дипломдық жоба (жұмыс) әзірлемелерін пайдаланудағы экономикалық (әлеуметтік) тиімділікті есептеуден тұруы керек.

7.16 Қорытынды және ұсыныстар (міндетті элемент)

Дипломдық жұмыста (жобада) зерттелген мәселенің шешілу нәтижелері бойынша келесілерді қамтитын қорытынды жасалуы керек:

- мәселені зерттеу үшін таңдалған шешу әдісінің мақсатқа лайықтылығы;

- мәселені зерттеу барысында алынған нәтижелер;

- дипломдық жұмыста (жобада) зерттелген мәселені шешу әдістерін тәжірибелік жүзеге асыру және алынған өнімді пайдалану мүмкіндігі;

- дипломдық жұмыстың (жобаның) зерттеу нәтижелерін пайдалану бойынша ұсыныстар.

7.17 Қорытынды бөлім (тұжырым) дипломдық зерттеулер қорытындыларының қысқаша тұжырымынан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан, зерттелінген объекті бойынша нақты ұсыныстардан тұруы қажет.

7.18 Қолданылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылған талаптарға сәйкес ресімделеді (Қосымша Г).

7.19 Қосымшалар (ұсынылатын элемент)

Қосымшалар дипломдық зерттеуді орындауға байланысты материалдарды қамтиды.

Дипломдық жоба (жұмыс) мазмұнын толықтыратын және көрнекілейтін материалды қосымшаларда келтіруге рұқсат етіледі. Қосымшаларға графикалық материалдар, кестелер, үлкен форматтағы кестелер, есептер, сипаттамалар,алгоритмдер мен есеп бағдарламаларының сипаттамалары, мағлұматтар және т.б. жатады.

Қосымшаларды орыс әліпбиінің бас әріптерімен, Ё, З, Й, О, Ч, Ы, Ь,Ъ әріптерін қоспай, А әрібінен бастап белгілейді. «Қосымша» сөзінен кейін оның кезектілігін білдіретін әріп қойылады. Мысалы: «Қосымша А».

Әр қосымша жаңа беттен басталып «Қосымша» сөзі мен оның белгісі беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс. Қосымшаның аты болуы қажет, ол жеке жолға, мәтінге симметриялы түрде бас әріппен жазылады.

Қосымша беттері басынан аяғына дейін жалпылама нөмірленуі керек.

Дипломдық жоба (жұмыс) мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме болуы тиіс.

7.20 Дипломдық жұмыста (жобада) қабылданған шешімдерге, барлық мәліметтердің дәлдігі мен объективтілігіне дипломдық жұмыстың (жобаның) авторы – студент жауапты.

7.21 Дипломдық жобаға дипломдық жоба жетекшісі сын-пікір жазады. Сын-пікірде студентке дипломдық жобасын (жұмысын) орындауына қатысты мінездеме беріледі, студенттің теориялық және тәжірибелік дайындық деңгейі көрсетіледі және «қорғауға жіберіледі» немесе «қорғауға жіберілмейді» деген дәлелді қорытынды беріледі (Қосымша Е).

7.22 Дипломдық жұмысқа пікірді берілген салада мамандыққа сәйкес біліктілікке ие болу және бакалавр немесе маман академиялық дәрежесін алу мүмкіндігі бар маман дайындайды (Қосымша Е немесе Ж). Пікір (рецензия) келесі сұрақтарды қамтуы керек: дипломдық жоба (жұмыс) тақырыбының өзектілігі, жаңалығы (жаңа әдістерді, технологияларды және т.б қолдану), дипломдық жұмыстың (жобаның) жеке бөлімдерінің талдануы мен бағалануы,диломдық жоба (жұмыс) сапасы (КҚБЖ және ҚР СТ сәйкестігі), жұмыс бойынша ескертулер, өндіріске қолдануға ұсыныстар (тәжірибелік пайдалану). Жұмысты бағалау арқылы қорытындылау («өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық»).

7.23 Сын-пікір, пікір (рецензия) және жобаны орындауға байланысты ұйымның өтініші мұқабаның (переплет) бірінші бетінің қарама-қарсы жағындағы арнайы «қалтаға» салынады.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!